Заманғы географияда дүниежүзін өркениеттік негізде, яғни тарихи



Pdf көрінісі
Дата08.02.2022
өлшемі53,22 Kb.
#118589
Байланысты:
49.10гео
3.17. Ғажайып мұра. Әлем кереметтері, 3.17. Ғажайып мұра. Әлем кереметтері, 3.17. Ғажайып мұра. Әлем кереметтері, 3.17. Ғажайып мұра. Әлем кереметтері, index, Қмж 8 сынып 1


Қазіргі
заманғы географияда дүниежүзін өркениеттік негізде , яғни тарихи
-
мәдени тұрғыда жіктеу 
басым. Тарихи
-
мәдени аймактардың шегаралары ежелгі өркениеттердің қалыптасу барысында 
анықталған. Ежелгі дүние географтары өздеріне белгілі жерлерді тарихи
-
мәдени ерекшеліктеріне 
байланысты жіктеген. Мысалы, ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде Скифия, Месопотамия, 
Эфиопия, Иллирия, Фессалия және т.б. аймақтар кездеседі. Ұлы географиялық ашылулардан кейін 
еуропалықтар әлемді Ескі дүние (Еуропа, Азия, Африка) және Жаңа дүние (Америка) деп екіге 
бөлетін болды.
Алғашқы өркениеттер мындаған жылдар бұрын Жерорта теңізі алабында, Таяу, Орта және Қиыр 
Шығыста қалыптасқан. Ғалымдар жалпыәлемдік өркениет дамуында үш негізгі кезеңді бөліп 
көрсетеді: индустриялануға дейінгі, индустриялық және постиндустриялық. Бұл кезеңдерді жеке 
өркениеттер деп те атайды.
Өркениеттік
негізде тарихи
-
мәдени аудандастыруда әртүрлі ұстанымдар бар. БҰҰ ресми түрде 7 
тарихи
-
мәдени аймақты жіктейді, ал белгілі ресейлік ғалым В.В.Вольский 12 өркениеттiк 
макроаймақты бөліп көрсеткен.
В.В.Вольскийдің тарихи
-
мәдени аудандастыруы географиялық негізге де сүйенеді. Өйткені 
аймақтардың тарихи даму кезеңінде өзіндік мәдени ерекшеліктерінің қалыптасуына 
географиялық орны да ықпал еткен.
Тарихи
-
мәдени аймактардың алып жатқан аумақтары физикалық
-
географиялық аймақтар 
шегараларына сәйкес келеді. Тарихи тұрғыдан алғанда, шағын аймақтар (Трансильвания, 
Ломбардия, Вестфалия, Жетісу және т.б.) аумақтың тарихи кезеңдердегі табиғи әлеуметтік
-
экономикалық біртұтастығы негізінде ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет