Заттың химиялық құрамы мен құрылысын анықтау әдістері жөніндегі ғылым. Аналитикалық химия сандық және сапалық анализден тұрады



бет1/51
Дата16.04.2020
өлшемі9,86 Mb.
#62755
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
аналит.каз 2018
тест, малимет

ы



Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Басылым: алтыншы




Пәннің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) рәсімдеуге қойылатын талаптардың тізімі


  1. Титулды парақ

  2. Міндетті компонент пәніне арналған типтік оқу бағдарламасы

  3. Syllabus (оқу жұмыс бағдарламасы)

  4. Пән бойынша глоссарий

  5. Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

  6. Тәжірибелік/семинарлық және зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалудың әдістемелік нұсқаулықтары

  7. Білім алушылардың өздік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

  8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



Түсініктеме хат


  1. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Аналитикалық химия – заттың химиялық құрамы мен құрылысын анықтау әдістері жөніндегі ғылым. Аналитикалық химия сандық және сапалық анализден тұрады. Сапалық анализ заттың қандай компоненттерден тұратынын анықтайды, ал сандық анализ компоненттердің мөлшерін анықтайды. Бұл курс бейорганикалық заттарды сапалық талдауға арналған.

Пәннің мақсаты:

Қазіргі аналитикалық химияның теориялық негіздері, элементтерді сандық және сапалық талдау әдістері туралы білімдерге ие болу, химиялық реакциялар және анықтау әдістерін экспериментте қолдану, олардың мүмкіндігі мен шектеулі жақтарын көрсете білу.

Дәрістер мен басқа оқу-ғылыми дерек көздердің оқу барысында алынған білімдерді жүйелеу және жинақтай білу, химияның негізгі мәселелері бойынша теориялық материалдарды еркін және сауатты жеткізе білу, пікір талас жүргізу, алынған білімдерді эксперименталдық жұмыстарды қоюға, жүргізуге және нәтижелерін талқылауда қолдану, алынған білімдерді химиялық блоктың кейінгі пәндерін оқуда пайдалану.

Пәннің міндеттері:

Студенттерді затты сапалық анықтауға үйрету, соның негізінде ғылыми тұжырым жасауға үйрету, химиялық ойлауын дамыту, аналитикалық талдау негіздеріне үйрету. аналитикалық әдістер дағдысын қалыптастыруға үйрету



  1. Пререквизиттер

Аталған пәнді меңгеру үшін бейорганикалық химия пәнін меңгеру барысында игерілген білім мен дағдылар қажет.

Постреквизиттер

Аталған пәнді меңгеру барысында игерілген білім мен дағдылар келесі пәндерді меңгеруге қажет болып табылады :

зерттеудің физикалық әдістері, физикалық химия, химиялық сандық талдау және органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы
3. Оқу жоспарынан көшірме

Курс 2

Семестр 3

Кредит саны 3



Сабақ түрі

Жалпы сағат саны

Дәріс

30

Зертханалық сабақ

15

БӨЖ

90

Барлығы

135


МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

(135сағат)



апталар

Модульдің және бағдарламалық материалдардың атауы

Сағат саны

1-7

Модуль 1. Сапалық химиялық анализ және гомогенді жүйедегі тепе-теңдік




Дәрістер

14

1.1 Аналитикалық химия пәніне кіріспе. Сапалық анализ: пәннің мақсаты, міндеттері, мәні. Аналитикалық химия әдістері.

2

1.2 Сапалық анализ жүйесі: сульфидті, қышқылды-негізді, аммиакты фосфатты. Аналитикалық реакциялардың сезімталдығы, таңдамалығы, спецификалығы. Ашу шегі, ашу минимумы.

2

1.3 Массалар әрекеттесу заңы аналитикалық химияның негізі ретінде. Массалар әрекеттесу заңын элетролит ерітінділеріне қолдану.

2

1.4 Электролит ерітінділеріндегі қышқылды- негіздік тепе-теңдік. Қышқылдар мен негіздердің теориясы:Льюис, , Бренстед-Лоуридің сольвожүйелер теориясы.

2

1.5 Қышқылдар мен негіздердің рН ын есептеу.

2

1.6 Буферлі жүйелер және олардың талдаудағы алатын орны. Буферлі ерітінділер, буферлік сыйымдылық.

2

1.7 Массалар әрекеттесу заңы және гидролиз процесі мен амфотерлік.

2

Лабораториялық сабақтар

7

1.1Негізгі операцияларды орындау техникасы. Бақылау есебі.

1

1.2Сынама алу және затты талдауга дайындау. Бақылау есебі.

1

1.3 І топ катиондарының жеке сапалық реакциялары. Бақылау есебі.

1

1.4 ІІ топ катиондарының жеке сапалық реакциялары. Бақылау есебі.

1

1.5 ІІІ топ катиондарының жеке сапалық реакциялары. Бақылау есебі.

1

1.6 І-ІІІтоп катиондарының қоспасын талдауға бақылау есеп.

1

1.7 ІV-топ катиондарының жеке сапалық реакциялары. Бақылау есебі.

1

БӨЖ

42

1.1 Аналитикалық химияның метрологиялық негіздері, реферат.

Тақырып бойынша есеп шығару.



6

1.2 Аналитикалық таразы, оның сезімталдығы

Таразыда өлшеу техникасы, реферат.

Тақырып бойынша бақылау жұмысы.


6

1.3 Фосфор мен кремниді анықтау әдістері, реферат.

Тақырып бойынша есеп шығару.



6

1.4 Ізбестің анализі, Реферат.

Тақырып бойынша бақылау жұмысы.



6

1.5 Ағызынды сулардың анализі.Реферат.

Тақырып бойынша бақылау жұмысы.



6

Талдау нәтижесінің қайталанғыштығы. Реферат.

Тақырып бойынша бақылау жұмысы.



6

Қателіктер мен ауытқулар.Реферат.

Тақырып бойынша бақылау жұмысы.



Коллоквиум 1.

6

Модуль 1 бойынша барлығы

63

8-15

Модуль 2. Аналитикалық реакциялардың типтері және олардағы тепе-теңдік




Дәрістер

16

2.1 Гетерогенді жүйедегі тепе- теңдік. Ерігіштік көбейтінді.

2

2.2 Тұздық эффект. Бөлшектеп тұндыру. Тұнбаларды түзілуі мен еруі, оған әсер ететін жағдайлар.

2

2.3 Тотығу- тотықсыздану процестері. Оның мәні. Стандартты сутек электроды. Нернст теңдеуі.

2

2.4 Химиялық өзгерістердің потенциалға әсері. Тотығу- тотықсыздану тепе-теңдігінің константасы.

2

2.5 Комплекс түзу реакцияларындағы тепе-теңдік.

2

2.6 Комплекс түзу реакцияларының жылдамдығы.

2

2.7 Аналитикалық химиядағы органикалық реагенттер. Сапалық анализде қолданылатын органикалық реагенттерге сипаттама.

2

2.8 Хроматографиялық әдістер. Бүркемелеу, бөлу және концентрлеу әдістері.Экстракция, оның тәжірибеде қолданылуы

2

Лабораториялық сабақтар

8

2.1 V топ катиондарының жеке сапалық реакциялары. Бақылау есебі.

1

2.2 VI топ катиондарының жеке сапалық реакциялары,

1

2.3 IV-VI топ катиондарының қоспасын талдауға бақылау есеп.

1

2.4 І-VI топ катиондарының қоспасын талдауға бақылау есеп.

1

2.5 I, ІІ, ІІІ топ аниондарының жеке сапалық реакциялары. Бақылау есебі.

1

2.6 Құрамы белгісіз затты талдап анықтау.

1

2.7 Құрамы белгісіз затты талдап анықтау.

1

2.8 Құрамы белгісіз затты талдап анықтау жұмысын қорғау

1

БӨЖ

48

2.1 Сынама алу.Реферат.Тақырып бойынша бақылау жұмысы.

6

2.2 Бейорганикалық талдаудағы органикалық реагенттер.Реферат.

Тақырып бойынша бақылау жұмысы.



6

2.3 Үлгінің массасы мен көлемін өлшеу.Реферат.Тақырып бойынша бақылау жұмысы.

6

2.4 Доломит, болат, құймалардың анализі. Реферат.Тақырып бойынша бақылау жұмысы.

6

2.5 Сапалық анализдегі комплексті қосылыстардың алатын орны. Реферат.Тақырып бойынша есеп шығару

6

2.6 Сынама алу әдістері. Реферат. Тақырып бойынша бақылау жұмысы.

6

2.7 Судың химиялық санық және сапалық анализі. Реферат.Тақырып бойынша бақылау жұмысы.

6

2.8 Судың химиялық анализі. Реферат. Коллоквиум 2

6

Модуль 2 бойынша барлығы

72

БАРЛЫҒЫ

135


4. Пәннің қысқаша ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттамасы

Оқу нәтижелерін бақылау түрлері

Аралық бақылау 1 Коллоквиум түрінде

Аралық бақылау 2 Коллоквиум түрінде

Қорытынды бақылау емтихан

Курстың саясаты мен процедурасы

Студенттен сабақтарға толық қатысып, тапсырмаларды уақытында орындап тапсыру талап етіледі. Аудиториялық сабақ барысындаағымдағы 15 бақылау жұмысын жүргізу жоспарланған. БӨЖ орындау сапасын қадағалау қарастырылған. Екі аралық бақылауды коллоквиум түрінде өткізу қарастырылған. 15 – БӨЖ - тақырып бойынша есептерді шығарып тапсыру. түрінде жоспарланған; қорытынды бақылау емтихан түрінде.

5. Білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау жүйесі

Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады:



Баллдар

Баға қоюдың критерилері

A

95-100

Оқытылған материал бойынша терең әрі толық білімді; қарастырылып жатқан ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтарын, теориялар мен өзара байланысының мәнін толық түсінуді көрсете білу. Оқытылған материал негізінде толық әрі дұрыс жауапты құрастыра білу; негізгі ережелерді белгілеп, жауапты нақты мысалдар мен деректермен толықтыру; қорытындыны жалпылау, дәлелді талдау жасау. Пәнаралық және пән ішіндегі (бұрын алынған білім негізінде) байланыстарды орната білу.

A-

90-94

Сұрақтың тұжырымдамасымен ескерілген нақты қисындалған мәселе. Cұрақтың мазмұны бағдарламаның талаптарына сәйкес толық, жүйелі түрде баяндалу тиіс. Талқыланып жатқан мәселеге кең әрі жан-жақты талдау жасалуға тиіс. Елеулі нақты қателердің болмауы. Қорытындысы дәлелді және нақты кең материалға негізделген. Бірақ сұраққа байланысты тақырыптан 1-2 жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателердің, сонымен қатар сәйкестік критерийлерде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін басқа түрдегі қателіктердің бар болуы.

B+

85-89

Оқытылған материалды толық білу. Оқытылған теориялар негізінде толық әрі дұрыс жауап; оқытылған материалды баяндаған кезде, ұғымдарға анықтама берген кезде, ғылыми терминдерді қолданған кезде немесе қорытынды жасаған кезде жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателері бар; материал белгілі бір қисынды жүйелік негізінде баяндалады. Бірақ бір жеңіл-желпі қате немесе екіден кем емес жетіспеушілікке жол беріледі. Студент өз қателерін өз бетімен немесе оқытушының көмегімен түзете алады; жалпы оқытылған материалды меңгеріп, нақты мысалдармен дәлелдей алады.

B

80-84

Оқытылған материалда негізгі ережелерді өз бетімен атап көрсете білу; дәлелдер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасай білу, пән ішіндегі байланыстарды орната білу. Практикада алған білімді, ғылыми терминдерді қолдана білу. Бірақ анықтама әдебиетпен, оқулықпен, қайнар көздермен жұмыс істеуге жеткілікті дағдысы жоқ (дұрыс бағытта жүру, бірақ жұмысқа көп уақыт кетіреді). Баяндаған кезде жеңіл-желпі қателері бар.


B-

75-79

Кейбір маңызды фактілер айтылмай қалады, бірақ қорытындысы дұрыс; фактілер кейбір кездері сәйкес келеді және бір бөлігі мәселеге қатысты болмайды; басты мәселе көрсетіледі, бірақ кейде терең түсінілмейді, кейбіреулері орнықты емес; барлық үйлеспеушіліктер көрсетілмейді..


C+

70-74

Жауапта тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар бар. Сұрақпен көзделген мәселені талдау үрдісі үзінді, жартылай сипатқа ие.


C

65-69

Студент кейбір жеке жағдайларда ғана талданып жатқан мәселенің іргелі дүниетанымдық мәселелермен байланысын көрсете алды; қойылған сұрақ бойынша маңызды негізгі ұғымдарды білуі және оларды жауап берген кезде қолдана білуі.


C-

60-64

Себеп-салдар байланысын ішінара бұзу; шағын қисынды қателер, маңызды фактілер мен барлық дерлік егжей-тегжейлікте қателері бар; дәлелдер ой-пікірлерден кейде бөлінбейді, алайда студент олардың арасындағы айырмашылықты түсінеді.


D+

55-59

Көптеген маңызды фактілер келтірілмейді, қорытынды жаслмайды; фактілер қарастырылып жатқан мәселеге сәйкес келмейді, олар

салыстырып қарастырылмайды; негізгі мәселені көрсете алмау (қате болса да). Көп елеулі қателер бар. Студент жауабында талқыланып жатқан мәселенің іргелі әрі негізгі мәселелермен байланыс түсінігінің жоқтығы.



D

50-54

Қойылған сұрақтар шеңберінде Бағдарламалық материалдың негізгі бөлігін түсінбеу және білмеу, нақты мәселелерді шешкен кезде қолдана білмеу. Жетекші сұрақ қойылғанда студент түзете алмайтын жауап кезінде елеулі қателері бар.


F

0-49

Материалдың негізгі мазмұны меңгерілмей, толығымен ашылмаған; қорытынды мен жалпылаудың болмауы. Студент жауабында елеулі қателердің бар болуы. Жауап берген кезде тақырып пен оқытылып жатқан пәннен елеулі ауытқушылықтың болуы. Жауап беруден бас тарту.


Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады

Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз



Мамандық пәнінің оқу, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы
Оқу пәні________Аналитикалық химия__

Кафедра______Химия_____________

Мамандық 05В060600_Химия________



№№

Авторы, атауы,баспа, жылы

Ақпарат көзі

Бары (шт.)

кітапханада

кафедрада

Негізгі әдебиет

1


Васильев, В.П. Аналитическаяхимия. В 2 кн.  Москва: Дрофа, 2005.- 368с.

ОО орнына арналған оқулық

1

Электронды түрде

2


Б.А.Золотов, Е.Н.Дорохова, В.И.Фадеева и др.;подред. Ю.А.Золотова.Основы аналитической химии. В 2 кн. М.:Высшаяшкола, 2002.- 496с.

ЖОО орнына арналған оқулық

15

Электронды түрде

3


М.А.Иванова, М.В.Белоглазкина, И.В.Богомолова, Е.В.Федоренко.Аналитическая химия и физико-химические методы анализа. - М.: Изд-во РИОР, 2006.- 289 с.

Оқу құралы

24

Электронды түрде

4


Досмагамбетова, С.С. , А.К.Ташенов. Методы аналитической химии в качественном анализе. Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2006.- 191с.

Оқу құралы

3

Электронды түрде

5

Васильев, В.П. Аналитическая химия- Москва: Дрофа, 2006.- 414, [2]

Лабораториялық практикум

25

Электронды түрде

Қосымша әдебиет

1

Подред. А.А.Ищенко. Аналитическая химия.- М.: Академия, 2006.- 320 с.-


Оқу құралы

23

Электронды түрде

2

Акбердина, Э.С. Химический анализ минерального сырья.-Алматы: Қазақ университеті, 2006.- 94с.

Оқу құралы

1

Электронды түрде

3

Досмагамбетова С.С., Тосмаганбетова К.С., Омарова Л.С.Аналитикалық химия. Сапалық анализ,.Астана:Л.Н. Гумилев ат.ЕҰУ, 2011.- 231с.

Оқу құралы

50

Электронды түрде

4

Досмагамбетова, А.К. Ташенов. Методы аналитической химии в качественноманализе. Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2004.- 202 с.

Оқу құралы

1

Электронды түрде

5

Отто, М. Современны еметоды аналитическойхимии. В 2 т. Москва: Техносфера, 2003.- 412с.

ЖОО орнына арналған оқулық

14

Электронды түрде

6

Основы аналитической химии. В 2 кн.  подред. Ю.А. Золотова..Москва: Высшаяшкола, 2004.- 360 с.-

ЖОО орнына арналған оқулық

14

Электронды түрде

7

Основы аналитической химии. Задачи и вопросы: учебное пособие для вузов / под ред. Ю.А. Золотова.- М.: Высшая школа, 2002.- 414 с

Оқу құралы

14

Электронды түрде

8

Ю.А.Золотова.Основы аналитической химии. Практическое руководство: М.: Высшая школа, 2003.- 464 с.

ЖОО орнына арналған оқулық

16

Электронды түрде

9

А.К. Ташенов, С.С. Досмагамбетова, Г.Шегебаева. Аналитическая химия. Количественныйанализ. Физико-химические методы анализа. Ч.2: - Астана: ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2003.- 37 с.

Методикалық нұсқау

1

Электронды түрде

10

Тикунова, И.В. Н.А. Шаповалов, А.И. Артеменко

Практикум по аналитической химии и физико-химическим методам анализа:.- М.: Высш.шк., 2006.- 208с.:

Оқу құралы

49

Электронды түрде


Пәнінің оқу, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуі - 100_%.
Глоссарий

Автопротолиз ─ молекуласында сутек атомы кіретін кез келген еріткіштің полюстігіне орай протонның молекулалардың бірінен екіншісіне ауысып өздігінен оң және теріс иондарға ыдырау процесі, оны өзіндік иондану деп те атайды

Аквакомплекстер гидратталған иондардағы донорлы─ акцепторлы немесе координациялық байланысы бар қосылыс

Активтілік коэффициенті─ иондардың жылжу қабілетіне әсер ететін, жүйедеге барлық құбылыстарды ескеретін шама

Амфотерлік әрекеттесуші реагенттердің табиғатына қарай кейбір химиялық қосылыстардың қышкылдық және негіздік қасиет көрсету қабілеті.

Амфипротонды ─ амфотерлі қасиет көрсететін еріткіштер.

Анализ ─ бір заттың немесе оның құрамының кез келген сипаттамасын - құрамын, құрылысын, күйін аныктауды мақсат еткен зерттеу әдістері мен процестері.

Аналитикалық реакция ─ нәтижесінде аналитикалық эффект немесе аналитикалық белгі пайда бола жүретін реакциялар.

Аналитикалық химия – заттың химиялық құрамы мен мөлшерін анықтау әдістері жөніндегі ғылым.

Анықтау шегі—әдістеме бойын­ша анықталатын үлгідегі зерттелетін за­ттың ең аз концентрациясы немесе массасы.

Апротондық еріткіш ─ протондармен әрекеттесуге қабілетсіз еріткіш.

Аспаптық (интруменгальды) әдістер – физикалық және физика- химиялық әдістердің біріктірілген түрі, жүзеге асыру үшін міндетті түрде әртүрлі құрылғылар мен қондырғылар қолданылады.

Әлсіз қышқыл ертіндіде диссоциациялану дәрежесі төмен болатын қышқыл.

Бақылау анализ ─ бұрынырақ алынған мәліметтерді, қайта тексеру мақсатында өткізілетін анализ.

Бейтарап ерітінділер — рН = 7 болатын ерітінділер.

Биологиялық әдістер ─ әртүрлі нысандардың биологиялық активтілігін зерттеуге және химиялық реагенттердің биологиялық нысандарға әсерін зерттеуге негізделген әдістер.

Буферлі ерітінділер — ерітіндінің құрамы немесе концентрациясы өзгергенде рН мәнін тұрақты сақтау қабілеті және құрамында қосарласқан қышқыл- негіздік жұбы бар ерітінділер.

Буферлі ерітінділер –.

Буферлік сыйымдылық ─ буферлі ерітіндінің рН- ның мәнін белгілі бір аз шамаға өзгертетін негіздің немесе қышқылдың қосылған мөлшерін сипаттайды, сандық мәні 1 л ерітіндінің рН мәнін бір бірлікке өзгертетін күшті қышқылдың немесе күшті негіздің моль санына сәйкес.

Визуальды (көрнекі) анализ жүйедегі түзілген түсі бар заттың ерекшеліктерін көзбен көріп, сапасын анықтау тәсілі.

Гетерогенді жүйе — екі немесе одан да көп фазалардан түратын термодинамикалық жүйелер.

Гидраттар еріген заттың су молекулаларымен түзетін айтарлықтай тұрақты қосылысы

Гидролиздену дәрежесітұздардың гидролизге ұшырау қабілетін сипаттайтды, оның сандық көрсеткіші тұздың гидролизденген бөлігінің концентрациясының сгидр оның жалпы концентрациясна сж қатынасы

Гомогенді жүйе — бір ғана фазадан тұүратын термодинамика­лық жүйелер.

Демонстрациялық тәжірибе қандай бір құбылысты немесе қасиетті көрсету үшін жүргізілетін тәжірибе.

Дентаттылық ─ лигандтардың координациялық байланыстар түзу қабілеті

Динамикалық тепе ─ теңдік— жүйеде әр бағытта процестер жүруіне қарамастан туатын тепе─ теңдік.

Диссоциация константасы Кд диссоциациялану реакциясының тепе─ тендік константасы.

Еру – ерітіндінің түзілу процесі.

Ерігіштікгаз, сұйық және қатты заттардың еріген күйге өту касиеті; берілген температурада еріген зат пен еріткіштің тепе─ теңдіктегі массалық қатынасымен өрнектеледі.

Ерігіштік көбейтіндісі ЕК тұрақты температурада нашар еритін тұздың қаныққан ерітіндісіндегі иондардың концентрацияларының (активтіліктерінің) көбейтіндісіне тең тұрақты шама.

Еріткіш – затты немесе заттар қоспасын ерітетін және ерітіндіде көбірек мөлшерде болатын зат.

Ерітінділер екі не оданда көп тәуелсіз құраушылары бар ауыспалы құрамды гомогенді жүйелер.

Жартылай микроанализ массасы 10─ 15 мг немесе көлемі 0,1─ 0,5 мл қажет болатын анализ.

Жартылаймикроанализ (сантиграмм ─ әдіс) ─ зерттелетін заттың 0,05 ─ 0,5 граммы қолданылатын талдау түрі

Жартылай микроанализ ─ сезімталдығы жоғары, анықталатын ерітіндідегі бөлшектердің өте азғантай мөлшерін анықтауға мүмкіндік беретін реакциялар колданылатын талдау түрі.

Жүйелік анализ зерттелетін ерітіндідегі иондарды бөлудің, анықтаудың белгілі реті сақталатын сапалық ана­лиз.

Идеалды ерітінділер — түзілгенде жылу эффекттері болмайтын және ерітіндінің соңғы көлемі оны құраушы бастапқы компоненттердің көлемдерінің қосындысына тең ерітінділер.

Инертті комплекстер 25оС температурада 0,1 М ерітіндіде лигандтардың алмасуы 1 минуттан көп уақытта өтетін комплекстер

Иондағыш еріткіш ─ иондағыш қасиетке ие еріткіш.

Иондамаушы еріткіш ─ иондағыш қасиеті жоқ.

Иондық жұптар ─ иондардың арақашықтығы айтарлықтай жақын болғанда зарядтары қарама─ қарсы иондар түзетін иондық ассоциаттардың ең тұрақты типі [C9H6ONH2]+[SbCl6].

Иондық күш ─ иондардың концентрациясы мен зарядтарының квадраттарының көбейтіндісінің қосындысының жартысына тең шама,

Комплексті қосылыстар орталық атом (көбіне металдар және онымен байланысқан молекулалардан) немесе иондардан тұратын тұрақты химиялық қосылыстар.

Комп­лекстің тұрақсыздық константасы комплекстің диссоциациялану процесінің тепе-теңдік константасы.

Комплекстің тұрактылық константасы комплексті қосылыстың тұрақсыздық константасына кері шама.

Концент­рация ерітіндінің құрамын көрсету түрі, сандық мәні заттың мөлшерінің (молекула саны, берілген компоненттіц массасы немесе моль саны) жүйенің барлық көлемінің өлшемдік қатынасына тек.

Концентрациялық константа тепе-теңдіктегі заттардың концентрациялары мольдік концентрация арқылы өрнекттелген тепе- теңдік константа 

Концентрлі ерітінді – еріген зат мөлшері қанығуға жақын жақсы еритін заттың ерітіндісі.

Күшті электролиттер — сулы ерітіндіде толық диссоциацияланатын қосылыстар.

Қайтымды процестер — процесс аяқталғаннан кейін жүйе алғашқы күйіне қоршаған ортанын күйін өзгертпей қайтып келуі мүмкін болатын термодинамикалық процестер.

Қайтымсыз процестер — процесс аяқталғаннан кейін жүйе алғашқы күйіне қоршаған ортанын күйін өзгертпей қайтып келуі мүмкін болмайтын термодинамикалық процестер.

Қаныққан ерітінді ─ еріген зат өзіндік фазасының артық мөлшерімен тепе-теңдікте болатын ерітінді.

Қанықпаған ерітінділер — берілген жағдайда еріген заттың концентрациясы қаныққан ерітінділерен аз болатын ерітінділер.

Қоса тұну — негізгі компонентті тұнбаға түсіргенде қоспалардың тұнбаға ілесе түсуі.

Құрам — жүйе құраушыларының сандық және сапалық сипаттамасы.

«Құрғақ» реакциялар ─ зерттелетін зат суда ерітілмей құрғақ ортада жүретін реакция. «Құрғақ» реакциялар қосымша әдіс ретінде қолданылады. Бұл реакцияларды заттардың жалынды түске бояу, ұшқыштығын, балқуын және т.б. қабілеттерін анықтау үшін жүргізеді.

Қышқылдар (С.Аррениус теориясы ) ─ диссоциациясы Н+ протондарын бөлу жолымен жүретін қосылыстар.

Лабильді комплекстер 25оС температурада 0,1 М ерітіндіде лигандтардың алмасуы 1 минуттан кем уақытта өтетін комплекстер.

Ле-Шателье принципі ─ химиялық тепе-теңдік әрқашанда жасалынған әсерге қарама-қарсы бағытқа қарай ығысады.

Макроанализ (грамм─ әдіс) ─ зерттелетін заттың 1-10 граммы қолданылатын талдау түрі.

Макрохимиялық анализ ─ массасы 100 мг ─ нан немесе көлемі 1 мл─ ден көп үлгі кажет ететін анализ түрі.

Массалар әрекеттесу заңы ─ тұрақты температурада қарапайым гомогендік реакциянын жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропор­ционал.

Массалық концент­рация ерітіндідегі еріген заттың массасы арқылы өрнектелетін концентрация.

Микроанализ (миллиграмм-әдіс) ─ зерттелетін заттың  граммы қолданылатын талдау түрі.

Микрокристаллоскопиялық әдіс ─ реакцияны заттық шыныда жүргізіп, анықталатын ионның бар ─ жоғын кристалдардың пішіні бойынша микроскоп арқылы қарап болжауға негізделген әдіс.

Микрохимиялық анализ массасы 0,01—10 мг немесе көлемі 0,1 — 1 мл үлгі жеткілікті бола­тын анализ түрі.

Молярлық концент­рация — ерітіндідегі еріген заттың моль саны арқылы өрнектелген концентрация.

Монодентатты ─ бір ғана координациялық байланыс түзетін лигандтар(СN, NH3, F, Н2О),

Нағыз ерітінділер — құрамындағы еріген зат молекулалық мөлшерге дейін бөлшектеніп таралған ерітінділер.

Нормальді (стандартты) сутек электроды ─ активтілігі тұрақты бірге тең қышқыл ертіндісіне салынған, бір атмосфера тұрақты қысымдағы сутек ағынында болатын ұнтақталған платинамен жабылған платина фольгасы.

Өзекті ерітінді (маточный раствор) ─ кристалдар бөлінгеннен кейін қалатын ерітінді.

Полидентатты ─ бірнеше байланыс түзетін лигандтар (глицерин, С2О4, комплексондар және т.б.)

Поляризацияланғыштық — атомдардың, молекулалардың, иондардың сыртқы электр өрісінде диполь моментіне ие болу қабілеті.

Полярлық — диполь моментінің бар болуы.

Протогенді протондық еріткіштер ─ протондардың күшті донорлары.

Протофильді протондық еріткіштер ─ протондардың күшті акцепторлары.

Протондық еріткіш ─ протондармен әрекеттесеуге қабілеті еріткіш.

Проце­стер — жүйе элементтерінің барлық не­месе кейбір іштей әрекеттесулерінің немесе жүйенің қоршаған ортамен әрекеттесулерінің жиынтығы.

Реактивтер — 1.ғылыми зерттеулер мен химиялық анализде реагенттер ретінде қолданылатын құрамы мен қасиеттері бойынша рәсімделген препараттар; 2. Аналитикалык химияда кейбір қосылыстар немесе қосылыстар тобына арналған арнайы реакцияларда қолданылатын құрамы мен қасиеттері бойынша рәсімделген препараттар.

Реакцияның жағдайы ─ аналитикалык реакцияны орындауға қажетті шарттар: ерітінді ортасы (рН), ерітінді температурасы, анықалатын ионның концентрациясы жеткілікті түрде мейлінше үлкен болуы т.б.

Реакция­ның жылдамдық константасы әрекеттесетін заттардың концентрациялары бірге тен болғанда реакция жылдамдығына тең болатын дифференциалдық кинетикалық тендеудегі пропорционалдық коэффициент.

Реалды жүйе ─ иондар мен молекулалар симметриялы орналасып, иондық атмосфера құрайтын иондармен қоршалып, солардың әсерінде болатын жүйе.

Реалды ерітінділер — құрамына тәуелді қассиеттері идеалды ерітінділердін заңдарына бағынбайтын ерітінділер.

Сандық анализ заттың құрамындағы химиялық элементтердің, атомдар топтамасының мөлшерін анықтайтын анализ.

Сандық кұрам ─ зат құрамындағы белгілі бір бөлшектердің мөлшерін көрстеді.

Cандық анализ ─ компоненттердің мөлшерін анықтайтын аналитикалық химияның бір саласы .

Сапалық анализ ─ заттың қандай компоненттерден тұратынын анықтайтын аналитикалық химияның бір саласы.

сапалық анализ Заттың құрамында әртүрлі химиялық элементтердің не атомдар топтамасының бар екендігін анықтайтын анализ.

Сапалық анализ –зерттелетін үлгінің құрамына кіретін заттарды және сол заттың құрамындағы иондар, финкционалдық топтар мен молекулаларды анықтау үрдісі.

Сапалық кұрам ─ зат құрамындағы белгілі бір элементтердің, функционалдык топтардың, иондардың бар екендігін көрсетеді.

Сапалық талдаудың химиялық әдісі – сырт көзге өзгерісі байқалатын сипатты аналитикалық реакцияларға негізделген әдіс.

Сольваттар — еріген зат молекулалары мен ион­дары еріткіш молекулаларынан түзілген қабатпен қоршалып олармен электро─ статикалық және ван–дер - ваальс күштерімен, сондай-ақ координациялық және сутектік байланыстар арқылы байланысқан сольватация өнімдері.

Стандартты ерітінділер — концентрациялары дәл белгілі ерітінділер.

Стандартты электродтық потенциал — 298,15 К температурада, 1,013  105 Па қысымда электродтық потенциалды анықтаушы барлық иондардыц активтіліктері бірге тең электролитке салынған электродтың потен­циалы.

Субмикроанализ (нанограмм─ әдіс): зерттелетін заттың  граммы қолданылатын талдау түрі.

Сулы емес ерітінді ─ еріткіш ретінде су алынбаған ерітінді.

Сулы ерітінді –еріткіш ретінде су қолданылатын ерітінді.

Судың иондық көбейтіндісі гидроксоний және гидроксид иондарының молярлық концентрацияларының көбейтіндісіне тең шама Kw=.

Сұйытылған ерітінділер — еріткіштің концентрациясы еріген за­ттың концентрациясынан әлдеқайда көп болатын ерітінділер.

Сыртқы сфера─ ішкі сфераның сыртқы жағынан қарсы зарядталған иондар.

Тамшылы әдіс ─ зерттелетін ерітінді түсін өзгерте жүретін және нәтижесінде түсті қосылыстар немесе түсті тұнба түзілетін аналитикалық реакциялар қолданылатын әдіс.

Тамшылы реакция – cүзгі қағазына капиллярдың көмегімен дөңгелек дақ түзілетіндей қылып реагентті тамызып, дақтың орталығына зерттелетін ерітіндінің тамшысын қосқанда тән түстің пайда бола жүретін реакция.

Тепе-тендік константасы стехиометриялық коэффициенттерінің дәрежесімен алынған реакцияның тепе─ тендіктегі активтіліктерінің көбейтіндісінің осы реакцияның бастапқы заттарының активтіліктерінің көбейтіндісінің қатынасы.

Тепе- теңдік — жүйе параметрлерінін уакыттқа тәуелсіз кездегі күйі.

Тепе-теңдік константасы ─ Кт берілген температура мен қысымда реакцияның өнімдерінің концентрацияларының көбейтіндісінің бастапқы заттар концентрациясының көбейтіндісіне қатынасына тең тұрақты шама.

Термодинамикалық константа Кт ─ тепе - теңдіктегі заттардың концентрациялары активтілік арқылы өрнекттелген тепе - теңдік константа , 

Термодинамикалық тепе-теңдік — Гиббс немесе Гельмгольц энергиясының минималды мәнімен сипатталатын термодинамикалық жүйедегі тепе-теңдіктің барлық түрлерінің жиынтығы.

Тотығу ─ тотыксыздану потенциалы — тотығу-тотыксыздану электродының электрлік по­тенциалы.

Тұздардың гидролизі ─ ерітілген тұздың иондары мен судың иондары арасындағы ерітіндінің рН─ ының өзгеруімен жүретін реакцияны айтады.

Тұзды эффект ─ тұнбалары бар ерітіндіге басқа иондарды қосудың нәтижесінде иондық күштің артуы.

Тұнба нашар еритін қосылыс.

Тұнбаға түсіру анықталатын затты тұндырғыш көмегімен тұндыру процесі.

Тұндырғыш тұнба түсіру үшін ерітіндіге қосылатын реагент.

Улътрамикроанализ (микрограмм─ әдіс): зерттелетін заттың  граммы қолданылатын талдау түрі.

Үздіксіз процестер — параметрлері бірқалыпты өзгеретін немесе тұрақты процестер.

Физика-химиялық әдістер ─ химиялық немесе электрохимиялық реакциялардың жүруі барысында заттардын физикалық қасиеттерінің өзгеруін байқауға негізделген әдістер.

Физикалық әдістер ─ заттардың физикалық қасиеттерін өлшеуге негізделген әдіс.

Химиялық әдістер ─ химиялық реакцияларға негізделген, анализдің эффектісін көріп байқауға болатын әдістер.

Химиялық кинетика немесе химиялық реакцияның кинетикасы - химиялық реакцияның жылдамдығын қарастыратын химияның бөлімі.

Химиялық потенциал — ауыспалы құрамды термодинамикалық жүйелердің қасиеттерін сипаттайтын күй фуикциясы.

Химиялық тепе-теңдік — тұрақты температурада тура және кері жүретін химиялық реакциялардың жылдамдығы бірдей болып сақталатын жүйдегі термодинамикалық тепе─ тендік.

Химиялық тепе-теңдік ─ екі қарама-қарсы реакцияның бірдей жылдамдықпен жүретіндігін және белгілі уақыт аралығында түзілген заттардың саны ыдыраған заттардың санына тең екендігін көрсететін үздіксіз процесс.

Шартты константасының () тепе-теңдіктегі заттардың концентрациялары жалпы концентрациялар арқылы өрнекттелген тепе-теңдік константа, 

«Ылғал» реакция ─ сулы ерітіндіде жүргізілетін реакция

Ішкі сфера ─ орталық ион мен лигандтан тұратын бөлшек.

Электродтардың I- типі ─ өзінің тұзына салынған өткізгіш ─ металл пластинка.

Электродтардың II- типі – ол инертті металдан жасалынған, тотығу─ тотықсыздану жұбын құрайтын, тұз ерітіндісіне салынған платина пластинкасы.

Электродтық потенциал — ерітіндіге батырылған электрод пен ерітіндінің арасында пайда болған потенциалдық айырма, оның шамасы металдың химиялық активтілігін сипаттайды.

Электролит емес ерітінділер — иондарға диссоциацияланбайтын заттардың ерітінділері.

Электролиттер (С.Аррениус теориясы)еріткіштің әсерінен иондарға ыдырап, электрөткізгіштік қасиетке ие болатын заттар.

Электролиттік диссоциациялану дәрежесі α – ерітіндідегі заттың иондарға ыдыраған мөлшерін көрсететін шама : 

112222nn2ii2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет