«Үздік өлкетану сабағы» облыстық байқау туралы ереже жалпы ережелер



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі23,03 Kb.
#86891
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
Ереже олкетану байкау (1)


ШҚО ББ сараптама кеңесінің отырысында бекітілді.
Хаттама № 19
«12» қазан 2020 ж.
«Үздік өлкетану сабағы» облыстық байқау туралы
ЕРЕЖЕ



  1. Жалпы ережелер

1.1. «Үздік өлкетану сабағы» облыстық байқау туралы ережесі (бұдан әрі - Байқау) мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыруын анықтайды.


1.2. «Үздік өлкетану сабағы» облыстық байқауды «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының, «Алтын адам» республикалық жобасының, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасың және «Отаным - тағдырым» кіші жобасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы (қашықтан) өткізеді.
1.3. Байқау Шығыс Қазақстан облысының жалпы орта білім беру ұйымдарының «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» («Қазақ тілі мен әдебиеті») қазақ тілінде оқытпайтын мектептерге арналған), «География», «Музыка» пәндері мұғалімдері арасында өткізіледі.
1.4. Байқаудың мақсаты өлкетану пәнінің танымалдылығын арттыру мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау және тарату.
1.5. Байқаудың міндеттері:

  • білім сапасын арттыру үшін инновациялық педагогикалық технологияларды дамыту;

  • туған өлке тарихын оқытудағы жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізу;

  • патриоттық білімді дамыту және нығайту бойынша мұғалімдердің креативті қызметін жетілдіру, ана тілі мен мәдениеті үшін сөзсіз басымдықты мойындау және қамтамасыз ету;

  • байқау арқылы дарынды шығармашыл педагогтердің қызметін қолдау, жеке тәжірибесін насихаттау және ШҚО білім басқармасының Интернет порталына жариялау.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет