Зейінді оқушы



бет4/6
Дата25.01.2022
өлшемі25,35 Kb.
#114261
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жылдам оку
жылдам оку, Акушерия дағдылар, Акушерия дағдылар, Акушерия дағдылар, 15.12.2021
Құс – бақтың досы.
Егіндіктің қасында үлкен бақ бар. Бақтың шетінде биік теректер, аппақ қайыңдар өсіп тұр. Бақта алма, алмұрт, өрік, шие ағаштары бар. Күзде жемістер пісіп, адамдар жинауға келеді. Жаздыгүні біздің жерімізде құстар көп болды. Бақ ішіндегі құстар зиянды құрт – құмырсқаларды, көбелектерді жейді. Құстар бақтарды зиянды жәндіктерден сақтайды. Құстарға тимеу керек. Оларға ұя жасап, қамқорлыққа алған жөн. Олар қыстыгүні ашығады. Балалар қыста жем беріп, оларды аштықтан құтқарады.


Орманда.

Күн суық. Сарышымшықтар топ – топ болып ұшып жүр. Олар ашығып, бүріскелі біраз болды. Орман ішінде тоқылдақтың тоқылы ғана естіледі. Тоқылдақ бір үлкен қарағайға келіп қонады. Оның қабығын тесті. Үңгіп жеп жатқан құртты, шыбын – шіркейлерді суырып ала бастады. Онымен қоректенеді. Тоқылдақтың шұқып түсірген қоңыздары мен құрттары қар бетін қаптады. Мұны көрген сарышымшықтар жетіп келеді. Жердегі дайын олжаны теріп, жей бастады. Осылайша күн ұзаққа тоқылдақтың соңынан қалмады. Әбден тойды.

Құлын.
Азамат қалада тұрады. Күндіз балабақшаға барады. Қалған уақытта әжесінің қасында жүреді. Әжесі оған қызық ертегілер айтып береді. Өлең айтуды үйретеді. Ол бәрін құмарта тыңдайды.Өткен жазда Азамат әжесімен ауылға барды. Ауылда бәрі оған қызық сияқты. Үйдің сыртында бие байлаулы тұр еді. Қасында құлыны бар екен. Тұлымшағы желпілдеген құлынды жақсы көрмеу мүмкін емес. Азамат әжесінің ылғи «құлыным» деп өзін жақсы көретінін енді түсінгендей болды. Мен де осындай «құлынмын» деп ойлады.

Найзағай.
Біздер, жеті – сегіз бала, жаздыгүні тоғайға бардық. Тоғай таудың етегінде, ағашы қалың, іші көлеңкелі екен. Ағаш көлеңкесінде отырып дем алдық. Күннің қызуы күшейе түсті. Шөлдеген соң, жиде теріп жедік. Кенет тоғай іші қара көлеңке болып кетті. Аспанды қалың қара бұлт бүркеді. Жел тұрды. Найзағай жарқылдап, күн қатты күркіреді. Жаңбыр басталды. Біздер бір биік ағаштың түбін паналадық. Жаңбыр шелектеп құйды. Киімдеріміз су болып қалды. Көп ұзамай бұлдырап, жаңбыр басылды. Күннің көзі көрінді. Киімдерімізді сығып, кептіріп алдық. Содан кейін үйді - үйімізге қайттық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет