Зейіннің тұрақтылығы



бет2/2
Дата23.04.2020
өлшемі22,93 Kb.
#64490
1   2
Байланысты:
дарындылық

Физиканы бағдарлы оқытудың кейбір өзекті мәселелері

  • Бағдаралды даярлық үрдісін толыққанды ұйымдастыру.

  • Оқушының икемділіктерін, т.б. жеке ерекшеліктерін және болашақ оқу бағдарын анықтау.

  • Физикалық құрал – жабдықтардың жетіспеушілігі.

  • Оқушылардың бойында физикалық есептерді шығаруға деген жағымды мотивацияны қалыптастыру.

  • Оқушыларға күрделілігі әр түрлі эксперименттік, сандық, сапалық   есептерді шығара білуді үйрету.

  • Әрбір оқушының таңдаған болашақ мамандығы негізінде саралап, даралап оқытуды жүзеге асыру.

Физиканы бағдарлы оқыту кезінде мұғалім келесі әрекеттерді жүзеге асыруы керек:

  • Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін: қызығушылықтарын, оқу мотивациясын, қабілеттіліктерін, ағымдағы оқу үлгерімінің деңгейін, оқудағы өзекті қиыншылықтарын, білімі мен біліктілігіндегі қалыстарын және т.б. анықтап, есепке ала отырып, оның физиканы меңгеру траекториясын құру.

  • Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның оқу қызметін ұйымдастыру. Өз білімі мен біліктілігін жаңа практикалық жағдайларда  қолдана білуді үйрету.

  • Оқушы орындаған тапсырмаларды тексеріп, бағалау және сараптау. Оқушы жіберген қателерді талдау негізінде оның оқу қызметін түзету (коррекциялау). Жіберген қателерін оқушының өзінің түзетуін ұйымдастыру. Қажет болған жағдайда көмектесу.

  • Оқушы білімі мен біліктілігіндегі қалыстарды жою мақсатында жүргізілетін шараларды анықтау.

  • Оқушының зерттеу жұмыстарымен айналысуын ұйымдастыру, өзбетімен жұмыстану және

  • шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қазіргі уақытта физикалық білім берудегі білім сапасын арттыру тақырыбы өзекті мәселелерінің бірі-  оқушыға  физикалық есептерді шығаруды үйрету. Әр түрлі деңгейдегі физикалық есептерді шығара білу – оқушының оқу материалын өте жақсы меңгергендігін білдіреді. Дейтұрғанмен көбіне физикалық есептерді, әсіресе күрделі есептерді шығаруға сабақ уақыты жетпей жатады. Сондықтан физика – математика бағдарында оқыту үрдісіндегі “Физикалық олимпиадалардың есептерін шығару” атты қолданбалы курстың орны ерекше. Әрине оқушылар бірден күрделілігі жоғары есептерді шығарып кетпейді, бірақ сол жағдайға жетуді көздейміз. Бұл қолданбалы курс барысында оқушылар білім, білік, дағдыларды игерумен қатар өзбеттерімен білім алуды, әр түрлі физикалық мәселелерді өз білім, білік, дағдыларын пайдаланып тиімді шеше білуді үйренеді, зерттеу, талдау, есте сақтау, логикалық және шығармашылық қабілеттері дамиды, жігерлілік, мақсаткерлік, еңбекқорлық, ізденімпаздық, жауапкершілік секілді жеке қасиеттері қалыптасады.[3]

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет