2. Жавель суының тотықтырғыш қасиеттері. а) Индиго немесе фуксин ерітіндісіне жавель суын қосыңдар, не байқалады? Түсіндіріңдер.
ә) Индигоны қышқылдандырып алдыңғы тәжірибені қайталаңдар. Реакция ортасын өзгерткенде реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
б) Боялған матаға қышқылдандырылған жавель суына батырылған таяқшаны жүргізіңдер. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Хлордың ылғалданған матаны ғана түссіздендіруін түсіндіріңдер.
в) Марганец (II) сульфатының ерітіндісіне жавель суын аздап қосса не байқалады? Қандай газ түзіледі? Түсін, иісін байқаңдар. Бейтарап ерітіндіде ионы -ге айналатынын ескеріп реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |