Зерттеу объектісі: Қазақтың ұлттық ойындары мен спорты



бет1/2
Дата22.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#182090
  1   2
Байланысты:
ДИПЛОМ Айбек Рүстем (1)[1]
Документ Microsoft Word (2), Асан Қайғы ЕЖДӘ, Семасиология

КІРІСПЕ

Ұлттық oйындap мeн cпopт түpлepiнiң Қазақстандағы ғылыми зерттеулері оның жaлпы пeдaгoгикaдa, oның iшiндe, этнoпeдaгoгикaдaғы aлaтын opнын aнықтay, қaзaқ xaлқының ұpпaқ тәpбиeci iшiндe дeнe тәpбиeciнe өтe үлкeн роль атқарады. Қазақстандық және шет елдік зерттеушілер, aғapтyшылap eңбeктepiнде, қaзaқ xaлқының pyxaни-тәpбиe көceмдepi Acaнқaйғы, Шaлкиiз, ЖиeMбeт, Бұқap жыpay, Тәyкe, Әйтeкe, Қaзыбeк, Төлe билepдiң пeдaгoгикaлық көзқapacтapы, oның iшiндe дeнe тәpбиeciнe бaйлaныcты eңбeктepi әлi зepттeлмeгeндiгiн aтaп өтy кepeк.


Coнымeн қaтap этнoпeдaгoгикaлық oйдың дaмyынa үлкeн үлecтepiн қocқaн aл-Фapaби, A.Құнaнбaeв, Ш.Уaлиxaнoв, Ә.Дивaeв, C.Тopaйғыpoв, Ы.Aлтынcapин, Ш.Құдaйбepдиeв, A.Бaйтұpcынoв, M.Жұмaбaeв, X.Дocмұxaмeдoв, т.б. xaлқынa тәpбиe құндылықтapын, oның iшiндe дeнe тәpбиeciнe бaйлaныcты eңбeктерін зерттеу қажеттілігі aйқындaлып отыр.
Қaзipгi зaмaн тaлaбынa cәйкec дeнe тәpбиeci жәнe cпopт caлacындa ұлттық oйындap мeн cпopт түpлepiн зерттеу оны ұтыды қoлдaнa бiлy жoлдapын қapacтыpy ocы жұмыcтың өзeктiлігін көрсетеді.
Зерттеудің өзектілігі: Халықтың салт-дәстүрімен, мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын пайдалы орнын анықтау, оны ғылыми, теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу, ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің қазіргі уақытқа дейінгі толыққанды тәрбие құралы ретінде танылмай жүрген олқылықтарын зерттеу тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Зерттеу объектісі: Қазақтың ұлттық ойындары мен спорты.
Зерттеудің пәні: Қазақстандағы ұлттық ойындар мен спорттың ғылыми зерттелу барысы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Ұлттық ойындар мен спортты бүгінгі күн талаптарына сай теориялық және педагогикалық зерттеу арқылы қазақ халқының тарихи қалыптасқан өзіндік дене тәрбиесі жүйесі болғандығын және оны қазіргі уақыт талабына сай қолдану тиімді екендігін ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі заман талабына сай білім алудың жаңа бағыттарын енгізудегі Қазақстандағы ұлттық спорт пен ойын түрлерінің теориялық және педагогикалық тұрғыдан зерттелуі дәрежесін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Қазақтың ұлттық ойындар мен спортының теориялық және педагогикалық тұрғыдан ғылыми зерттелу барысын талдау;
2. Қазақстанда ұлттық ойындар мен спорттың даму тарихына шолу жасау;
3. Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің топталуы, жүйеленуі, атауларының қалыптасуын анықтау;
4. Eгeмeн Қaзaқcтaн жaғдaйындa ұлттық cпopт пeн oйындapын зерттеуді жeтiлдipy жoлдapын ұсыну.
Зерттеу әдістемелері: Алға қойылған мақсаттарды ойдағыдай шешу үшін төмендегідей әдістемелер қолданылды:
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;
- анкеталық сұрақ- жауап;
- педагогикалық бақылау;
- педагогикалық эксперимент;
- математикалық және статистикалық сараптау түрлері.
Зерттеудің жетекші идеясы: Дене тәрбиесі және қоғамдық маңызы бар тәрбие құралы ретінде ұлттық ойындар мен спорттың теориялық және педагогикалық негізін жетілдіру, оны тиімді пайдалануға жол ашады деп санаймыз.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Қазақстандағы ұлттық ойындар мен спорттың дамуының жағдайы көрсетіліп, оның дене тәрбиесі мен спорттағы атқарған ролі анықталды;
- дене тәрбиесі және спорт салаларына маман кадрлар даярлау кезінде ұлттық ойындар мен спорттың жалпы педагогикадағы, оның ішінде этнопедагогикада жеке орны бар екендігі айқындалды;
- мемлекеттік заңдар мен қаулылардағы ұлттық ойындар мен спорттың орны анықталып, оны жетілдіру жолдары көрсетілді.

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МЕН СПОРТТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕЛУІНҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ





    1. Қазақтың ұлттық ойындары мен спорттың даму тарихы

Қазақтың ұлттық ойындары туралы деректер халықтың ауыз және жазба әдебиеттерінде, тарихи деректерде, философиялық ой-пікірлерде, саяхатшылар жазбаларында, археологиялық қазба, музей жәдігерлерінде көптеп кездесетіндігін айта келіп, ұлттық ойындар барлық жастағы адамдар арасында дене тәрбиесі, еңбекке баулу, халық пен жерді қорғау істерінде кеңінен қолданылғандығын көруге болады.


Абай Құнанбаев халық ойындарының балаларға беретін тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, халық дәстүрі мен салтын құрметтеп, ойы мен іс-әрекетін қалыптастыруда атқаратын қызметін жоғары бағалайды. Мысалы, жиырма алтыншы қара сөзінде «Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуаныш бар ма екен? Әй жоқ шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі – қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреудің ызаландырмақ – шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп қуанады екен? Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық жер болып қалады екен.
Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады, һәм және қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседан ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Мұның бәрі – надандық, ақымақтықтың әсері. Бұларын айтсаң, кейбіреуі «рас, рас» деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді әдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тыянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды. Не жаманшылық болса да бір әдет етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен деп біліп, ойланып өздігінен тоқтаған адамды көрмессің» деп жазады[1, Б.177-178].
Абайдың қара сөзінде сол кездегі ел арасындағы жарыстар кезінде адамдардың қандай күйге түсіп, болған жарыстарға қалай баға беретіндіктерін айна қатесіз көрсетеді. Ол адамдарды болып жатқан жарыстарға өте байыппен, сабырлықпен қарауға шақырады, жарыстың қызығын жақсы түсініп, ләззат алып қарауларына шақырады, орынсыз айғай мен реніш, күйінішке бармауға тәрбиелегісі келеді.
Мұхтар Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше: көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», – деп ой түйеді [105].
Бауыржан Момышұлы асық ойыны, ат жарысы туралы «Ұшқан ұя» кітабында: «Еріксіз өскен бала – рухани мүгедек адам» дей келе, «Біздің кейде өткенді еске алсақ, тұтас тұлға іздеп, бүтін бір жүйелі оқиға іздеп, кесек-кесек кереметтер іздеп, ерекше мән беріп қарайтынымыз бар. Дәл осы өлшем балғын кезге келе бермейді. Өйткені бала жүрегі, бала көңілі, бала ойы алғашқы көргенін, алғашқы сезгенін, алғашқы тұшынғанын қаз-қалпында, тұнық күйінде болмысына ұйытып алады да, сол қалпында сақтай біледі. Бала қиялы ол көргендерінен көлемді ой түйіп жатпайды, қайта үзік-үзік үміттің өзінен рахат сезімге бөлене береді» деп, жас кезінен бастап бала тәрбиесінің барлық бағыттарында еркіндік болғандығы дұрыс екндігін көрсетіп, балалық шақтарында өздерінің қалай ойнағандығын, ат баптау, бәйге шабу, көкпар тарту т.б. ойындар туралы құнды деректер береді. Сол «Ұшқан ұя» кітабында «Мынау өңкей әңгүдіктер шаңқай түсте көкпар дәметіп жүр-ау шамасы. Есіл-дерті ентікпе шабысқа ауған шала милар өңкей. Өздерін аямаса да, атты аяса қайтеді. Қапырықта қаратерге түскен жүйрікте не қасиет қалмақ. Ыстық леп кеудесін қауып, шұбылма шаң өкпесін ыстамай ма, ат жарықтық қыз сияқты мәпелеуді күтетін мал ғой. Аялай білмесең – аяғынан қалады. Аяқтан қалған жүйрік ақырған есекке де алдырады… Жайбырақат суытып, майын сылып алудың орнына бұлар салпақтап жапалақша жалпылдай бергенді жақсы көреді» деп көрсетеді [29, Б.20].
«Ауылда бас қосып, байыпты әңгіме айтар кештер көп болушы еді. Мал өрістен қайтқан соң, ымырт үйірілгенше бір төбенің басына шығып алып үлкендер шүйіркелесер еді. Ел жаңалығы, күнделікті тірлік қамы, ертеңгі күннің еншісі – бәрі-бәрі осы басқосуда ортаға салынатын. Егер әңгіме ұзаққа созылмаса, қариялар балуан күрес, жаяу жарыс, тартыспақ сияқты ойындар ұйымдастырылып, қызығына мәз болып отырар еді. Қараңғы қоюланып, көз байланарда бәрі үйді-үйіне тарасатын» [29, Б.51].
«Жақсы шабандоз атқа ауыр жүк емес, қайта қанатындай демеуші болар. Әйтпесе қаптаулы тезектей ерге теңселіп отырғанның несі қасиет. Аттың демі ауырлай бастағанда, тіпті өзіміз демімізді ішке тартып тына қалмаушыма едік» [29, Б.126-127].
«Бір жас жігіт аты арықтан қарғи бергенде, ер үстінен қопаң етіп, ауытқып барып түзелді.
Аққұл «...ат ырғағында, кісі шалқайып отыра ма екен. Мұндайда сен сияқты қопалардың салмағынан аттың бел омыртқасы үзіліп кетсе қайтер ең?» деп атқа дұрыс отырудың өзі өнер екендігін талап етеді.
«Қазақтың салты бойынша көкпарды шабандоз қызы бар үйге салады. Сол үйдің қызы кестелі орамал алып шығып беруші еді», деп салт-дәстүрдің ерекшелігіне тоқталады Бауыржан Момышұлы [29, Б.169].
Осыдан мың жыл бұрын жазылған (XI ғасыр) Махмуд-ал Қашғаридың «Диван лугат ат-Түрк» атты еңбегінен сол кездегі түркі халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, халқының орналасуы, тілдерінің ерекшелігі т.б. толып жатқан өте бағалы мағлұматтармен қатар, дене тәрбиесіне және ұлттық ойындарға қатысы бар деректерді табуға болады. Көрсетілген еңбектегі көне түркі заманындағы ойындар мен дене тәрбиесіне қатысы бар деректерде қазіргі ұлттық ойындардың пайда болуы, қалыптасуы, ойнау тәртібінің өзгеруі туралы маңызды мағлұматтарды алуға мүмкіндік бар[102].
Сонымен қатар сол уақыттағы халық арасындағы кеңінен тараған ойындардағы пайдаланылған құрал-жабдықтар, оны қолдану тәртібінің қазіргі уақытпен салыстырғанда аз өзгеріске ұшырағандығын, яғни тарих толқынында қаншама өзгерістер болғанымен, ұлттық ойындар, дене-тәрбиесіне қатысты деректер аз өзгеріске ұшырағандығын байқауға болады.
Ұлттық ойындардың мазмұнында белгілі бір мақсатқа бағытталған әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қажетті ерекше қасиеттері болады. Ойынға араласқан бала бойында өзіне деген сенімділік пайда болып, өзін қоршаған ортаға бейімделуі жақсарып, мінез-құлқын реттеп ұстауына мүмкіндігі туады.
Қазақ халқының этнографиялық құндылықтарын жинап, зерттеген В.В. Радлов қазақтың қыз ұзату, баланы бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу сияқты салт-дәстүрлерін жаза келе «қазақтар баланы жастайынан тәрбиелеуге үлкен көңіл бөледі» деп жазады [126, Б.237.].
Қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс ғалымы И.С. Паллас өз зерттеулерінде қазақ халқының тыныс-тіршілігін бақылай келе, ұлттық ойындарға сипаттама беріп, қазақ қоғамындағы аңға шығу мен аңшылықты тамаша суреттейді [120, Б.52.].
Баланың саусақтарын бүгіп-жазып ойнауы арқылы халықтың мал мен құдайшылдықты бала санасына күнделікті сіңіруді саусақпен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде іске асыруы үлкен далалық философиялық мағына жатқандығын көрсетеді.
Қазақтың ұлттық ойындарының дамуы қазақ халқының жүріп өткен тарихи жолымен тығыз байланыста екендігін «Осы кезеңдерде біздің тарихымыз қазіргі зерттеулер бойынша кемінде бес мың жылды қамтиды» деп жазады тарихшы Беймбет Ирмуханов [61, Б.40.].
Қазақ даласында ХХ ғасырдың басына дейінгі жыл сайын өткізілетін жәрмеңкелер қазақ халқы арасындағы сауда қатынасын ғана дамытып қоймай, мәдени бағыттардың араласуына себепкер болды, осы кезде ұлттық ойындар ішінде ат жарыстары, күрес, салмақ көтеру, жүгіру, садақ ату сияқты жарыс сайыстарының көптеп өткізілуіне себепкер болды.
Ш. Уәлиханов халықтың салт-дәстүрлері мен діні, наным-сенімдерін зерттей отырып, қазақ мәдениетін өзбек, қырғыз, түрікмен, қарақалпақтардың өмір сүру ерекшеліктерімен байланысты қарастырып, олардың бір-біріне тигізетін әсерін жан-жақты сөз еткен. Ол қай халықтың болмысында жалғыз өзіне ғана тән салт-дәстүрінің болмайтынын, шаруашылық кәсібі мен мәдени тұрмыс-тіршілігі аралас елдердің бір-біріне тигізер әсерінің сөзсіз болатынын айта келіп, осы жағдайдың халық ойындарына да байланыстары бар екендігін көрсетеді [159, Б.109.].
Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды [107, Б.24-36.].
Ғасырлар бойы балалар мен жастарды ұлттық ойындарымен тәрбиелеу, қоғамдағы өзара қарым-қатынасқа, қоршаған табиғатқа бейімделуге әсер етті. Адамдардың бір-біріне деген өнегелік талаптарына сәйкес ер және қыз балалар жас кезінен бастап күнделікті қоғам өміріне белсенді қатынасу жағдайында болды, содан тәрбие алды.
Ойынды ойнау арқылы бала өзін қоршаған дүние туралы танымдық жағынан хабардар болып, көптеген өнер түрлерінің бастауына қанық болады. Ойын арқылы дене қозғалысының алуан түрлерін орындауды үйренеді, сонымен қатар сөйлеу, тіл жетілдіру, есептеудің түрлерін меңгеру, жылдам ойлау, шұғыл шешім табу, мінез қалыптастыру сияқты толып жатқан қажетті пайдалы дағдыларды өз бойында қалыптастыруына жол ашты.
Халқымыз ойынды бала тәрбиесінің басты құралы ретінде арнайы ойластырып, дамытып, ұйымдастырып отырған. Халық ойындары адам бойына шыдамдылық, қайсарлық, ерлік, өжеттілік, батылдық, шапшаңдық, ептілік, тыңнан жол таба білу сияқты өмірге қажетті көптеген қабілеттерді сіңіреді, дене қуатын арттырып, дененің дұрыс қалыптасып сомданып шынығуына әсер етеді. Ойын ережесін сақтау, оны бұлжытпай орындау адамдарға әділдік пен адамгершілікті сақтауды үйретеді. Сонымен қатар қазақ ұлттық ойындарын ойнау барысында балалар қатты дауыс шығармай, айғайламай сабырмен ойнау, бір-бірін жұлқыламау тәртібі қалыптасқандығын көруге болады.
Ұлттық халық ойындарының көпшілігінде ойнаушыларға ойнау тәсілін еркін өзгерте отырып ойнауына үлкен мүмкіндік берілетіндігі баланың еркіндігін кеңейтеді, осы жағдай көптеген ұлттық ойындардың мазмұнында молынан кездесіп, баланың ойын, қиялын шектемей дамытуына көмектеседі. Ойын барысында ойынға қатысушылардың әрбірі өз еріктерімен ойын шартын өзгертіп түрлендіруге мүмкіндігі болады, осы жағдай әр ойыншыны сәт сайын өзгеріп отыратын жағдайға дайын болуға үйретеді.
Тәрбиенің басқа да түрлерімен біріге отырып дене тәрбиесі халықтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі болып қалыптасты. Қазақ халқының ежелгі және қазіргі мекені Орта Азияның Ұлы даласы болып табылады. Осы Ұлы далада адамзаттың кемелденуі және дамуына үлкен-үлкен әсері болған көптеген тарихи оқиғалар болып өтті, оларға жануарларды қолға үйрету, киім тігу, қазба байлықтарды қорыту олардан заттар жасау, жазуды таңбалау сияқты адамдар күнкөрісін, шаруашылықты жүргізуді өзгертуге әкелген, адамзат санасын жаңа сатыға көтеруге әсер еткен құбылыстар осы Ұлы далада іске асырылды.
Олжас Сүлейменов «Олимпиада» сөзінің шығуы төркінін түркі тілімен байланыстыра келіп, түркі тілдес халықтарда ежелден қалыптасқан аруаққа табыну, өлгендерге арнап ас беру кезінде ат жарысын, балуан күресін, т.б. сайыстарды өткізу ежелден қалған дәстүр екендігін, өлген басшы адамның орнына жаңа басшы адамды сайлаудың қалыптасқан демократиялық жолы екендігін, басқа адамдармен күш сынасу өзінің денсаулығының мықты екендігін дәлелдеу арқылы билікке келу жолы болғандығын айтады. Ол «Олим-пи» сөзі грек тілінен «Билеуші өлімі» деген мағынаны білдіретіндігін көрсете келе, сол сайыстарда жеңіп шыққан адамға белгі ретінде түркілер қолына шоқпар берген, ал римдіктер басына қазіргі кездегідей ағаш жапырағынан «венок» кигізгендігін айтады [136, С.156-158].
Қазіргі қазақ халқында адамның қайтыс болғаннан кейін жылын беру асында ат жарыстырып, балуан күрестіру, т.б. жарыстар ұйымдастыруы сол көне кезден қалған дәстүр деп санау қажет.
Біз көне тарихи оқиғаларға тоқтала отырып, ұлттық ойындардың халықтар өмірінде маңызды орын алғандығын көреміз.
Қазіргі уақытта ұлттық спорт түрлеріне айналған қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, садақ ату, саятшылық түрлері халықаралық дәрежеге көтеріліп дамып отыр.



    1. Қазақтың ұлттық ойындары мен спортының педагогикалық мәні

Ұлттық ойындардың қоғамдағы орнын теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу ұлттық ойындар мен спортты қолданудың теориялық және педагогикалық мазмұнының сапалық жағына әсер етіп, оқытушы ұстаз, тәрбиеші мамандар даярлауда, спорттық оқу-жаттығу жұмыстарының тәжірибелік мазмұнын кеңейтеді, ұлттық ойындар мен спортқа арналған мемлекеттік заңдар мен бағдарламалардың сапалы болуына жол ашады.


Дәстүрлі ұлттық ойындардың ел арасында таралуы, қоғамдағы рөлі, ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі сияқты тақырыптар төңірегінде отандық және шет ел ғалымдары көптеген ізденістер жасаған.
Кішкене бала жүруге ұмтылып аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда қазақтар «қаз, қаз», «қаз тұр» деп баланың денесін тік тұрғызады. «Қаз» -ға қосып айтылатын «ақ» сөзі – күшейтілген жалғау. Тоң-Алып (Афрасиабтың) қызының аты да жойқын күшті алып болуы үшін «Қаз» деп атағандығы туралы Махмуд Қашқари айтқан деп жазады ғалым, академик Әлкей Марғұлан [25, Б.141-145].
Жоғарыдағы мысалдарды келтіре отырып, біз қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ұрпақ денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойылғандығын көреміз. Адамдар денсаулығына үлкен мән беру және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы құрал болып саналды. Сондықтан қазақ халқының тарихи қалыптасуы барысында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлелдер бар. Ойындар, өмірге келген жас баланың жетіліп өсуіне әсер ете алатын, адамзаттың даму тарихымен тығыз байланысты тәрбие құралы болып саналады. Жер бетіндегі барлық халықтар өздерінің ұлттық ойындары арқылы жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің желісін үзбей келеді. Сондықтан ұлттық ойындар ұлттық мәдениетіміз бен рухани байлығымыздың қымбат қазынасы болып табылады. Ойындар мазмұнында халықтың ғасырлар бойғы қоғамдық-әлеуметтік дамуының ізі, халықтың тұрмыс-тіршілігі, наным-сенімдері орын алған.
Қазақ халқы ойынды тәрбие құралы деп танып, баланың нәресте кезеңінен бастап үлкен жасқа жеткенге дейінгі кезеңдерінде кеңінен қолданып отырған. Халқымыз ойындарды баланың ой-өрісіне, қимыл-қозғалысының жетілдіруіне пайдалана отырып, ойындар арқылы балаға халқының ұлттық мұраларын бойына сіңіріп өсуіне жол ашады және кейінгі ұрпаққа беретін құнды тәрбие ісі деп таниды. Ойындар мазмұнында баланы қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысын ашып денесін өсіретін, қиялмен қанат бітіретін ғажайып күш бар.
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында қазақтың ұлттық ойындарын туралы: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған» деген анықтама береді [83, Б.29-35].
Ойындар мазмұнында елдің мәдени-шаруашылық, тұрмыс-тіршілік салтының, әдет-ғұрыптардың, мифтік, ертегілік сюжеттердің болуы, ойынның қай уақыттарда пайда болғандығын да мөлшерлеуге мүмкіндік береді.
Ұлттық ойындардың түрлері мен мазмұндарының әралуан болуы, адамдар ойындар арқылы белгілі бір тұрмыстық, шаруашылық, танымдық т.б. мақсаттарды шешіп үйренуге жаттығу, машықтану жолдарын іске асырғандықты көруге болады. Мысалы ойнау барысында топтасу, бірігу арқылы жеңіске жету, жеке үздікті анықтау, даулы мәселені шешу, алдымен кімге жол беру қажеттігін анықтау, тілді байыту, дене қабілеттерін арттыру, шынықтыру, салт-дәстүрлерді орындау, жастарды бір-бірімен таныстыру сияқты бағыттардың барлығы өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруға арналғандығын көруге болады.
Қазақ халқында үлкен ойындарды бастау алдында үлкендерден рұқсат сұрау, бата алу, ойын шартын келісу сияқты қажетті жағдайлар да іске асырылып отырған. Ойынға бата беруші үлкен адамдар іске сәттілік тілеп «Жүйрік бол», «Шаң ілестірме», Жеңіп кел», «Тапқыр бол», «Жүректі бол», «Айлаңды асыр», «Адал ойна» деген сияқты тілектерін айтып отырған. Барлық ұлттардың дәстүрлі тәрбие салтында ойындарды пайдалану жетекші орын алады. Ойындарды пайдалану арқылы халық этикалық, эстетикалық талғамдарын байытып, ізгі қаситеттерге жол ашып, мәдениетті болуды ұрпақ бойына сіңіріп тәрбиелеуді іске асырып отырған.
Қазақ халқында «Бала ойынмен өседі» деген қанатты сөз бар. Ойын баланың ақыл-ойын дамытуды қызықтыра отырып, денесін белсенді қозғалта отырып, ойдан-ойға жетелеп, тынысын кең ашып, қиялмен қанат бітіретін ғажайып мүмкіндігі бар тәрбие құралы болып табылады.
Ойын арқылы баланың қозғалыс дағдыларын ғана жетілдіріп қоймай дұрыс сөйлеуді, іс-әрекеттерді түсінікті жатық сипаттауды, шешен сөйлеп тапқыр болуға да тәрбиелейді.
Қазақстан халқы арасында ұлттық ойындар және спортпен шұғылдануға деген ынта күннен-күнге артып келе жатқандығын сауалнама сұрақ-жауап қорытындысы көрсетіп отыр. Сұрақ-жауапқа қатысқан адамдардың 88% ұлттық ойындар мен спортпен шұғылданудың пайдалы екендігін атап өтеді.

1-кесте – Ұлттық ойындар мен спортты білу, үйрену сізге қажет пе? Сауалнама көрсеткіші. n-399







Кімдер

Адамдар саны

Қажет

Қажет емес

Білмеймін

% пайыз

1

Мектеп оқушылары 5-11 сынып

132

102

12

18

70

2

Студенттер

240

232

2

6

96

3

Үлкен адамдар
25-90 жас

65

65

---

---

100

4

Барлығы

621

399

14

20

88

Ұлттық ойындар мен спортты білуге оны үйренуге деген ынтаның арту себебін қазіргі кезде ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесімен шұғылдануға, халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін білуге деген ұмтылыстың, салауатты өмір сүруге бейімделуге деген көзқарастың халық арасында артуымен түсіндіруге болады.


Қазақстан өзінің Егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси-идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алуда, осы жұмыстар аясына ұлттық ойындар мен спорт түрлері де кіреді.
Кеңестік дәуірдегі педагогикалық ғылым сол кездегі идеологиялық бағытты іске асырушы ретінде «кіші, ұсақ халықтардың» тарихы мен мәдениетін, әсіресе, халықтық дене тәрбиесін жас ұрпақ тәрбиесінде қолдануды шеттетуі болғандығын көруге болады.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы көптеген деректер зерттеліп ғылыми айналысқа енген жоқ. Тәрбие тұрғысынан ұлттық ойындар мен спорт өскелең ұрпақтың денесін шынықтырып, еңбекке баулуда қолайлы құрал екендігі ғасырлар бойы дәлелденіп келе жатса да, білім беру мен спорт саласында қолданылуы әлі де жеткіліксіз болып отыр.
Бүгінгі күнге дейінгі ұлттық ойындар мен спорт түрлеріне арналып жүргізілген қазақстандық ғылыми зерттеулер төмендегідей бағыттарды қамтығандықтарын көруге болады, оларға:
– ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің даму тарихы;
– ұлттық ойындарды спорттық оқу - жаттығу жұмыстарында қолдану;
– ұлттық ойындарды патриоттық тәрбие жұмыстарында қолдану;

  • ұлттық ойындарды балалардың, оқушылардың, студент жастардың дене шынықтыруында қолдану.




    1. Қазақтың ұлттық ойындары мен спортын топтастыру, жүйелеу

Әр халықтың ұлттық ойындары мазмұнында белгілі бір мақсаттары мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Барлық халықтардың ұлттық ойындары ғылыми тұрғыдан зерттеу объектісі болып табылады.


Дене тәрбиесі және спорт саласында ойындарды топтау, жүйелеу оларға атау беруде зерттеулер мен талдауларды қажет етеді. Ойындарды топтау, жүйелеу, оларға атау беру, маман кадрлар даярлау, саланы басқару жұмыстарында, спорттық жарыстар өткізу кезінде, заңдар мен шешімдер қабылдауда, спорттық арбитраж жұмыстарында бірізділікті қамтамасыз етіп, мамандар арасында ортақ түсіністік қалыптастырады. Ойындарды жүйелеу, топтау сөздіктер мен анықтамаларда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, экономикалық, қаражат жоспарлауда көптеп қолданылады. Ойындарды топтау, жүйелеу ойындарды тәжірибеде ұтымды пайдалану, тиімді таңдауды іске асырады.
Ойындарды топтау, жүйелеу, оларға атау беру отандық ортақ түсінік, ортақ термин қалыптастыруға, оқыту, зерттеу, үйрету жұмыстарында бірізділіктің болуын қамтамасыз етеді. Ойындарды топтау, жүйелеу, атау беруде ортақ түсінік пен бірізділіктің болмауы салдарынан мемлекеттік құжаттарда, ақпарат құралдарында, оқулықтарда, сөйлеу тілімізде бір ұғымды әртүрлі қолдану, әртүрлі атау беру жиі орын алуда.
Ұлттық ойындардың ел арасында кең тарауына байланысты бір ойынның әр жерде әртүрлі тәртіппен ойналуы және атауларының әртүрлі болып келуі жиі кездеседі. Осы жағдайды ескере келіп, ойындарды бір жүйеге келтіру, топтау және атау беру мәселесі шығады. Топталып, жүйеленбеген ойындарды тәжірибелік тұрғыдан қолдануда, ережесін айқындауда көп кедергілер пайда болады.
Ойындарды жүйелеу арқылы оларды қолдану кезінде ойнаушыларды жынысына, жасына қарай бөлу, олардың дене-күш даму ерекшелігін, мінез-құлқын ескеру арқылы ойнаушыларды топқа бөлу, оқу-жаттығу кезінде берілетін жүктемелер мен демалу ұзақтығын анықтау, жыл мезгіліне бөлу сияқты қажетті шараларды іске асыруға мүмкіндік туады.
Ойындарды жүйелеу, топтау, барлық ақпаратты бір жерге жинақтауға және осы ақпаратты ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан пайдалануға мүмкіндік береді.
Қарапайым түрде топтауға мысал ретінде балаларды жастарына қарай бөлуді алуға болады. Мысалы: ойынға 5 жастағы балаларды жұмылдыруды алайық. Топқа осылай бөлу балалардың жас мөлшерлерін ескергенімен оларды жыныстарына қарап бөлуді ескермейді. Топтар арасындағы ұқсастық бір-біріне өте жақын болуымен ерекшеленеді.
Ойындарды жүйелеу, балаларды топқа бөлу ойынды үйрету әдістемесін жетілдіруге көмектеседі. Ойын топтары арасында айырмашылықтар неғұрлым көп болса, ойынды меңгеру әртүрлі деңгейде өтіп, қиындықтар туындайды.
Ойындарды топтау белгілі бір барлығына ортақ белгілеріне қарай топтауды іске асырады, мысалы жүгіру ойындары, секіру ойындары, ұлдар немесе қыздарды жеке топтау сияқты ортақ ұқсастықты қамтамасыз етеді. Топтау ойнаушыларды жас ерекшеліктеріне қарай бөлу, олардың дене-күш ерекшеліктерін, мінез-құлықтарын ескеру, сабақ барысында оқу-жаттығу кезінде берілетін жүктемелер мен демалу ұзақтығын анықтау сияқты қажетті шараларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Ел арасында бір ойынның әртүрлі атауы болуы және әртүрлі нұсқамен ойналуы жиі кездеседі. Мысалы: “Қарагие” – “Найза лақтыру”, “Аң аулау” – “Құспен аулау”, “Қақпа тас” – “Бес тас”, “Садақ ату” – “Жамбы ату” – «Жебе тарту», Алтын сақа – Алшы – Құмарлық – Хан ату – Асық деп аталуы кездеседі.
Қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясына зор үлес қосқан зерттеуші А. Диваев ұлттық ойындарды жинаумен қатар, ойындарды ойнаушы адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай бөліп көрсетеді. Мысалы ол ойындарды жеті жасқа дейінгі балалар ойыны, жеті жастан он бес жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған ойындар, он бестен отызға дейінгі ересектер ойыны деп бөліп, қазақ ойындарын топтауда бірінші теориялық ұсыныс жасайды.
Осыны негізге ала отырып қазақтың ұлт ойындарын үш топқа бөлген. Бірінші топқа, сәбилер ойыны деп ат қойып, баланың дүниеге көзқарасын қалыптастыратын ойындарды жатқызады. Екінші топтағы ойындарды бозбалалар ойыны, үшінші топтағы ойындарды жігіттер ойыны деп атайды да, осы топқа жататын ойындардың өзін үш топқа бөліп:
– қоғамдық өмірге байланысты;
– жедел қимылды ойындары;
– спорттық маңызы бар ойындар деп атайды [47, Б. 67-68].
А. Диваевтың бұл еңбегін ұлттық ойындарды тұңғыш рет классификациялық бөлініс жасалған еңбек деп тануға болады.
Академик Ә. Марғұлан «қазақтар құс атаулыны бір-біріне қарама-қарсы екі үлкен топқа – желбесін құстар және тұяқты құстар деп бөледі.
– Етін жеп, мамық жүнін кәдеге жарататын қазақтар «желбесін құстар» деп атаған құстарға су құстары мен суға жүзе алмайтын қыр құстарын жатқызады.
– Тұяқты құстар тобындағыларға қазіргі ұғыммен қыран құстарды жатқызады. Оларды қолға көндіріп аң алатын «қыран заттылар» немесе аушы құстар және «керексіз заттылар» деген екі топқа бөледі. Құсбегілікте қолданылатын құстарды үлкен аушы құстар және кішірек қыран құстар деп екі түрге бөледі» деп көрсетеді [26].
Ұлттық спорт саласында садақ тарту өнері ерекше орын алады. Садақтарды жасалу түрлеріне және орнына қарай – «Сақ садағы», «Гұн садағы», «Түркі садағы», «Монғол садағы», «Қазақ садағы», «Саржа садақ» т.б. деп бөледі.
Жебе түрлерін зерттеуші Ерлан Карин «Қазақ ауыз және жазба әдебиетіндегі жебе түрлерінің атаулары» деген еңбегінде, «Біздің анықтағанымыздай садақ жебесінің 100-ге жуық түрлері белгілі, ал осы жүз түрлі жебенің 40-қа тарта ғана атауларының жиырмаға жетер-жетпес түрлері сәйкестендірілді» дей келіп, көшпелі әскери өнер мен дәстүрдің қазақ даласында қаншама күрделі даму кезеңдерінен өткендігін көрсетеді [53].
Қазақтың қару-жарағын зерттеуші Қалиолла Ахметжан садақ оқтары, оқ ұшының формасы және жасалу материалдарына байланысты топқа, жебе басының пішініне байланысты типке, қимасына байланысты нұсқаға бөледі.
Жебелерді түр-түстеріне қарай жебелерді – сырлы жебе, сұр жебе, сары жебе, ақ жебе, көк жебе, қызыл жебе т.б. деп атайды.
Жебелердің сабының түрлеріне және жасалған материалдарына қарай: «қу жебе», «қайың оқ», «тобылғы сапты», «қамыс оқ», «ағаш оқ», «ши оқ», «темір оқ», кейінгі кезде жаңа материалдарды қолдануға байланысты жаңа атаулары кездеседі.
Жебенің басындағы оқтар жасалған темірлеріне немесе заттарына қарай – темір оқ, болат оқ, ағаш оқ, сүйек оқ, тас оқ деп бөледі.
Жебеге қадалған қауырсын түрлеріне қарай – «екі қанатты», «төрт қанатты», «сары жүн оқ», «қауырсын жебе», «үкілі оқ», «қарға жүнді», «күшіген жүнді» т.б. Оқтың қауырсын байлаған жағын «масақ» деп те атайды [20].
Жебе дұрыс және дәл ұшуы үшін оның масағына құстардың қауырсынын таққан. Оны «қанаты» деп атайды. Оқтар екі, үш, төрт қанатты болуы мүмкін. «Оқтың қанатына бүркіттің, қыранның, күшігеннің, тазқараның құйрық, қанат қауырсындарын қолданған» деп көрсетеді.
Жебе ұштарындағы оқтардың жасалу түрлеріне қарай – «екі қырлы», «төрт қырлы», «алты қырлы», «доғал оқ», «қозы жауырын», «томар оқ», «істік оқ», «әндіген», «тіз оқ», «қадау оқ», «аңғау оқ», «айыр оқ», «ақмаңдай оқ» деген аттары бар.
Оқты қолдану міндеттеріне, қызыметіне қарай – «сауыт бұзар», «көбе бұзар», «ақ берен», «сарнама», «ысқырғыш», «жез айыр», «аңғаусын» т.б. деп бөледі. Жебенің сабының ұзындығына қарай – «сай кез оқ», «кез оқ», «он екі тұтам оқ» деп бөледі. Садақты ату, қолдану жағдайларына қарай – түрегеліп тұрып ату, тізерлеп ату, жатып ату, арқасында жатып ату, ат үстінде ату т.б. түрлерлеріне бөлінеді.
Қазақ ойындары мен спортын зерттеуші Е. Алимханов балуандар күресін ел арасында қазақ күресі, күресу, белдесу, шалыс, алысу, жекпе-жек, арысқа шығу, күш сынасу, сайысу деп атайтындығын көрсетеді. Балуандарды дәрежесіне қарай: Бас балуан, Түйе балуан, Атан балуан, Нар балуан, Өгіз балуан, Кеуде балуан, Сұңқар балуан, Тархан, Толағай балуан, Арыстан балуан, Барыс балуан, Сұңқар балуан т.б. Балуан адамдарға қаратып айтылатын сөздерге: дәу, мықты, шоң, тегі жай емес, жауырыны жерге тимеген, тізесі бүгілмеген, басынан адам аттатпаған, бітімі бөлек, өр тұлға, батыр, білегі күшті, арыстың алыбы, көк құрыш, күш иесі, дүлей күш, алапай күш, қара күш, сұрапыл қайрат, жойқын күш, шым болат, шымыр, көк құрыш, сүйегіне біткен мол қайрат иесі т.б. сөздер қолданылатынын көрсетеді [5, Б.18-23].
Е. Сағындықов «Қазақтың дидактикалық ойындарын сабаққа пайдаланудың кейбір жолдары» атты еңбегінде ұлттық ойындарды үш топқа бөледі:
– ойын сауық ойындары;
– оймен келетін ойындар;

  • дене шынықтыру мен спорт ойындары деп топтайды [128].

М. Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын:


– жалпы ойындар;
– қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
– ашық алаңқайдағы ойындар;
– қыс мезгіліндегі ойындар;
– демалыс ойындары;
– ат үстіндегі ойындар;
– аттракциондық-көрініс ойындар деп бөледі [44].

Дене тәрбиесі мен спорт саласының ғалымы педагогика ғылымдарының докторы, профессор М. Таникеев ұлттық спорттың дамуын Кеңес Одағы кезінде зерттеп, осы саланың Қазақстанда және шет елдерде танылуына үлкен үлес қосқан ғалым болды. М. Таникеев ұлттық ойындарды төмендегідей топтарға бөледі:


– қазақтың халық ойындары;
– спорттық ойын түрлері;

  • ат үстінде ойналатын ойын түрлері [145,Б. 32-35].

Ұлттық ойындарды көп зерттеген ғалым Б. Төтенаев ұлттық ойындарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетеді:
1. Салт-дәстүрлер негізіндегі ұлттық ойындар, оларға:

  • мерекелік ойындар;

  • дәстүрлі халық ойындары;

  • халықтың тұрғылықты жеріне байланысты әдет-ғұрып дәстүрмен ұштасқан ұлттық ойындары.

2. Жастар және қозғалмалы ойындар, оларға:

  • бір-үш жасқа дейінгі бала ойыны, бесік жыры негізінде;

  • табиғат аясында ойналатын ұлттық ойындар;

  • жан-жануарға еліктеп ойнайтын ұлттық ойындар;

  • затпен, ойын құралы арқылы ойналатын ұлттық ойындар;

  • ойын құралынсыз ойналатын ойындар деп бөледі.

Б. Төтенаевтың осы топтауларынан біз ұлттық ойындардың көптеген салаларға бөлінетіндігін көре отырып «Салт-дәстүр негізіндегі ұлттық ойындар» мен «Жастар және қозғалмалы» ойындар арасында бір-бірімен ауысудың көп екендігін байқауға болады [149, Б.24-29].
Ғалым Ә. Бүркітбаев ұлттық ойындардың тәрбиелік мәніне баса көңіл бөле отырып ойындарды «Өзін-өзі және өзінің қабілетін бөлу ойындары» деп екіге топтайды [39, Б.80-87].
Ұлттық ойындарды зерттеуші п.ғ.к. Ж.М. Төлегенов төмендегідей топтарға бөледі:
– қимыл жылдамдылығын, ептілікпен үйлесімділікті дамытуға бағытталған ұлттық ойындар;
– күшті, төзімділікті дамытатын ұлттық ойындар;
– зейін мен қимыл тездігін тәрбиелейтін ойындар;
– лақтыру қимылын дамытатын ойындар;
– негізгі қимылдық сапаларды дамытуға байланысты ойындар.
Біз бұл топтаулардан көретініміз Ж. Төлегенов ойындарды адамның қозғалыс және дене күш қабілеттері түрлеріне қарай топтайды [152, Б.18-19 ].
Ғалымдар А. Құралбекұлы мен С. Әкімбайұлы қазақтың ұлттық ойындарын тұлғалық-салауаттық деп бөліп, оларды төмендегідей топтарға таратады:
-еңбек тұрмыс ойындары;
-дене шынықтыру спорт ойындары, оларды:
- жедел дене шынықтыру спорт ойындары;
- баяу қимылды дене шынықтыру спорт ойындары;
-ойлау арқылы орындалатын ойындар [92].
Зерттеуші Б. Мендалиев ұлттық ойындарды:
-мазмұнды сюжетті ойындар;
-сюжетсіз ойындар;
-қызықтырғыш ойындар деп бөледі.
Б. Мендалиевтің топтауы мектеп жасына дейінгі балалар ойындарына қолайлы екендігін көруге болады [109, Б. 47-49].
Сейдахметов Е.Е., Қуатбеков Ш.Н. «Жанұядағы дене тәрбиесі мен ұлттық ойындардың маңызы» атты еңбектерінде ойындарды тақырыптарға бөліп, жеке-жеке ат қойып, топтастырады. Атап айтқанда, көпшілік ойындар мақал-мәтелдер, қазақтың нақыл сөздері, халық жұмбақтары, ойлап көріңізші, жаңылтпаштар, ауызша есеп деген тақырыптармен береді [133,-Б.3-16].
Зерттеуші Т.Ж. Бекпатчаев ұлттық ойындарды 10 топқа бөліп көрсетеді:
– ойыншықтармен ойналатын ойындар;
– лақтыру, жүгіру және секіру элементтері қатынасатын ойындар;
– күрес және қарсыласу элементі кездесетін ойындар;
– көзді байлап ойналатын ойындар (бағдарлай білуді дамыту);
– алаңда ойналатын ойындар (кешке, түнде өткізіледі);
– суда ойналатын ойындар;
– әскери-өнерлік ойындар;
– столда ойналатын ойындар;
– ат-спорты ойындары;
– аттракциондар ойыны деп бөліп, ойнаушыларды жас ерекшеліктеріне орай балалар ойыны, үлкендер ойыны деп бөледі [37, Б.25-26].
Зерттеуші Н.К. Ахметов ойындарды табиғи және жасанды ойындар деп бөледі. Табиғи ойындарды спорттық және құмарлық ойындар деп бөліп, жасанды ойындарды академиялық (оқытушылық) ойындар деп атап, оны тағы екіге бөліп көрсетеді:
– иммитациялық ойындарды – рөлдік ойындар, жобалау ойындары, іскерлік ойындары деп үшке бөледі;
– иммитациялық емес (оқытушылық) ойындарды – символдық және крассвордтар, ребустар деп бөледі [20, Б.11-12].
Профессор Е. Алимханов қазақтың ұлттық ойындары мен спортын жүйелеу, топтаудың өзіндік үлгісін ұсынады. Бұл жүйелеудің басты ерекшелігі ойын түрлерін:

  • қазақтың дәстүрлі еңбек-тұрмыс, салт, ойын-сауық ойындары;

  • ережесі қалыптасқан, бекітілген спорттық ойын түрлері;

  • жаңадан қалыптасқан ойындар;

  • ермек ойындарды жеке;

– ойын аттары белгілі, бірақ ойын мазмұны ұмытылған түрлеріне бөліп, оларды бөлек қарастырып, жеке топтап, ғылыми айналысқа енгізеді.
Бұлай жүйелеу мен топтаудың басты мақсаты, қазақтың дәстүрлі еңбек-тұрмыс, салт, ойын-сауық ойындарын біріктіре отырып, болашақта спорт түріне айналған ойын түрлерін, дерек көздерден және ел арасынан табылған ойындарды және жаңадан қалыптасқан ойындарды топтарға қосып отыруға жол ашу болып табылады.
Профессор Е. Алимханов бойынша қазақтың ұлттық ойындары және спортын жүйелеудің бөлінуі:

  1. Қазақтың дәстүрлі еңбек-тұрмыс, салт, ойын-сауық ойындары;

  2. Мал, жан-жануарларды қолданып немесе соларға еліктеу ойындары;

  3. Ережесі қалыптасқан, бекітілген спорттық ойын түрлері;

  4. Жаңадан қалыптасқан ойындар;

  5. Ермек ойындар;

  6. Дереккөздерде және халық арасында аттары бар, бірақ мазмұны әзірге белгісіз ойындар.

1. Жоғарыда келтірілген ұлттық ойындарды топтау, жүйелеуге арналған еңбектерді сараптай отырып, елімізде ұлттық ойындарды топтау, жүйелеуге бағытталған жұмыстардың бар екендігін және олардың түрлері мен мақсаттарының да әртүрлі бағытта болғандығын көруге болады.
2. Қазақтың ұлттық ойындары мен спортын жүйелеу, топтау білім беру, оқыту, үйрету, жаттықтыру жұмыстары сапасын арттыруға, мамандар арасында ортақ түсінушіліктің болуына, ғылыми зерттеулерде бірізділікті қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді. Уақыт өте келе, теориялық және тәжірибелік талаптардың негізіне сай ойындарды жүйелеу мен топтауды сараптап жетілдіріп отыру тиімді болатындығын көруге болады.
3. Ұлттық халық ойындары туралы жазылған ғылыми-зерттеу еңбектерде ойындарды топтастыру төмендегідей негізгі 24 бағытқа бөлінген.
Олар:

  1. Ойын-сауық ойындары;

  2. Ой-зейін, интеллектуалды ойындар;

  3. Тұрмыс-салт, дәстүрлік ойындар;

  1. Мазмұнды діни ұғымдары бар ойындар;

  2. Мерекелік ойындар;

  3. Еліктеу ойындары;

  4. Нәресте-бала ойындары;

  5. Жастар ойындары;

  6. Ересектер ойындары;

  7. Қызықтырғыш ойындар;

  8. Әскери ойындар;

  9. Ойыншық ойындары;

  10. Рөлдік ойындар;

  11. Еңбек-тұрмыс ойындары;

  12. Жануарлар дүниесіне байланысты ойындар

  13. Ән, жыр, музыкамен ойналатын ойындар;

  14. Жыл мезілдері ойындары;

  15. Спорт ойындары;

  16. Затпен және затсыз ойналатын ойындар;

  17. Жаңадан, қазіргі уақыттағы құрастырылған ойындар;

  18. Той ойындары;

  19. Қазақтың дәстүрлі еңбек – тұрмыс-салт, ойын-сауық ойындары;

  20. Дереккөздерде және халық арасында аттары бар, бірақ мазмұны әзірге белгісіз ойындар;

  21. Ермек ойындар.

Жоғарыдағы 24 бағыттағы топтастыруларды жүйелей келе, ойын мазмұндарына байланысты ортақ төмендегідей бір жүйеге біріктіру тиімді болады деп санаймыз:

  1. Қазақтың дәстүрлі еңбек – тұрмыс, салт, ойын-сауық ойындары;

  2. Ережесі қалыптасқан, бекітілген спорттық ойын түрлері;

  3. Ой-зейін, интеллектуалды ойындар;

  4. Жаңадан қалыптасқан ойындар;

  5. Ермек ойындар.

Қазақтың ұлттық халық ойындары мен спортын жүйелеуді негізгі 5 бағытқа топтай отырып, біз мамандар арасында ортақ түсінушіліктің болуына, ғылыми зерттеулерде бірізділікті қалыптастыруға мүмкіндік аламыз.



  1. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ МЕН ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ




    1. Қазақтың ұлттық ойындары

2.Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой дамытуға арналған ойыны.


Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп, дәл сондай 162-сін қолданған. Ауызба-ауыз таралып келген аңыздарда тоғызқұмалақ ойыны қойшылар үшін керемет ермек болды. Соңғы деректерге қарағанда, тоғыз-құмалақ сынды ойындар ертеректе арифметикалық есептер үшін пайдаланылып, кейін келе есептеу әдістері ұмытылғанға ұқсайды. Тоғыз-құмалақ тақтасы тек 18 отаудан емес, 14, 10 отаудан да тұруы мүмкін. Мұнда тек ойынның басында бір ұяшық отауға 9-дан артық құмалақ салуға болмайтыны маңызды. Себебі, тоғыздан кейінгі он және одан үлкен сандарды тек ондық санау жүйесінде ғана белгілеуге болады. Мысалы,он саны бір құмалақ пен бос отаудан тұрады. Сонда бос отау нөл белгісінің қызметін атқаратындығын көреміз. Тоғыз-құмалақта есеп шығару кілтін 2017 жылдан бері зерттеуші Бейсенбаев А.С. насихаттап келеді. Бұл цифрсіз есеп шығару кілті арқылы кез-келген тоғыз-құмалаққа ұқсас ойын тақтасында қосу, алу, көбейту және бөлу амалдарын шығаруға болады. Бейсенбаев А.С. ұсынған Цифрсіз есеп шығару ережелері (тоғыз-құмалақ тақтасында есеп шығарудың кілті деген де атауы бар) төменде келтірілген.
Тоғыз-құмалақ тақтасының кілті:

  • Бірліктер-тастар(құмалақтар)

  • Сан орны-отау

  • Сан белгісі-отаудағы тастар саны

-Нөл-бос отау
-Бөлшектік белгі-тұздық
-Теңдік белгі-қазан
-Қосу белгісі-ойда
-Алу белгісі-ойда
-Көбейту белгісі-ойда
-Бөлу белгісі-ойда
Қосынды мен қосылғыштардың орналасуы:
Қосылғыш әрі қосынды бастауыштың бірінші отауынан соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Құр қосылғыш қостауыштың соңғы отауынан біріншісіне қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Азайғыш пен азайтқыш, және азайтындылардың орналасуы: Азайғыш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады; Азайтқыш бастауыштағы азайғыштың соңғы санының бойында орналасқан қостауыштағы отаудан бастап бірінші отауға қарай санның аяғынан бастап толтырылады; Азайтынды қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Көбейткіш, көбейгіш және көбейтіндінің орналасуы: Көбейткіш бастауыш отаудың біріншісінен бастап соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылса, көбейгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады; Көбейтінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Бөлінгіш, бөлгіш және бөлінділердің орналасуы: Бөлінгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады; Бөлгіш бастауыштың бірінші отауынан соңғыға қарай санның аяғынан бастап толтырылады; Бөлінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады.
Егерде, шығаратын есептің саны тоғыз-құмалақ тақтасына сыймаса, оған тағы сондай тақта жалғау керек. Тақта табылмаған жағдайда, кесе немесе түбі шұңғыл кез келген кішкентай отаулармен шамалас ыдыс пайдалануға болады.
Санау жүйесі бойынша отаулардың сыйымдығы:

  • Ондық санау жүйесі: 9 тас

  • Тоғыздық санау жүйесі: 8 тас

  • Сегіздік санау жүйесі: 7 тас

  • Жетілік санау жүйесі: 6 тас

  • Алтылық санау жүйесі: 5 тас

  • Бестік санау жүйесі: 4 тас

  • Төрттік санау жүйесі: 3 тас

  • Үштік санау жүйесі: 2 тас

  • Екілік санау жүйесі: 1 тас

Санау жүйесінің бағыты: Сағат тіліне қарсы бағытта
Санау жүйесінің ережесі:
Әр отау белгіленген санау жүйесіндегі отау сыйымдылығынан бір тасқа асқанда, отаудағы бір тас сағат тіліне қарсы келесі отауға түсіп қалғандары қазанға салынады. Соңында отауларда бейнеленген санның шамасы қазанға түскен және сол пайда болған санды құрап тұрған тастардың қосындысына тең болады.
Тоғыз-құмалақ
Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Қырғызстанда мектептерде тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар.
Қазақстанда қазіргі таңда оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.



3-сурет Тоғызқұмалаққа арналған Ағаш тақтасы


Тоғызқұмалақ ережесі
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:\

1 Кесте - Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады





отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1







9

9

9

9

9

9

9

9

9

Қостаушы қазаны (0)




9

9

9

9

9

9

9

9

9

Бастаушы қазаны (0)

отаулар

№1

№2

№3

№4

№5

№6

№7

№8

№9




Жүріс жасау ерекшеліктері


Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.

  • 1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз.

Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.
Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.

2 Кесте - Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады





отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1







9

9

9



10

10

10

10

10

(0)




9

9

9

9

9

9

1

10

10

(10)

2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

  • 3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

Тұздық алу ережесі
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.

  • 4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.

Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.



отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1









10

10

1

11

11

11

11

11

(0)




10

10

10

10

10

10

2

11

1

(12)

отаулар

№1

№2

№3

№4

№5

№6

№7

№8

№9





































3-диаграмма.


Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1







10

11

1

1

11

11

11

11

11

(3)




11

11

11

11

11

11

Х

11

1

(12)

отаулар

№1

№2

№3

№4

№5

№6

№7

№8

№9




4-диаграмма.
Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.

  • 5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.

  • 6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды.

Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.
“Атсырау” ережесіОйын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.

  • 7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.

  • 8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:


отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1







1

1

1

Х

1









(78)
















Х



4

(76)

отаулар

№1

№2

№3

№4

№5

№6

№7

№8

№9




5-диаграмма. Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады.Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1







1

1

1

Х

1



1

3



(78)






















(76)

отаулар

№1

№2

№3

№4

№5

№6

№7

№8

№9




6-диаграмма. Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.
Есеп 76-86. Қостаушы ұтты.

  • 9.Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.

Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.
3.Арқан тартыс ойыны — ұлттық ойын. Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.



4-сурет. Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады


Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді.


4.Тоқым қағар - ойын-сауық, салт ойыны, көбінесе жас баланың алғаш рет үйден жырақ, алыс сапар шеккен кезінде немесе қызы ұзатылған үйге жиылып «Тоқым қағар» ойынын бастаған. Әдетте ауыл адамдары ән, күй, айтыс секілді өнер түрлерін айта отырып, көбінесе, үй иесіне жолаушының оң сапарда болуын, қыздың бақытқа жетуін тілейтін жақсы тілектер айтысқан.
5.Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны.

5-сурет.
Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді. Бел, табан арқандарының орнына соңғы кезде жеңіл тақтайлар қолданылып жүр.
Алтыбақан ойыны ежелгі көшпелі елдер арасында кең таралған. Отырықшы халықтарда ол әткеншек деп те аталады. Алтыбақаннан айырмасы ол тұрақты орнатылады және жалғыз адамға арналады. Алтыбақанның қажетті заттары – тез құрастырылып, жиналатын үй мүліктері. Ойын көпшілікке арналған. Жастарды әріптес таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке бейімдейді. Алтыбақан көріністері театр өнерінде халықтың ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін көрсету, сахнаны әсерлендіру тұрғысында да лайықты орын алды. 
6.Ақ сүйек — ұлттық ойын.
Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін шөптесін кең алаң таңдалынып алынады. Ойын жүргізу үшін ірі қараның, жылқының, түйенің, кепкен жілік сүйегі керек.
Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне бастық сайлап алады. Ойынды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді.
Екі топтың ойыншылары алаңға арқаларын беріп, сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың бастығы сүйекті алыстата лақтырады. Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бұрын тауып алса, сол көмбеге қарай жүгіреді. Қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады.
Топтың басқа ойыншылары да көмекке келеді. Ойын жалғасып қайталанып ойналады. Ойын жастарды қараңғыда бағдарды, мөлшерді айыра білуге, тез, жылдам жүгіруге үйретеді.
7. Соқыртеке (I түрі)
Ойнаушылар санына шек қойылмайды.
Бұзау,
Бота,
Құлыншақ,
Тоқты,
Серке,
Тай,
Торпақ,
Taнa,
Тайлақ,
Құнан, дөнен, бесті бар,
Малдың жасын айыра біл, естіп ал.
Бұқа,
Бура,
Айғыр,
Қошқар,
Теке бар.
Сүзеген, тентек теке, жеке қал
Көзге байла, теке-теке «бақ-бақ»
Соқыр теке қайдан бізді таппақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет