Зерттеудің жұмысының өзектілігі: Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030»



бет3/3
Дата18.06.2017
өлшемі1,27 Mb.
#19400
1   2   3

Осындай әдіс-тәсілдер балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып өзіндік образ, өзіндік іс-әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасайды. Қоршаған ортадан, өнер туындыларынан сұлулықты көріп қана қоймай, оны өз бетімен іздеуге ұмтылуға баулиды.



1.3 Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету және олардың шығармашылықтары.

Бір жастан екі жасқа дейінгі балаларда сурет салудың пайда болуы мен дамуы.Мектепке дейінгі мекемелерінде сурет салуды үйрету 2 жастан басталады. Педагог балалардың бұл іс әрекетіне басшылықты іске асыру үшін, оған баланың сурет сала бастауын, оны меңгеруге қандай кезеңдерден өту керек екендігін білуі керек.

Бала 1 жаста, ал кейде біраз кейінірек қолына қарындаш алып, қағаз бетін шимайлай бастайды. Осы кезде тамақ ішерде қасықты, ойыншықты алу үшін таяқ тәрізді заттармен әрекет ете бастайды.

Қарындаш пен қылқаламды басқа құралдар сияқты бірден меңгеріп кете алмайды. Әдетте бала қарындашты барлық саусақтармен жұдырығына қысып алады да, шынтағымен тіпті иығына дейін барлық қолдарымен қозғалыс жасайды. Ол қарындашпен қағаз бетін қайта-қайта ұрғылай береді. Әуелі баланы қолдарымен қайталанған өз қозғалыстары еліктіреді, ал кейде қағаз бетіне қарындаш қайталанған өз қозғалыстары еліктіреді, ал кейде қағаз бетіне қарындаш ұшының соғылуы да оны сүйсіндіреді.

Алғашқыда сәби әрекет нәтежесінде не шығып жатқанына көңіл аудармайды. Бірақ тез арада қарындаштың қағазға із қалдыратынын байқайды да, соны тағы да көру үшін қайта-қайта шимайлай береді. Алғашында сол сызықтардың бағыты мен сипаты белгісіз кейдесоқ ретсіз болады. Бала қарындашқа түскен күшті игере алмай, кей жағдайда да қағазға түскен сызық әрең көрінеді де кейде қарындаштың ұшы қағазды тесіп кетеді.

Бала нүктелер мен сызықтар түсіре отырып, қағаз бетінің кеңістігін қимыл арқылы меңгереді.

Бірте -бірте қол қимылы қарындашпен үйлесім таба бастайды. Баланың көзбен бақылауы әлі шамалы болса да, біркелкі қимылдарды қайталай беруге ыңғайлы келеді, көбіне қимылды іс жәрдемдеседі. Бала қол серпілісін дұрыс реттей алмағандықтан сызықтар қағаздың көлемінен асып кетіп отырады. Алдағы уақытта қозғалыстар (ары – бері) күрделене түседі де, олардың бағыты өзгереді, доға сияқты қозғалыстар айналмалы қозғалысқа айналады да, қағаздың бетіне толық тарап, шиыршықтар пайда болады да, орама, линиялар тәрізді айналмалы сызықтардың күрделенуіне ауысады. Қол мен қарындаштың осындай дүркін-дүркін қайталануы ырғақтылық береді де, бала сүйсіне түседі.

Баланың екі жасында қағазға түскен сызықтарға қызығушылығы пайда болуының нәтежесінде бірнеше парақ қағазды қозғалмай отырып сызуы мүмкін. Сурет салудың осы кезеңі, әдетте, шимай жазу деп аталады. Бейнелеу іс әрекетінде осы сияқты сурет салу болып өтеді: ол қарындашпен қолдың үйлесімді, ырғақты қимылдарын дамыту мен қимылдарды көзбен бақылауды дамыту үшін пайдалы.

Түрлі түсті қарындашпен сурет салу баланың зейінін ашық түске тартады. Бояу баланы қуантады және ол қарындашты қаттырақ басып, сызықтарын жиілетіп,түсін қоюлатып салуға тырысады.

Бұл жаста әдейілеп бейнелеу әлі жоқ. Бала бір нәрсені толық етіп бейнелеп сала алмайды. Бірақ осы кезде бала материалдардың қасиеттерін тани бастайды: қағаздарды, қарындаштарды олардың түсін, өзінің қолындағы қарындаштың қимылынан қағазға түскен іздерді таниды да, оларға қызыға қарай бастайды.

Осы кезең қол қимылы мен көрудің дамуына әсерін тигізеді. Бала өзі үшін құралдармен танысады, үлкендердің бағыт беруінің нәтежесінде осы құралдарды қалай пайдаланудың қарапайым түрін меңгере бастайды, көрнекті із алу үшін оны қолына дұрыс ұстап, қағаз бетіне жүргізеді. Бұл кезеңде баланың өз бетінше кетпеуін қатты қадағалап, қарындашты қалай ұстауды көрсету, бұл үшін оны сәбидің қолына ұстату (өйткені ол өзі қарындашты дұрыс ұстай алмайды); қолмен қағазды қалай ұстауды көрсету маңызды. Сәбидің сызықтармен штрихтарға зейінін аудара отырып не салғанын, оны неге ұқсайтынын сұрау керек. Баланы ойлануға тарта отырып оның не істеп отырғанын, қандай құбылыстар мен заттарға ұқсастығын іздеуге, ойлануға итермелеу керек.

Бұл уақытта жалпы топтық үйрету сабақтары «Балабақшадағы тәрбие бағдарламасында» ұсынылмағынымен, балаларға олардың қалаулары бойынша столға отырып, сурет салуына мүмкіндік беруге болады. Бұл бейнелеу іс әрекетіне қызығушылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. Яслиде балаларға 1,5 жаста қағаз бен қарындаш беріледі. Егер балабақшаға бармаса, үйде сурет салмаса, 2- 2,5 жасқа дейін іс әрекеті дамуы едәуір кешігеді.

Сондықтан балаларды қарындаш ұстаған қолдың бейне жасау кезендегі қимылын түсінуге алып келу бірінші кішкентай топқа келгеннен қолға алынады.

Бірінші кішкентайлар тобында сурет салу. Сабақтарда балалардың бейнелеу іс әрекетіне қызығушылығын, оған эмоциялық қатынасын, тәрбиешіні тыңдау және есте білу, оның суреттен көрсеткендерін көру және байқау шеберлігін қалыптастыру, белгілі бір мақсатпен әрекет жасау керектігін көрсету арқылы тәрбиелеу қажет.

Балалардың сурет салу іс-әрекетін меңгеру үшін қолдың қимылын, оның үйлесімін, ырғағын және әлденеше рет бірыңғай қимылдарды қайталай білуге жаттықтыру керек. Сурет салу, мүсіндеу процесінде балалардың түйсігін, олардың қабылдауын, тәрбиешінің бірте-бірте сөзбен сіңіре беретін білімін, балалардың (жұмсақ, серпінділік, көлемі, түсі,) таным қасиеттерін дамытқан жөн.

Балаларда суреттің затпен ұқсастығын іздеп табуға және оның атын атауға іскерлігін дамыту керек, өз суретін «оқып», түсіну қабілетін, сонан соң суреттің әр түрлілігін байқауға балалар салған суреттердің арасынан өз суретін тауып, не салғанын айтып беруге баулыған жөн.

Бейнелеуге бейімдеу. Бірінші кішкентайлар тобында тәрбиеші балаларды бейнелеуге, суреттің бейнелеу сипатын түсінуге бейімделеді. 3 жасқа қараған балалар бір заттың нақты пішінін бере алмайды, сондықтан тәрбиеші оларды кескіні айқын емес формаларды бейнелеуге үйретеді ( олар белгілі дәрежеде дөңгелек немесе бұрышты затқа ұқсауы мүмкін). Сурет сабағында ол балаларға дайын бейненің кейбір жетіспейтін әсерлерін толықтыра түсуді ұсынады. («Әуе шарының жібін», « жалаудың сабын»)

Тәрбиеші балаларға қағаз бетіне бояуды жағуды ұсына отырып бір қалыпты бірнеше рет қайталауға бағдарлауға үйретеді. Бағдарлама ою салуды үйретуді міндет етіп қоймайды, дегенмен жағылған бояудың әшекейлі, қарапайым бір композицияда болуы балаларда өзінің ырғағымен және бояуының ашықтығымен қуантады.

Сурет сабақтарында балаларды түстерді айыра білуге оқытады (қызыл, сары, көк, жасыл) оларды сурет салу кезінде қалай пайдалануды арнайы үйретеді. Балалар сол бейненің түсіне қарап кез келген бір ат қояды («шөп», «гүл»).

Тәрбиеші балалардың зейінін әртүрлі түстердің дақтарына, сызықтар сипатына аударады. Айналадағы болмыстан ол мынадай құбылыстарды сызықтардың ырғағын, шимайларды қарама қарсы түстерді балалар айта алатындай етіп тыңдап алады. Балалар жапырақтардың қалай түсіп жатқынын, жаңбыр немесе қар жауғанын, көктемдегі жаңбырдың тырлысын, жылғылар ағысын суретке салады.

Мектепке дейінгі кішкентайлардың суреттерінде әрекет пен байланыс мазмұнына ұмтылушылық байқалады. Сюжетті сурет салу процесі өзгеше. Бала бір нәрсені бейнелейді де, көбіне сөзбен немесе қимылмен жеткізеді. Ол суретті сол жағдайдың ішінде жүргендей етіп салады. Образ жасау бала үшін әр түрлі сезімге байланысты құрылады, сондықтан балаларды тәрбиелеу үшін салынатын бейне мен көрініске деген сезім қатынасын арттыра түсу қажет, өйткені сурет салу процесі кезінде оның алдында қарапайым сызықтар мен формаларға, бояу жағындыларына «жан бітеді».

Техникалық дағдылар. Тәрбиеші балаларды бірінші сабақтарда–ақ дұрыс отыруға үйрету керек (столда өте көп еңкеймей, түзу отыру, суретті оң қолмен салу, сол қолмен қағазды басып тұру). Қарындаштармен және бояулармен сурет салу үшін, бір қатар техникалық дағдыларды меңгеруге тура келеді: қарындашты дұрыс ұстау, үш саусақпен ұстау, қаламның ұшталған жағына қолды онша жақындатпай, сұқ қолмен үстінен басып тұрып, барлық саусақтармен дұрыс қимыл жасау керек. Қарындашты саусақтармен қатты қысып ұстау қолды тез шаршатады және өте әлсіз саусақтар қарындашқа ие бола алмайды да, сондықтан түсе береді.


Балаларды бояумен сурет салу кезінде қылқаламның түгін бояуға батырып алған соң, жеңіл қимылмен ыдыстың аузына сілкіп, артық тамшыларды түсіру керек.

Балалар суретті тек қағаз бетіне салуы керек, қолына, столға, киімдеріне жағып алмай, қарындашпен тарсылдатпай, барлық құралдарды ептілікпен пайдаланған жөн: сабақтан соң әрқайсысын өз орындарына жинап қоюы керек.



Екінші кішкентайлар тобында сурет салу. Көптеген балалар балабақшаға бірінші кішкентай тобынан емес, 3 жасқа толғанда ғана бара бастайды, Мұндай жағдайда олардың көпшілігі үшін бейнелеу іс әрекеті жаңадан басталады. Сондықтан 1 кішкентайлар тобының бағдарламасында берілген міндеттер балаларға таныс емес. 2-ші кішкентайлар балалармен сурет салу жұмысына кіріспес бұрын, тәрбиешілердің қандай тәжірбиелерінің бар екендігін білу керек. Егер балалардың көбісі балабақшада 1-кішкентайлар тобында тәрбиеленсе, онда сурет салу 2-ші кішкентайлар бағдарламасы бойынша жүргізуі тиіс.

3 жасар баланың өмірлік тәжірибесі бай, олардың психикалық деңгейі жоғары, демек мұның өзі алдыңғы топтағы бүкіл оқу бағдарламасын өтуге мүмкіндік береді. Алғашқы сабақта ған балаларды сурет салуға қызықтыруға тәрбиелеу керек. Жылдың басында балаларда іс әрекет нәтежесінде қызушылық байқалмайды және салған суреттерінің сапасына мән бермейді. Сабақ кезінде орындалған суреттердің қорытындысын талдау, балалардың жалпы сурет салуға деген бейімін арттырып, тыңғылықты орындауға қалыптастырады. Жалпы топтық сабақтарда балаларда өздеріне бекірілген тәрбиешілерді ауызша және жазбаша көрсетулерді дұрыс тыңдап үйренуге, оны орындауға шеберлік нығайады.

Бұл кезеңде балаларға тән нәрсе бейнелеп іс әрекетінің ойынға ұласып кетуі, себебі балалның ширақтылығына байланысты. Баланың ойынға деген ұмтылысын оның сурет салуға ынтасын арттыру мақсатында пайдалану керек. Баланың жай тлқынды шимайларын тәрбиеші кілемшілеріне біріктіруіне болады: Кейін балалар тәрбиешімен бірге олармен қуыршақтар тұратын мүйісті безендіреді. Бірте бірте дұрыс сипат қалыптаса бастайды.

Сурет сабағында ырғақ, форма, түрлі түстерді сезіну бірте бірте сезіне бастайды. Өйткені заттарды бақылау, оларды қабылдау, талдау, одан кейін бейнелеу процесінде тәрбиеші балалардың назарын осы эстетикалық сапаларға аударады. Балаларға көбірек ұнайтын, олардың көңілдерін електіретін түсті де таңдай білуі қалыптаса бастайды. Тәрбиеші балалардың бейнелеу қабілетін дамыта отырып, оларға өз беттерімен мазмұны бар сурет ойлап табуды ұсынады.

Бала сурет салғанда, мүсін жасағанда белгілі бір заттарды, құбылыстарды суретпен салу қол қимылын дамытуды, олардың үйлесімін қадағалауын үйретеді. Бейне жасау үшін байқағыштық,заттар мен құбылыстарға көңіл тоқтату, иллюстрациялауларды көре біру қабілетін дамыту қажет. Өйткені, олар суретке қондыруға керек. Мысалы, шыршаның жасыл түстілігі немесе терезелердегі жауын тамшыларының, тамшылап тұрған ырғағы т.б.

Тәрбиешінің балаларды қоршаған заттарды түйсіну, түсінуді ұйымдастырумен оларда көзбен елестете алуы пайда болады.

Бейнелеуді меңгеру, балалардың дербестіліктің, белсенділіктің тәрбиеші балалардың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, кімге қандай іс әрекет түрінде, кімге қалай сөз түрінде ескертулер жеткілікті екені білегні жөн. Үйрену барысында алғандағы іскерлікті пайдалана отырып, балаларға дербес шешімдер табуға мүмкін береді.

Заттарды бейнелеу Егер кішкентай тобының мақсаты балаларды сурет салғанда белгілі бір нәрсені бейнелеуді, түсінуге жетелеу болса, ал 2-кішкентайлар тобында затты бейнелеудегі тәсілдерді үйретуден бастайды. Балалар заттардың формасы, бояуы көлемі әр түрлі екендігін мағлұмат алады.

Балаларға әртүрлі формадағы заттарды, дөңгелек, тікбұрыш, ұшбұрышты сол сияқты тік сызықтармен және олардың қиялысудың бейнелеуді үйретеді. Балалар бір бөліктегі заттардың көлемі мен формасы жағынан бірнеше бөлімдерден құрылған заттарды бейнелеуді меңгереді. Заттардың формасын беру үшін балаларға міндетті түрде форма тудыратын қолдың қозғалысын жасауды үйрету керек.

Программаның ізінен балаларға алғаш заттардың жай түрін одан кейін күрделі түрін бейнелеуді үйретеді. Бұл балаларға өздерін қоршаған әлем құбылыстары және неше алуан заттарын жасауға, мүсін жасауға мүмкіндік береді.

Бала 2 кішкентай тобында форма тудурышы қозғалыстарды жақсы игерген сайын кез келген заттың бейнесін әрі жеңіл, әрі еркін жасайтын болады.

Ең бастысы – балаларға заттың формасы мен қозғалыстардың аралығындағы байланыстарды түсіруді үйрету. Оның көмегімен қағаз бетіне түсіре алатындай етіп болуы керек. Тәрбиеші сурет салардан бұрын балаларды заттың формасымен таныстырады.

Балаларға әртүрлі заттардың суретін салу үйретіледі. Тәрбиешінің ұсынылған тақырыбы сан алуан болса, оқу тапсырмасы әрі қызық әсерлі болады. Балалар ашық түсті бодпты, ауа шарлары, елка моншақтарын ынтамен салатын болады. Осы бейнелерді меңгере келе, олар енді көлемі жағынан әртүрлі заттарды Бере алады: мысалы, суреттерінде үлкен немесе кішкентай шарлар, жидектер, гүлдер пайда бола бастайды.

Бейнелеуге қаттысы жағынан алғанда тікбұрыш форма неғұрлым күрделі, сондықтан, оны меңгеруді жылдың 2 ші жартысынан бастаған жөн. Ашық түсті жалаушыларды, түрлі түсті текшелерді бейнелеу балалар суреттерінің, апликацияның мазмұнын байытады.

Жекелеген дөңгелек тікбұрышты бөліктерден балалар тіркелмелі арбаны құрастырады.

Сәбилерді заттардың құрылысын, бөліктердің орналасуын қарапайым түрде Бере білуге үйретеді. Олар тік шырша, биік ағаш, жатпайтын қуыршақтың, арбаның суретін салады. Программада балаларға түрлі түсті дұрыс айтып және ажырата білуді үйрету. Мақсаты ойтылған: қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ сияқты кейбір реңдер. Алайда сабақта аталған түстермен шектеліп қоюға болмайды. Керек жағдайда балаларға қоңыр, сұр түстер де ұсынылады. Бұл топта тәрбиеленушілерден заттың тура түсін беру талап етілмейді. Олар түрлі түсті өз талғамдарына қарай пайдалануларына болады. Бірақ кейбір заттар мен құбылыстарды бейнелегенде балаларды түрлі түсті нағыз түрі түсінуге жетелеу керек. «Жасыл шөптер өсіп тұр», «Ақ қар жауып тұр», «Сары балапандар жап жасыл шөптің бетінде жайылып жүр».



Естиярлар тобында сурет салу. 4 жаста балалар кішкентайлар тобынан естиярлар тобына келеді, бейнелеу іс-әрекетінің көптеген түрлерімен таныс, сондықтан олардың суретке деген қызығуы дамыған.

Олар тәрбиешінің көрсеткенін мұқият тыңдап, басқалармен жұмысты бірге бастап, аяқтап, өздерін салмақты ұстап, орындықта дұрыс отырып, кепшілік сабағына қатыса алады. Оларда жолдастарының жұмысына деген қызығушылық және оны бағалап қарау ынтасы пайда болады.

Бейнелеу іс-әрекеті сабақтарында естиярлар тобындағыларды үйрету мен тәрбиелеудің жаңа шешімдері жүзеге асырылады. Тәрбиеші сурет салу процесінде балалармен атқарылатын іс-әрекетті дамыту керек, оларға еркін сипат беруі керек. Ол балаларды тек сурет салу процесіне ғана емес, оның қорытындысына қызығушылыққа тәрбиелеуді жалғастыруы керек.

4 жастағы балаларға өз жұмысына баға бере алатынын жә­не қолы жеткен табыстарына қуана алатынын дамыту қажет.

Тәрбиеші балалардың барлығын жақсы, әдемі істеу түсінігін қалыптастыруға тырысуы керек. Сондықтан, оларды дағды мен шеберлік процесін меңгеруге ынталандыру өте маңызды.

Балалардың бұрыннан алған тәжірибелерін тәрбиеші неғұрлым күрделі дағдыларды игеру қажеттілігіне қарай, қол козғалысын дамытуға әрекет ететіндей етіп пайдалану керек. Мысалы, суреттің бөлшектерін ретімен бояу үшін, бала нұсқаның төңірегінде қол қимылын жүргізе алатын болуы керек. Ёгер ол бояумен өрнек салатын болса, онда жағындылар мен штрихтарды дәл жүргізе алатын болуы керек. Бұл шеберлікті меңгеру баладан кол мен көздің үйлескен әрекетіне көңіл бөлуді талап етеді.

Тәрбиеші балалар түсінігінің одан әрі дамуына камқорлық жасап, заттарды бейнелеуде аса жоғары талап қоюы қажет, сондай-ақ олардың шамасы мен орналасуына қарай ара қатысын белгілеу, бөлшектер мен детальдарынын, мүшелеп санын айтуды ұсынады, балалардыд көңіл-күйін заттардын, эстетикалық сапасына, олардың түсі, құрылысы мен формасының әдемілігіне аударады.

Балалар заттардын бейнесін жасай білу үшін, тәрбиеші сол заттар туралы оларда толық түсінікті қалыптастыруға, сондай-ақ өздерінің ойлап тапқандарын суретте бере білу кабілетін дамытуға тиіс.

Тәрбиеші балалардың эстетикалық сезімдерін дамытуы тиіс. Бұған, сондай-ақ сыйлық үшін әдемі өрнек жасау, жолақтар мен шаршыларды сәндеу міндеті қойылғанда декорациялык суретті енгізу жәрдемдеседі. Балаларға өздеріне ұнайтын, бір-бірімен сұлу үйлесетін түстерді таңдауларына мүмкіндік беріледі.

Тәрбиеші 4 жастағы балаларда әрбір заттын,формасы болатыны, заттар осы белгілері бойынша ерекшеленетіні және оларды формасының ұқсастығына қарай біріктіруге болатыны туралы түсінікті дамытуға, заттан бөліктерді, ең алдымен ең ірі бөліктерді бөліп алып, олардың формасын анықтай білуді қалыптастыруға тиіс. Балаларды шеңбер, сопақша, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш сияқты геометриялық фигураларды ажырата білуге үйрету ке­рек. Геометриялық фигураларды білу балаларға заттың формасын ажырата білуіне көмектеседі және қарапайым геометриялық фигуралармен ұқсастығын пайымдайды. Мұндай салыстырулар балаларды заттардың формасын жалпылауға үйретеді, мұның өзі оны суретте беруін жеңілдетеді.

Шеңбер мен сопақшаны ажырату осы жаста бұл оңай заттардың формасы мен олардың бөліктерін, әсіресе есімдіктер мен тіршілік иелерін бейнелеген кезде, өте дәл беруге мүмкіндік береді.

Шаршы мен ұзартылған тік төртбұрышты айыра білу әр түрлі тікбұрышты заттардың үй, арба, вагон, орындық, қақпа және т. б. арасындағы айырмашылығын беруге мүмкіндік тудырады.

Тәрбиеші балалардың заттардың құрылысын, формасы мен көлеміне қатысты негізгі бөлшектердің орналасуын беру іскерлігін ұштайды. Мысалы, балалар машинаның кабинасы шанақтан биік екенін, балапанның басы денесінен кіші болатынын біледі.

Балалар адамның фигурасын бейнелей отырып, бет бөліктерін, киім бөлшектерін береді. Тәрбиеші заттарды бейнелегенде бөлшектері бойынша: алдымен ең үлкендерін, одан кейін, ұсақ және кейбір оларға тән детальдарды жасауға үйретеді. Педагог кұрылысын беруге үйрете отырып, фигураның симметриясына көңіл аударады.

Тәрбиеші 4 жастағы балаларды заттың негізгі түсін беруге үйретеді. Балалар затты қараған кезде, олар оның түсін байқап және оның көлемін мөлшерлеп, содан соң оны суретте немесе аппликацияда бейнелейді, мұнда олар қарындаш пен қағаздың керек түстерін өздері табады. Заттың түсі жалпылама, реңксіз беріледі.

Балалар кейбір заттардың белгілі бір түстерінің шөп, жапырақ, жидек және т.б.болатыны туралы біртіндеп мағлұмат алады. Тұрақты түстері болмайтын заттарды кез-келген түспен бейнелеуге болады.

Тәрбиеші балаларды алты түсті -қызыл, сары, жасыл, алкызыл, көк, күлгін және үш түрлі бейтарап -қара, сұр, ақ түстерді ажыратып, тануға, айтуға үйретеді. Ол олардың өз беттерінше сурет салу үшін және затқа тән бояулардың кез келгенін ала алмай, таңдап-талғап алуға негіздейді. .

Декоративті сурет салу сабағында тәрбиешібалаларға жағынды, нүкте, тік жолақтар, шығыршық, шеңберлер салуды үйретеді. Шаршы,шеңбер, жолақ бетіне белгілі бір ырғақпен элементтерін орналастыра отырып, өрнектерді жасау шеберліктерін дамытады. Декоративті сурет үшін тәрбиеші қағаздан қиылып жасалған көйлектің, алжапқыш, қолғап, бас киім т. б. береді.

Қағаз формасына байланысты балалар өрнектің элементтерін белгілі бір жүйеге түсіріп ортасына, бұрыштары бойынша, кағаздың толық бетіне орналастыруды үйренеді. Мұндай жағдайда тәрбиеші балаларды үлгі бойынша және ойдан шығарып жасауға үйретеді.

Ересектер тобындағы сурет салу. Бес жастағы балалардың сурет салуы белгілі ниетте және саналы сипатта бола бастайды. Педагог балалардың түпкі ойының қалыптасуына мүмкіндік жасайды, оларды алдын ала суреттің мазмұнын ойластыруға, негізгі ойды ерекше бөлуге, оны түсінікті етіп көрсетудін жолын табуға үйретеді. Ол балаларды өздерінің салған суреттерімен қатар, қүрдастарының жұмыста-рына да дұрыс баға беруге үйретеді, оларды жан-жақты талдауға әр түрлі жұмыстарды әрбір суреттердің өзіне тән ерекше сипаттарына негіздей отырып салыстыруға баулиды, суреттің мәнерлілік жағы: формасыньщ колоритінің, түрлі түстердің үйлесуінің, композициясының ерекшеліктерін бөле көрсетуге бағыттайды.

Педагог бағалаудың деңгейін көтере отырып, суреттердің сапасының одан да жоғары дәрежесіне жетуге қызығушылық, іскерлікті игеруге қажеттілік туғызады. Балалар қиындықты жеңуге, жіберген қателерін байқауға және түзетуге қабілетті бола бастайды. Сурет салу процесінде өзін-өзі бақылауы арта түседі. Тәрбиеші сабақ уақытындағы тапсырма балалардың күші мен мүмкіндігіне сай, бүкіл бөлінген уақытта олардың қолының бос болмауын қамтамасыз етуі керектігін есте сақтауы керек. Кейбір балаларда баскаларды үйрету, оның да жақсы, дұрыс жасай алатындай ету ниеті пайда болады. ¦жымдық жұмыстарды орындау процесінде педагог балаларды жүмысты ұйымдастыру және жоспарлау кезінде үлкен дұрыстыққа, әрқайсысына неме-се кішігірім балалар тобына тапсырылған жалпы композициялау бөлігін жақсы орындауга жауапкершілікке тәрбиелейді.

Дербестіктің көрінуі барған сайын өзінің жекелей тәжірибесін, бұдан бұрын көрсетілгеннен гері ерекше әрекеттің белсендірек түрін көрсетумен байқала бастайды. Творчество элемент барған сайын айқын көріне түседі.

Алдындағы жылдардағы алған эстетикалық даму жаңа кең сипат алғандықтан, тәрбиеші 5 жастағы балаларда декорациялық өнер шығармаларын қабылдау және саналы бағалауын дамытуы қажет. Өрнектерді салуда ол балаларды бейненің мәнерлілігіне, түр үйлесімділігінің әсемдігіне және форманың гармониялығына, бейнелердің орналасуының ырғақтылығына талпынуға үйретеді. Байланысқан мазмұн, сюжет суретте толық та айқын бейнесін табады. Балалар формасы жағынан аса курделі заттарды бейнелей бастайды, формаларды жалпылама бейнелеуден, негізгі сипаттағы формалары олардың ерекшеліктерімен қоса бейнелеуге өте бастайды. Педагог балаларға бейнелеудің сапасының сол затты білуден тәуелділігін түсінуді дамытады, суретін салатын затты өз қалауынша қарауға, орындалу жүйелілігі ережесін игеруге үйретеді. Бұл жеке өзінің әсері мen қарым-қатынасын әкеле отырып, өз алдына бейне жасауға мүмкіндік береді, әрі айналасын қоршағандардың әсерін суретте бейнелеуге кең мүмкіндік ашады.

Педагог сабақ үстінде балалардың кажетті істерді өздерінің атқаруына, кезекшілікті жүйелі орындау талабын күшейтеді. Кезекшілердің міндеттерінің ауқымы ұлғая түседі, олар орындаған міндеттерінің орындалуын бағалау қатаң болады. Олар қандай іс-әрекетке қандай құралдардың керектігін, күні бұрын не туралы қамдану керектігін біледі. Балаларда еңбек пен ұйымдастыру қабілеті дамиды.

Ересектер тобында тәрбиеші балаларды заттың өзіне тән формасын анықтай білуге, алегер зат бірнеше бөліктен тұратын болса, оныңең үлкен құрамдас бөліктерін белгілі геометриялық фигуралармен салыстыру жолымен және олардың арасындағы ұқсастықжәне айырмашылықты табу арқылы үйрету керек.

Ол балаларды заттардағы бір-бірінен биіктігі және енімен өзгешелене отырып, тек шамасы жағынан ғана емес, пропорциясы жағынан да әр түрлі болатынын білуге үйретеді: ағаштар биік және аласа, жуан және жіңішке, үйлер биік және аласа, олардың терезесі тар немесе кең болады.

Балалар әр түрлі пропорциялы заттарды салуды үйренеді. Олар заттардың тігінен тұратындығын, жататындығын, геометриялық фигуралардың әр түрлі орналасатындығын, тұруы, жатуы, көлбеу тұруы, төңкеріліп жататындығын біледі. Мұны аса күрделі емес құрылыстар жасайтын кірпіштен, қағаздан ойылған тікбұрыштар мен ұшбұрыштардан оңай көрсетуге болады.

Сурет сабақтарында тәрбиеші балалардың бірнеше бөліктен тұратын заттардың құрылысы туралы түсінігін анықтайды, бөліктерінің орналасуын жоғарыда, төменде, бүйірінде, ортасында жатқан жағдайын, бұрынғыдан гөрі дәлірек зат бөліктерінің салыстырмалы шамаларын анықтауға, заттарды құрылысы жағынан салыстыруға үйретеді. Мәселен, балалар әр түрлі машиналардың құрылысындағы, гүлдердегі, құстардағы т. б. ұқсастықты табады, олардың өзіне тән ерекшеліктерін береді.

Педагог балаларға зат бөліктерінің орналасуы, құстың, жануардың кеудесі қозғалыс кезінде, өзгеретіндігін түсіндіреді. Ол оларды қозғалыстың кейбір қарапайым формаларын суретте бере білуге үйретеді. Мәселен, бала құстың басының иілуін, аюдын кеудесінің бұрылуын т. б. бейнелеуі мүмкін.

Тәрбиеші балаларға спектр түстері туралы білімді рет-ретімен кемпірқосақтағыдай беруі, ақ түсті қосу жолымен ашық өң алуды үйретуі тиіс. Қара мен ақтан басқа, бейтарап түрден сұр: қою мен ашық түсті балалар білетін болады. Олар саналы түрде әсем түр үйлесімін іздеп және жасау мүмкіндігін алады.

Тәрбиеші балалардың естиярлар тобында танысқан ою-өрнектер элементтерін күрделендіруі тиіс. Балалар жана доға, толқынды сызықтар салудың әдістерін игереді. Олардың элементтері ретінде өсімдіктердің бөліктері -жапырақтарды, гүлдің тажы мен гүлжапырақтарын, жидектерді пайдалануды үйренеді.

Педагог балаларды ою-өрнектегі элементтердін, квадратта, шеңберде, көпбұрышта симметриялы орналасу ережелерін таныстырады.

Қағаздан ойылған әр түрлі заттарды, киімдерді мәселен көйлектің кескінін, шағын костюмін, шыны-аяқ, құмыра, ваза т. б. ұсынады.Педагог ересектер тобы балаларын түс үйлесімі мен элементтер қиылысымының әр түрін жасай отырып, өз бетінше ою-өрнек композициясын табуға үйретеді.

Ересектер тобында алғаш рет акварель бояуымен сурет салу енгізіледі. Гуашьпен жұмыс істеу әдістері тиянақталады. Және де ба­лаларды түрлі түсті балауыз борлармен, график карындашпеи сурет салу әдістерімен таныстыру тиіс.

Педагог балаларды түзу сызықтарды әр түрлі бағытта, түрлі қалыңдықта жүргізуге, доға, шеңбер, овал формалы фигуралар, толқынды сызықтар салуға жағындылар алу үшін қылқаламды жалпағынан салуга үйретеді. Қарындашты, қылқаламды тым күш салмай, жеңіл қозғауды, қаламды қағазға тым баспауды және басуды реттеу арқылы әр түрлі рең алуды, қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтар, жалпақ жолақтарды түк жағымен салуға дағдыландырады.



Мектепалды тобындағы сурет салу. Жетіге аяқ басқан балалар 5 жастагы балалардан едәуір ерекшелеу келеді. Бұрыннан алып келе жатқан қабілеттерінің сапасы дами түседі.

Бәрінен бұрын балалардың өз беттерінше заттарды қарай білулерін қадағалап, қабілетін дамыту аса қажет. Бұл процестің ең бастысы — балалардың қалыптасқан тәжірибесіне сүйену. Тәрбиеші балаларды заттардың, қоршаған құбылыстардың шын-дығын суретте шешімін табатындай етіп талдай білуге жетілді-руі тиіс. Педагог балаларды әрбір заттьщ тән қасиеттерін мү-шелей білуге үйрете келіп, затты немесе құбылысты толық қамти білуге көп мән береді. Көктемнін. ғажаптығына балалар-дың көңілін аудара отырып, алғашқы гүлдердің айрықша нәзіктігін, кегілдір аспанның, көктердің түсін көрсетеді. Бұл негізінен бояу түстерінің жас, қанық екендігін сезінуді арттырады.

Бұл топта натураға қарап сурет салу негізгі мақсат емес, дегенмен кейбір өзгешеліктері бар. Бұрын балалар заттар-дың құрылысы мен түстерінің тобын, белгілі бір формаларды меңгерген болса, енді оларға тән қасиеттерін меңгереді. Мысалы: сурет салуға таңдап алынған бұтақтың тармақтары және көптеген жапырақтары т. б. бар. Балалар осы қасиеттерін байқап, бейнелеулері керек. Сабақтың басында балалардың затты дұрыс талдап,, қарап алғанына қарамастан, жасалған бейнені олармен салыстыру, оны қабылдауға қайтып оралу кажеттігі туады.

Табиғатпен таныстыру сабактарында сурет салудың белгілі бір маңызы бар. Балалар табигат құбылыстарын қадағалап оты-рады, балабақша немесе топ учаскелерінде өсімдіктердің өскен-дігін, бойларының ұзарғандығын байқайды да, соларды өздері-нің суретіне енгізеді.

Балалардың еңбекпен, техникамен, қоғамдық өмір құбылыстарымен танысуы олардың салған суреттерінде, мүсіндері мен аппликацияларында кеңінен бейнеленуі керек, мүнда әсіресе бейнелеу енерінің аса зор танымдық мәніне назар аударған жөн. Егер бүрынырақ балалардың назары заттың, құбылыстың сыртқы әдемілігіне аударылып, осылайша олардың эстетикалық тәрбиесінің баюы мен эстетикалық қабылдауы дамытылса, ал енді құбылыстың эстетикалық жағы онша ескеріле бермейді, әрі мұ-ны балалардың білуі тиіс. Бейнелеу өнерінің шығармаларымен тереңірек танысуға балалардың ез бетінше өмір құбылыстарына эстетикалық талдау жасай алуы көп көмектеседі.

Педагог 6 жастағы балаларды эр түрлі такырыптағы суреттерді, шағын скульптураларды, декорациялық-қолданбалы өнер, бұйымдарын түсінуге үйретеді. Балалар олардың эстетикалық қасиетін сезіне бастайды, қуаныш сезіміне бөленеді, толқуды бастан кешіреді, қобалжиды; сонаң кейін педагогтың кеңесімен немесе өз бетінше өзіне ерекше ұнаған бұйымды тандап алады.

Мектепке даярлық тобындағы балаларда үйренуге деген қабілет анағұрлъш алғыр келеді. Балалар тек- тәрбиешінің айтқанын істеп қоймай, өз бетімен бірден орындала қоймайтын істі игеру үшін жаттыруға кіріседі, әрі оларды қалай орындау керектігін сұрайды, сұрақтар кояды. Балалардың білуге әуестігі белгілі бір бағытта дамиды, білуге құштарлығы артады, өз бетінше қадағалауы мен бақылауы күшейеді.

Тәрбиеші балалардың техникаға, табиғатқа, өнердің әрбір түріне деген білуге құштарлығын жеке-жеке дамытуы тиіс, ейт-кені бұл құштарлық олардың салған суреттеріне, мүсіндеріне, аппликацияларына эсер етеді.

Сурет салу кезінде педагог балаларды өз жолдастарының жұмысын әділ де жұмыла бағалай білуге бағыттайды, олардың өз пікірлерін айтуын дамытады. Ол балаларды өз білгенін түгел езгеге үйретуге, өз жолдастарына көмектесуге үйретеді. Мәселен, сабақ үстінде балалар түрлі элементтерді қолдана отырып, декоративті ою-өрнек жасады делік. Олардын біреуі топқа тек жақында ғана келгендіктен өрнектің композициясын түсіне алмады. Мұндай жаңадан келген балаға өрнекті салудың тәсілін педагог жақсы сурет салатын бір балаға тапсырады.

¦жымды түрде жұмыс істеген кезде 6 жастағы балалар тәрбиешінің көрсеткен жұмысын ғана істеп коймай, осы жұмысты тәрбиешінің таңдауына ықпал жасайды. Кейбір жағдайларда бір столда отырған балаларға тәрбиеші ұжымдық жұмысты атқаруға келісуді, өзара міндетбөлісуді ұсынады. Ол жұмыс барысын бақылап отырады, бірақ олардың өз бетімен жұмыс жасауына көбірек еркіндік береді.

Тәрбиеші балаларды жұмыстың жоспарын өздері жасауға, яғни алдымен ойланып, болашақ суреттің мазмұнын көз алдына келтіріп, содан кейін сурет сала бастауға үйретеді. Сондай-ақ балаларға жұмысты орындау процесінде де жоспарлауды үйрету қажет: бұл баланың барлық іс-әрекетін жұмылдырады әрі оның өзін-өзі қадағалауына игі әсерін тигізеді.

Педагог балаға оның өзі салған суретіне сын кезбен қарауды үйретеді. Бірақ әрқашан сынап-мінеп отыру баланы қанағаттан-дырмауы, оның суретке деген ынтасын кемітуі, өзі жасаған дү-ниеге қуана алмауын тудыруы мүмкін. Сондықтан да балаларды өз қатесін тек байқап қана қоймай, оны түзетуге ұмтылуын, бейнені кәркем етіп толықтыра білуін қалыптастыру керек, олар-дың қабілеті, іскерлігі мен жасалып біткен жұмыс нәтижесінің арақатынасын байланыстыру керек, ездері салған суреттің өзге-ге түсінікті болуын, езін қуанышқа белеуін қадағалау қажет.

Бізді қоршап тұрған ортадан ерекше, айқын, ашық заттарды таңдай білуге үйрету керек. Тәрбиеші бөліктеріне дейін айқын, бедерлі мысалы, ойыншықтар, сондай-ақ силуэті айқын көрі-нетін заттарды керамикалық заттар, вазалар таңдап алады. Балалардың осы бүйымдардың түрлі варианттарын өздері ой-лап салуы үшін тәрбиеші бұл бұйымдармен жете танысуды әрі зерттеуді ұйымдастырады, ал сонаң соң оларды бейнелеуді ұсынады.

Мектепке даярлық тобында балаларды алуан түрлі түстік. гаммаларды контрасты, бір-біріне жақын өз бетімен пайдала-нуға, оны жасай білуге үйрету кажет. Сонда балалар тек бір түстің бірнеше реңкі - болатынын біледі, түстерді айыруға жйне оларды бере білуге үйренеді, реңктерді алу үшін бірнеше түс-терді араластыру қажет екендігін сезеді.

Педагог балаларға түстердің атын өздері атауды ұсынады: сұрғылт көгілдір, сарғыш кек және т. б. Ол балаларға заттар мен құбылыстар түсінің құбылмалығын, өзгергіштігін түсіндіреді, әрі соларды суретте, аппликацияда бере білуге үйретеді.

Мысалы, балалармен күн шұгыласына беленген ашық күнгі айналадағы заттарды бақылай отырып, тәрбиеші назарды түстердің қанықтылығына, контрастылығына (алқызыл гүл күн түскенде жанып түргандай болатынына) аударады. Ал енді күн бұлтқа жасырынғанда әлгі ашық түстердің барлығы күңгірт тартады.

Бір реңкі алу үшін түрлі түстерді араластыруға үйрену баланың түстік палитраны еркін әрі әрқалай пайдалануына мүмкін-дік береді. Тәрбиеші мұндайда балаға көмектесуі тиіс. Бала көбіне түнеріңкі аспанды бейнелейтін күңгірт түсті немесе нәзік қызғылтым түсті, сондай-ақ ағаштың күңгірт жапырағын, гүлдің көгілжім сұр сабағын бейнелейтін түстерді іздейді.

Балалардың балабақшада алған білімі мен шеберліктері олардың ешбір қиындықсызақ сурет салуларына, қол еңбектеріне, жазуға үйренуіне және өзінің күш-жігерін топтың көпшілік жұмыстарына жұмсауына, графикалық және аппликациялық жұмыстарды жүргізуіне қабырға газеттерін шығаруына үлкен септігін тигізеді.





ҚОРТЫНДЫ


Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айналған қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті жаңаша ойлайтын, жан – жақты білімді « Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр

Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесімен оның қыр – сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу керек. Жаңа заман баласы – бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Баланы нәрестеден тұлғаға жеткізу қазіргі бағдарламаның мақсаты.

Қазіргі таңда баланы дамыту мен тәрбиелеудегі әлемдік озық тәжірибеге негізделіп жасалған баланың жас ерекшеліктерін, қабілетін, есін дамыту, дарыны мен талантын ашуға және жан-жақты дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізу қажет.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Жетекші ғалымдар мен практиканттармен жүргізген көптеген психологиялық – педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жастың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын анықтайтын шарт екендігін дәлелдеді. Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл – ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясы мен үздіксіз байланыста екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, балаларды жан жақты жеке тұлға ретінде қалыптастыруда есін дамыту қажеттілігі туындайды.

Балалардың бейнелеу қабілеті мен құрастыру әрекеттерін дамыту кезеңі - мектепке дейінгі жас. Баланы мектепке дайындауда бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытуда шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы зор. Осы мәселені шешуде шығармашылық саласы аясында жүргізілетін сабақтар негізінде мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың бейнелеу қабілеті мен құрастыру әрекеттерін дамыту бағытында оқу- тәрбие процесі ұйымдастырылды.

Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметтің әр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту басты міндет.

Біздің жүргізілген әдістеріміз мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеті мен құрастыру әрекеттерін дамыту ерекшеліктерін анықтауға бағытталды. Жүргізілген зерттеу жұмысы балабақшада өткізілді.

Алынған екі топ зерттелінушілерінің әдістерден шыққан нәтижелерін салыстырдық. Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша зерттеу әдістері өткізілгенде балалардың бейнелеу қабілеті мен құрастыру әрекеттерін дамытуға бағытталған әрекеттері зерттелінді.

Қортындылай келе төмендегідей ұсыныстар береміз:

1. Мақсатқа сәйкес педагогикалық, психологиялық әдебиеттерден қажетті әдістерді дұрыс таңдай білу.

2. Таңдап алынған әдістемелерді жүйелі уақытына сәйкес жүргізу.

3. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың бейнелеу қабілеті мен шығармашылығын дамыту жұмысы жүйелі түрде жүргізу.

Осы ғылыми-тәжірибелік жұмысымызда төмендегідей әдістер мен жаттығулар өзінің тиімділігін дәлелдегендіктен, оларды болашақта пайдалану ұсынылады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 265.

2. ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.

4. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.

5. «Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы.- Астана, 2009. - 106 б.

6. Куцанова Л.В. "Конструирование и ручной труд в детсаде" М., Просвещение, 1990г.

7. Романова В.И. "Дидактический материал по трудовому обучению" М., Просвещение, 1990г.

8. "Методическая разработка по ознакомлению дошкольников с произведениями искусства в процессе занятий по изодеятельности " Алма-Ата, 1988г.

9. Сакулина Н.П. "Методика обучения рисованию, лепке и аппликации в детсаде" М., Просвещение, 1966г

10. Казакова Т.Г. "Развивайте у дошкольников творчество" М., Просвещение, 1965г

11. Сакулина Н.П. "Рисование в дошкольном детстве" М., Просвещение, 1965г

12. Гульянц Э.К. "Учите детей мастерить" М., Просвещение, 1984г

13. "Воспитание дошкольников в труде" М., 1983г.

14. Беляков Н.Д., Покровская А.И. "Кружок умелые руки" М., 1957г.

15. Давичук А.А. "Развитие у детей конструктивного мышление" М., 1976г.

16. Тверина Е.А. "Изобразительное творчество детей дошкольного возраста" М., 1956г.

17. Карбушева Г.И. "Ознакомление детей дошкольного возраста с Казахстаном" Алма-Ата, Мектеп, 1975г.

18. Тимофеевский А. "Богородская игрушка" М., издательство "Малыш", 1988г.

ҚОСЫМШАЛАР



Тақырыбы: «Қарақат бұтағы»

Мақсаты:Дәстүрден тыс әдісті пайдалану арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын ояту. Мақталы таяқшаларды пайдаланып, суретті қағаз бетіне түсіру. Балалардың табиғат әсемдігіне деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Үлгі сурет, бояулар, су ыдысы, қол орамал, қылқалам, мақталы таяқшалар.

Мақталы таяқшалармен жұмыс істеу үлгісі:

Жай қарындашпен қарақаттың сабағының пішіні салынады.

Сабақтың төменгі жағынан бірнеше кішкентай бұтақтар салынады.

Қылқаламды жасыл түсті бояуға батырып, салынған сурет боялады.

Мақталы таяқшамен бөлінген кішкентай бұтақтар бойына нүктелерді түрту арқылы қара түсті қарақаттар салынады.

Сабақтың жоғарғы жағына қылқаламмен жапырақтарды бейнелеуге болады.



Көркем сөз:

Аулада бар бүлдірген,

Жалықпа тер бір-бірден.

Қышқылтым тәтті қарақат,

Қарақат теру рақат-ақ!

Сергіту жаттығуы: Дайын қағаз, қарандаш, (екі қолды алдына жаю)

Бояуды таңдап аламын. (оң қолды созу)



Пісіп тұрған қарақаттың, (сол қолды жоғары созу) Суретін мен саламын. (сурет салынған бейне жасау)

Дидактикалық ойын: «Неге ұқсайды?».

Ойынның мақсаты: Сенсорлық операцияларын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту.Ойынның мазмұны: Үстел үстінде бірнеше жемістердің бейнесі (муляж) қойылады. Бала олардың қасиетін атап, неге ұқсас екенін табады.


Тақырыбы: «Жайдарлы жаз» (қағазды екіге бүктеу)

Мақсаты: Балалардың табиғат әлемінің әдемілігіне қызығушылықтарын арттыру. Бояулардың түстерін ауыстырып, қағазды екіге бүктеу әдісін қолдануды үйрету. Суреттен алған әсерлерін сөзбен жеткізе білуге баулу.

Қажетті құралдар: Үлгі сурет, бояулар, су ыдысы, қол орамал, қылқалам.

Жұмыс жасау үлгісі:

Қағазды екіге бүктеу.

Бүктелген қағазды жазып, төменгі бөлігін көк түспен бояу.

Жоғарғы бөлігіне күннің, талдардың, бұлттың суретін салу.

Суретті салып болған соң, қағаздың екі бөлігін беттестіріп, сыртынан ысқылау.

Қағазды қайтадан жазып, жоғары бөлігіндегі суретті қайталап бояу.



Ескерту: Жұмыс барысында бояулардың сулы болғаны жақсы. Бояулар кеппей тұрып, шапшаң қимылдау керек.

Көркем сөз: Табиғат қандай тамаша,

Көз тартар қараса.

Қызыл жасыл төңірек,

Бейне жайған алаша.



Сергіту жаттығуы: Тербеледі ағаштар, (қолды тербелету)

Алға артқа шайқала. (алға артқа жылжыту)

Қызғалдақтар жайқала, (қолды көтеріп ырғалу)

Қандай әсем айнала. (екі жаққа созу)



Дидактикалық ойын: «Суретті аяқта».

Ойынның мақсаты: Қиялдарын дамыту, қол қимылдарына арналған қарапайым жаттығулар жүргізу.

Ойынның мазмұны: Балаларға Дымбілместің қонаққа келетіні хабарланады. Оның балаларға сурет салғысы келетінін, бірақ жетекші не салғысы келетінін ұмытып қалғынын айтады. Оған көмектесіп, суретті аяқтауды ұсынады. «Сиқырлы теңіз», «Сыйқырлы орман» үлгіде тақырыптық сурет салуға арналған бірнеше элементтер беріледі.




Каталог: uploads -> doc -> 0fec
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fec -> Сабақ Тақырыбы Диалогтік оқытудың мәні. Оқу сапасын жақсарту мақсатында әңгімелесуді пайдалану әдістемесі
0fec -> Сабақ жоспары Пән аты: Қазақ тілі. Сыныбы: 5 Күні, айы, жылы: Тоқсан: І
0fec -> Сабақтың тақырыбы : Ертегі әлемінде Сабақтың мақсаты : а Оқушылармен әріптер әлеміне саяхат жасай отырып
0fec -> Сабақтың тақырыбы: Киелі сандар. Сабақтың мақсаты
0fec -> Сабақтың тақырыбы: «Спорт түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет