Ұзындығы -7,5 метр, ал орташа салмағы тоннаға дейін жетеді. Жаңа туылған



Дата30.05.2023
өлшемі14,08 Kb.
#177989
Байланысты:
Пілдің денесінің ұзындығы 6
Мобильді қосымшалар веб порт



Пілдің денесінің ұзындығы 6-7,5 метр, ал орташа салмағы – 5 тоннаға дейін жетеді. Жаңа туылған пілдің салмағы – 120 кг. Әлемде 500000 африкалық және 30000 азиялық пілдер бар. Олар күніне 2-3 сағат ғана ұйықтайды. Қалған уақытын тамақ іздеумен өтікізеді. Бір тәулікте 40-400 кг өсімдік жейді және 100-300 литр су ішеді.


Пілдер бір-бірімен, адамның құлағы қабылдамайтын төмен жиіліктегі шулармен, 15 километр қашықтықта сөйлесе алады. Олар бұл шуларды аяқтарымен қабылдайды. Жүрегі – 30 килограмм, ал миының ауырлығы – 5 кг. Ең үлкен піл 1956 жылы Африкада атып өлтірілді. Оның салмағы – 11 тонна болған.
Егер пілдердің бірі ауырып қалса, өзгелері оған тамақ әкеліп, қолдау білдіреді. Ал өліп қалған жағдайда, отбасы біраз уақыт көлемінде оны су мен тамақтың көмегімен тірілтуге тырысады. Оның өлі екенін түсінгенде, табында тыныштық орнайды. Әдетте олар аса терең емес қабір қазып, өлген пілді топырақпен және бұтақтармен жабады.
Содан кейін, бірнеше күн бойы қабірдің жанында қалады. Есте сақтау қабілеті өте дамыған. Өзін азаптаған адамға, 10 жылдан кейін кек қайтаруы мүмкін. Пілдің ең жақын туысы – мамонт. Бұл жануардың үлкен құлақтары, ағзаны салқындату (кондиционер) үшін қажет. Ауаның айналымын тездету үшін құлақтарын қозғалтады. Пілдер – өте жақсы жүзиді.
1906 жылы, Нью-Йорк қаласында орналасқан саябақтан қашу үшін, жергілікті піл 70 км қашықтықты жүзіп өткен. Пілдер тұмсығымен ағаштардың басындағы жасыл бұтақтарды ала алады. Сонымен қатар тұмсығында 7,5 литр суды ұстап тұра алады. Ал үйретілген пілдер тұмсығымен сурет салып, түрлі тапсырмаларды орындайды. Пілдің тұмсығында 40 мыңнан аса рецептор бар. Сондықтан олардың иіс сезу қабілеті керемет.

Тапсырма:


1. Қызылмен жазылған септік жалғауларын көрсетіп жаз.
2. Көптік жалғаулы сөздерді теріп жаз.
3. Сан есімдерді реттік,болжалдық сан есімдерге айналдыр.
4. Жалқы және жалпы есімдерді атап жаз.
5. Қызықты мәліметті айтып бер.
6. Мәтінде жоқ, піл туралы қызықты үш сөйлемнен тұратын мәлімет жаз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет