§ 1 «Орталық Азия» ұғымының тарихи және географиялық негіздері


ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының



бет19/21
Дата13.11.2023
өлшемі83,52 Kb.
#191240
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Тест сұрақтары
Есеп 1.03.22, ғылыми жоба, Реферат «М дениет ж не ркениет» (1)
ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының басындақазақтарды күштеп отырықшыландыру және ұжымдастыру салдарынан орын алған ашаршылықта республика халқының жартысына жуығы қазаға ұшырады. Жергілікті халық санының күрт кемуіне әкеліп соқты.
1950 жылдардағы ескерілмей жүргізілген тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты нәтижесінде құнарлы жерлердің 10 млн гектары эрозияға ұшырады. Сондай-ақ малшаруашылығын жүргізудегі кеңестік әдістер еліміздегі тағы 55 млн гектар жердің тозуына әкелді.
Л.Н. Гумилев және басқа ғалымдар көшпелілердің киіз үй, арба, ер-тұрман, қайқы қылыш т.б. жетістіктер ойлап тауып, әлемдік өркениетке қосқан үлесін дәлелдеді.
көрнекті түркітанушы және лингвист В. Радлов та жасайды: «Жоспарланбаған көші-қон туралы сөз болуы мүмкін емес… тайпа немесе тайпалық бірлестіктер жайылымдарын өздерінің жекеменшігі ретінде санайды, көрші тайпалардың басып кіруіне жол бермейді».
XIX ғасырдың басына дейін қазақтар және олардың түпкі ата-бабалары (сақтар, ғұндар, түркілер) өте дәулетті тұрмыс кешкен.
Қазақ әдебиетінің белгілі зерттеушісі, ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Абылай хан заманында әрбір екінші қазақтың дәулетті, бай болғандығын жазады. Бұл деректі Орта жүз қазақтары туралы жазған жазбаларында Шоқан Уәлиханов та растайды: «Сібір қырғыздары (қазақтары) сыртқы округтік приказдар құрылғанға дейін өте дәулетті де бай болған, бұған еш күмән келтіруге болмайды».
Осындай дәулетті Сапақ би туралы ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Солтүстік-Шығыс Қазақстан қазақтарының өмірі мен тұрмысын зерттеген орыс офицері С. Броневский былай деп жазады: «Орта жүзде өте бай қазақтар бар: мысалы, Қарпық болысындағы Сапақ бидің 10 мыңға жуық жылқы, көптеген түйелер мен ұсақ малы болды; бір жайылымнан келесі қонысқа көшкенде дүние-мүлкін 150-ден астам түйеге артқан».
ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің құлау қарсаңында бой көтерген Алаш қозғалысының өкілдеріне қазақ даласының әртүрлі аймақтарының дәулетті азаматтары қаржылық қолдау көрсетіп, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына өз үлестерін қосты. Олар – Қаражан Үкібаев, Медеу Оразбаев, Үкі Әділов, Хасен Ақаев, ағайынды Бекметовтер, Ыбырай Ақбаев, Маман байдың балалары, Иса Көпжасаров, Салық Омаров, Тобанияз Әлниязов т.б.
ХІХ ғасырдың ортасында М.И. Красовский бұл туралы былай жазған: «Ұрлық… даладағы қазақтар арасында орын алмаған деп толық айта аламыз ».
1692 жылы қазақ жеріне келген елші В. Кобяков былай дейді: «Тәуке ханда нан көп, қазақтар бидай, арпа және тары өсіреді…». Қазақтар орыстарға астық сатып та отырды.
Осы жайлы 1830 жылы С. Броневский: «Астық далада айтарлықтай бар… Өскемен, Семей, Ертіс шебіне қазақтар … бидай және тарыны базарға сатуға әкеліп тұрады; бұл кез келген орысты таңғалдырады»,
Бұл туралы «Азиялық Ресей» (СПб, 1914, 1 т.) кітабын құрастырушылар былай деп жазған: «Орыстардың қоныстануы бұл жерге (Далалық өлкеде) қазақтардың отырықшылыққа көшуімен бірге жүріп жатыр. Жайылымдардың қысқаруы оларды малшаруашылығынан отырықшы егіншаруашылығына көшуге мәжбүрледі».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет