Қ. А. Ибраева, А. О. Исмагулова диалогтық ОҚытудың ТӘсілдері (5-7сынып оқушыларын диалогқа үйретуге арналған көмекші құрал) астана-2017



Дата27.04.2018
өлшемі1,08 Mb.
#40259
Қ.А.Ибраева, А.О.Исмагулова

ДИАЛОГТЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
(5-7сынып оқушыларын диалогқа

үйретуге арналған көмекші құрал)


АСТАНА-2017

ӘОЖ 811.512.122:37.091.31

КБЖ 74.261.4 Қаз


ДИАЛОГТЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
(5-7сынып оқушыларын диалогқа

үйретуге арналған көмекші құрал)

Бұл көмекші құрал оқу өзге тілде жүретін сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерге арналған.

Бұл көмекші құралда диалогтың формалары мен үдеріс кезеңдерінің теориялық мәселелерімен қоса, практикалық жағы да қамтылған. Баланың үйренген сөзін қолдана білуіне жағдай туғызу және ауызекі сөйлесу тілі дағдыларын қалыптастырудың кейбір тиімді жолдары ұстаздардың өз тәжірибесімен ұштастыра ұсынылған.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ғылыми-әдістемелік басылымдарды сараптау бойынша Сараптамалық кеңесінің шешімімен ұсынылады, хаттама №1, 27 қаңтар 2017жыл


МАЗМҰНЫ
І-тарау

Түсінік хат..................................................................................................3

Диалогты қолдану негізінде оқушылардың ауызекі сөйлеуін

жетілдірудің маңызы.............................................................................. ...7

Диалогты қолданудың тиімді жолдары арқылы оқушыларды

ауызекі сөйлеуге үйрету әдістемесі..........................................................8

Диалог түрлерінің ерекшеліктері........................................................... 12

Рөлдік ойындардың диалогтағы қызметі.................................................20

Диалогтың үдеріс кезеңдерін меңгерту............................................... .21
ІІ-тарау

Кел, балалар ойнайық!.......................................................................... .34

Балалар айналасындағы әлем............................................................... .39

1-сыныпқа арналған диалог үлгілері.......................................................43

2- сыныпқа арналған диалог үлгілері......................................................49

3-сыныпқа арналған диалог үлгілері.......................................................57

4-сыныпқа арналған диалог үлгілері.......................................................64

5- сыныпқа арналған диалог үлгілері......................................................72

6-7сыныптарға арналған диалог үлгілері................................................82

Диалогтың формалары мен үдеріс кезеңдері қолданылған

сабақ жоспарларының үлгілері................................................................93
ІІІ-тарау Жоғарғы сынып оқушыларына арналған (7-9сыныптар)

Қоғамдық-әлеуметтік мәдени мұраларды білудің маңызы…………. 140

Тарихи тұлғалар мәңгі ұмтылмайды....................................................149

Ұстаздар сөйлейді...................................................................................176

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................182

Түсінік хат


Бұл көмекші құрал оқу орыс тілінде жүретін жалпы білім беретін мектепке арналған.Тілдік қарым-қатынасқа түсу арқылы –оқытудың коммуникативтік технологиясын іске асыруда мұғалімдерге көмекші құрал. Диалогтың формалары мен үдеріс кезеңдерінің теориялық мәселелерімен қоса, практикалық жағы да қамтылған. Баланың үйренген сөзін қолдана білуіне жағдай туғызудың, ауызекі сөйлесу тілі дағдыларын қалыптастырудың кейбір тиімді жолдары ұстаздардың өз іс-тәжірибесін шетел тілдер әдістемесімен ұштастыра қарастырылады.

Көмекші құрал оқушылардың көпұлттылығын және жас ерекшелігін ескере отырып, қазақ тілін коммуникативтік –танымдық тұрғыдан меңгеруді, шетел тілдер әдістемесімен және отандық әдіскерлердің тәжірибесімен ұштастырыла отырып, қазақша тілдік қатынасты еркін игеруді мақсат етеді.

Көмекші құралдың мазмұны бағдарламаға сәйкес үш аяда (әлеуметтік-тұрмыстық ая, әлеуметтік-мәдени ая, оқу-еңбек аясы ) беріле отырып, оқу материалдары тілдік тұлғаның басқа адаммен қарым-қатынасқа түсе алуына ықпал ететін коммуникативтік бағыттағы тақырыптар, жағдаяттық тапсырмалар, диалог, полилог және бағыттау мен дайындық жаттығулары түрінде беріледі.

Бұл көмекші құралда оқушылардың үйренген сөздері мен сөз тіркестерін ауызекі сөйлесуді қалыптастыруда диалогты үдеріс кезеңдеріне бөліп үйрету жолдары және оқушының меңгерген білім деңгейіне байланысты диалогтың түрлері ұсынылады. Диалог бірліктері мен сөйлем үлгілерінде етістіктердің болымды, болымсыз түрлері, жіктік және тәуелдік жалғауларының үнемі қолданылуы оқушылардың есте сақтау қабілетін шынықтырады. Үнемі оқулықпен оқыту сияқты дәстүрлі тәсілден жалыққан оқушылар үшін,

бағыттау тапсырмалары арқылы сөйлету оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің өрістеуіне және интеллектуалдық қырларының дамуына ықпалын тигізуімен қатар, олардың өзіне деген сенімділігін арттырады.

Оқытудың тәжірибелік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін кешенді түрде іске асыру оқушылардың санасына ғана емес, сонымен қоса оның эмоциялық қабылдауына да әсер ету арқылы іске асырылуы қарастырылған. Көзбен көру, әрі ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау, балаларға дәйектеу дағдыларын қалыптастыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді.

Диалогтағы рөлдік ойындар арқылы сабақта жағымды психологиялық ахуал қалыптасып, эмоционалдық көңіл-күй көтеріледі, оқушының тіл үйренуге деген қызығушылығы артады. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық тағамдары, ұлттық спорт түрлері, газет-журнал материалдарына,т.б. тақырыптарға байланысты диалог үлгілері берілген.Берілген диалогтардың мазмұны тәрбиелік мәнімен ерекшеленеді. Атап айтсақ, әр диалог идеясы жеткіншектерді әдептілікке, Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына бағыттайды. Тұжырымдай келе диалогтық сөйлесу-сұхбаттасу оқушылардың білім алуында атқарылатын өзара іс-қимылының тиімді түрі болып табылады.

Көмекші құралдың соңғы тарауында автор -ұстаздардың тәжірибе жүргізу барысында өткізілген сабақ жоспарларының үлгілері, халық ауыз әдебиетінен, қазақ ақын-жазушыларының сұрақ-жауап үлгісімен жазылған, ауызша сөйлеу әрекетін шынықтыру өлеңдері, сыни тұрғыдан ой-өрісті кеңейтетін дәйек суреттер және диалогтық оқыту барысында ізденіспен шұғылданатын жас ұстаздарға әдістемелік кеңестер, жұмыс үлгілері, «Әлеуметтік-тұрмыстық ая», «Әлеуметтік-мәдени ая», «Оқу-еңбек аясы» бойынша авторлардың құрастырған диалог топтамалары ұсынылады.


Көмекші құралда кездесетін шартты белгілер: М-мұғалім; О1-бірінші оқушы; О2-екінші оқушы; ДБ- диалог бірліктері; МД-микродиалог, ДЖ-дайындық жаттығулары, ШСЖ-шартты сөйлеу жаттығулары, ТБ- топ басшысы




«Жер бетіндегі ең үлкен байлық-бұл-қарым- қатынас байлығы»

Сент-Экзепюри

І-тарау

Диалогты қолдану негізінде оқушылардың ауызекі сөйлеуін жетілдірудің маңызы

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – жергілікті халықтың және басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде қарым-қатынасты жүзеге асыруы. Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің негізгі арқауы. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін және мәдениетін қалыптастыруда диалогтың, сұхбаттың рөлі ерекше. Мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын қазақ тілі бойынша оқушылардың сұқбаттасу сауаттылығын қалыптастыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдары мен Тіл саясаты тұжырымдамасындағы айқындалған мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Тілді меңгертудің шешімін табуы тиіс мәселелерінің қай-қайсысы да оқытудың құзіреттілік бағытын іске асырудың, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің және білім беруді бүгінгі таңдағы қоғамның әлеуметтік сұранымымен үйлестірудің аса маңызды тетігі болып табылатын сұқбаттасуда сауатты дара тұлғаны қалыптастырумен тығыз сабақтасып жатыр.Сұқбаттық әдістердің кең қолданылатын түрі- диалогтық сөйлеу.

Диалог – екі жақты құбылыс. Қарым- қатынаста көзделетін мақсатқа орай диалогтің өзіндік ерекшеліктері болады:


  • күнделікті тұрмысқа байланысты;

  • ым-ишараттың, дене қимылының белсенділігі;

  • ресми қарым- қатынасқа құрылуы,

  • эмоционалды- экспрессивтілігі, әсерлілігі;

  • сөйлемдердің ықшамдалуы; сөйлейтін сөздің алдын-ала жоспарланбауы;

  • ауызекі стилінің ерекшеліктерінің басым болуы.

Қатысымдық құзырет деңгейіндегі диалогқа қойылатын талаптар тұрғысынан белгіленгені:

  • сөйлеу мәдениетін игеру, өзінің сөзін,ойын жалғастыра алу;

  • экология, тарих, экономика, әдебиет, мәдениет тақырыптарына сөйлесе алу;

  • айтылған әңгіме,оқылған мақала, кітап т.б. жайында өз пікірін білдіре алу;әңгімелесу кезінде өз пікірін дәлелдей алу;

Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық т.б. қателер диалогта жиі кездесетіні байқалады, сондықтан тілдік жағынан диалогтың дұрыс құрылуына баса мән беріледі.

Диалогтық сөйлеу дағдысының қалыптасуы мына өлшемдермен анықталады:

  • әңгімелесушілердің бірін- бірі тез түсінуі;

  • қысқа жауап беруі;

  • әртүрлі, дайын тілдік құбылыстарды дұрыс, тез, орынды қолдана білу;

  • тақырыптан ауытқымай, оны дәл, нақты жалғастыра білу;

  • жауап беру икемділігінің жоғарылығы;

әңгімелесушілердің бір- бірінің көңіл күйін, жайын сезіне білуі.

Оқушылардың жазба тілдегі сауаттылығын қалыптастыруда диалогты таңдауымыздың себебі, ол күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде ең көп қолданылатын тілдік қатынас.



Диалогты қолданудың тиімді жолдары арқылы

оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйрету әдістемесі

Диалогтың жағдаяттылығы, алдында және артындағы айтылған жалпы ойға байланыстылығы, алдын-ала дайындықсыз іске асатын сөйлесім әрекетінің түрі екені ескеріледі. Диалогтық сөйлеуге үйретуде дайындық жаттығулары (ДЖ) мен шартты сөйлеу жаттығулары (ШСЖ) ұсынылады. Бұл жаттығулардың бастапқы кезеңі ретінде арнайы бұйрық түрінде берілген, тақырыпқа сәйкес сөйлем үлгілерін алуға болады. Мысалы, 5-сыныпта «Оқу еңбек аясы» модулі бойынша «Оқу құралдары» тақырыбын пысықтау болса, сөйлем үлгілерінде оқу құралдарының атауларын алған дұрыс.

Үлгі: Мұғалім-Оқушы1; М- Оқушы2; М- Оқушы3; ... ....; ... ....

Мұғалім: Олжас, өшіргішіңді көрсетші

Олжас: Міне, менің өшіргішім. Мен өшіргішімді көрсеттім.

Мұғалім: Лия, сызғышыңды көрсетші

Лия: Міне, менің сызғышым. Мен сызғышымды көрсеттім.

Мұғалім: Әли,сөздік дәптеріңді көрсетші

Әли: Міне, менің сөздік дәптерім. Мен сөздік дәптерімді көрсеттім.
Бұйрықты сөйлемдерге берілетін жауаптардың үлгісін әуелі мұғалім айтады,кейіннен жаттыққан соң оқушылардың есінде жатталып қалады. Оқушылар бұл жаттығудың түріне дағдыланған кезде, өз бетінше тізбек түрінде жүргізе алады. Дайындық жаттығуларының бұл түрін біз бағыттау диалогының бірінші кезеңі деп атадық.

Бағыттау диалогының екінші кезеңі мұғалімнің бағыттау тапсырмасын беруі арқылы қалыптасады және бұл кезең арнайы дайындықты қажет етпейді, тіпті оқушының сөз қорының жұтаңдығы да кедергі болмайды, сондықтан бұл кезең оқушыларға өте ұнайды. Жайшылықта сабақта белсенділік көрсете бермейтін оқушылардың өзі бағыттау тапсырмаларының осы кезеңінде белсенділік танытады, осы жұмыс түріне қатысуға тырысып, қызығушылықтары оянады, сонымен бірге тыңдау және есте сақтау қабілеттері жақсы қалыптасады.

Үлгі:


Мұғалім: Нұрбақ, сен Әлиден «Сөздік дәптерің бар ма?»- деп сұрашы.

Нұрбақ: Әли, сенің сөздік дәптерің бар ма?

Әли: «Иә, менің сөздік дәптерім бар»,-деп жауап береді.

Мұғалім: Әли, сен Нұрбақтан «Бүгін ауа райы қандай?»-деп сұрашы.

Әли: Нұрбақ, бүгін ауа райы қандай?

Нұрбақ: «Бүгін ауа райы жақсы»,- деп жауап береді.



Бағыттау диалогының екінші кезеңін мәтін мазмұнын бекітуде қолдану да қолайлы, әрі тиімді әдіс. Бастауыш сыныптарда мәтіннің мазмұнын түсіндіру және мәтіндегі сөйлемдердің құрылымының есте дұрыс сақталуын қалыптастыру үшін төмендегі бағыттау тапсырмалары беріледі.

Бастауыш сыныптарда қолданылатын үлгі:



Азық-түлік дүкенінде.

Біздің үйдің жанында азық-түлік дүкені бар. Дүкеннің іші кең. Онда сүт тағамдары, ет тағамдары, көкөністер, жемістер, жидектер бөлек орналасқан. Кеше әжем екеуіміз дүкенге бардық. Дүкеннен май, ірімшік, қаймақ, көкөністер, жемістер сатып алдық.

Бағыттау тапсырмалары:

М: Қайсар, сен Инаяттан «Сіздің үйдің жанында азық- түлік дүкені бар ма?»-деп сұрашы.

Қайсар: Инаят, сіздің үйдің жанында азық- түлік дүкені бар ма?

Инаят: Иә,біздің үйдің жанында азық- түлік дүкені бар. (Ықтимал жауаптар: бар, жоқ)

М: Дария: сен Жібектен «Дүкеннің іші қандай?» деп сұрашы.

Дария: Жібек, дүкеннің іші қандай?

Жібек: Дүкеннің іші кең. (Ықтимал жауаптар: кең, тар)

М: Имран,сен Дариядан «Тағамдар онда қалай орналасқан?»-деп сұрашы.

Имран: Дария, тағамдар онда қалай орналасқан?

Дария: Онда сүт тағамдары, ет тағамдары, көкөністер, жемістер, жидектер бөлек орналасқан.

М: Әмір,сен Ансардан «Кеше әжең екеуің қайда бардыңдар?»-деп сұрашы.

Әмір: Ансар,кше әжең екеуің қайда бардыңдар?

Ансар:Кеше әжем екеуіміз дүкенге бардық.

М: Айзере, сен Қарақаттан «Дүкеннен не сатып алдыңдар?»- деп сұрашы.

Айзере: Қарақат, дүкеннен не сатып алдыңдар?

Қарақат: Дүкеннен май, ірімшік, қаймақ, көкөністер, жемістер сатып алдық.

Осындай бағыттау тапсырмалары арқылы мәтін мазмұнымен жұмыс орта буын сыныптарында да жақсы нәтиже береді.

Жаман жолдас

Екі адам келе жатып бір аюға кездесіпті. Олардың біреуі әлсіз, ауру екен. Аюды көрген кезде, сау адам ауру жолдасын тастап, бір ағаштың басына шығып кетіпті.

Ауру, әлсіз адамның ағашқа шығуына дәрмені болмайды. Ол жерге етпетінен түсіп, өлген кісідей дем алмастан жата береді. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен. Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп, дыбысы білінбеген соң, жөніне кетеді.

Аю кеткен соң, манағы жолдасы қайтып кеп ауру жолдасынан сұрапты:

-Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?-депті. Сонда ауру адам тұрып:

-Аю құлағыма: «Екінші рет тар жерде жолдасын жау қолына тастап кететін, өзінің ғана басын қорғайтын адаммен жолдас болма» деді,-депті.

(Ы. Алтынсарин)
-Мәтінде не туралы жазылған?-деп сұрашы.

-Мәтіндегі әңгіменің басты кейіпкері кімдер?-деп сұрашы.

-Жолдасы аюды көріп, қайда шығып кетті?-деп сұрашы.

-Ауру адам не істеді?-деп сұрашы.

-Аю кеткен соң, ол ауру жолдасынан не туралы сұрады?-деп сұрашы.

-Ауру жолдасы оған не деп жауап берді?-деп сұрашы.

-Ал сен, осындай жағдай болса, жолдасыңа көмектесер ме едің?-деп сұрашы сияқты бағыттау тапсырмалары оқушыларды мәтіннің мазмұнын толық түсінуге де, игеруге де жетелейді.

Бағыттау диалогының үшінші кезеңі: жоғарыдағы сөйлесу үлгілерін әрі қарай тәуелдік жалғауының ІІІ-жағын қолданып дамытамыз. Нұрбақ мұғалімге Әлидің жауабын ІІІ жақтан қайталап айтады.

Үлгі: Мұғалім---Нұрбақ----Әли---Нұрбақ---Мұғалім

Мұғалім: Нұрбақ, сен Әлиден «Сенің сызғышың бар ма?»- деп сұрашы.

Нұрбақ: Әли, сенің сызғышың бар ма?

Әли: «Иә, менің сызғышым бар»,-деп жауап береді.

Нұрбақ мұғалімге: «Әлидің (оның) сызғышы бар»,- деп жауапты ІІІ жақтан береді.

Осылайша бағыттау тапсырмаларын беру арқылы оқушылардың есінде құрылымы дұрыс сөйлемдермен бірге, жіктік және тәуелдік жалғауларын І,ІІ,ІІІ жақтан қолдана білуімен қатар ілік септігінің тәуелдік жалғауларымен байланысуын да қалыптастыра аламыз.

3-4 сыныптарда немесе орта буын сыныптарында етістіктің шақтарын бекіту барысында төмендегідей шартты сөйлеу жаттығуларының тапсырма үлгілері қызықты болады.

Үлгі: Мұғалім—Оқушы; Оқушы1-Оқушы2; Оқушы1-Оқушы3; ...

Мұғалім: Әли, сен тақтаға шықшы.



Әли: Мен тақтаға шықтым.

Әли: Мұса, сен тақтаны көрсетші

Мұса: Міне, тақта. Мен тақтаны көрсетемін.

Әли: Сафия, Мұса не істеді?

Сафия: Мұса тақтаны көрсетті.

Келесі сабақта айтылған өтінішті орындай отырып әрі қарай түрлендіруге болады:



Мұғалім-Оқушы1; Оқушы2—Оқушы3---Мұғалім

Мұғалім: Айерке, сен тақтаға шықшы.

Айерке: Мен тақтаға шықтым.

Мұғалім: Айерке, сен борды алшы (доптың суретін салшы, ..., ... ).

Айерке: Мен борды алдым (доптың суретін салдым, ..., ..., ).

Нұрбақ: Айдария, сен тақтаны сүртші.

Айдария: Мен тақтаны сүрттім.

Мұғалім: Нұрбақ, Айдария не істеді?

Нұрбақ: Айдария тақтаны сүртті.
Күнделікті сабақта осындай жаттығулардың 3-4 минут жүргізілетініне дағдыланған оқушылар әртүрлі жағдаятта жүргізілетін диалог түрлеріне белсене қатысады, тілдік ережелерді сақтауға, жалғау түрлерін дұрыс қолдануға үйренеді.Олай болса диалог - тілдік ережелерді түсіну, тілдік нормалады сақтау, сөйлеу дағдыларын қалыптастырудан тұрады.

Оқушыларды тек жауап беруге, яғни, мәліметті хабарлауға ғана үйретпей, қарсы сұрақ қоюға, қайталап сұрауға да үйрету аса маңызды.

Мұндай жаттығуларды әр сабақтың басында 2-3 минут жедел өткізіп жіберуге дағдылану - оқушылардың сабақ басында психологиялық ахуалды жақсартатынын байқадық. Сонымен қатар белгілі тақырыпқа сөз қорын бекітуге тиімді диалог түрлерін қарастыруға болады. «Әлеуметтік-тұрмыстық аяның» ішінде «Менің мекен-жайым» атты тақырыпта шәкірттеріміздің қызығушылығын арттыру мақсатымен өз қаласы немесе көшесі туралы диалог түрлерін енгізуге болады.

Үлгі: Мұғалім- О1; М- О 1; М- О1 немесе М—О2; М—О3

М: Қаланың сол жағалауында не бар?

О: Қаланың сол жағалауында әлемде теңдесі жоқ «Бәйтерек» ғимараты бар.

М: «Бәйтеректің» жанында не орналасқан?

О: «Бәйтеректің» жанында ...

М: Сенің мектебің қайда орналасқан?

О: Менің мектебім қаланың оң жағалауында орналасқан.

(Жауап беру барысында оқушылар «Бәйтеректің» жанындағы өздері қалаған ғимаратты атауларына болады)




Диалог түрлерінің ерекшеліктері
Бәрімізге белгілі, тіл үйрету, ауызекі сөйлеуді қалыптастыру әдіс-тәсілдерін зерттеуде шетелдік ғалымдардың тіл оқыту тәсілдеріне үңілуге тырысамыз. Шетел ғалымдары әдістемесінде (А.П.Шапко, В.А. Слободчиков) тілді үйретудің міндетіне ауызекі сөйлеудің диалогтық және монологтық сөйлеу формалары дағдыларын қалыптастыру жатады және қалыптастыру кезеңі сөйлем үлгілерін қолданудан басталады. Сонда ғана оқушының есінде қабылдау механизмімен қатар белгілі өзіндік құрылымы анықталған сөйлем үлгілері бекиді.Содан кейін оқушының логикалық ойлауы, құрылымы әр түрлі сөйлемдер арқылы өз ойын реттей жеткізуі
қалыптаса бастайды,- дейді. Осы аталған пікірлерге байланысты біз тәжірибе жұмыстарын жүргізе отырып, диалогтың «Үш формалы диалог», «Бес формалы диалог», «Оқу диалогы», «Бағыттау диалогы» деген түрлерін анықтадық.

Дайындық жаттығуларын орындау барысында оқушылар әңгімеге араласып, айтылғанға қосылып, оны мақұлдап, айтылған ойлармен келісуі, келіспеуі, толықтыруы, бас тарта алу дағдылары дамиды. Мысалы үш формалы диалогта төмендегідей сөйлем бірліктері үлгісін алуға болады:

Мұғалім- О1; М- О2; М-О3

1-сыныпта жүргізілген тәжірибе үлгісінен:
І. М: Мынау қалам ба?

О-1: Иә, бұл қалам.

М: Бұл қарындаш па?

О-2: Жоқ, бұл қарындаш емес

М: Бұл қалам ба, әлде қарындаш па?

О-3: Бұл қарындаш емес, бұл қалам.

М: Бұл не?

О-4: Бұл -қалам.

(бұл деңгейде қолданылуы ықтимал заттар: қалам, қарындаш, сызғыш, қылқалам, ұштағыш, өшіргіш, дәптер, сурет дәптер, кітап немесе оқулық, күнделік, түрлі түсті қарындаштар,доп, шар сияқты оқушының күнделікті іс- әрекетіндегі жиі қолданылатын не кездесетін заттардың атаулары болуы тиісті).


ІІ. М: Бұл қара қарындаш па?

О: Иә, бұл- қара қарындаш.

М: Бұл қызыл қарындаш па?

О: Жоқ, бұл- қызыл қарындаш емес.

М: Бұл қара қарындаш па, әлде қызыл қарындаш па?

О: Бұл- қызыл қарындаш емес, бұл -қара қарындаш.

М: Бұл не?

О: Бұл- қара қарындаш.
2-сыныпта жүргізілген тәжірибе үлгісінен:

1. -Мектептің ауласы үлкен бе?

-Иә, мектептің ауласы үлкен.

-Мектептің ауласы кішкентай ма?

-Жоқ, мектептің ауласы кішкентай емес.

-Мектептің ауласы қандай?

-Мектептің ауласы үлкен.

2. – Мектептің ауласы қандай?- деп сұрашы.

- Мектептің ауласында не бар? -деп сұрашы деген сияқты бағыттау тапсырмаларын беруге болады.
3-4-сыныпта «Көмекші есімдер» тақырыбын бекітуге арналған үлгілер:

1. –Әлидің үстелінің үстінде кітаптар бар ма?

- Иә, Әлидің үстелінің үстінде кітаптар бар.

-Оның үстелінің үстінде дәптерлер бар ма?

-Жоқ, оның үстелінің үстінде дәптерлер жоқ, кітаптар бар.

- Әлидің үстелінің үстінде тағы не бар?

-Әлидің үстелінің үстінде тағы дәптерлер, сурет дәптері бар.

2. –Мектептің жанында не бар?-деп сұрашы.

- Театрдың артында не бар?-деп сұрашы.

-Үстелдің астында не жатыр?- деп сұрашы.


Бес формалы диалогта сұрақ-жауап әрі қарай түрленіп жалғасады. Мұғалім оқушыларды кейін өздері осы үлгімен жеке диалогын құрастыруға жетелейтін, алдын-ала дайындалған диалог үлгісімен таныстырады.

Мысалы: 1. -Сен қандай көшеде тұрасың?

-Сен кең көшеде тұрасың ба,әлде тар көшеде тұрасың ба?

-Ұзын көшеде тұрасың ба, әлде қысқа көшеде тұрасың ба?

-Сенің көшеңдегі үйлер қандай?

-Сенің көшеңде дүкен бар ма?


2. - Сенің сөмкеңде дәптер бар ма?

- Иә, менің сөмкемде дәптер бар.

-Сенің сөмкеңде сурет дәптері бар ма?

-(Жоқ), менің сөмкемде сурет дәптері жоқ.

-Сенің сөмкеңде сурет дәптері ме, әлде оқулық па?

-Менің сөмкемде сурет дәптері де, оқулық та жоқ, дәптерлер бар.

-Сөмкеңде дәптерлер ме, әлде сурет дәптері ме?

-Менің сөмкемде сурет дәптері жоқ, дәптерлер бар.

-Сенің сөмкеңде не бар?

-Менің сөмкемде дәптерлер бар.

Мұндай диалог түрімен жұмыс оқушыларды белгілі зат туралы еркін және толық мағлұмат беруге үйретеді. Осы әдіспен А.Қайырбекованың бастауыш сыныптарға арналған оқулығында «Сөйлем құрап үйрен» айдарымен берілген тапсырмаларды түрлендіріп өткізсе, ой сергіту арқылы сауатты жазуға талпындыру жаттығулары оқушылардың қызығушылығын арттырады.

4-сынып бойынша І- үлгі:

І. Әр топқа пирамида тұлғасында дайындалған үш бұрышты парақ беріледі. Әр топ 2-3 минутта осы қағазда жазылған сөзден сөз тіркесін, үш, төрт, бес сөзден сөйлемдер құрастырып жазу арқылы пирамида жасайды. Қай топтың бірінші және дұрыс құрастырғаны анықталады.

а) 1. Гүл.

2. Гүл алдым.

3. Мен гүл алдым.

4. Мен әдемі гүл алдым.

5. Мен әдемі гүлді вазадан алдым.


ә) 1. Құрылысшы.

2. Құрылысшы салды.

3. Құрылысшы үй салды.

4. Құрылысшы көп үй салды.

5. Құрылысшы көп жақсы үй салды.
а ) 4-сынып бойынша ІІ- үлгі:

1. Мұғалім гүлді көрсетіп: Айерке, сен Нұрбақтан «Бұл не?»-деп сұрашы.



Айерке: Нұрбақ, бұл не?

Нұрбақ: Бұл -гүл.

2.Мұғалім: Айерке, Нұрбақтан «Не істедің?-деп сұрашы.

Айерке: Нұрбақ, не істедің?

Нұрбақ: Гүл алдым.

3.Мұғалім: Айерке, сен Нұрбақтан «Сен не алдың?»-деп сұрашы.

Айерке: Нұрбақ, сен не алдың?

Нұрбақ: Мен гүл алдым.

4.Мұғалім: Айерке, Нұрбақтан «Сен қандай гүл алдың?»-деп сұрашы.

Айерке: Нұрбақ, сен қандай гүл алдың?

Нұрбақ: Мен әдемі гүл алдым.

5.Мұғалім: Айерке, Нұрбақтан «Сен әдемі гүлді қайдан алдың?»-деп сұрашы.

Айерке: Нұрбақ, сен әдемі гүлді қайдан алдың?

Нұрбақ: Мен әдемі гүлді вазадан алдым.

ә ) 4-сынып бойынша ІІ- үлгі:

1.Мұғалім құрылысшының суретін көрсетіп: Лия, сен Айдариядан «Бұл кім?» -деп сұрашы.

Лия: Айдария, бұл кім?

Айдария: Бұл құрылысшы.

2.Мұғалім: Лия, сен Айдариядан құрылысшы не істеді?»-деп сұрашы.

Лия: Айдария, құрылысшы не істеді?

Айдария: Құрылысшы салды.

3.Мұғалім: Сайда, Айдариядан «Құрылысшы не салды?»-деп сұрашы

Сайда: Айдария,құрылысшы не салды?

Айдария: Құрылысшы үй салды.

4.Мұғалім: Сайда, Айдариядан «Құрылысшы қанша үй салды?» немесе «Құрылысшы көп үй салды ма?»- деп сұрашы.

Сайда: Айдария, құрылысшы қанша үй салды? (Құрылысшы көп үй салды ма?)

Айдария: Құрылысшы көп үй салды. ( Иә, құрылысшы көп үй салды).

5.Мұғалім: Айерке, сен Сайдадан «Құрылысшы қандай көп үй салды?»-деп сұрашы.

Айерке: Сайда, құрылысшы қандай көп үй салды?

Сайда: Құрылысшы көп жақсы үй салды.

«Оқу-еңбек» аясында «Күн тәртібі», «Уақыт», «Сағат неше?» тақырыптарын бекіту үшін сағат макетінің тілдерін жылжыта отырып, шартты сөйлеу жаттығулары үлгілерін қолдану, тақырып бойынша ауызекі сөйлеу мен есте сақтау дағдыларының және грамматикалық ұғымның қалыптасуында да өте жақсы нәтиже береді.

Үлгі:

Мұғалім: Нұрбақ, сен Имраннан «Сағат нешеде оянасың?»-деп сұрашы.



Нұрбақ: Имран, сен сағат нешеде оянасың?

Имран: Мен сағат жетіде оянамын.

Мұғалім: Нұрбақ , сен Имраннан «Мектепке сағат нешеде барасың?» -деп сұрашы.

Нұрбақ: Имран, сен мектепке сағат нешеде барасың?

Имран: Мен мектепке сағат жеті жарымда барамын.

Келесі сабақта оқушыларды жалықтырып алмау мақсатымен осы сөйлем үлгілерін үш формалы диалог ретінде беруге болады.

Үлгі: -Имран, сен мектепке сағат сегізде барасың ба?

-Жоқ, мен мектепке сағат сегізде бармаймын.

-Имран, сен сағат нешеде мектепке барасың?

-Мен сағат жеті жарымда мектепке барамын.

-Сен мектепке сағат жеті жарымда барасың ба?

-Иә, мен мектепке сағат жеті жарымда барамын.

Орта буын сынып оқушыларына үш формалы диалогтың төмендегі үлгісін ұсынамыз

-«Бәйтерек» қандай ғимарат?

-«Бәйтерек» әлемде теңдесі жоқ әмбебап ғимарат.

- «Бәйтеректің» әлемде теңдесі бар ма, жоқ па?

- «Бәйтеректің» әлемде теңдесі жоқ.

- «Бәйтерек» әлемде теңдесі жоқ ғимарат па?

- Иә,«Бәйтерек» әлемде теңдесі жоқ әмбебап ғимарат.

Бұл үш формалы диалог үлгісінің мақсаты «әмбебап ғимарат, әлемде теңдесі жоқ ғимарат» деген сөз тіркестерін қайталау механизмі арқылы есте сақтау.

Орта буын сыныптарда бағыттау тапсырмалары арқылы диалог түрінде грамматикалық ережелерді мұғалімнің өтініші бойынша бірінші оқушының екінші оқушыдан сұрауы және жауап алуы грамматикалық ұғымды есте сақтауда ұтымды әдіс. Мысалы:

Мұғалім: Жасмин, Нұрдәулеттен «Зат есімнің сұрақтары қандай?»-деп сұрашы.

Жасмин: Нұрдәулет, зат есімнің сұрақтары қандай?

Нұрдәулет: Зат есімнің сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?

Мұғалім: Дария, сонда «зат есім» деген не?

Дария: Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз.

Мұғалім: Сайда, сен Нұрбақтан «Сын есімнің сұрақтары қандай?»-деп сұрашы.

Сайда: Нұрбақ, сын есімнің сұрақтары қандай?

Нұрбақ: Сын есімнің сұрақтары: қандай? қай?

Мұғалім: Айерке, сонда сын есім деген не?

Айерке: Заттың түр-түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.

Мұғалім: Айсұлтан, сен Настядан «Синоним дегеніміз не?»-деп сұрашы.

Айсұлтан: Настя, синоним дегеніміз не?

Настя: Мағыналары бірдей сөздер синонимдер деп аталады.




Оқу диалогы

Оқу диалогының сөйлем бірліктері үлгісі әр түрлі көлемде көбіне оқулықта беріледі. Мектеп, сыныпта, бөлме,кезекші,асхана, кітапхана, театр тақырыптарына бастауыш және орта буын сыныптарына арналған оқулықтарда оқу диалогтері үлгілері жиі кездеседі. Оқу диалогінің көлемі шағын болса, оқушыларға диалог мазмұнына сәйкес толықтыруға немесе жалғастыруға тапсырма беруге болады.Мұндай жұмыс оқушылардың ойлану, еске сақтау қабілеттерін жетілдіреді, әрі іздену мен шығармашылыққа жетелейді. Диалог арқылы сөйлесу жұмысында дыбыстардың дұрыс дыбысталуына, дауыс ырғағына да мән берген маңызды.

Ал, бағыттау диалогын тәжірибеде қолдану берілген үлгіні қайталау

арқылы өзіне сенімсіз оқушылардың сенімін арттыруына көмектеседі.
М- О 1; О 1- О 2; О 2- О 1; О 1 –М

Мұғалім: -Әли, сен Мұсадан не оқып отырсың?- деп сұрашы дейді.

Әли: -Мұса, сен не оқып отырсың?- деп сұрайды.

Мұса: -Мен кітап оқып отырмын,- дейді.

Әли мұғалімге: -Мұса кітап оқып отыр,- деп алған жауабын қайталайды.

Диалогтың бұл түрін топпен жұмыста жүргізу де қызықты.Әр топтың топ басшысы жоғарыда көрсетілген мұғалімнің қызметін өздері атқарады, бағыттау тапсырмасын топ басшысы жүргізеді, сондықтан ол рөлге сөз байлығы анағұрлым мол оқушы таңдалады. Тақтада жұмыс реті төмендегі тізбекпен жазылады:



Топ басшысы – О 1; О 1- О 2; О 2-О 1; О 1- Топ басшысы

Белсенді сөздерді тірек ретінде тақтаға жазып қоюға да болады.

Мысалы: Тақырып «Әлидің бөлмесі»
ТБ –Айерке, сен Мұсадан «Мынау кімнің бөлмесі»?-деп сұрашы

А - Мұса ,мынау кімнің бөлмесі?

Мұса: - Бұл Әлидің бөлмесі.

ТБ:- мұғалімге: -Бұл Әлидің бөлмесі.

ТБ: –Мұса, сен Нұрбақтан Әлидің бөлмесінде не бар?-деп сұрашы

Мұса: -Нұрбақ, Әлидің бөлмесінде не бар?

Даша: -Әлидің бөлмесінде үстел, орындық, кереует, ... бар.

ТБ –мұғалімге: Әлидің бөлмесінде үстел, орындық, кереует, ... бар.

ТБ: -Әли, сенің бөлмеңде тағы не бар?

Әли: -Менің бөлмемде шкаф, диван бар.


Әр топ осы тізбек бойынша өзара жедел дайындық сәтін өткізеді, содан кейін мұғалім әр топтың жұмысын тыңдап бағалайды. Сөйлесу барысында сыныпта отырған кез келген оқушыға сұрақ қойып қатыстыруға болады. Ол үшін мұғалім алдын-ала оқушыларға топтың жұмысын, әңгімесін мұқият тыңдап, байқауға тапсырма беріп ескертеді. Бұл әдіс топқа кірмеген оқушыларды осы жұмыс түріне еріксіз қатыстырып, алаңдамауға үйретеді. Диалогтың бұл түрі оқушыларды өздерін тануға, достық қарым-қатынастарын арттыруға, жүкті жұмыла көтеруге тәрбиелейді.

Диалогтық тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың диалогтық сөйлеудегі қарапайым дағдылары қалыптасып, сұрақ беру, өтініш айту, таңдану, бұйыруды қолдану, бір- бірімен әңгімелесе білу, мәліметтерді нақтылап сұрау, тыңдай отырып қайта сұрақ беру, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білу дағдылары дамып, диалогтық тілді үйретуде соңғы нәтиже болып табылатын әңгімелесе білу біліктіліктері жетіледі.

Үлгі:

Имран: Нұрбақ, мен ертең стадионға барамын. Менімен барғың келе ме?



Нұрбақ: Әрине барғым келеді.
Имран: Ертең Астананың футболшылары Қарағандылықтармен ойнайды.

Нұрбақ: Мен Астаналықтардың жағында боламын.

Имран: Әрине, біз Астанада тұрамыз ғой.
Оқушылармен диалогты сауаттылықты қалыптастыру біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің

бірлігі арқылы жүзеге асады. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұны оқушының диалогты сауаттылығына негізделіп, сынып сайын күрделеніп отыратын «Оқу еңбек» аялары бойынша құру тиімді болмақ.



Рөлдік ойындардың диалогтағы қызметі
5-6- сынып оқушыларының диалогын қалыптастыру үшін қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ- жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұқбаттық тапсырмалар, құзіреттілікті қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.Психологтардың айтуынша,осы жастағы жеткіншектер өздерін ересектер рөлінде сезінгенді аса ұнатады, сол себепті рөлдік ойындарда олар өздерін үлкендерге ұқсататын тілдік қарым-қатынас жасауға тырысады. Рөлдік ойын расында жеткіншектердің ересектер дәрежесінде сезініп,өз беттерінше талаптануын, ұмтылысын қамтамасыз етеді. Шетел тілдерін зерттеушілер рөлдік ойынның құрылысында үш компонентті бөледі: рөлдер, ұсынылған жағдаят және рөлдік көріністер немесе рөлдік іс-қимылдар.


Бірінші компонент: рөлдер.


Екінші компонент: ұсынылған жағдаят.

Үшінші компонент:

рөлдік көріністер немесе рөлдік іс-қимылдар.

Оқушылардың орындайтын рөлдері әлеуметтік немесе жеке тұлғалық бола алады.



Рөлдік ойынды ұйымдастырудың тәсілі.


Оқушының белгілі бір рөлді орындауға арналған әрекеті.




Жағдаят сөзіне берілетін түрлі түсініктерді анықтай отырып, жағдаят құруда шынайы жағдайларды және қатысушылардың өзара қарым-қатынасын да есепке алу керек.




Тіл үйренуде қолданылатын тілдік жағдаяттар



Табиғи тілдік жағдаяттар- өздігінен пайда болады.


Оқу-тілдік жағдаяттар- тапсырыс арқылы жасанды жолмен құрастырылады.



Диалогтың үдеріс кезеңдерін меңгерту
Оқушылардың диалог арқылы тіл дамыту үдерісі үш кезеңге бөлінеді

(Н.К.Скляренко, Т.И.Олейник Рөлдік ойындар арқылы 7-сыныпта диалогпен сөйлесу.ИЯШ.№1,1985) .



Бірінші - диалог бірліктерін меңгеру (ДБ). Екінші - микродиалогты меңгеру(МД). Үшінші - бағдарлама талабына орай әр түрлі диалог құрастыру. Аталған үш кезеңге байланысты арнайы жаттығулар тобы құрастырылады.



Сабақ

Реті



1


2


3


4


5


6


7


8


9



10


Жаттығулар

тобы



Диалог бірліктері

Диалог бірліктері


Диалог бірліктері


Диалог бірліктері /

Микродиалог


Микродиалог

Микродиалог


Микродиалог


Диалог

Диалог


Диалог

Кестеде бірінші үш сабақта ДБ меңгеруге арналған жаттығулар берілсе, төртінші сабақта оқушылар ДБ меңгере отырып, микродиалогты меңгеру жаттығуларына көшеді.МД меңгеру 5,6-сабақта жалғасады,7-сабақта өз диалогтарын құрастыруға көшеді. 8,9,10- сабақтарда толық берілген тақырып бойынша диалогтер құрастырылады.

Сол сияқты диалог жаттығуларының әр тобын пікір талас диалогы аясында қарастыруға болады. Диалогтың бұл түрін орта және жоғары буын сынып оқушылары арасында өткізу тиімді болмақ, себебі олар есейген, сөз қорлары анағұрлым мол, өз ойларын немесе кез келген мәліметті жеткізе алатын деңгейге көтерілген шақтары. Пікірталас диалогынде келесі диалог бірліктері алынады: мәлімет -мәлімет,сұрақ - жауап, мәлімет - сұрақ, мәлімет - жауап мәліметі - қосымша мәлімет,т.б.

1-топ жаттығулары келесі тәртіппен орындалады: 1) мұғалім- оқушы,2) оқушы –мұғалім, 3) фонограмма – оқушы, 4) оқушы – фонограмма, 5) оқушы – оқушы. Оқушылардың ДБ меңгеру барысында мұғалім және де диктор өздеріне белгіленген рөлдерді орындайды.


Үш кезеңге байланысты арнайы жаттығулар тобы кестесі



1-топ жаттығулары

келесі тәртіппен орындалады:




2-топ жаттығуларының мақсаты: меңгерілген диалог бірліктерін қолданып микродиалог құрастыруға үйрету.



3-топ жаттығуларының

мақсаты– оқушылардың бағдарлама талабына сәйкес өз бетінше диалог құрастыруы

1) мұғалім- оқушы,

2) оқушы –мұғалім,

3) фонограмма – оқушы, 4) оқушы – фонограмма, 5) оқушы – оқушы. Оқушылардың диалог бірліктерін меңгеру барысында мұғалім және де диктор өздеріне белгіленген рөлдерді орындайды.




Әуелі оқушылар белгілі жағдаятқа берілген үлгі-микродиалогты тыңдайды, сосын екі топқа бөліп, тапсырма беруге болады. 1-топ оқушылары сұрақ репликаларын айтса, 2-топ оқушылары қостау репликаларын немесе жауаптар айтады.


Диалог негізіне оқу – тілдік жағдаяттар, яғни бағдарлама бойынша ауызекі сөйлеуді дамытуға арналған тақырыптар алынады.




«Мұғалім – оқушы» тәртібі бойынша құрылған диалогта мұғалім бастама репликаларды(үнқатым), ал оқушы қостау не жауап репликаларын айтады.

«Сіз нені ұнатасыз?» рөлдік ойын –диалогында:

Мұғалім: Мен – кітапханашымын. Менің оқырмандардың қандай кітаптарды ұнатып оқитындарын білуім керек.

Оқушыға тапсырма: Сіз – оқырмансыз, 6-сынып оқушысыз. Кітапханашының сұрағына жауап беріңіз.


  • Сіз нені ұнтасыз,поэманы ма,әлде тарихты ма?

  • Мен поэма оқуды ұнатамын.

«Оқушы – мұғалім» диалогінде оқушы бастама репликалар арқылы белсенді рөлді ойнаса, мұғалім өз қостаулары немесе басқа жауаптарымен оған қолдау көрсетеді. Мысалы: «Астана - қонақжай қала» рөлдік ойыны.

Оқушыға тасырма: Сіз – астаналық оқушысыз. Шетелден келген қонаққа Астанада қандай ғимарат ұнағанын білгіңіз келеді.

Мұғалім: Мен – шетелдік қонақпын. Сіздің сұрағыңызға жауап беремін.


- Сіз Астанада бұрын болдыңыз ба?

- Мен Астанаға бірінші рет келдім.

- Сізге Астанада қандай ғимарат ұнады?

- Маған «Бәйтерек» ғимараты ұнады.



«Фонограмма – оқушы» тәртібіндегі диалогта бір рөлді диктор,екіншірөлді оқушы орындайды. «Оқушы – фонограмма» тәртібіндегі диалогта керісінше,бірінші рөлді оқушы, екінші рөлді диктор орындайды. Соңғы «оқушы – оқушы» диалогында рөлдер жұппен, яғни екі оқушының қатысуымен орындалады. Екі оқушы жағдаят бойынша тапсырыстар алып. өз диалогтарын рөлдік ойын арқылы көрсетеді.

2- топтың жаттығуларының мақсаты: меңгерілген ДБ қолданып микродиалог құрастыруға үйрету. Әуелі оқушылар белгілі жағдаятқа берілген үлгі-микродиалогты тыңдайды, сосын екі топқа бөліп, тапсырма беруге болады. 1-топ оқушылары сұрақ репликаларын айтса, 2-топ оқушылары қостау репликаларын немесе жауаптар айтады. Жағдаят бойынша оқушыларға қойылатын талаптарға түсінік берілген соң, үлгі- микродиалог екінші рет тыңдалады және де әр репликадан соң диктордың дауысынан кейін әр топ өз рөліне арналған репликаларды орындап қайталайды.

Мұнда күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдаяттар алынады. Оқушыларға дайын үлгілерді кезекпен бірнеше мәрте оқытып, диалогтың сөздерін қайталатып, рөлге бөліп оқытылады. Мысалы:



  • Шаңғы тебуге барғың келе ме?

  • Жоқ, мен бара алмаймын.

  • Неге?

  • Құлап қаламын ба,- деп қорқамын.

  • Қорықпа, құламайсың.

  • Сен солай ойлайсың ба?

  • Иә, мен солай ойлаймын.

  • Жарайды, онда мен барамын.

Үлгіні бекіту үшін мына жағдаяттарға байланысты диалог құрастыру тапсырылады: күнге қыздырыну және күйіп кету; серуендеу және суықтап қалу; киноға бару және ұйықтап қалу. Мұндай дайындық жаттығуларын орындау барысында оқушылардың диалогтық сөйлеудегі қарапайым дағдылары қалыптасады.

Диалог- үлгі. Тілдесім.

Қатысушылар: оқушы және басқа қаладағы нағашы атасы. Оқушы атасына ұялы телефон арқылы қоңырау шалады.

  • Ата, сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсің бе, балам!

  • Айналайын, сен қай баласың?

  • Ата, мен Әли немереңізбін ғой.

  • Айналайын, Әли, сабағың қалай?

  • Жақсы, ата.

  • Демалысқа шықтың ба?

  • Иә, ата. Ертең пойызбен сіздерге шығамын.

  • Қандай пойыз?

  • 16-шы Алматы Астана пойызы.

  • Сағат нешеде шығасың?

  • Кешкі сағат 7.30-да Алматыдан шығамын.(Ықтимал жауаптар: сағат бесте, төрт жарымда т.т.)

  • Астанаға қашан келесің?

  • Түсте, 12.30-да. №1 вагон. (Ықтимал жауаптар: үшінші вагон;...)

  • Жақсы, балам. Мен күтіп аламын.

  • Сау болыңыз, ата.

  • Сау бол, балам, жолың болсын!

Бұл диалог-үлгі оқушылардың өз диалогтарын құруына негіз болады.

Бұл жұмыс кезеңмен жүргізіледі. Алдымен диалог-үлгіні оқушыларға рөлге бөліп оқуға тапсырма беріледі. Оқушылардың назары меңгертуге арналған үнқатымдарға (репликаларға) аудартылады. Оқып болған соң, оқушылар диалогты рөлге бөліп қалпына келтіріп айтады. Оқушыларға осыған ұқсас диалог құруға тапсырма беріледі. Бірақ ол басқа жағдаяттағы қарым-қатынасқа құрылады.


Диалог. Тілдесім.

Қатысушылар: оқушы және терміржол сапаржайындағы анықтама бюросының қызметкері.

Тапсырма. Оқушыға: теміржол анықтамасына қоңырау шалып, ертең Қарағандыға қандай пойыз бар және ол қашан жүретінін, Қарағандыда сағат нешеде болатынын сұра. Анықтама бюросының қызметкеріне: Қарағандыға баратын пойыз, оның Алматыдан жүретін және Қарағандыға келетін уақытын анықтап айт.

Сұрақтар:

1) Алматы қаласына қандай пойыз барады?

2) Ол пойыз Астанадан қай уақытта жүреді?

3) Алматыда ертең сағат нешеде болады?

Бұл диалог түрін өзіне сенімсіз сөз байлығы таяз оқушылардың сөз қорын нақты бекіту үшін алдын ала жаттығу үлгісі, «бағыттау диалогы» ретінде жүргізуге де болады.Мысалы:


Мұғалім: Нұрбақ, сен теміржол анықтамасымен хабарласып,«Ертең Алматыға пойыз бар ма?»- деп сұрашы.

Нұрбақ: Алло, сәләмәтсіз бе? Айтыңызшы, ертең Алматыға пойыз бар ма?

Анықтама қызметкері: Алматы пойызы таңертеңгі сағат 9-да.

Нұрбақ: (мұғалімге) Алматыға пойыз бар, таңертеңгі сағат 9-да.

Мұғалім: «Ол пойызға билет бар ма?»- деп сұрашы.

Нұрбақ (тағы қоңырау шалып): Кешіріңіз, Алматы пойызына билет бар ма?-

деп сұрайды және алған жауабын мұғалімге қайталап айтады.



Нәтиже: Жұмысты орындау барысында оқушылардың телефон арқылы қазақ тілінде сөйлеу дағдылары дамиды, өмірде осыған ұқсас жағдаяттарда қазақ тілінде тілдесімге түсу біліктері қалыптасады.

Жазбаша түрде тілдесу біліктерін қалыптастыру мақсатымен оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін деңгейлік меңгерту барысында е-mail, интернет, электрондық пошта т.б. тақырыптар бойынша сабақ өткізуге бағдар беретін нұсқауларында Ф.Ш.Оразбаева, Т.Т.Аяпова, Ж.Т.Даулетбекова, Р.С.Рахметова А.Рауандина келесі диалог үлгілерін ұсынады:

7-сыныпта «Туған күн» тақырыбына арналған сабақтарда ұсынуға болатын жағдаяттық тапсырма.( Жазылым).

Қатысушы: оқушы.

Тапсырма: Ертең досыңның туған күні. СМС арқылы құттықтау жазып жолда.

Нәтиже: қазақ тілінде құттықтау сөздер жазу, сауатты жазу дағдысы дамиды.
Сабаққа келмеген оқушының сыныптасымен жазбаша тілдесуі:

Қатысушылар: сыныптас екі оқушы.

Тапсырма. Ұялы телефондағы агент арқылы ертең неше сабақ және қандай сабақтар бар, олардан не бергенін сұрап, жауап жазыңдар.

Нәтиже: оқушылардың өзара қазақ тілінде сауатты жазу әрі жазбаша түрде тілдесу біліктері қалыптасады.

Сұрақтар:



1) Ертең неше сабақ болады?

2) Ертең қандай сабақтар бар?

3) Қазақ тілі/Қазақстан тарихы сабағынан не берді?
Үлгі–шағын диалогпен (микродиалог) жұмыстың екінші кезеңінде (В.О.Койдан,Н.К.Скляренконың тәсілдері бойынша) оқушыларға фонограмма арқылы жұптың бірінші рөліндегі оқушының ғана репликалары беріледі. Екінші рөлдің жауаптарын әуелі мұғалім, сосын топ оқушылары орындайды. Бұл микродиалог үлгісін оқушылар үшінші рет тыңдаған соң ғана әр топтан бір оқушыдан жұптасып айтып береді.
Үлгі- микродиалогтар(фонограмма арқылы)

Мысалы: Лия Ақтөбеге бармақшы болды. Ол анықтама нөміріне (388-888) телефон соқты. -Алло, сәлеметсіз бе?

Ақтөбе пойызы қашан жүретінін айта аласыз ба?

(-Тақкүндері). -Сағат нешеде жүреді? (-14:30-да) -Келесі пойыз қашан жүреді? (-15тамызда)

-Рахмет.

Келесі кезеңде (Г.М.Уайзердің,Т.У.Тучкованың әдістері) оқушылар микродиалог –тірек кестесі не болмаса микродиалог -тірек сызбасы бойынша өз микродиалогтарын құрастырады.

Диалогты қажетті сөздермен толықтыр:


  • Сен ... байланыс түрін пайдаланасың?

  • Мен актив/билайн байланыс түрін ... .

Қажетті сөздер: қандай, пайдаланамын.
Диалогты қажетті сөздермен толықтыр:

- Сен ұялы телефонды пайдаланасың ба?

- Иә, мен ... ... пайдаланамын.

- Сенің телефон ... қандай?

- Менің телефон нөмірім ..... Жазып ал.
Әңгімелесушімен келіспей, өз ойыңды білдір.

- Сен ұялы телефонды жиі пайдаланасың ба?

-Жоқ, мен ... .

- Сен ұялы телефонды сабақ уақытында қосып қоясың ба?

- ... , ...

3-топ жаттығуларының мақсаты – оқушылардың бағдарлама талабына сәйкес өз бетінше диалог құрастыруы. Диалог негізіне оқу – тілдік жағдаяттар, яғни бағдарлама бойынша ауызекі сөйлеуді дамытуға арналған тақырыптар алынады. Мысалы, 7-сыныпта «Әлеуметтік – тұрмыстық аяға» берілетін 72 сағаттың ішінде музыка, өнерге арналған тақырыптар бар.Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту және өз қаласындағы мәдени өнер орындарын білгізу мақсатымен жүргізілетін жұмыстардың түріне төмендегідей диалогтар құрастыру үлгілерін қолданамыз («Синяя птица» француз тілі оқулығы, Э.М.Береговская,2008ж,Москва,4-басылым):
«Әлеуметтік-тұрмыстық ая» тақырыбына диалог үлгісі



  • Кешіріңіз, театр қайда екен?

  • Қай театрды айтасыз?

  • Күләш Бәйсейітова атындағы опера және балет театры.

  • Оң жақтағы аялдамада 26-автобусқа отырыңыз,Күләш Бәйсейітова атындағы опера және балет театры аялдамасынан түсесіз.Театр сол жақта.

  • Ол алыс па?

  • Тіпті алыс емес.Бес минуттық жер. Жаяу баруға болады.


Телефонмен сөйлесу этикетін дамытуға бағытталған жаттығулар.

Қатысушылар: оқушы және сабаққа келмеген сыныптасы.

Тапсырма. Оқушыға: сабаққа келмеген сыныптасыңның ұялы телефонына қоңырау шалып, келмеген себебін біл. Сабаққа келмеген оқушыға: сабаққа келмеген себебіңді айт (ауырып қалдым, емханаға бардым және т.б.). Диалог қазақ тілінің сөйлеу әдебіне сай орындалуы қадағаланады.

Сұрақтар:

1) Сен сабаққа неге келмедің?

2) Қалай ауырып қалдың?

3) Емханаға бардың ба?

4) Дәрігер қандай дәрі жазып берді?

Нәтиже: Жұмысты орындау барысында оқушылардың телефон арқылы қазақ тілінде сөйлеу біліктері қалыптасады.

Сол сияқты отандасымыз Қ.Ибрагимовтың «Шың» кітабында да қызықты диалог түрлерін кездестіруге болады. Мысалы 7-сыныпта


«Денешынықтыру- денсаулық көзі» тақырыбын өткенде осы кітапта тіл және ой дамытуға арналған жағдаятты диалог тірек- кестесі қолданылды:
Жағдаят:Сұлтан жиі ауырады. Бір күні ол дәрігерге барды.

Дәрігер: Сіз таңертең жаттығу жасайсыз ба?

Сұлтан: Жоқ, .................................................. .

Дәрігер: Сіз теннис ойнайсыз ба?

Сұлтан: Жоқ, .................................................... .

Дәрігер: Мүмкін, сіз волейбол ойнайтын шығарсыз?

Сұлтан: Жоқ, ................................................. .

Дәрігер: Ал қыста коньки немесе шаңғы тебесіз бе?

Сұлтан: Жоқ, .................де, ................да.................... .

Дәрігер: Иә, басыңыздың неге ауыратыны белгілі болды. Сіздің .......... айналысуыңыз керек. Егер сіз спортпен ............. , онда басыңыз

.................. болады.
Тәжірибемізде бұл тірек – үлгі интерактивті тақтада жазылды, диалог бірліктері алдыңғы сабақтарда сөз қорын бекіту және қолдану кезеңдерінен өткен, сондықтан оқушылар тез арада, қиындықсыз керекті сөздермен толықтырды, осындай жұмыс түрлеріне ерекше қызығушылықтарын көрсетті және тапсырманы орындау барысында өздеріне деген сенімдері артқанын байқадық.

Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында Е.И. Пассовтың коммуникативтік оқыту әдістерін пайдаланамыз.


Әдістің негізін құрайтын қағидалар:
1. Оқушының сөйлеу бағытын анықтау.
2. Адамның жеке басының ерекшелігін ескеру.
3. Орта жағдайын ескеру.
4. Сөйлеу дағдысын жаңарту.
Жоғарыдағы пікірлерді ескере отырып, баланың ауызша тілін дамытуда мына қағидаларды басшылыққа аламыз.
1.Тіке байланыс қағидасы.
Яғни оқушы оқу кабинетіне кіргеннен қазақ тілінде сөйлейді, жүздеседі. Сабақ үстінде әр оқушыны назардан тыс қалдырмау, кейде оқушының әр сәтте сыныпта болған жағдайды қадағалап отыруы үшін, «Ксения, Сафия не деді, естімей қалдым, қайталашы»- деген сияқты реплика арқылы оқушының назарын қадағалап отыруға болады.
2. Адамның жеке қабілетін ескеру.
3.Сөйлеуге үйрету.

Сөз қорын кеңейту, бекіту, қолдану сәттеріне көп көңіл бөлінеді.Суретпен жұмыс, диалог, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, артынан қысқаша осы тақырыпта шығарма жаздыру, яғни деңгейлеп саралап оқыту технологиясы қолданылады.


Талапты оқушылармен жоғары деңгей тапсырмасы ретінде әдебиетпен де байланыстыру жақсы нәтиже береді.Үзіндіні тыңдап, ол қай романнан алынған, авторы кім еді, үзіндідегі кейіпкерлер туралы, үзіндіде неше адамның пікірі айтылған деген сияқты сұрақтар оқушылардың әдеби сөйлеу тілін қалытастыруға жол ашады.

Кейбір оқушыларға толықтыру тестін орындатуға болады. Сұрақ жазылады, жауабын оқушылар жазады.



  • Дау мұраты не? - Дау мұраты не?

  • ... ... – біту. - Дау мұраты – біту.

  • Сауда мұраты не? - Сауда мұраты не?

  • ... ... – ұту. - Сауда мұраты – ұту.

  • Жол мұраты не? - Жол мұраты не?

  • ... ... – жету. - Жол мұраты – жету.

  • Қыз мұраты не? - Қыз мұраты не?

  • ... ... – кету. - Қыз мұраты – кету.

Жоғары сынып оқушыларымен «Тілшімен сұқбат» жасатуды қалыптастыру тәсілі бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі, себебі ол ертеңгі маман, еліміздің болшағын қалайтын, гүлдендіретін азамат.



Мысалы, мына жағдаятты алуға блады: Ортамызға тілші келген екен. Сөзді сол кісіге берейік.

  • Сәлеметсіз бе?

Бүгін біздің сұхбатымыз – Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдаған жолдауымен танысу, пікір алысу.

Тақырыбы: «Бастауыш және орта білім беру жүйесін жандандыру»

Елбасымыз «Ел болашағы жастар білімді, сауатты болу керек» дейді. Соған жету үшін сіздердің қосар үлестеріңіз қандай?..



  • Осы мақсаттарға жету үшін мектептеріңізде жағдай жасалған ба? Сіз қандай мектепте оқығыңыз келеді?..

  • Қазіргі қоғамдық талапқа сай қай пәнді тереңдетіп оқытуды қалайсыз?

  • Өркениетті елдің қатарына қосылу үшін мемлекеттік тілден басқа тағы қандай тілдерді білу керек деп ойлайсыз?..

  • Сұхбаттарыңызға рахмет.Сіздермен бірге болған журналист ... ... . Сау болыңыздар.

Қорыта келе,тіл зерттеушілері: а) тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби тіл үлгілерімен емес,таза бала тілін бақылау арқылы жүргізу,б)газет-журналдардың, ресми іс-қағаздарының тілін пайдалану,в)көркем әдебиет тілінен үлгі алуды ұсынса,осы құралды дайындау барысында жасалған іс-әрекеттерде ғалымдар ойымен сәйкестік көруге болады.Оқушылардың жас ерекшелігіне,ойлау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына байланысты осы тілдік материалдардың түрлерін диалогта тиімді пайдалану тәсілдері арқылы ауызекі сөйлеуде жақсы нәтижеге жетуге болады

  1. Диалог бірліктерін меңгерту үлгілері:

Кітапханашы- оқырман.

«Сіз нені ұнатасыз»? рөлдік ойын диалогі

-Сіз нені ұнатасыз, поэманы ма, әлде тарихты ма?

-Мен поэма оқуды ұнатамын.


Мұғалім: -Оля тарихты жақсы көреді.

Оқушы1: Мен де тарихты жақсы көремін.

Мұғалім: Әли және оның досы ағылшын тілін үйреніп жүр.

Оқушы2: Біз де ағылшын тілін үйреніп жүрміз.



2. Диалог бірліктерін қолданып микродиалог құрастыру.

-Шаңғы тебуге барғың келе ме?

-Жоқ, мен бара алмаймын.

-Неге?


-Құлап қалам ба деп қорқамын.

-Қорықпа,құламайсың.

-Сен солай ойлайсың ба?

-Иә, мен солай ойлаймын.

-Жарайды, онда мен барамын.

...


Оқушы1: Мен футбол ойнауды жақсы көремін.

Оқушы2: Мен де футбол ойнауды жақсы көремін. Ал сен ше, Мұса?

Оқушы3: Мен хоккей ойнауды жақсы көремін.

Әр топ үлгі бойынша өз диалогтарын құрастыруда



Бірінші топтан бір оқушы екінші оқушыға: Айерке, сен Сайдадан «қандай пәнді ұнатасың?» деп сұрашы,- дейді.

Айерке: Сайда, сен қандай пәнді ұнатасың?-де сұрайды.

Сайда: Мен тарих пәнін ұнатамын,-дейді. (Ықтимал жауаптар: жағырапия, физика, математика, т.б.)

Айерке Сайданың айтқан жауабын: «Сайда тарих пәнін ұнатады»- деп ІІІ жақтан қайталап айтады.



Берілген сурет бойынша бағыттау диалогын құрастыру

Мұғалім бір оқушыға: «Нұрбақ, сен Мұсадан суретте не бейнеленген ?» деп сұрашы,- дейді.

Нұрбақ: Мұса,суретте не бейнеленген?-деп сұрайды.

Мұса: « Суретте спорт алаңы бейнеленген»,-дейді.

Нұрбақ мұғалімге Мұсаның айтқан жауабын: «Суретте спорт алаңы бейнеленген »-деп қайталап айтады.

Балалар айналасындағы әлем

(Дыбыс ерекшеліктері мен дауыс нақышына, мәнерлеп оқуға машықтандыратын жаттығу өлеңдері)



Кірпі

-Кірпі,қайда үйің?

-Ағашты жерде үйім!

-Арқаңа не салған?

-Балаларға алмам!

Бөліп берем,теңдей,

Олар да титтей сендей!

Әжесі мен бағлан

-Жүрегім кім менің?

-Мен.

-Тірегім кім менің?



-Мен.

-Сәнім кім менің?

-Мен.

-Ботақаным,бағлан қозым,



-Не деген тәтті баласың өзің! (Қ. Ыдырысов)

Түлкі,түлкі,түлкішек

( халық ауыз әдебиетінен)

Түлкі,түлкі,түлкішек Ешкі сауып сүт берер,

Түнде қайда барасың? Лақ сойып ет берер.

Апам үйіне барамын. Оны қайда қоясың?

Апаң саған не берер? Тал түбіне қоямын.

Ит жеп кетсе қайтесің?

Бақан ала қуамын.

Жеткізбесе қайтесің?

Жылай-жылай қаламын.

Көктем келді

-Күн,сен неге күркірейсің?

-Көктем келді!

Көктем келді!

-Жаңбыр ,сен неге сіркірейсің?

Көктем келді!

Көктем келді!

-Бұлақ, сен неге сылдырайсың?

-Көктем келді!

Көктем келді!

Құлын, неге құлдырайсың?

-Көктем келді!

Көктем келді!

-Гүлдер,неге жайнайсыңдар?

-Көктем келді!

Көктем келді!

-Құстар, неге сайрайсыңдар?

-Көктем келді!

Көктем келді!

(Б.Серікбаев)



Мен боламын ғарышкер

--Қай баласың? -Мұсамын.

Қайда барасың? -Ұшамын.

-Не іздейсің,сен аспаннан? -Күнге жетсін құшағым. –Шырағым-ау,күйесің ғой –Қорқытпайды алыс жер, -Ата-анаңа көп қайғы үйесің ғой! -Мен боламын ғарышкер,

-Жұлдызарға жетемін,

-Атамды ала кетемін.



Бақа

-Бақа, бақа, балпақ -Темір телпек көп киіп,

Басың неге жалпақ? Басым содан жалпақ!


-Бақа, бақа, балпақ -Қарауылға көп қарап,

Көзің неге тостақ? Көзім содан тостақ!

Бақа, бақа, балпақ . –Көп отырдым ерініп,

Бұтың неге талтақ? Бұтым содан талтақ!



Бұлтқа

-Ақсың, сұрсың, қарасың -Жерге нөсер төгемін

Қайда қалқып барасың? Өссін гүлдер, көп егін!
-Гүл-гүл жайнап өсер көк,

Нөсерлетсең, нөсерлет!


Шортан
-Судан, аға, қорқам, -Шортан -жыртқыш балық,

Жұтып қояр шортан?! Емес сонша алып.

Айналайын, ботам,

Жұта алмайды шортан!



Бақыт деген не?

Құрылысшы: Халыққа жылы үй салу.

Отыншы: Үйлердің отын жағу.

Дәрігер: Халықтың денін сақтау.

Аспаз: Дәмді етіп тамақ дайындау.

Мұғалім: Балаға білім беру.

Ұшқыш: Ғарышты шарлап көру.

Жалқау: Тәтті ұйқы, дәмді тағам.

Біздер: Бақыт жоқ жалғыз саған.

Бұлт

-Бұлт-ау, көктен төнесің, Бу боп судан туғанмын!

Қайдан көшіп келесің, -Ақсың, сұрсың, қарасың,

-Мұхит үрлесе, желемін! Қалқы қайда барасың?

Жел үрлесе желемін! -Жерге нөсер төгемін,

-Қайдан қалай жаралдың, Өссін гүлдер, көп егін!

Қайдан қайтіп нәр алдың? -Гүл-гүл жайнап өсер көк,

-Теңіз, мұхит суданмын, Нөсерлетсең, нөсерлет?



Қайдан келдің бауырсақ?

Дастарқанға шашылып, Наубайға келдің қай жақтан?

Жатты аппақ бауырсақ. Диірменнен келдім ұн тартқан.

Бауырсаққа қызығып, Диірменге келдің қай жақтан?

Қарап тұрып көзін сап, Даладан келдім жан-жақтан.

-Қайдан келдің, бауырсақ?- Жер-анам менің көсілген,

Деп сұрады қуыршақ? Диқандар мені өсірген.

-Дүкеннен келдім нан сатқан,- Арғы тегім ақ бидай,

Деді оған бауырсақ. Тәттімін, жеп көр,

-Дүкенге келдің қай жақтан? Жесең өзің байқарсың

-Наубайдан келдім нан жапқан. Рақметіңді айтарсың.

Бал бала

-Бала, бала, балдайсың, -Бала, бала, балдайсың,

Бал жеміспен қандайсың? Балдан берсем, қандайсың?

-Бал жемістен ал деңіз. -Алыптардай толамын,

Бала, бала, балдайсың, Балпанақтай боламын!

Бауырсақпен қандайсың?

-Бауырсақтың майы көп,

Жеймін «нәйім, нәйім» деп.



Бір үйде біз нешеуміз?

Е.Елубаев

Бір үйде біз нешеуміз? Шылдыр шүмек - мен.

Кел, санайық екеуміз. Титтей бөбек - сен.

Бас бармағым – атам, Бір үйде біз нешеуміз?

Балаң үйрек - апам, Бір үйде біз бесеуміз.

Ортан терек - ағам,

1 -сыныпқа арналған диалог үлгілері

Диалог 1


-Сәлем! Сенің атың кім?

-Сәлем! Менің атым Дәрия. Сенің атың кім?

-Менің атым Лия.

-Бұл кім?

-Бұл-Анна. Ол- менің досым.
Диалог 2

-Сәлем! Сенің атың кім?

-Сәлем! Менің атым Имран. Сенің атың кім?

-Менің атым Саша.

-Бұл сенің досың ба?

-Иә, бұл- менің досым.

-Оның аты кім?

-Оның аты Дастан.

Диалог 3

-Сәлем! Сенің атың кім?

-Сәлем! Менің атым Бақыткелді. Сенің атың кім?

-Менің атым Мұса.

-Бұл кім?

-Бұл- менің ағам.

-Оның аты кім?

-Оның аты Әли.


Диалог 4

-Сәлем! Сенің атың кім?

-Сәлем! Менің атым Саша. Сенің атың кім?

-Менің атым Әли.

-Бұл кім?

-Бұл- менің інім.

-Оның аты кім?

-Оның аты Мұса.

Диалог 5 М—О-1---О2

- Сенің атың кім?- деп сұрашы.

- Менің атым Қарақат. Сенің атың кім?

-Менің атым Айым.

-Бұл кім?-деп сұрашы.

-Бұл кім?

-Бұл- менің апам.

-Оның аты кім? -деп сұрашы.

-Оның аты кім?

-Оның аты Дәрия.

Диалог 6

- Сенің атың кім? - деп сұрашы.

- Менің атым Айдана. Сенің атың кім?

-Менің атым Әйгерім.

-Бұл кім? -деп сұрашы.

-Бұл кім?

-Бұл- менің сіңлім.

-Оның аты кім? -деп сұрашы.

-Оның аты кім?
-Оның аты- Айару.

Диалог 7


-Сәлем! Сенің атың кім?

-Сәлем! Менің атым Әли. Сенің атың кім?

-Менің атым Имран.

-Бұл кім?

-Бұл- менің қарындасым.

-Оның аты кім?

-Оның аты- Сайда.

Диалог 8


-Сәлем! Сенің атың кім?

-Сәлем! Менің атым Анна. Сенің атың кім?

-Менің атым Әйгерім.

-Бұл сенің досың ба?

-Иә, бұл- менің досым.

-Оның аты кім?

-Оның аты- Настя.

Диалог 9


-Сәлем! Сенің атың кім?

-Сәлем! Менің атым Имран. Сенің атың кім?

-Менің атым Саша.

-Бұл сенің ағаң ба?

-Иә, бұл- менің ағам .

-Оның аты кім?

-Оның аты- Әли.

Диалог 10



-Бұл кісі кім?

-Бұл кісі –менің атам.

-Атаңның аты кім?

-Атамның аты-Асан.

-Сенің атаң қандай кісі?

- Менің атам -мейірімді кісі.

Диалог 11

-Бұл кісі сенің әжең бе?

-Иә, бұл кісі –менің әжем.

-Әжеңнің аты кім?

-Әжемнің аты-Қалима.

- Сенің әжең қандай кісі?

-Менің әжем-мейірімді кісі.

Диалог 12

-Бұл кісі кім?

-Бұл кісі –менің әкем.

-Әкеңнің аты кім?

-Әкемнің аты- Асқар.

-Сенің әкең қандай кісі?

- Менің әкем – жақсы кісі.

Диалог 13

-Бұл кісі сенің анаң ба?

-Иә, бұл кісі –менің анам.

-Анаңның аты кім?

-Анамның аты- Гүлшара.

-Сенің анаң қандай кісі?

- Менің анам– жақсы кісі.

Диалог14

-Бұл кім?

-Бұл– оның досы.

-Оның аты кім?

-Оның аты-Максим.

-Ол қандай бала?

-Ол– ақылды бала.

Диалог 15

-Бұл сенің досың ба?

-Иә, бұл–менің досым.

-Оның аты кім?

-Оның аты-Әсия.

-Ол қандай дос?

-Ол–жақсы дос.

Диалог 16

-Сенің досың бар ма?

-Иә, менің досым бар.

-Оның аты кім?

-Оның аты-Саша .

-Ол қандай бала?

-Ол– ақылды бала.

-Ол неше жаста?

-Ол жетіде.

Диалог 17

-Бұл не?


-Бұл – қоян.

-Қоян кішкентай ма?

-Иә, кішкентай.

-Оның аты қалай?

-Оның аты- Ақмоншақ.

-Ол қайда тұрады?

-Ол торда тұрады.

Диалог 18

-Бұл не?

-Бұл – ойышық аю.

-Кімнің ойыншығы?

-Менің ойыншығым.

-Ойыншық аю жұмсақ па?

-Иә, ойыншық аю жұмсақ.

Диалог 19

-Бұл қандай ойыншық?

-Бұл -мәшине.

-Мәшине жұмсақ па?

-Жоқ, мәшине- қатты ойыншық.

-Кімнің ойыншығы?

-Досымның ойыншығы.

Диалог 20

-Сенің аюың бар ма?

-Жоқ, менің аюым жоқ.

-Қандай ойыншығың бар?

-Менің кірпім, қонжығым бар.

-Кірпің қандай?

-Кірпім кішкентай.

-Қонжығың қандай?

-Қонжығым үлкен.

Диалог 21

-Сенің неше ойышығың бар?

-Менің үш ойыншығым бар.

-Қандай ойыншықтарың бар?

-Екі қояным, бір пілім бар. Ал, сенің пілің бар ма?

-Жоқ, менің пілім жоқ. Менің екі мәшинем бар.


Диалог 22

-Сенің қаламың бар ма?

-Иә, менің қаламым бар.

-Неше қаламың бар?

-Менің төрт қаламым бар.

-Олардың түсі қандай?

-Олардың түсі көк, қызыл, жасыл және қара.
Диалог 23
-Мынау қаламсауыт па?

-Иә, бұл- қаламсауыт.

- Қаламсауыт қандай?

-Қаламсауыт әдемі, жаңа.

-Кімнің қаламсауыты?

-Менің қаламсауытым.

Диалог 24

-Бұл ұштағыш па?

-Иә, бұл-ұштағыш.

-Бұл өшіргіш пе?

-Жоқ, бұл -өшіргіш емес.

- Бұл ұштағыш па, әлде өшіргіш пе?

-Бұл-өшіргіш емес, бұл-ұштағыш.

-Бұл не?


-Бұл -ұштағыш.
Диалог 25

-Бұл бассейн бе?

-Иә, бұл- бассейн.

-Бассейнде су таза ма?

-Иә, бассейнде су таза.

-Ал мынау не?

-Бұл –аула.

-Аула қандай?

-Аула үлкен.
-Аула таза ма?

-Жоқ, аула таза емес, аула лас.



2 -сыныпқа арналған диалог үлгілері

Диалог 1


М: Мынау оқулық па?

О-1: Иә, бұл- оқулық.

М: Бұл күнделік пе?

О-2: Жоқ, бұл- күнделік емес.

М: Бұл оқулық па, әлде күнделік пе?

О-3: Бұл- күнделік емес, бұл- оқулық.

М: Бұл не?

О-4: Бұл -оқулық.

Диалог 2

М: Бұл дәптер ме?

О: Иә, бұл-дәптер.

М: Бұл қалың дәптер ме?

О: Жоқ, бұл- қалың дәптер емес.

М: Бұл жұқа дәптер ме, әлде қалың дәптер ме?

О: Бұл –қалың дәптер емес, бұл-жұқа дәптер.

М: Бұл не?

О: Бұл-жұқа дәптер.
(Бұл деңгейде қолданылуы ықтимал заттар: қалам, қарындаш, сызғыш, қылқалам, ұштағыш, өшіргіш, дәптер, сурет дәптер, кітап немесе оқулық, күнделік, түрлі түсті қарындаштар,доп, шар сияқты оқушының күнделікті іс- әрекетіндегі жиі қолданылатын не кездесетін заттардың атаулары болуы тиісті).
Диалог 3

Мұғалім: Олжас, өшіргішіңді көрсетші

Олжас: Міне, менің өшіргішім. Мен өшіргішімді көрсетемін.

Мұғалім: Лия, сызғышыңды көрсетші

Лия: Мен сызғышымды көрсетемін.Міне, менің сызғышым.

Мұғалім: Әли,сөздік дәптеріңді көрсетші

Әли: Мен сөздік дәптерімді көрсетемін. Міне, менің сөздік дәптерім.

Диалог 4 Мұғалім—Мұса—Әли

Мұғалім:Мұса, сен Әлиден «Сөздік дәптерің бар ма?»- деп сұрашы.

Мұса: Әли, сенің сөздік дәптерің бар ма?

Әли: «Иә, менің сөздік дәптерім бар»,-деп жауап береді.

Мұғалім: Әли, сен Мұсадан «Бүгін ауа райы қандай?»-деп сұрашы.

Әли: Мұса, бүгін ауа райы қандай?

Мұса: «Бүгін ауа райы жақсы»,- деп жауап береді.

Диалог 5

Үлгі: Мұғалім---Нұрбақ----Әли---Нұрбақ---Мұғалім

Мұғалім: Нұрбақ, сен Әлиден «Сенің сызғышың бар ма?»- деп сұрашы.

Нұрбақ: Әли, сенің сызғышың бар ма?

Әли: «Иә, менің сызғышым бар»,-деп жауап береді.

Нұрбақ мұғалімге: «Әлидің (оның) сызғышы бар»,- деп жауапты ІІІ жақтан береді.

Диалог 6


Үлгі: Мұғалім—Оқушы; Оқушы1-Оқушы2; Оқушы1-Оқушы3; ...

Мұғалім: Әли, сен тақтаға шықшы.

Әли: Мен тақтаға шықтым.

Әли: Мұса, сен тақтаны көрсетші

Мұса: Міне, тақта. Мен тақтаны көрсетемін.

Әли: Сафия, Мұса не істеді?

Сафия: Мұса тақтаны көрсетті.

Диалог 7


Мұғалім-Оқушы1; Оқушы2—Оқушы3---Мұғалім
Мұғалім: Айерке, сен тақтаға шықшы.

Айерке: Мен тақтаға шықтым.

Мұғалім:Айерке, сен борды алшы (доптың суретін салшы, ..., ... ).

Айерке: Мен борды алдым (доптың суретін салдым, ..., ..., ).

Нұрбақ: Айдария, сен тақтаны сүртші.

Айдария: Мен тақтаны сүрттім.

Мұғалім: Нұрбақ, Айдария не істеді?

Нұрбақ: Айдария тақтаны сүртті.



Үш формалы диалогтың үлгісі

Диалог 8


М: Бұл не?

О-1 : Бұл- қалам.

М: Бұл қарындаш па?

О-2: Жоқ, бұл қарындаш емес.

М: Бұл қалам ба, әлде қарындаш па?

О-3: Бұл қарындаш емес, бұл қалам.


«Көмекші есімдер» тақырыбын бекітуге арналған үлгілер:
Диалог 9

1. –Әлидің үстелінің үстінде кітаптар бар ма?

- Иә, Әлидің үстелінің үстінде кітаптар бар.

-Оның үстелінің үстінде дәптерлер бар ма?

-Жоқ, оның үстелінің үстінде дәптерлер жоқ, кітаптар бар.

- Әлидің үстелінің үстінде тағы не бар?

-Әлидің үстелінің үстінде тағы дәптерлер, сурет дәптері бар.

Диалог 10



Мұғалім-Оқушы1-Оқушы2- Оқушы1
–Мектептің жанында не бар?-деп сұрашы.

-Мектептің жанында не бар?

-Мектептің жанында футбол алаңы бар.

- Саябақтың алдында не бар?-деп сұрашы.

-Саябақтың алдында театр бар.

- Театрдың артында не бар?-деп сұрашы.

- Театрдың артында не бар?

- Театрдың артында саябақ бар?

- Үйдің қасында не бар деп?-деп сұрашы.

- Үйдің қасында не бар?

- Үйдің қасында дүкен бар.

Диалог 11

М: Имран, сен мектепке сағат сегізде барасың ба?

И: Жоқ, мен мектепке сағат сегізде бармаймын.

М: Имран, сен сағат нешеде мектепке барасың?

М: Мен сағат жеті жарымда мектепке барамын.

И: Сен мектепке сағат жеті жарымда барасың ба?

М: Иә, мен мектепке сағат жеті жарымда барамын.

Диалог12

-Сенің күшігің бар ма?

-Иә, менің күшігім бар?

-Күшігіңнің аты қалай?

-Күшігімнің аты Ақтөс.

-Ол не істейді?

-Ол менімен ойнайды. Мен оны жақсы көремін.

Диалог 13

-Сен ауылда болдың ба?

-Әрине, болдым.

-Жылқыны көрдің бе?

-Көрдім. Атам мені атқа мінгізді.

-Тағы қандай үй жануарларын көрдің?

-Атамның үйінде бәрі бар.

-Қандай үй жануарлары бар?

-Сиыр, бұзау,жылқы, құлын, қой, қозы, ешкі, лақ.

-Қандай керемет! Мен оларды теледидардан ғана көрдім.

Бес формалы диалогтың үлгісі

Диалог14


М: Бұл не?

О: Бұл-мектептің ауласы.

М: Мектептің ауласы қандай?

О: Мектептің ауласы үлкен.

М: Мектептің ауласы кішкентай ма?

О: Жоқ, мектептің ауласы кішкентай емес.

М: Мектептің ауласы үлкен бе?

О: Иә, мектептің ауласы үлкен.

М: Мектептің ауласы үлкен бе, кішкентай ма?

О: Мектептің ауласы үлкен , кішкентай емес.


( Келесі сабақтарда «Мектептің ауласы қандай?»- деп сұрашы.

« Мектептің ауласында не бар?» -деп сұрашы деген сияқты бағыттау тапсырмаларын беруге болады)


Диалог 15

-Сен қандай көшеде тұрасың?

-Сен кең көшеде тұрасың ба,әлде тар көшеде тұрасың ба?

-Ұзын көшеде тұрасың ба, әлде қысқа көшеде тұрасың ба?

-Сенің көшеңдегі үйлер қандай?

-Сенің көшеңде дүкен бар ма?

Диалог 16

- Сенің сөмкеңде дәптер бар ма?

- Иә, менің сөмкемде дәптер бар.

-Сенің сөмкеңде сурет дәптері бар ма?

-(Жоқ), менің сөмкемде сурет дәптері жоқ.

-Сенің сөмкеңде сурет дәптері ме, әлде оқулық па?

-Менің сөмкемде сурет дәптері де, оқулық та жоқ, дәптерлер бар.

-Сөмкеңде дәптерлер ме, әлде сурет дәптері ме?

-Менің сөмкемде сурет дәптері жоқ, дәптерлер бар.

-Сенің сөмкеңде не бар?

-Менің сөмкемде дәптерлер бар.
Синквейн (бес жолды сөйлем құрастыру) әдісімен жасалған диалог үлгілері

Диалог 17

1. -Бұл кім?

-Бұл-құрылысшы.

2. -Құрылысшы не істеді?

- Құрылысшы салды.

3. -Құрылысшы не салды?

-Құрылысшы үй салды.

4. -Құрылысшы қанша үй салды?

-Құрылысшы көп үй салды.

5. –Құрылысшы қандай үй салды?

-Құрылысшы көп әдемі үй салды.

Диалог 18
-Бұл не?

-Бұл- гүл.

-Не алдың?

-Гүл алдым.

- Кім гүл алды?

-Мен гүл алдым.

-Сен қандай гүл алдың?

-Мен әдемі гүл алдым.

-Сен әдемі гүлді қайдан алдың?

-Мен әдемі гүлді вазадан алдым.

Диалог 19

-Бұл не?


-Бұл-қалам

-Кімнің қаламы?

-Менің қаламым.

-Сенің қаламың қандай?

-Менің қаламым қызыл.

-Сенің неше қызыл қаламың бар?

-Менің үш қызыл қаламым бар.

-Сенің үш қызыл қаламың қайда?

-Менің үш қызыл қаламым сөмкемде.


Диалог 20

-Бұл кім?

-Бұл- мен.

-Сен не істеп отырсың?

-Мен оқып отырмын.

-Сен не оқып отырсың?

-Мен кітап оқып отырмын.

-Сен қандай кітап оқып отырсың?

-Мен ертегі кітап оқып отырмын.

-Сен қандай ертегі кітап оқып отырсың?

- Мен қызық ертегі кітап оқып отырмын.
Диалог 21

-Бұл кім?

-Бұл –бала.

-Бала не істеді?

-Бала киді.

-Бала не киді?

-Бала киім киді.

-Бала қандай киім киді?

-Бала жылы киім киді.
Диалог 22

-Мынау не?

-Бұл-ойыншық.

-Кімнің ойыншығы?

-Менің ойыншығым.

-Сенің ойыншығың жұмсақ па?

-Иә, менің ойыншығым жұмсақ.

-Сенің жұмсақ ойыншығың жаңа ма?

-Иә, менің жұмсақ ойыншығым жаңа.

-Сенің жұмсақ, жаңа ойыншығың қайда?

-Менің жұмсақ , жаңа ойыншығым бөлмемде.

Диалог 23

-Мынау не?

-Бұл-оқулық.

-Бұл қандай оқулық?

-Бұл-қазақ тілі оқулығы.

-Кімнің қазақ тілі оқулығы?

-Менің қазақ тілі оқулығым.

-Сенің қазақ тілі оқулығың жаңа ма?

-Иә, менің қазақ тілі оқулығым жаңа.

-Сенің жаңа қазақ тілі оқулығың қайда жатыр?

-Менің жаңа қазақ тілі оқулығым үстелде жатыр.

Диалог 24

-Мынау не?

-Бұл-бәйшешек.

-Бәйшешек қайтті?

-Бәйшешек гүлдеді.

-Бәйшешек қашан гүлдеді?

-Бәйшешек көктемде гүлдеді.

-Бәйшешек көктемде ерте гүлдеді ме?

-Иә, бәйшешек көктемде ерте гүлдеді.

-Бәйшешек көктемде қайда ерте гүлдеді?

-Бәйшешек көктемде тауда ерте гүлдеді.
Диалог 25

-Мынау ненің суреті?

-Бұл –гүлдің суреті.

-Гүлдің суреті қандай?

-Гүлдің суреті әдемі.

-Әдемі гүлдің суретін не істедің?

-Әдемі гүлдің суретін сыйладым.

-Әдемі гүлдің суретін кімге сыйладың?

-Әдемі гүлдің суретін анама сыйладым.

-Әдемі гүлдің суретін анаңа қашан сыйладың?

- Әдемі гүлдің суретін анама мерекеде сыйладым.


3-сыныпқа арналған диалог үлгілері
Диалог 1
-Кім үй салды?

-Әкем үй салды.

-Әкең кімге үй салды?

-Әкем бізге үй салды.

-Әкең сендерге қандай үй салды?

-Әкем бізге үлкен үй салды.

Әкең сендерге үлкен үйді қашан салды?

-Әкем бізге үлкен үйді биыл салды.

-Әкең сендерге үлкен үйді биыл неден салды?

-Әкем бізге үлкен үйді биыл кірпіштен салды.


Диалог 2
-Ертең неше сабақ?

-Ертең бес сабақ.

-Ертең сендерде неше сабақ?

-Ертең бізде бес сабақ?

-Ертең сендерде қандай сабақтар болады?

-Ертең бізде: математика, қазақ тілі, дүниетану,орыс тілі және сурет сабағы.

-Ертең қазақ тілі нешінші сабақ?

-Ертең қазақ тілі үшінші сабақ.


Диалог 3
-Бүгін қай күн?

-Бүгін бейсенбі.

-Бейсенбіде неше сабақ болады?

-Бейсенбіде алты сабақ болады.

-Бейсенбіде ән сабағы бар ма?

-Иә, бейсенбіде ән сабағы бар.

-Бейсенбіде ән сабағы нешінші сабақ?

-Бейсенбіде ән сабағы бесінші сабақ.


Диалог 4
-Саған ән сабағы ұнай ма?

-Иә, маған ән сабағы ұнайды.

-Ән сабағында не істейсіңдер?

-Ән сабағында ән айтамыз.

-Ән сабағында нота үйренесіңдер ме?

-Әрине, үйренеміз.

-Сыныпта қандай аспап бар?

-Сыныпта пианино бар.

-Пианинода кім ойнайды?

- Пианинода апай ойнайды.

Диалог 5
-Ертең дене тәрбиесі сабағы бар ма?

-Иә, ертең дене тәрбиесі сабағы бар.

-Саған дене тәрбиесі сабағы ұнай ма?

-Иә, маған дене тәрбиесі сабағы ұнайды.Ал саған ше?

- Маған да дене тәрбиесі сабағы ұнайды. Тағы қандай сабақты ұнатасың?

-Мен қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі сабақтарын ұнатамын.

-Ал математиканы ше?

-Математика да ұнайды. Бірақ маған тілдерді үйрену жеңілдеу.

-Ал мен есеп шығарғанды ұнтамын.
Диалог 6
-Сенімен танысуға бола ма?

-Иә, болады. Менің атым Бақыткелді. Сенің атың кім?

-Менің атым Ярослав.Сенің ұлтың кім?

-Менің ұлтым қазақ. Сенің ше?

-Менің ұлтым украин.

-Кел, екеуміз дос болайық!

-Жақсы, дос болайық.
Диалог 7
Жағдаят: Астанада танысу.

1-ші бала: Сен қайдансың?

2-ші бала: Мен Өзбекстаннанмын. Сен ше?

1-ші бала: Мен Қазақстаннанмын.Ал сен ше?

3-ші бала: Мен Ресейденмін.

1- ші бала: Сендерге Астана ұнай ма?

3-ші бала: Иә, ұнайды.

2-ші бала: Маған да ұнайды.


Диалог 8
-Сен Қазақстанның қандай қалаларын білесің?

-Мен Астана, Қарағанды, Қызылорда, Тараз, Семей қалаларын білемін.

-Ең үлкен қала қандай?

- Ең үлкен қала -Алматы деп ойлаймын.

-Ең әдемі қала қандай?

-Ең әдемі қала- Астана.


Диалог 9
-Қай қала оңтүстікте орналасқан?

-Алматы, Тараз, Қызылорда, Шымкент оңтүстікте орналасқан.

-Қай қала солтүстікте орналасқан?

-Көкшетау, Павлодар, Петропавл, ... солтүстікте орналасқан.

-Қай қала батыста орналасқан?

-Орал, Атырау,Ақтөбе, Ақтау батыста орналасқан.

-Қай қала шығыста орналасқан?

-Өскемен, Семей шығыста орналасқан.


Диалог 10
Сен пойызбен жүрдің бе?

-Иә, жүрдім. Сен ше?

-Мен де жүрдім.

-Сен пойызбен қайда бардың?

-Мен Алматыға бардым. Сен ше?

-Мен Атырауға бардым.

-Саған пойызбен жүрген ұнай ма?

-Өте ұнайды. Саған ше?

-Маған да ұнайды.
Диалог 11
-Дәрия, сен ертең саябаққа барасың ба?

-Иә, мен ертең саябаққа барамын.

-Кіммен барасың?

- Әкеммен барамын.

-Ал сенше?

-Ағам екеуміз алаңға барамыз.

-Алаңда не болады?

-Концерт болады.

-Ооо... олай болса, біз саябақтан кейін алаңға барамыз.

-Тамаша, ертең алаңда кездесеміз!

-Иә, кездесеміз.


Диалог 12


-Сен жүзе аласың ба?

-Иә, мен жүзе аламын.

-Мен де жүзе аламын. Сен шаңғы тебе аласың ба?

-Жоқ. Мен шаңғы тебе алмаймын.

-Ал мен шаңғы, коньки тебе аламын.

-Сен конькиді қайда тебесің?

-Мен конькиді «Алау» спорт кешенінде тебемін.

-Тамаша! Мен де үйренгім келеді.


Диалог 13
-Сәлем!

-Сәлем!


-Сен жазда қайда демаласың?

-Мен жазда мектеп лагерінде демаламын.

-Сендер онда не істейсіңдер?

-Біз сағат 9-да лагерге келеміз, тамақ ішеміз. Тамақтан соң таза ауада серуендейміз, ойын ойнаймыз.

-Өзенге шомылуға барасыңдар ма?

-Жоқ, біз өзенге бармаймыз, бірақ біз шомыламыз.

-Қайда шомыласыңдар?

-Біз шомылуға бассейнге барамыз.

Диалог 14

-Сен жазда лагерге барасың ба?

-Жоқ, мен жазда лагерге бармаймын. Ауылға барамын.

-Ауылда кім тұрады?

-Ауылда атам мен әжем тұрады.

-Ауылда не істейсің?

-Ауылда мен атама көмектесемін. Біз бақша ағаштарын күтеміз.

-Ауылдың қасында өзен бар ма?

-Иә, ауылдың қасында өзен бар.

Сен балық аулайсың ба?

-Иә, атам екеуміз өзенге барамыз, балық аулаймыз.
Диалог 15
-Сафия, сенің туған күнің қашан?

-Менің туған күнім бүгін.

-Ооо...Мен сені туған күніңмен құттықтаймын! Саған зор денсаулық, мол бақыт, көп сәттіліктер тілеймін.

-Рахмет! Мен сені туған күніме шақырамын. Бүгін сағат 3-те кел.

-Әрине, келемін.

Диалог 16


-Кешіріңіз, сізден сұрауға бола ма?

-Болады.


-Орталық стадионға қалай баруға болады?

-Қазір осы көшемен алға жүріңіз, дүкеннен соң солға бұрылыңыз, аялдаманың қасында Орталық стадионды көресіз.

-Рахмет.
Диалог 17
-Айтып жіберіңізші, жақын жерде дәріхана бар ма?

-Иә, бар.

-Қалай баруға болады?

- Қазір оңға бұрылыңыз, сосын тіке жүріңіз, стадионның сол жағында дәріхана орналасқан?

-Рахмет.
Диалог 18
-Сенімен танысуға бола ма?

-Болады.Менің атым Бақыт. Сенің атың кім?

-Менің атым Мақсат.

-Нешінші сыныпта оқисың?

-3 -ыныпта оқимын. Сен ше?

-Мен 4 -сыныпта оқимын.

-Нешінші мектепте?

- 5-мектепте. Сен ше?

-Мен №31 мектеп-гимназияда оқимын.
Диалог 19
-Сенің мектебің қай жерде?

-Менің мектебім Кенесары көшесінде.

-Ол қаланың қай жағында?

-Қаланың оң жағалауында орналасқан.

-Ал сенің мектебің ше?

-Менің мектебім сол жағалауда?

-Мектебің қандай?

-Мектебім жаңа, әдемі.

-Ол алыс па? Иә, алыс. Мен мектепке автобуспен барамын.

Диалог 20


-Сен қазір қайда барасың?

-Мектепке барамын.

-Жаяу барасың ба?

-Жоқ, мен мектепке автобуспен барамын.

-Нешінші автобуспен барасың?

- 4, 26,48 , автобустар жүреді.

-Қай аялдамадан отырасың?

-Аялдама Уәлиханов көшесінде.

-Ал, мен жаяу барамын. Кездескенше.

- Кездескенше.


Диалог 21
-Сәлем, Олег!

-Сәлем, Бақыт!

-Сен кеше сабаққа неге келмедің?

-Ауырып қалдым.

-Қай жерің?

-Қызуым көтерілді.

-Дәрігерге бардың ба?

-Иә, бардым. Ол маған дәрілер жазып берді.

-Жақсы, айығып кетуіңді тілеймін.

-Рахмет. Сау бол.

-Сау бол.
Диалог 22
-Бақыт, сен қайда тұрасың?

-Мен «Самал» шағын ауданында тұрамын.

-Нешінші үйде?

-Алтыншы үйде.

-Ал мен төртінші үйде тұрамын. Көрші болдық қой.

-Иә, көрші екенбіз.

-Ертең мектепке бірге барайық.

-Жақсы, Таңертең аулада кездесейік.

-Келістік. Көріскенше.

-Сау бол.

Диалог 23

Мұғалім: Мұса, сен Айдариядан отбасыңда неше адам бар деп сұрашы.

Мұса:Айдария сенің отбасыңда неше адам бар?

Айдария: Менің отбасымда жеті адам бар.

Мұғалім:Сайда, сен Нұрбақтан атаң, әжең бар ма деп сұрашы.

Сайда:Нұрбақ, сенің атаң, әжең бар ма?

Нұрбақ: Иә, менің атам, әжем бар.

Диалог 24

Мұғалім: Балалар, Айеркенің әжесі дәрігер болып істейді. Ал Әлидің әжесі кім болып істейді?

Нұрбақ: Әли сенің әжең кім болып істейді?

Әли: Менің әжем мұғалім болып жұмыс істейді.

Нұрбақ: Әлидің әжесі мұғалім болып істейді.

Диалог 25

-Сен қайда барасың?

-Мен дүкенге барамын.

-Қай дүкенге барасың?

-Азық-түлік дүкеніне барамын.

-Дүкен үлкен бе?

-Иә, үлкен. Онда азық-түлік бөлек-бөлек орналасқан.

-Сен не сатып аласың?

-Мен нан, сүт, және жемістер сатып аламын.

-Бірге барайықшы.

-Қаласаң, барайық.

4-сыныпқа арналған арналған бағыттау тапсырмалары мен диалог үлгілері

Диалог 1


Керекті сөз тіркестері: Кел танысайық, менің атым, дос болайық, бірге барамыз, ертең барамыз...

Мұғалім:Нұрбақ, сен Мұсадан «қай мектепте оқисың» - деп сұрашы.

Нұрбақ: Мұса сен қай мектепте оқисың?

Мұса: Мен №27мектеп-лицейде оқимын. (Басқа ықтимал жауаптар алуға болады)

Мұғалім: Нұрбақ, сен Мұсадан « қай көшеде тұрасың»- деп сұрашы.

Нұрбақ: Мұса, сен қай көшеде тұрасың?

Мұса: Мен Омаров көшесінде тұрамын. (Басқа ықтимал жауаптар алуға болады)

Диалог 2


Мұғалім: Айдария сен Айеркеден «Екеуіміз мектепке бірге барамыз ба?»- деп сұрашы.

Айдария: Айерке мектепке екеуіміз бірге барамыз ба?

Айерке: Иә, мектепке екеуіміз бірге барамыз.

Мұғалім: «Мектепке автобуспен барамыз ба?»- деп сұрашы.

Айдария: Мектепке автобуспен барамыз ба?

Айерке: Мектеп жақын ғой, жаяу барайық.

Диалог 3

Мұғалім: Имран , сен Әлиге «екеуіміз дос болайық» деші.

Имран: Әли, сен екеуіміз дос болайық.

Әли: Жақсы, екеуіміз дос болайық.

Жоғарыда берілген дайындық үлгілері 3-4 сабақ бойы қолданылса, оқушылар танысуға арналған тақырыптық диалогтарды жеңіл құрастырады.

Диалог 4

Бір аулада ойнайтын балалардың танысуы

-Кел танысайық. Менің атым Нұрбақ. Мен №27 мектеп-лицейде оқимын.

-Менің атым Мұса. Мен де №27мектеп-лицейде оқимын.

- Сен қай жерде тұрасың?

-Ташенов көшесінде, №14 үйде тұрамын.

-Мен Ташенов көшесінде, №13 үйде тұрамын.

-Олай болса екеуіміз дос болайық.

-Жақсы, ертең мектепке бірге барамыз. (Басқа ықтимал жауаптар алуға болады)

Диалог 5

Керекті сөз тіркестері: Қайырлы таң, бірге барамыз, күнде барамыз, жұмыс істейді, бәріміз барайық...

Мұғалім: Айерке ,Нұрбақтан сенің ата-анаң қайда жұмыс істейді деп сұрашы.

Айерке:Нұрбақ , сенің ата-анаң қайда жұмыс істейді?

Нұрбақ: Менің әкем -инженер, ал анам мектепте -мұғалім.

Диалог 6


Мұғалім:Имран, Әлиден сенің ағаң, әпкең, қарындасың, інің бар ма деп сұрашы.

Имран: Әли, сенің ағаң, әпкең, қарындасың, інің бар ма?

Әли: Менің әпкем және інім бар.

Мұғалім:Имран, Әлиден сенің әпкең және інің қайда оқиды деп сұрашы.

Имран: Әли, сенің әпкең және інің қайда оқиды?

Әли: Олар мектепте оқиды.

Диалог 7

-Қайырлы таң, Айдария!

-Қайырлы таң, Айерке!

-Біз енді күнде мектепке бірге барамыз!

-Иә, күнде бірге барамыз!

- Менің ата -анам емханада жұмыс істейді, сенің ата-анаң қайда жұмыс істейді?

-Менің әкем инженер, ал анам мектепте мұғалім.

-Менің ағам студент , ал сенің ағаң бар ма?

-Жоқ, менің әпкем және інім бар, олар мектепте оқиды.Мектепке бәріміз бірге барайық.

-Келістік.

Диалог 8

Үлгі: Мұғалім- О1; М- О 1; М- О1 немесе М—О2; М—О3

М: Қаланың сол жағалауында не бар?

О: Қаланың сол жағалауында «Бәйтерек» ғимараты бар.

М: «Бәйтеректің» жанында не орналасқан?

О: «Бәйтеректің» жанында ..., ... орналасқан.

М: Сенің мектебің қайда орналасқан?

О: Менің мектебім қаланың оң жағалауында орналасқан.

(Жауап беру барысында оқушылар «Бәйтеректің» жанындағы өздері қалаған ғимаратты атауларына болады)

Диалог 9

О-1: «Бәйтерек» қандай ғимарат?

O-2:«Бәйтерек» әлемде теңдесі жоқ әмбебап ғимарат.

O-1: «Бәйтеректің» әлемде теңдесі бар ма, жоқ па?

O-2:«Бәйтеректің» әлемде теңдесі жоқ.

O-1: «Бәйтерек» әлемде теңдесі жоқ ғимарат па?

O-2: Иә, «Бәйтерек» әлемде теңдесі жоқ әмбебап ғимарат.

Диалог 10

Отбасы мүшелері

-Нұрбақ, сенің отбасың үлкен бе?

-Иә,менің отбасымда жеті адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, анам, інім, қарындасым және мен.

-Керемет! Ал менің отбасым үлкен емес: әкем, шешем және мен.

-Сенің атаң мен әжең жоқ па?

-Менің әжем ғана бар, ол Алматыда тұрады. Әжем дәрігер болып жұмыс істейді.

-Менің әкем тіс дәрігері, анам – мұғалім. Маған дәрігер мамандығы ұнайды.

-Иә, дәрігер мамандығы -жақсы мамандық. Дәрігер болу үшін- көп оқу керек.

Диалог 11

Сафия: Әли, бүгін Бірінші қыркүйек, сен мектепке барасың. Ал Мұса қайда барады?

Әли: Мұса, бүгін Бірінші қыркүйек.Сен қайда барасың?

Мұса: Иә, бүгін Бірінші қыркүйек, мен мектепке барамын.

Сафия: Мұса, сен бүгін мектепке кіммен барасың?

Мұса: Мен мектепке анаммен барамын. Ал сен ше Әли?

Әли: Менің анам жұмыста. Мен әжеммен барамын.

Диалог 12

Мұғалім:Сайда, сен Мұсадан Бірінші қыркүйек қандай күн деп сұрашы.

Сайда: Мұса, Бірінші қыркүйек қандай күн?

Мұса: Бірінші қыркүйек –Білім күні.

Мұғалім: Бірінші қыркүйек –Білім күні.Ұстаздар оқушыларды Білім күнімен құттықтайды.Нұрбақ, сен Әлиді Білім күнімен құттықташы.

Нұрбақ: Әли, мен сені Білім күнімен құттықтаймын.

Мұғалім: Әли, сен Айдарияны Білім күнімен құттықташы.

Әли: Айдария, мен сені Білім күнімен құттықтаймын.

Диалог 13

Бірінші қыркүйек

-Бірінші қыркүйек қандай күн?

-Бірінші қыркүйек Білім күні.

-Бұл күні сен не істейсің?

-Бұл күні мен мектепке барамын.

-Сен мектепке кіммен барасың?

-Мен мектепке анаммен барамын. (Ықтимал жауаптар әкеммен, әжеммен,...)

-Ұстаздарың не дейді?

-Ұстаздарым Білім күнімен құттықтайды.

Диалог14


-Лия , бүгін сіздің үйде қандай мереке ?

-Бүгін менің туған күнім.

-Туған күніңмен құттықтаймын. Зор денсаулық, бақытты өмір тілеймін.

-Рақмет. Маған қонаққа досым Сафия келді. Ол маған қызық кітап сыйлады.

Диалог 15

Нұрбақ: Имран, сен Димадан «Сиырдың төлі қалай аталады?»- деп сұрашы.

Имран: Дима, сиырдың төлі қалай аталады?

Дима: Сиырдың төлі «бұзау» деп аталады.

Эмилия: Димаш, сен Гошадан «Сенің мысығың бар ма?»-деп сұрашы.

Димаш: Гоша, сенің мысығың бар ма?

Гоша: Менің мысығым бар. (Жоқ, менің мысығым жоқ).

Эмилия: Димаш, сен Гошадан «Сенің мысығың қандай?»-деп сұрашы?

Димаш: Гоша, сенің мысығың қандай?

Гоша: Менің мысығым әдемі.

(Бағыттау тапсырмалары арқылы ойлары мен сөйлесу дағдыларын жаттықтырған соң , шағын диалог құрастыру қиын болмайды).

Диалог 16

Қарақат: Ерсұлтан, төрт түлік мал қалай аталады?

Ерсұлтан: Төрт түлік мал: түйе, сиыр, жылқы, қой.

Қарақат: Түйенің төлі не?

Ерсұлтан: Түйенің төлі- ... .

Қарақат: Сиырдың төлі не?

Жасмин: Сиырдың төлі - ... .

Алтынай: Жылқының төлі не?

Жасмин: Жылқының төлі - ... .

Жібек: Қойдың төлі не?

Қайсар: Қойдың төлі - ... .

Алтынай: Ешкінің төлі не?

Әмір: Ешкінің төлі - ... .

Диалог 17

«Үй жануарлары мен құстар» тақырыбына бағыттау тапсырмалары арқылы құрастырылған диалог үлгілері.

Мұғалім: Дәрия, сен Рүстемнен сиыр үй жануары ма?»-деп сұрашы.

Дәрия: Рүстем, сиыр үй жануары ма?

Рүстем: Иә, сиыр үй жануары.

Мұғалім: Гоша, сен Каринадан «Жылқы үй жануары ма?»-деп сұрашы.

Гоша: Карина, жылқы үй жануары ма?

Карина: Иә, жылқы үй жануары.

Мұғалім: Дамир, сен Дашадан «Ешкі үй жануары ма?»-деп сұрашы.

Дамир: Даша, ешкі үй жануары ма?

Даша: Иә, ешкі үй жануары.

Мұғалім: Имран, сен Данилдан «Қойдың төлі қалай аталады?»-деп сұрашы.

Имран: Данил, қойдың төлі қалай аталады?

Данил: Қойдың төлі «қозы» деп аталады.

Диалог 18

-Гоша, құлын мен бұзау үй жануарлары ма?

-Иә, құлын мен бұзау -үй жануарлары.

-Ерсұлтан, сенің мысығың бар ма?

Жоқ, менің мысығым жоқ, күшігім бар.

-Сенің күшігің қандай?

-Күшігім кішкентай, сүйкімді.

-Бексұлтан: мынау не?

-Бұл –үйрек.

-Бұл кімнің үйрегі?

-Бұл- әжемнің үйрегі.

-Үйректің балапаны бар ма?

-Иә, үйректің балапаны бар.

-Ал, үйрек не жейді?

-Үйрек жем жейді.

-Жемді кім береді?

-Жемді Қарақат пен Бексұлтан береді.



5-сыныпқа арналған арналған бағыттау тапсырмалары мен диалог үлгілері

Диалог 1


Жаңа оқу жылы

-Жаңа оқу жылы қашан басталады?

-Жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.

-Сен жаңа оқу жылына дайынсың ба?

-Иә, маған ата-анам оқу құралдарын сатып әперді. Ал өзің ше?

-Мен анаммен ертең кеңсе тауарларын сатып аламын.

-Республика даңғылында жақсы дүкен бар.

-Иә, біз сол дүкенге барамыз.

Диалог 2

Кеңсе тауарлары немесе кітап дүкенінде

-Сәлеметсіз бе, айтыңызшы сіздерде тор көз дәптер бар ма?

-Иә бар, тор көз дәптердің үш түрі бар?

-Қандай түрлері?

-Он екі, он сегіз парақтығы және қалың тор көз дәптер де бар.

-Маған он бес он екі парақ және үш қалың тор көз дәптер беріңізші.

-Жақсы, басқа не зат қажет?

-О-о, иә, тағы екі қара қарындаш пен үш көк қалам беріңіз, барлығы қанша тұрады?

-Барлығы төрт жүз он сегіз теңге болады.

-Міне, алыңыз.Сау болыңыз.

-Сау болыңыз, келіп тұрыңыз.

Диалог 3

Мектепке дайындық

-Нұрбақ, сен ертең мектепке барасың ба?

-Әрине, барамын, ертең 1 қыркүйек қой.

-Ал сен ертең қандай киімдер киесің?

-Мен мектеп формасын киемін. Біздің мектептің өз формасы бар. Ал сен ше?

-Біздің мектептің де өз формасы бар. Мен биыл жаңа форма алдым,ол маған өте ұнайды.

-Біздің де киімдеріміз жақсы,бірыңғай мектеп формасын киген оқушыларға жарасады.

-Мен де солай ойлаймын, мектеп ережесіне сай киіну тәртіпті және әдепті болуға үйретеді.

Мұғалім мен оқушылар арасындағы тәрбиелік жағдаяттар

Диалог 4

Бөлме тазалығы, баланың үйдегі міндеттері

-Нұрбақ, мынау сенің бөлмең бе?

-Иә, бұл менің бөлмем.

-Бөлмең кең, әрі жарық екен.

-Иә, менің бөлмем маған өте ұнайды. Мен сабақты өз бөлмемде дайындаймын.

-Ал сенің бөлмеңді кім жинайды?

-Бөлмемді өзім жинаймын, кейде маған әпкем көмектеседі.

-Еденді кім жуады?

-Еденді ағам екеуіміз жуамыз, мен гүлдерге су құямын.

Диалог 5

Бөлмедегі заттар

-Сафия, сенің бөлмеңде қандай заттар бар?

-Менің бөлмемде бір үстел, екі орындық, киім шкафы,екі кереует бар,еденде әдемі кілем жатыр.

-Кітаптарыңды қайда қоясың?

-Кітаптарымды кітап сөресіне қоямын.

-Сенің кереуетің қай жерде тұр?

-Менің кереуетім оң жақ бұрышта тұр, ал сол жақтағы кереуетте әпкем жатады. (Ықтимал жауаптар: ағам, інім, ...)

-Тамаша, екеуіңе көңілді шығар.

-Әрине, бос уақытты біз қызықты өткіземіз.

Диалог 6


Бөлмедегі өсімдіктер

-Сафия сенің бөлмеңде гүлдер бар ма?

-Иә, менің бөлмемде гүлдер өсіп тұр.

-Гүлдердің қандай пайдасы барын білесің бе?

-Әрине білемін, өсімдіктер ауаны тазартады, сондықтан біздің үйде әр бөлмеде гүл бар.

-Гүлдерге кім күтім жасайды, суды кім құяды?

-Гүлдерге күтімді анам екеуіміз жасаймыз, мен анама көмектесемін.

-Саған қандай гүлдер ұнайды?

-Маған ... гүлі ұнайды. (Басқа ықтимал жауаптар алуға болады)

Диалог 7

Үйдегі еңбек

- Әли, сен үйде анаңа көмектесесің бе?

-Иә, мен үйде анама көмектесемін.

-Сенің үйдегі міндетің қандай?

-Мен үйде жиһаздың шаңын сүртемін, гүлдерге су құямын.

-Үйде асты кім дайындайды?

-Асты анам дайындайды, мен көмектесемін.

-Анаңа ас үйде қандай жәрдем бересің?

-Мен картоп тазалаймын, қоқысты шығарамын.

-Жарайсың, Әли, олай болса сен анаңның нағыз қолғанаты екенсің.

Диалог 8

Таңертең


-Сайда, сен сағат нешеде оянасың?

-Мен сағат 7-де оянамын, төсегімді жинаймын.

-Таңертеңгі жаттығуды жасайсың ба?

-Мен беті-қолымды жуамын, тісімді тазалаймын, содан соң таңертеңгі жаттығулар жасаймын.

-Таңертеңгі асқа не ішесің?

-Таңертеңгі асқа тәтті тоқаш пен сүт ішемін. (Ықтимал жауаптар: нан,айран, ...)

-Таңертең сүт ішкен жақсы әдет.

-Сүттің пайдасы көп, мен оны білемін.

-Иә, мен де таңертеңгі асқа сүт ішемін.

Диалог 9

Уақыт бірліктері

-Айерке, сен уақыт бірліктерін білесің бе?

-Білемін?

-Онда айтшы, бір сағатта неше минут бар?

-Бір сағатта алпыс минут бар.

-Бір минутта неше секунд бар?

-Бір минутта алпыс секунд бар.

-Бір тәулікте неше сағат бар?

-Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар.

Диалог 10

М: Сафия, сен Айеркеден «Бір аптада қанша күн бар?»-деп сұрашы

Сафия: Айерке, бір аптада неше күн бар?

Айерке: Бір аптада жеті күн бар.

М: Айдария, сен Сайдадан «Бір айда қанша апта бар?»-деп сұрашы.

Айдария: Сайда, бір айда қанша апта бар?

Сайда: Бір айда төрт апта бар.

М: Имран, сен Нұрбақтан « Бір жылда қанша ай бар?»-деп сұрашы.

Имран: Нұрбақ, Бір жылда қанша ай бар?

Нұрбақ: Бір жылда он екі ай бар.

-Жарайсыңдар, бәрі дұрыс.

Диалог 11

Екінші ауысым

-Қазір сағат неше болды?

-Қазір сағат тура екі.

-Сағат тура екіде не басталады?

-Сағат тура екіде бірінші сабақ басталады.

-Бүгін сенде неше сабақ?

-Бүгін менде бес сабақ.

-Соңғы сабақ нешеде аяқталады?

-Соңғы сабақ сағат жетіден бес минут кеткенде аяқталады.

-Сабақтан соң не істейсің?

-Сабақтан соң үйге қайтамын.

Диалог 12

Азық- түлік дүкенінде

-Сәләмәтсіз бе!

- Сәләмәтсіз бе!

-Маған бір бөлке нан, бір килограмм қант, және 200грамм май беріңізші

- Барлығы 620теңге тұрады. Тағы не қалайсыз?

-Сіздерде үй қаймағы сатыла ма?

-Жоқ, бізде үй қаймағы сатылмайды. Бірақ Астанада жасалған «Фуд Мастер» қаймағы бар.

-«Фуд Мастер» қаймағы дейсіз бе? Бұл қаймақтың сапасы қалай екен?

-«Фуд Мастер» қаймағы жаман емес. Көпшілік алады.

-Жақсы, маған бір «Фуд Мастер» қаймағын және 200грамм ірімшік беріңіз. Барлығы қанша тұрады?

-Енді барлығы 1250 теңге болады.

-Жақсы, міне 1250теңге. Сау болыңыз№

-Сау болыңыз.

Диалог 13

-Алло. Айдария, сен білесің бе, бүгін менің туған күнім!

-Солай ма? Туған күнің құтты болсын,Айерке!

-Рақмет. Бүгін анам дәмді тағамдар дайындайды. Біздің үйге қонаққа кел!

-Жақсы, Айерке. Мен анама айтайын, рұқсат етсе келемін.

-Мен сені күтемін, кездескенше!

Диалог 14

Сыныптағы заттар

-Сынып бөлмесі қандай?

-Сынып бөлмесі кең, жарық.

-Сыныпта не бар?

-Сыныпта парталар, тақта, орындықтар, шкафтар бр.

-Шкафтың ішінде не бар?

-Шкафтың сөресінде кітаптар жинаулы тұр.

-Ал басқа шкафта не бар?

-Бұл- киім шкафы. Онда киімдер ілулі тұр.

-Қабырғада не ілулі тұр?

-Қабырғада Қазақстанның картасы және қазақ әліпбиі ілулі тұр.


Диалог 15

Отбасы мерекелері жағдаяттары

-Қайырлы таң , әжетай!

-Қайырлы таң, Әлижан!

-Әже, бүгін біздің үйде қандай мереке?

-Бүгін сенің туған күнің.

-Алақай! Бүгін менің туған күнім!

-Бүгін анаң дастарқанға дәмді тағамдар қояды.

-Әже, сіз не дайындайсыз?

-Мен бауырсақ дайындаймын, құлыным.

-Алақай! Мен бауырсақты жақсы көремін.

Диалог 16

-8-Наурыз қандай мереке?-

-8-Наурыз - аналар, әжелер, қыздар мерекесі.

-Аналар мерекесінде сен не істейсің?

-Аналар мерекесінде әкем, ағам және мен анама гүл сыйлаймыз.Анамды мерекемен құттықтаймыз.

-Анаңа қандай тілек айтасың?

-Анама зор денсаулық, бақытты өмір, еңбекте табыс тілеймін.

Диалог 17 Жыл мезгілдері

-Лия, саған қай жыл мезгілі ұнайды?

-Маған қыс жыл мезгілі ұнайды.

-Қыс мезгілі дейсің бе? Сен суық мезгілді ұнатасың ба?

-Иә, аязды күндері ауа сондай таза болады. Мен шаңғы, коньки тебуді ұнатамын.

-Ал, мен жаз мезгілін ұнатамын. Жазда өзенге шомылуға барамын. Сен жаз мезгілін ұнатасың ба?

-Жаз мезгілі – қызықты мезгіл, бірақ қапырық ауаны ұнатпаймын. Жаңбыр жауса, қуанамын. Жаңбырдан соң ауа тап-таза болады.

Диалог 18

-Күз -қандай мезгіл ?

-Күз –еңбек мезгілі.

-Күз неге еңбек мезгілі?

-Күзде астық, көкөністер жиналады.

-Сенің ата-анаң күзде не істейді?

-Менің ата-анам күзде саяжайда көкөністер жинайды, қысқа дайындалады.

-Күзде балалар не істейді?

-Күзде балалар мектепке барады. Оқу жылы басталады.

Диалог 19 Алтын күз

-Күз айларын білесің бе?

-Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.

-Күз мезгілін неге «Алтын күз» деп атайды?

-Күзде ағаш жапырқтары сап-сары болады. Сары жапырақтар жерге түседі.Айнала алтын түске боянады.

-Иә, далада егін сарғайып піседі. Мен осы кезді ерекше ұнатамын.

Диалог 20

Қыс және жаз мезгілдері

-Қай мезгілде күн суық болады?

-Қыс мезгілінде күн суық болады.

-Қатты аяздар қай айларда болады?

-Қаңтар, ақпан айында қатты аяздар болады.

-Жазда ауа райы қандай болады?

-Жазда күн ыстық болады.

-Ең ыстық күндер қай айда болады?

-Ең ыстық күндер шілде айында болды.

-Ыстық күндері сен не істейсің?-

-Ыстық күндері мен Есіл өзеніне барамын, суға шомыламын.

-Биыл жазда бірге барайықшы, мен де өзенде жүзгім келеді.

-Әрине, бірге барайық.



6-7-сыныпқа арналған арналған диалог үлгілері

Диалог 1

Спорттың пайдасы

-Нұрбақ, сен қалай ойлайсың, спортпен шұғылдану пайдалы ма?

-Әрине, спорттың пайдасы зор. Спортпен шұғылдансаң денсаулығың жақсы болады.

-Спорттың қандай пайдасы бар?

-Мысалы адамның тыныс алуы жақсарады,күшті және шымыр боласың.

-Шымыр болу деген не?

- Шымыр балалар көп ауырмайды, олар ауруға қарсы тұра алады және темекі шегу сияқты жаман әдеттен аулақ болады.

-Түсіндім, рақмет.

Диалог 2

Спорт түрлері

-Спорттың қандай түрлері бр?

-Спорттың түрлері көп. Олар: қашықтыққа жүгіру, суда жүзу, биіктікке секіру, күрес, бокс, шаңғы және коньки тебу, футбол, хоккей, баскетбол ойындары,т.б.

- Саған спорттың қай түрі ұнайды?

-Маған ат спорты ұнайды.

-Сен ат спортымен айналысасың ба?

-Иә, мен ат спортымен айналысамын. Ал сен спорттың қай түрін ұнатасың?

-Мен спортпен айналыспаймын, би үйірмесіне барамын. Би билеуді жақсы көремін.

Диалог 3

Ұлттық спорт түрлері

-Ұлттық спорт түрлеріне қандай спорт түрлері жатады?

-Ұлттық спорт түрлеріне: ат спорты түрлері, аударыспақ, көкпар тарту, бәйге, теңге алу, қазақша күрес, құсбегілер жарысы, тоғызқұмалақ жатады.

-Балаларға арналған ұлттық спорт түрлері қандай?

-Балалар күреске, ат бәйгесіне қатыса алады. Қазақ балалары асық ойынын жақсы көрген.

-Асық ойынының қандай пайдасы бар?

-Асық ойыны ептілікке, жылдамдыққа, шапшаң ойлауға үйретеді.

Диалог 4

Дене тәрбиесі сабағы

-Мұса, бүгін неше сабақ болады?

-Бүгін бізде бес сабақ болады.

-Соңғы сабақ қандай сабақ?

-Соңғы сабақ дене тәрбиесі болады.

-Дене тәрбиесі сабағында не істейсіңдер?

-Дене тәрбиесі сабағында біз қашықтыққа жүгіреміз, биіктікке секіруге, түрлі шынықтыру жаттығуларын жасауға үйренеміз. Маған дене тәрбиесі сабағы ұнайды.

-Мен де дене тәрбиесі сабағын асыға күтемін.

Диалог 5

Шынықсаң –шымыр боласың.

-Сайда, сен қайда бара жатырсың?

-Бассейнге.

-Сен жүзу білесің бе?

-Иә, жүзу білемін. Мен аптасына үш рет бассейнге барамын. Суда жүзу денсаулыққа өте пайдалы.

-Қандай тамаша! Ал мен жүзу білмеймін. Бірақ мен ат спортымен айналысамын.

-Ат спорты – өте қызықты спорт деп ойлаймын.

-Иә, мен өскенде «Көкпар» ойынына қатысқым келеді.

-Спорттың қай түрі болса да адамды шынықтырады.

-Әрине, шынықсаң денің де сау болады.

Диалог 6

Спорт достастырады

-Имран, сенің достарың футбол ойнай ма?

-Иә, менің футболшы достарым өте көп. Мектепте футбол үйірмесі бар.

-Ал, менің достарым хоккейді жақсы ойнайды. Қысқы демалыста біз аулада хоккейді жиі ойнаймыз.

-Өткен жылы біздің футболшылар Қазақстан қалаларын аралап келді.Мен де бардым, өте қызықты саяхат болды және көп балалармен достастым.

-Жолың болған екен, достарыңның көп болғаны жақсы ғой.

-Әрине, сондықтан менің достарым көп.

Диалог 7 Театрда



  • Сен театрда болдың ба?

  • Әрине болдым.

  • Қай театрда болдың?

  • Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда болдым.

  • Ол қандай театр?

  • Ол қазақ музыкалық драма театры.

Диалог 8

- Қазақ музыкалық театры кімнің атында?

- Қазақ музыкалық театры Қалибек Қуанышбаев атында.

- Сен ол театрда болдың ба?

- Әрине болдым.

- Театрда не болады?

- Театрда қойылым болады. Сахнада әртістер ойнайды.

Диалог 9


-Алақай, ертең мен театрға барамын.

-Қай театрға барасың?

-Қазақ музыкалық театрына барамын.

-Ол қай жерде орналасқан?

-Қазақ музыкалық театры Жақып Омаров көшесінде орналасқан.

-Астанада опера және балет театры бар ма?

-Иә, Астан

ада Күләш Бәйсейітова атындағы опера және балет театры бар.

Диалог 10
Р.Ю.Мартынованың әдісімен «Ұлттық тағамдар» тақырыбына құрастырылған үлгі диалог оқушылардың сөйлем үлгілерін жылдам қабылдап, есте сақтау қабілеттерінің жақсару деңгейін көрсетті.


-Сәлеметсіз бе?
-Мен Ресейден едім, уақытыңыз болса, маған қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы айта аласыз ба?

-Ет тағамдарын қазақ халқы қалай дайындаған?

-Ол тағамдарды қалай атаған?

-Сүттен қандай тағамдар әзірлеген?


-Ал ұннан не дайындаған?



-Қазақ халқы өсімдік түрлерін қалай пайдаланған?


-Менің халқымның да өз ұлттық тағамдары бар. Бірақ маған қазақ халқының қазақша еті керемет ұнайды. Оны бәрі «бешбармак» деп атайды екен.

-Иә,..мен де оны байқап қалдым, «бешбармақ» өте дәмді тағам екен.
-Ой, сіз маған көп қызық мәліметтер бердіңіз, рақмет, сау болыңыз!


Қайырлы күн!
Әрине, айтамын.Қазақ халқы дастарқан байлығына ерекше мән берген. Ұлттық тағамдарды үш түрге бөлуге болады. Олар: қызыл(ет тағамдары), ақ (сүт тағамдары) және көк ( көкөністер мен жемістер).

Етті суға пісіріп те, буға пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп турап, отқа қақтап та әзірлеген.


Ол тағамдар- «қазақша ет, қазы, қарта, шұжық, жал, жая, қуырдақ»- деп аталған.
Сүттен құрт, ірімшік, шұбат, айран, май, қаймақ,қатық, ежігей сияқты ішетін, жейтін әртүрлі тағам әзірлеген.

Ұннан бауырсақ, ши бауырсақ, шелпек,таба нан, жайма нан, қалаш нан,тоқаш әзірлеген.

Ет тағамдарының сорпасын дәмдендіру үшін өсімдік түрлерін пайдаланған.

Иә, бұл тағам «бешбармақ» деген атпен барлық Қазақстандықтарға белгілі және оны біздің елде барлық ұлттар дайындай алады және ерекше ұнатады.


Кешіріңіз жүретін мезгілім болды...
Сау болыңыз, жолыңыз болсын!

Диалог 11

Сыныптағы заттар

-Сынып бөлмесі қандай?

-Сынып бөлмесі кең, жарық.

-Сыныпта не бар?

-Сыныпта парталар, тақта, орындықтар, шкафтар бр.

-Шкафтың ішінде не бар?

-Шкафтың сөресінде кітаптар жинаулы тұр.

-Ал басқа шкафта не бар?

-Бұл- киім шкафы. Онда киімдер ілулі тұр.

-Қабырғада не ілулі тұр?

-Қабырғада Қазақстанның картасы және қазақ әліпбиі ілулі тұр.

Диалог 12

Менің сыныбым

-Айерке, мынау менің сыныбым. Менің сыныбым үлкен, жарық және жайлы.Ал, сенің сынбың қандай?

-Менің сыныбым да кең, жарық. Сыныпта үш терезе бар. Терезенің алдында гүлдер өсіп тұр.

-Біздің сыныпта гүлдер арнайы сөрелерге орналастырылған. Сенің сыныбыңда тағы не бар?

-Менің сыныбымда алдыңғы қабырғада теледидар ілулі тұр. Біз үзілісте қазақша мультфильм көреміз.

-Біздің сыныпта да теледидар бар. Біз үзілісте ән тыңдаймыз, сергіту жаттығуларын жасаймыз.

Диалог 13

Сыныптағы танысу

-Сәлем! Сен біздің сыныпқа жаңадан келдің бе?

-Иә, менің атымАйдария.

-Ал, мен Лиямын. Мынау біздің сынып. Біздің сынып үлкен, жарық және жайлы.

-Иә, сынып әдемі екен. Сыныпта неше оқушы бар?

-Сыныпта 29 оқушы бар. 16 қыз бала және 13 ер бала.

-Лия, сен қай орында отырасың?

-Мен екінші қатарда, үшінші партада отырамын. Ал соңғы партада бір орын бос. Айдария, сен сонда отыр.

-Мен алыстан нашар көремін.

- Онда апайға айту керек. Бұл мәселені апай шешеді. (Басқа ықтимал жауаптар алуға болады).

Диалог 14

Оқу құралдары

-Нұрбақ, сенің қандай оқу құралдарың бар?

-Менің оқулықтарым, қаламым, қарындаштарым, сызғышым, өшіргішім , күнделігім бар.

-Тор көз дәптер сатып алдың ба?

-Жоқ, менде кең жол дәптерлер мен қалың тор көз дәптерлер бар.

-Математика сабағына жұқа тор көз дәптер керек.

-Мен ертең жұқа тор көз дәптерлер мен сурет дәптерін сатып аламын.

-Онда дүкенге бірге барайық. Маған түрлі-түсті қарындаштар керек.

-Келістік, ертең бірге барамыз.

Диалог 15

Кеңсе тауарлары дүкені

-Нұрбақ, міне тор көз дәптерлер. Неше дәптер аласың?

-Мен 25 тор көз дәптер, 2 сурет дәптерін аламын.

-Ал мен мына түрлі-түсті қарындаштарды аламын.

-Маған желім мен қайшы алу керек.

-Сен мына желімді ал, ол - жақсы желім.

-Ал қандай қайшы алсам екен?

-Міне, қара. Менімше мына қайшы ыңғайлы.

-Маған да ұнайды. Осы қайшыны алайын. Барлығы қанша тұрады?

-Барлығы 980теңге .

-Жақсы, міне алыңыз. Сау болыңыз. (Басқа ықтимал жауаптар алуға болады)

Диалог 16

Дүкенде


-Сәлеметсіз бе? Маған оқулықтар керек еді.

-Бізде оқулықтар бар. Сізге нешінші сыныпқа арналған оқулықтар керек?

-Маған алтыншы сыныптың математика және қазақ тілі оқулығы қажет.

-Иә, бізде ол оқулықтар бар.

-Кешіріңіз, қай баспаның оқулықтары?

-«Алматыкітап» баспасы.

-Жақсы. Екі оқулық қанша тұрады?

-Математика оқулығы 380 теңге, ал қазақ тілі оқулығы 430 теңге. Барлығы 810 теңге болады.

-Міне, алыңыз. Сау болыңыз.

-Сау болыңыз.

Диалог17

-Имран, мен бассейнге барғым келеді. Бірге барайық.

-Бассейнге дейсің бе? Сен жүзу білесің бе?

-Иә, жүзу білемін. Ал, сен жүзу білмейсің бе?

-Жоқ, мен жүзу білмеймін, бірақ үйренгім келеді.

-Қаласаң, мен сені жүзуге үйретейін.

-Қуана-қуана келісемін.

-Олай болса келістік.

Диалог 18

-Сенің мектебіңе бөтен адамдарды кіргізе ме?

-Жоқ, менің мектебіме бөтен адамдарды кіргізбейді.

-Сенің мектебіңде бейнекамера бар ма?

-Иә, менің мектебімде бейнекамера бар.

-Бейнекамерадан бәрі көріне ме?

-Әрине, бәрі көрінеді.

-Біздің мектепте бейнекамера жоқ. Күзетші ағай бар. Ол мектепке бөтен адамдарды кіргізбейді.

Диалог 19

-Сен Бурабайда болдың ба?-

-Иә, болдым?

-Тауға шықтың ба?

-Тауға шықтым, қарағай арасында қыдырдым.

-«Биші қайыңдарды» көрдің бе?

-«Биші қайыңдар» деген алаңда суретке түстім.

-«Ұйықтаған батыр» тауы қандай әдемі!

-Иә, мен сенімен келісемін. Ол жердің көркіне көз тоймайды.

Диалог 20

Пойызда танысу жағдаяты

-Кешіріңіз, сіз Қазақстандықсыз ба?

-Иә, мен Қазақстан азаматымын. Астана қаласында тұрамын.

-Ал мен Франция азаматымын, Париж қаласында тұрамын.

-О... керемет! Париждің өзінде ме?

-Иә, Париждің өзінде. Танысып қоялық, менің есімім Жан Пьер!

-Мен Әлимін. Астанаға қайтып барамын.

-Астана туралы көп естідім. Ол үлкен қала ма?

-Астана – Қазақ елінің бас қаласы. Бұл қала жылдан-жылға көркейіп келеді.

-Мен тарихшымын. Сіз маған Астана туралы айтып беріңізші.

-Әрине, жол ұзақ, айтып беремін.

Диалог 21

Қазақстан қалалары

-Қайырлы таң Әли!

-Қайырлы таң Жан Пьер!-

-Әли, Қазақстанның басты қалалары қалай аталады?

-Алматы – ірі қала, Қазақстанның мәдени орталығы.

-Әли, мен өткен жылы бұл қалада болдым. Алматы- өте әдемі қала.

- Қазақстанда басқа да ірі қалалар бар. Олар: Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Өскемен, Қостанай, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Атырау, Петропавл.

- Қазақ жері мұнайға бай дейді. Мұнай қай аймақта мол?

-Иә, Қазақстанның жері бай. Мұнай Ақтау мен Маңғыстауда өндіріледі. Қарағанды мен Екібастұзда көмір өндіріледі. Жер байлығын картадан көруге болады.

-Жақсы, мен кейін картадан қараймын, әңгімеңізге рақмет!

Диалог 22

-Кешіріңіз, «Кітап» дүкеніне қалай баруға болады?

-Сіз басқа жерден келдіңіз бе?

-Иә, Семейден келдім. Астанада бірінші рет болуым.

-Мынау Абай даңғылы. Көше қиылысына дейін барып, солға бұрылыңыз. Сәл алға жүрсеңіз дүкенді көресіз.

-Рахмет. Жолыңыз болсын!

-Сау болыңыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы


Р. Әміров, Қазақ ауызекі тілінің синтаксистік ерекшеліктері, А., 1972;
2. М.Серғалиев, Ш.Нұрғожина, Қазақ сөйлеу тілінің экспрессивті-эмоциональды лексикасы, А., 1992

3. Абишев Н.А. Сущность методической работы в современной школе.- Талдыкурган 1995.

4. «Шың» кітабы,Қ.Ибрагимов

5. Книга для учителя,А.П.Шапко, В.А.Слободчиков, 1984

6. Мектептегі шет тілдері журналы,1989,2008

7. «Синяя птица» 5-сыныпқа арналған фрацуз тілі оқулығы,2008

8. Байхонова С.З. Развитие профессиональной компетентности педагогов в процессе повышения квалификации. – Усть- Каменогорск 2008.

9. Жайтапова А.А. Профессиональной рост учителей в системе повышения квалификации.- Алматы, 2006.

10.С.Д. Мұқанова. Құзіреттілік бағыт әдіснамасы

11. «Адырна» ұлттық- этнографиялық портал, baq.kz.diaspora/227

«Оралман бесік» Бекен Қайратұлы

12. 2-4сынып оқулығы,авторы Қайырбекова А.

13. Қосымша оқулық: 2-сынып Қазақ тілі Т.Н.Ермекова, А.А.Сатбекова, А.У.Сисембина, Г.Б.Тажибаева

14. 5-сынып Қазақ тілі оқулығы . авторлары Т.М.Артықова, Ж.Н.Қыстубаева, Л.З. Бисенова, Н.Ж. Сагирова

15. Қазақ тілі 8-сынып, С.Дюсебаев, Г.Байтилеуова, А.Қошқари, Г. Боранбаева



16. Қазақ тілі оқулығы, 7-сынып Б.Б.Шарбиева, Р.Қ. Сейсебаева
Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет