Жалпы ұйқы артериясы



бет1/10
Дата26.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#182573
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
499045.pptx
Геодезия Срс 1

Мамандық: «ЕМДЕУ ІСІ» «МЕЙІРБИКЕЛІК ІС» ПӘН : «АНАТОМИЯ» ТАҚЫРЫБЫ : «Жалпы ұйқы артериясы.Сыртқы және ішкі ұйқы артериялары.Олардың тармақтары. Қанмен қамтамасыз ететін ағзалары. Олардың анастомоздары. Бұғанаастылық артерия.Иықтық, шынтақтық, кәрі жіліктік артериялар. Қол ұшы доғалары мен артериялары.Қолқа артериялары.
ҚАРАҒАНДЫ-2016ж.
Жалпы ұйқы артериясы
Жалпы ұйқы артериясм — а.carotis 3-ден 4-ші қолқа доғалары бойында вентралды қолқадан дамиды; оң жағында truncus brachiocephalicus-тен, сол жағында колка доғасынан шығады. Жалпы ұйкы артериялары кеңірдек және өңештің жағымен жоғары карай жүреді. Оң жақ жалпы ұйқы артериясы сол жақтағыдан қысқалау, өйткені, сол жақ ұйқы артериясы екі — кеуде (қолқа доғасынан сол жақ төс-бұғана буынына дейін) және мойын бөлімдерінен, ал оң жақ ұйқы артериясы тек мойын бөлімінен тұрады. А.carotis communis, trigonum caroticum-ге өтіп, қалқанша шеміршек немесе тіласты сүйегі денесінің денгейінде өзінің соңғы тармақтарына: А.carotis externa et a. carotis interna-ға (бифуркация) бөлінеді. Қан ағуды тоқтату үшін жүзік тәрізді шеміршектің төменгі жиегі денгейінде, жалпы ұйқы артериясын VI мойын омырткасының —tuberculum caroticum-ына батырып қысады. Кейде сыртқы және ішкі ұйқы артериялары ортақ сабаумен емес, жеке- жеке қолқадан шығады, бұл олардың қалай дамитындығын көрсетеді.
Сыртқы ұйқы артериясы
Сыртқы ұйқы артериясы a. carotis externa — бас пен мойынның сыртқы бөліктері қанмен қамтамасыз етеді. Сыртқы ұйқы артериясы басталған жерінен жоғары көтеріліп, m. digastricus-тің артқы карыншасы мен m. stylohyoideus-тің артқы бөлігінің ішкі жағынан құлақ қасы безін тесіп өтіп, төменгі жақ өсіндісінің мойында өзінің ақырғы тармақтарына бөлінеді. Олар алдыңғы, ортаңғы және артқы топтарға бөлінеді.
Алдыңғы топқа жататын артериялар, қамтамасыз ететін ағзалардың дамуы және орналасуына байланысты. Желбезек доғаларының туындылары болып табылады. Атап айтканда: қалқанша безбен көмей- дікі — a. thyroidea superior, тілдікі — a. lingualis. беттікі — a. facialis.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет