Ќ азаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет15/20
Дата06.02.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37604
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Нормергиялық қабыну - организмнің механикатық, физикалық, химиялық және биологиялық жарақаттаушы әсерлерге сай қалыпты (адекватты) реакциясы. Мұндай қабыну реакциясында организмге жарақат арқылы түскен бөгде заттар оқшауланады (инкапсуляция), залалсыздандырылады, сыртқа шығарылады немесе бойға сіңеді. Ал зиянды микроорганизмдер дер кезінде бейтараптанып жойылады, Нормергиялық қабынуда қалпына келу үрдістері (процесстері) яғни бүлінген ұлпалардың регенерациясы басым болады, ал альтерациялық процесстер инфекциялық ошақты басып, өлі ұлпаларды сұйылтуға (ерітуге) бағытталады. Бұл қабыну бүлінген ұлпалардың жазылуымен аяқталады.
Гиперергиялық қабыну жүйке жүйесінің бейімделу – қайта қалыпқа келу (адаптациялық – трофикалық) қызметі бұзылғанда, организмнің аллергиялық жағдайында, өлі ұлпалар өте көп болғанда және жарақатқа инфекция түскенде (инфекциялық қабыну) дамиды. Мұндай қабынуда организмнің қорғаныс күштері зиянды агенттің зақымдаушы әсеріне сәйкес болмай, ұлпалардағы бүліну (альтерация) үрдістері олардың қайта қалпына келу (регенерация) үрдістерінен басым болады. Яғни, гиперергиялық қабынуда зиянды әсерлерге организмнің оларға қарсы әрекеті өте жоғары болғандықтан, ұлпаларда қосымша көлемді бүлінулер жүреді. Соның салдарынан торшалық және грануляциялық кедергілер құрылуы тежеліп, қан және лимфа арқылы денеге өте көп мөлшерде ұлпалардың ыдырауынан түзілген улы заттар (токсиндер) мен қоздырғыштар сіңіріліп, тарап, организмнің ауыр улануын, кейде инфекциямен асқынуын тудырады. Қабынған жер қатты аурып, ісініп, жергілікті ацидоз дамиды. Гиперергиялық қабыну ошағындағы жоғары тітіркенуден мидың орталықтары да шектен тыс тітіркеніп, қабынудың бейімделу, қалыпқа келудегі ролін күрт төмендетеді. Соның салдарынан бүлінген ұлпалардың. одан ары бүліну шіру процестері үдейді. Сондықтан гиперергиялық қабыну ошағындағы шектен тыс ауырсынуды басу, өлі ұлпалардан арылту, сұйықтардың сыртқа шығуына жағдай жасау және инфекцияны жою оны нормергиялық қабынуға айналдыруға мүмкіндік береді.
Гипоергиялық қабыну – организмнің жарақаттаушы әсерлерге қарсы жергілікті қорғаныс - бейімделу реакциясының жарақаттаушы агенттердің әсерінен төмен болуы. Қабынудың мұндай түрі арық, көтерем, қатты шаршаған, жүйке жүйесі әлсіз және бұрыннан ауру малдарда байқалады. Мысалы қабынудың мұндай түрі анаэробты инфекцияларға тән. Ал иондаушы радияция әсерінен қабыну мүлде басылып қалады. Организмнің жалпы қорғаныс - қарсыласу күші жеткіліксіз болғанда қабыну реакциясы да әлсіз болады. Бұндай жағдайда ұлпалардағы қайта қалпына келу үрдістері яғни регенерациялық процесстер жеткіліксіз, толымсыз болғандықтан жарақаттың жазылуы баяу болады. Инфекциялық қабынудың даму қаупі туады. Осыны ескеріп, қабынуды қалыпты ағымға түсіру үшін жарақаттаушы агенттерді жоюмен қатар организмнің жалпы қорғаныс күштерін көтеру, қалыпқа келтіру керек.
Қабынудың даму кезеңдері. Қабыну біртұтас өзара байланысты екі кезеңнен, альтерация – (бүліну) және регенерациядан (қайта қалпына келу) тұрады. Әр кезең өзіне тән жергілікті био – физикалық, био - химиялық, морфологиялық және клиникалық өзгерістермен ерекшеленеді.
Қабынудың бірінші кезеңі — альтерация - гидратация процесстерімен сипатталады. Мұнда сөл және қан айналымы бұзылады, қан тамырларының тонусы (торшаларының өміршеңдігі) төмендеп, қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігі артады да экссудат түзілу үдейді, торшалардың шоғырлануы, фагоцитоз, ұлпалардың гистолизі үдейеді және био – физико - химиялық өзгерістер дамиды. Дегенмен асептикалық нормергиялық қабынуда ұлпалардың алтерациясынан регенерациялық үрдістер басым жүреді. Содан соң екінші кезеңге ауысады. Жылқылар мен иттерде асептикалық қабынудың бірінші кезеңінде сарсулы, ал инфекциялық қабынуда сарсулы – іріңді кссудация басым болады да протеолиз (өлі ұлпалардың ыдырауы) анық байқалады. Сиырда, қойда және шошқада асептикалық қабынудың бірінші кезеңінде жиі сарсулы – фибринозды, ал инфекциялық қабынуда фибринозды - іріңді экссудация және пролиферация (торшалардың бөлініп көбеюі нәтижесінде белгілі бір ұлпаның қалыпқа келуі) басым болады да протеолиздің бәсең болуы байқалады. Соңғысы іріңді қабыну ошағында ұзағырақ сақталады, өйткені бұл жануарларда іріңді – демаркациялық қабыну (тірі ұлпа мен өлі ұлпаның арасындағы шекара пайда болуы) құбылысы басым болады. Ол өліетермен араласқан фибринді - ұлпалық кепкен қоспа – секвестрация) пайда болуына жағдай жасайды. Осыдан іріңді – ферменттативтік процестер онша байқалмайды. Осының нәтижесінде өлі ұлпалар арасына дәнекер ұлпа өсіп, қабықпен қапталады. Кеміргіштер мен құстарда фибринозды экссудация басым. Ашық механикалық жарақаттарда демаркациялық қабыну реакциясы нәтижесінде фибрин өлі ұлпалармен араласып, кеуіп қабыршаққа (струп) айналады. Осы баяндалғандар жарақаттық қабынуды емдеу тәсілдерін таңдағанда, дәрілерді қолданғанда ескерілуі керек.
Қабынудың екінші кезеңі – регенерация - дегидратация процесстерімен сипатталады. Бұл кезеңде кедергі құру аяқталып, жарақаттанған аумақ немесе инфекциялық ошақ толығымен оқшауланып бөлектенеді. Мұның бәрі қабыну белдеуінің дегидратациясымен жүреді. Сонымен қатар организмдегі уыттар мен бөгде заттар жойылып сыртқа шығарылады, немесе сіңіріледі (бойға тарайды), осыдан кейін регенерациялық яғни бүлінген ұлпалардың толық қалпына келу процесстері басталады. Мұның бәрі қабынудың бірінші кезеңінде болатын қабынудың клиникалық белгілерінің бәсеңдеуі мен био – физико - химиялық және функционалъдық (қызметтік) өзгерістердің қалпына келуімен сипатталады. Біртіндеп бүлінген ұлпалардың құрылымы, зат алмасуы қалыпқа келеді. Қан және лимфа айналысы жақсарады. Жартылай тотыққан заттар, ацидоз азаяды. Қабыну ошағында көп мөлшерде гистиоцитарлық торшалар және дәнекер ұлпа элементтері пролиферациясы жүріп, соның нәтижесінде қабыну белдеуінде ұлпалардың қалыпқа келуі байқалды.
Қабынудың сатылары. Қабынудың әр кезеңі өзара тығыз байланысты сатылардан тұрады. Біртұтас қабыну үрдісін кезеңдер мен сатыларға бөлу міндетті емес, бірақ ол қабынудың әр сатысына тән патогенетикалық ерекшеліктері мен клиникалық белгілерге сай тәжірибе жүзінде әр түрлі емдеу тәсілдерін қолдану керектігінен туындайтын қажеттілік.
Жіті асептикалық қабынудың бірінші кезеңі екі сатыдан тұрады. Олар:
1. қабынып домбығу (ісіну);
2. торшалардың шоғырлануы және фагоцитоз сатылары.
Асептикалық қабынудың екінші кезеңі де 2 сатыдан тұрады:
1. биологиялық өздігінен тазару (сіңірілу);
2. регенерация және тыртықтану сатылары.
Ал жіті іріңді қабынудың бірінші кезеңі үш сатыдан тұрады. Олар:

  1. қабынып домбығу (ісіну);

2. торшалардың шоғырлануы және фагоцитоз сатылары);
3. тосқауылдану (барьеризация) және іріңдеу сатылары.
Жіті ірінді қабынудың екінші кезеңі де 3 сатыдан тұрады. Олар:

  1. жетілген абцесс;

  2. биологиялық өздігінен тазару (сіңірілу);

  3. регенерация және тыртықтану сатылары.

Дәріс 5. ТЕРМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ЖАРАҚАТТАР

Термикалық күйіктер,


химиялық күйіктер.
Термохимиялық күйіктер. Үсіну
Жалын-шоктан болғаң күйік. Бұл жоғары тсмператураның әсерінен орын алады. Олар — өрт кезіндегі жалын. кайнаған су, бу, қызған зат.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет