Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды атап, ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз



бет1/12
Дата29.05.2022
өлшемі2,9 Mb.
#145404
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Эпид эталон полный 2019-1
ЭКГ тест 2021

1

1

1

Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды атап, ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз.
МАКЕ
Инфекциялық аурулардың басқа аурулардан ерекшелігін айқындайтын екі басты себеп бар:
1) Өзіндік эпидемиологияның болуы, яғни инфекциялық процесті тудыратын себеп ретінде қоздырғыштың болуы.
2) Инфекциялық процестің мәнін анықтайтын микроорганизмнің паразиттік феномені, яғни аурудың залалды жұқтырушылық қасиетінің болуы.
Берілу факторлары-қоздырғыштық бір организмнен екіншісіне тасылуын қамтамасыз ететін сыртқы орта обьектілері және буынаяқтылар.
Қазіргі кезде 250-ден артық Инфекциялық аурулардың нозологиялық түрлері белгілі.Олардың қоздырғыштары әртүрлі түрлермен топтарға жататын микроорганизмдер.
Инфекциялық аурулар бес топқа бөлінеді.
1 ішек инфекциялары
2 тыныс жолдар инфекциялары
3 қан инфекциялары
4 сыртқы қабат инфекциялары
5 әртүрлі механизмдермен берілетін инфекциялар.
Инфекциялық емес аурулар – ұзаққа созылған және баяу күшейетін ауру. Инфекциялық емес аурулардың негізгі төрт түрі – бұл (инфаркт пен инсульт сияқты) жүрек-қантамыр ауруы, обыр, (созылмалы обструктивті өкпе ауруы мен демікпе секілді) созылмалы респираторлық ауру және қант диабеті.Инфекциялық емес аурулар дүниежүзіндегі өлім-жітімнің негізгі себебі – оған жыл сайынғы барлық өлім-жітім оқиғасының 63%-ы тиесілі. Инфекциялық емес аурудан жыл сайын шамамен өлім-жітімнің 36 миллион оқиғасы орын алады. Осы өлім-жітім оқиғасының 80%-ы табыс деңгейі төмен және орта елдерге тән. Созылмалы инфекциялық емес аурулар мүгедектік пен мезгілсіз өлімнің себебі болғандықтан Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің маңызды бір индикаторы болып отырған өмір сүру ұзақтығының көрсеткішіне айтарлықтай әсер етеді.

Инфекциялық аурулардың басқа аурулардан ерекшелігін айқындайтын екі басты себеп бар:


1) Өзіндік эпидемиологияның болуы, яғни инфекциялық процесті тудыратын себеп ретінде қоздырғыштың болуы.
2) Инфекциялық процестің мәнін анықтайтын микроорганизмнің паразиттік феномені, яғни аурудың залалды жұқтырушылық қасиетінің болуы.
Инфекциялық емес аурулардың ерекшеліктері:
1. Этиологиясы белгісіз;
2. 1 фактор әр түрлі ауру туғызады;
3. Бірнеше фактор 1 ауру туғызады



1

1

2

Дезинфекцияның сапасын бағалау әдістерін атап,сипаттап жазыңыз.
Дезинфекция- сыртқы ортадағы патогенді микроорганизмдерді жою.
1.Визуальды.-сырттан қарау арқылы мекеменің санитарлық жағдайын бағалау, уақытылы және толық көлемде жасалуын бағалау.
2.Бактериологиялық.
3.Химиялық . дезинфекциялық заттардың дұрыс дайындалғанын, белсенділігінің талаптарға сәйкестігін зертханалық әдімпен тексеру арқылы бағалау үшін қолданылады.
.



1

1

3

Иммунитет және түрлерін атап, анықтама беріңіз.
Иммунитет вирустардан, бактериялардан, паразиттерден қорғауды, мутациялық өзгерген жеке торшаларды құртып жоюды, қатерлі ісіктен қорғануды қамтамасыз етеді.
Иммунитет туралы ғылым- иммунология деп аталады, ол антиген әсер етуіне организмнің жауап беруінің генетикалық, молекулалық және жасушалық механизмдерін зерттейді.
Эпидемиология пәні әр жеке адамның физиологиялық- морфологиялық реакцияларын есепке алумен бірге, әрбір ұжымның, тіпті бүкіл қоғамның жағдайын, еңбек ету және тұрмыстық ерекшеліктерін зерттейді.
Иммунитет түрлік (тұқым қуалаушылық, филогенетикалық) және жеке бастық ( жүре пайда болған, онтогекнетикалық) болып бөлінеді.
Түрлік иммунитет филогенетикалық даму процесі кезінде пайда болады. Мысалы, адамға тауықтарда індет қоздыратын тырысқақ вибрионы қоздырғышын ендірсе де, адамдар жұқтырмайды, ауырмайды. Керісінше, қызылша қоздырғышын жұқтырған тауықтар ол ауруға шалдықпайды.
Жеке басты немесе жүре пайда болған иммунитет сол адамның онтогенетикалық даму процесі кезінде пайда болады, табиғи және жасанды болып бөлінеді.
Жеке басты иммунитет
Табиғи иммунитет Жасанды иммунитет




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет