Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университтеті Педагогика факультеті осөЖ №1 МӘнжазба тақырыбы


«Балабақшадағы тәрбие бағдарламасы»



бет4/5
Дата15.12.2021
өлшемі22,41 Kb.
#101316
1   2   3   4   5
Байланысты:
ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт
Нұрбекқызы Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, Жанқұтты бидің-WPS Office, Жанқұтты бидің-WPS Office, Жанқұтты бидің-WPS Office, Жанқұтты бидің-WPS Office, 871613.pptx
«Балабақшадағы тәрбие бағдарламасы» - мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу-оқыту жұмысының мақсаты мен міндеттерін және мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат болып танылды. Бағдарламада жалпы халықтық білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы, жаңа адамды, коммунистік қоғамның болашақ белсенді құрылысшысын қалыптастырудағы балабақшаның рөлі сипатталып, мектепке дейінгі мекемелердегі әрбір жас тобында тәрбиелеуоқыту мектепке дейінгі баланы жан-жақты дамытуға бағытталған педагогикалық процестегі тәрбиешінің жетекші рөлі көрсетілген. Аталған бағдарламаға сәйкес әрбір одақтағы республикада жергілікті ерекшеліктерді (ана тілі, ұлттық дәстүрлер және т.б.) ескеріп, өз бағдарламалары жасалды. Осы бағдарлама одақтас республикаларда соның ішінде Қазақстанда да 1964 жылы қосымшалар мен өзгерістер енгізіліп қайта басылып шығарылды. Дене тәрбиесі бөлімі сабақтарда, серуен кезінде, қимылды ойындар барысында балалардың қимыл белсенділігін ынталандыратын жаттығулармен толықтырылды, таңғы жаттығудың балаларды сауықтырудағы мәні күшейтіліп, оның ұзақтығы артты. Жылдың суық және жылы кезеңдері ескеріліп, барлық жас топтарына Күн тәртібі құрылды. Қазақстанда мәдени-тарихи және өлкетану бағыттарымен жұмыс бөлімдері қосылды.

Еліміздегі мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесін дамытуда 1984 жылдың мамыр айындағы Кеңес Одағы Министрлер Кеңесінің «Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиені одан әрі жақсарту және балаларды мектепке даярлау туралы» қаулысының маңызы зор болды. Онда мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейту жоспарланып, тамақтандыруға шығыннның барынша жоғары нормалары енгізілді, баланы күтуге төлем ақының өлшемі қарастырылды, тәрбиешілердің еңбекақысын едәуір көтеру қарастырылды, ясли және ересек топтардағы тәрбиешілердің, медицина қызметкерлерінің теңестірілген демалысы белгіленді. Реформаның негізгі ұстанымдарына сәйкес мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиені жетілдіру бағыты айқындалған 1984 жылы жаңа «Балабақшада тәрбиелеу мен оқыту» типтік бағдарламасы шықты. Бағдарлама баланың жасына сәйкес педагогикалық процестің тұтастығы, үздіксіздігі, тәрбие мен оқыту мазмұнының ғылымилығы, олардың бірлігі, жүйелілігі, сабақтастығы ескеріліп әзірленген. Тәрбиелеу-оқыту жұмысының көлемі екі бөлім бойынша «Балаларды тәрбиелеу және тіршілік әрекетін ұйымдастыру», «Сабақтарда оқыту» берілген. Осы бағдарлама қазақстандық ғалымдар мен педагог 7 мамандардың қатысуымен өңделіп, қазақ тіліне аударылып, қазақ балабақшаларына құжат түрінде берілді. Екінші сәбилер тобынан бастап, бағдарламаға қазақ халқының ертегілері, халық ауыз әдебиеті (жұмбақтар, мақал-мәтелдер), қазақ жазушыларының шығармалары енгізілді.

Ал Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің дамуына және балабақшалар желісін кеңейтуге өздерінің сүбелі үлесін қосқан, құнды әдістемелік оқу құралдарды әзірлеген Н.Құлжанова («Балабақшадағы тәрбие», «Ана мен бала»), Б.Баймұратова («Біздің кітап», «Мектепке дейінгі ұйымдарда және отбасында баланың тілін дамыту әдістемесі», «Баланы мектепке қалай даярлауға болады?» т.б.) және А.К.Меңжанованың еңбектері осы күнге дейін мектепке дейінгі жастағы бала тәрбиесінде маңызын жойған жоқ.

1992 жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми зерттеу институты Мектепке дейінгі білім беру зертханасында «Балбөбек» бағдарламасы (М.С.Сәтімбекова, Б.Баймұратова, Ф.Жұмабекова) әзірленіп, бірнеше жыл бойы эксперимент алаңдарында сынақтан өткізілді. Нәтижесінде мектепке дейінгі жастағы балаларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің дәстүрлі әдістемелік жүйесі қалыптасты.

2006 жылы «Балбөбек» бағдарламасы өңделіп, толықтырылған нұсқасы қайта басылды. Бағдарламада көзделген басты мәселе - балабақшада тәрбие мен білім беруді кіріктіре жүргізу, апталық жүктемені азайту, балаларды еңбекке баулу, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болды. Соңғы онжылдықта «Қарлығаш», «Қайнар», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» т.б. білім беру бағдарламалары әзірленіп, кеңінен қолданылып келді. 2013-2014 жылдары қолданыстағы білім беру бағдарламаларының саны мен сапасы бойынша жүргізілген зерделеу жұмысы олардың атауы түрленіп, санының артып отырғанын көрсетті. Баламен ұйымдастырылатын жұмыс түрлеріне, тақырыптық жоспарлауға, қосымша білім беруге арналып, әр түрлі бағытқа ие бола бастағаны, жекеленген тақырып аясында әзірленген авторлық бағдарламаларға айналғаны анықталды.

Мониторинг нәтижелері ғылыми қызметкерлермен, мектепке дейінгі білім беру саласының мамандары және тәжірибелі педагогтарымен түрлі республикалық және өңірлік іс-шараларда талқыланды. Нәтижесінде республикадағы білім беру жүйесін жаңғырту аясында, нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді қажет ететін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын және білім беру үдерістерінің әдістерін жаңарту туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті Мемлекеттік стандарты жаңартылды, оның негізінде 1 жастан 6(7) жасқа дейінгі құрылымды толық қамтитын Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы (ҚР БҒМ №499 бұйрығы 2016 ж.) әзірленіп, еліміздегі мектепке дейінгі 77 ұйымда сынақтан өткізіліп, 2016 жылдан бастап, еліміздің барлық өңірлеріндегі мектепке дейінгі ұйымдарда қолданысқа енгізілді. Аталған Үлгілік бағдарламаның мазмұны жоғарыда зерделенген білім беру бағдарламаларының ұтымды тұстары мен ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін «Мәңгілік ел» идеясына негізделді, заман талабына сай баланың дамуына қажетті жағдай туғызуды қарастыратын дидактикалық ұстанымдарға сәйкес құрылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет