Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университтеті Педагогика факультеті осөЖ №1 МӘнжазба тақырыбы


жылы жетілдірілген «Тәрбиелеу бағдарламасы» шығарылады



бет3/5
Дата15.12.2021
өлшемі22,41 Kb.
#101316
1   2   3   4   5
Байланысты:
ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт
Нұрбекқызы Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, Жанқұтты бидің-WPS Office, Жанқұтты бидің-WPS Office, Жанқұтты бидің-WPS Office, Жанқұтты бидің-WPS Office, 871613.pptx
1934 жылы жетілдірілген «Тәрбиелеу бағдарламасы» шығарылады. Онда балабақшадағы балалармен жүргізілетін жұмыс мазмұны, оны ұйымдастыру жолдарына баса назар аударылған. Ол мынадай бөлімдерден тұрған: қоғамдық тәрбие, дене тәрбиесі, сурет салу, мүсіндеу, тіл дамыту, кітаппен жұмыс, табиғат туралы білім негіздері, алғашқы математикалық түсініктерді қалыптастыру, сауат ашумен айналысу. Бірақ бұл бағдарламаның да кем тұстары болды, олар: күрделі танымдық материал күрделі, балалардың жас ерекшеліктері ескерілмеген, педагогикалық процесті ұйымдастыруда тәрбиешінің жетекші рөлі толық айқындалмаған. Осыған байланысты 1938 жылы «Балабақша тәрбиешісіне арналған нұсқаулық» шығарылды. Онда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу міндеттері айқындалды. Балалардың жас ерекшеліктері, тұлғаны жан-жақты дамыту туралы айтылды. Бірақ Нұсқаулықта балалармен ұйымдастырылатын жұмыс мазмұны жас топтарына сәйкес емес, тәрбиенің жеке бөлімдері бойынша анықталған. Дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесі Нұсқаулықта жанжақты қарастырылмаған, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселелері ғылыми негізделмеген, ата-аналармен жұмыс түрлері қамтылмаған.

1953 жылы тәрбиелеу-оқыту жұмысының сапасын арттыру және балаларды мектепке даярдау мақсатында балабақшада оқытуды енгізуге байланысты «Нұсқаулық» қайта өңделіп, бағдарлама ретінде тәрбиешінің басқаруымен ұйымдастырылған сабақтарда балалар игеретін білім беру мазмұны нақты берілген. Онда психологиялық, педагогикалық ғылымның жаңа жетістіктері, озат тәжірибелер, сондай-ақ балаларды ана тіліне оқытудың, оларды қоршаған ортамен таныстыру, музыкаға тәрбиелеу ескерілген. Балалардың анатомиялық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері ескеріліп, кіші (3-4 жас), ортаңғы (5 жас) және ересек (6 жас) топтарға арналып әзірленген. Сондай-ақ балалардың денесі, ақыл-ойы, адамгершілік қасиеттерін дамыту, еңбек және көркем сөйлеуге тәрбиелеу, ойын әрекетіне басшылық жасау және т.б. көрсетілген. 1959 жылы 21 мамырда Коммунистік партия орталық комитеті мен СССР Жоғарғы Кеңесі ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу туралы ғылымның қол жеткен даму деңгейін ескеріп, «Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің болашақ дамуы және мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оларға медициналық қызмет көрсетуді жақсарту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Қаулыда Үкімет жергілікті жерлердің жағдайлары мен мүмкіндіктерін ескеріп, мектепке дейінгі мекеменің екі типін: ясли мен балалар бақшасын - біріңғай мектепке дейінгі мекемеге (ясли-бақша) біріктіруді және мектепалды мен мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің біріңғай бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Бағдарламаны әзірлеу Кеңес одағы педагогикалық ғылым академиясы мен медицина ғылым академиясына бірге жасау тапсырылды. 1960 жылы мектепке дейінгі білім беруді ғылыми қолдауға маңызды үлес қосқан Кеңес Одағы педагогика ғылымдарының академиясы құрылды. 6 Мектепке дейінгі педагогика, балалар психологиясы және әдістемесін дамытудағы жетістіктер мектепке дейінгі тәрбие практикасы үшін барынша жетілдірілген құжаттың жасалуына негіз болды. Осылайша, 1962-1965 жылдары Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің дамуы мен қалыптасуында үлкен бетбұрыс жасалды. 416 мың бала қамтылған мектепке дейінгі мекеменің желісі 5054-ке жетті. 1963-64 оқу жылы еліміздің мектепке дейінгі мекемелері Кеңес Одағы ағарту министрлігі бекіткен «Балабақшадағы тәрбие бағдарламасы» ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мемлекеттік құжат ретінде қолдануға ұсынылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет