 қоғам өміріндегі ақпарат пен білімнің ролін өсіру


Интернет-БАҚ медиажүйенің бір бөлігі



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі16,46 Kb.
#97551
1   2
Байланысты:
11 дәріс
11 дәріс, 11 дәріс, 11 дәріс
Интернет-БАҚ медиажүйенің бір бөлігі.
Интернет журналистика – журналистиканың ерекше түрі. Сондай – ақ, интернет тәуелсіз журналистиканың дамуына үлкен әсер ететін мықты механизм.
Біріншіден: көптеген басылымдар өздерінің интернеттегі баламасын жасады, біреулері интернет-сайт, блог ашты. Тәжірибе көрсеткендей, жүйедегі БАҚ-тың танымалдылығы жоғары болуда.
Екіншіден: интернет-технологиялардың базасында функцияланатын БАҚ дәстүрлі БАҚ-тан біршама өзгерістерге ұшырауда. Олар арзан, жер шарының кез келген нүктесіне тарайды, ақпарат жедел түрде таратылып, жарияланады. Үшіншіден: БАҚ интернетте заңдық нормада бақыланбайды.Сондықтан пішіні және мазмұны бойынша дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға сай келмейтін материалдарды интернетте жариялауға мол мүмкіндік бар.Төртіншіден: журналистер мен ақпараттық қоғам арасында байланысты одан әрі күшейтеді. Тіпті, олардың арақашықтықтарына да қарамастан байланыстырады. Бүгінде интернетсайттар дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының бір бөлігі іспеттес. Алайда, екеуінде де ұқсастықтар бар. Ортақ міндеттері ақпарат тарату. Дегенмен, қоғам дамыған сайын ақпараттық ортаның дамуы да заңды нәрсе. Мысалы, ХХ ғасырда журналистикаға жаңа сипат – интернет журналистика енсе, ХІ ғасырда интернет журналистиканың жаңа қыры – блог жүйесі дамуда. Яғни әлемде ақпарат таратудың жаңа үлгісі қолданылуда. Сондықтан заманауи ағымның ығына сай ақпарат алу, қолдану қазіргі таңдағы тұтынушының да талабы. Интернеттің БАҚ-қа тән белгілеріне өзгешеліктері. 
1. Онлайн – БАҚ (жүйедегі БАҚ мысалы:
www.medialaw.kz www.yousefpiltan.blog.com ақпаратты-сараптамалық электронды басылым)
2. Интернет – газеттер (тек жүйеде www.qazaq.kz, www.turan.kz).
3. Интернет – журналдар (www.tol.org).
4. Жаңалықтар порталы (ленталар) (ақпарат тарататын сайттар www.interfaks.kz, www.kz-today.kz ) .
5. Интернет – дайджестер (ақпаратты қысқа түрде тарататын сайттар).
6. Басылымдардың электронды нұсқалары (басылымның нұсқалары www.zhasalash.kz, www.aikyn.kz).
7. Телеарна және радионың элекронды нұсқадағы сайттары (www.kazakstan.kz, www.khabar.kz) .
8. Ақпарттық және ақпаратты – танымдық порталдар (www.massagan.com, www.solaide.kz, www.infoasia.org).
9. Қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорын-мекемелердің өкілдік сайттары (www.mvd.kz, www.bolashak.kz).
10. Авторлық жобалар және үй беттері (www.solaide.kz ақпаратты-танымдық сайт).
11. Блогтар (күнделіктер) (www.arsenal.wordpress.com, www.bakytnur.com).
Интернеттегі сайттардың ерекшеліктері:
- ақпараттың үнемі жаңарып тұруы;
- сайттарды тұтынудың жоғарылығы;
- тұтынушылардың өздері баға беріп отырады, басқа сайттармен салыстыра алады;
- веб-басылымның беделдігі, ақпараттық жобаның танымал болуы;
- кәсіби дизайн (сапалы, заманауи, мазмұнды);
- аудиторияның әр алуандығы;
- өзектілігі және таңдау мүмкіндігі;
- мұрағаттау мүмкіндігі;
- интерактивтілігі;
- мультимедиялығы;
- аудиториямен тығыз байланыс, тұтынушы тікелей байланысқа шыға алады;
- ақпарат алудың жаңа мүмкіндіктері;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет