Сценарий Ортада шырша ән ойнап тұрады Сәнді әдемі киінген балалар бәрі өз орнында тұруы керек



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі21,26 Kb.
#97199
түріСценарий
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жаңа жылдық сценарий қысқа
күз т, күз т, күз т, 18.05.2020 Нархоз инф.запрос статус Старая база, stud.kz-43495, 6 саны

Жаңа жылдық сценарий
Ортада шырша ән ойнап тұрады
Сәнді әдемі киінген балалар бәрі өз орнында тұруы керек . Жүргізуші : Барлық жандар бір білекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Кәне балалар бәріміз шыршаны айнала тұрып бір жақсы ән шырқайық!
Хоровод «Жаңа жыл» әнімен балалар шыршаны айналып ән шырқайды
Сиқыршы : Сәлеметсіңдер ме,балалар! Сиқырлы сандығыма қарасам ,осы жақта мереке болып жатыр екен. Мерекелерің қалай өтіп жатыр?Жақсы ма?
Жүргізуші: -Балалар енді біздің мерекемізде кім жоқ?
-Аяз ата мен Ақша қар
Балалар:Аяз ата ! Аяз ата!
Залға мыстан кемпір кіреді қолында аяз атаның қолғабы, басында аяз атаның бас киімі және таяғы бар
Мыстан кемпір:
Асау желмен алысқан
Аяз әжелерің асығып
Шаршап келді алыстан
Төрге мені отырғыз!
Уф белім-ай
Жүргізуші
-балалар мынау кім?
-Мыстан кемпір
Жүргізуші:
-Мыстан әже! Сіз неге Аяз атаның қолғабын, бас киімін киіп алғансыз?Неге өзіңізді Аяз әже дейсіз! Аяз әже болушы ма еді.
Мыстан кемпір:Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасыз.Ол келсе қуанасыңдар.Оны 1 жыл бойы күтесіздер а! Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар! Мен де ол сияқты кәрімін,жасым үлкен міне биыл240-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім келеді.Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім. Көрдіңдер ме менің ол сияқты таяғым да, қолғабым да, тымағым да бар. Енді бұдан былай менің атым Аяз әже болады.Ал кәне , менің сол жаман шалдан қай жерім кем.Мен одан әлдеқайда артықпын.кәне балақан айтшы мені Аяз әже
деп (осылай бірнеше балаға жақындап айтқызады)
Мыстан кемпір:
-О,енді бұл менің мерекем.Жылда өзім келем.
Жүргізуші:
-Мыстан әже Сізде Аяз атаның барлық заты бар екен.Сіз оларды қайдан алдыңыз?Ал Аяз атаның кәмпитке толы қапшығы қайда?
Осы кезде залға жылап Ақша қар келеді.
Мыстан кемпір тығылып қалады.
Жүргізуші:
-Ой мынау біздің Ақша қар ғой!Ақша қар салеметсіз бе.Сізге не болды?
Ақша қар:Менің Атам осы мерекеге келе жатқан.Жолда мыстан кемпір мен оның жаман достары ұстап алып жолда Шықбермес Шығайбайлап оның заттарын тартып алды.
Енді ол өзінің қабынсыз, таяқсыз келе алмай отыр.Мені іздеуге жіберді.Мен барлық жерді іздеп таппадым. Ой енді не болар екен? Енді сіздерге Аяз ата келе алмай ма?! (жылайды)
Жүргізуші:Жылама ақша қар Аяз атаның заттары осында.Тек қапшығы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет