№ Сабаќтыѕ технологиялыќ картасы (жоспары)


Қала әкімшілігі туризм дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Алматының туристік индустрия орталығына айналуы қазіргі таңдағы ең негізгі мәселе



бет3/5
Дата25.01.2022
өлшемі292,04 Kb.
#114378
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жаратылыстану19.05
ҚҚЗТ аралық бақылау, ҚҚЗТ аралық бақылау, ҚҚЗТ аралық бақылау, ғылыми, ғылыми, Философия негіздері 14.05.21
Қала әкімшілігі туризм дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Алматының туристік индустрия орталығына айналуы қазіргі таңдағы ең негізгі мәселе.

Алматының әсемдігін біз басқа елден келген туристерге көрсетіп, оларды қонақ-жайлылықпен қарсалып, олардың көңілдеріне жақсы әсер қалдырып, Алматы жайында өз елдеріне жеткізіп, қайтадан келулеріне ықпал етуіміз қажет.

Туризм басқа экономикалық сектормен салыстырғанда мультиприкаторлықтың аса үлкен пәрменділігіне ие. Ол тікелей жене жанама түрде экономиканың 32 секторына есер етеді (бұл турфирмалар, көліктің барлық түрлері, қонақүй кешендері, тамақтандыру жүйесі, демалыс үйлері, санаториилер, ұлттық кәсіптер, парктер және тағы басқалары). Онымен қоса-бұл әлемдік өндірістегі әрбір тоғызыншы жұмыс орны.

Шетелдік туристерге қызмет ету бастапқыда азғана турфималарды қызықтырған еді. Туризмнің бұл саласын дамыту көп қаржылай салымды талап етті. Бұл жағдайдың теріс қыры Қазақстанның туризм обьектісі ретінде имиджінің қалыптасуының концепциясының жоқтығынан күшейе түсті. Квалификацияландырмаған басқару басқа проблемаларды тудырды; әкімшілік формальды істердің қиындауы (визалар, шетелдік азаматтарды тіркеу,кеден процедуралары), дамымаған инфрақұрылым, қатаң салықтық режим, тұрғылықты халықтың туристерді бейбітшілікпен қабылдамауы. Тіпті интернет жүйесінде Қазақстанды туристерге қауіпті елдердің тізіміне кіргізген мәліметтер де шыққан.

Елге келетін туристер санын көбейту мақсатында туристік ұйымның шетелге шығарған туристің саны елге келетін туристік азаматтар санымен теңесуі керек деген айла да қолданып көрді. Бұл іске тек қана жекеменшік турбизнес өкілдері ғана емес, сонымен қатар шетелдіктер де қарсы болды. Солардың біреуінің ойынша, "тек сауатты ойластырылған саясат қана жағдайды өзгерте алады және 25 пайызға емес, барлық 50 пайыз".

Қазақстанда әуе жолдары да жақсы дамыған, бірақ авиабилет бағасының қымбаттығы Қазақстанның туристік өнім бағасын үлкейтеді, ол сәйкесінше халықаралық рынокта бәсекелестігін төмендетеді. "Мұнай өнімдерін өндірмейтін Қырғызстанда авиабилет құны мұнайлы ел Қазақстандікімен салыстырғанда екі есе арзан" деген болатын қазақстандық турфирмалар.

"Туризм" жайлы жаңа заңның шығуы туристтік салада көп өзгерістерге әкеледі деп сендіреді. Мамандардың ойынша, жаңа заңда негізінен ішкі және сыртқы туризмге көп көңіл бөлінген. Екінші баптың он бесінші тармағында кәсіпкерлер арасында түсінбеушілік пен аландаушылыққа әкелді, онда "құзырлы орган соттың араласуынсыз турфирманың лицензиясын алты айға дейін тоқтата алады" делінген. Құзырлы органдардың басқару тетіктерін өздеріне қалдыруға тырысуы түсінікті, бірақ бұл шенеуліктер тарапынан өз міндетін асыра пайдалануға әкелуі мүмкін. Алматы Туристік Фирмалар Ассосациясы " турфирмалар мен атқрушы билік арасындағы дауды тек қана сот шеше алады" деген ойда. Заң бәріне бірдей - атқарушы билік үшін де, кәсіпкерлер үшін де.

Дүниежүзілік Туристік Ұйымның үшінші мың жылдықта кеңестік республикаларға қатысты оптимистік болжамы бізді әлемдегі ең жемісті ел болуға сендіреді. Бірақ қазақстандық турөнім, елдің өзі тәрізді көпке белгісіз болып қалуда. Шетел сарапшылары айтқандай Қазақстан басқа елдерден ерекшеленіп тұратын "нақты" турөнім жасамағанша туристік қызметтер рыногында өз орнын таппайды деген. Кейбір ерекшеліктер қазірдің өзінде көрініп тұр. Біздің турөнімнің екі базалық компоненті бар: Жібек жолындағы мәдени туризм (дәстүрлі және сиынушылық) және сонымен тығыз байланысқан экооқйғалы туризм, (сафари, рафтинг, орниталогия, альпенизм, аң аулау, балық аулау). Ең жемісті облыстар - Алматы, Оңүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан.


Қазақстандағы туризм



Медеу мұз айдыны

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызстан командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды.

Бурабай көлі




Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты. Соғыстан кейін “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы Қазақстанда Туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 жылы Алматыда Республикалық жас туристер станциясы ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың Қазақ республикасының кеңесі жанынан туризм жөніндегі республика басқарма ұйымдастырылды. 1962 жылы Туристік-экскурсиялық басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып қайта құрылды. 1965 жылы Қазақстанда республикалық және 5 облысық (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал, Шымкент) туристік кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.



Шарын шатқалы
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет