; «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Қр бғМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы); жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті



Дата27.09.2022
өлшемі13,73 Kb.
#150910
Байланысты:
тусиник хат1
708 1278 1674, жазғы мектеп есебі, матем Орынгул, d0b5d181d0b5d0bfd182d0b5d180d0b4d196-d0b3d0b5d0bed0bcd0b5d182d180d0b8d18fd0bbd18bd29b-d182d399d181d196d0bbd0bcd0b5d0bd-d188d0b5d188, 1663556941273, 20527-О ушыларды саба а атысу журналы

Түсінік хат

2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:


– «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы;
- Үлгілік оқу жоспарлары ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) 1,4,6,86-қосымшасы).
- «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары) 2,3-қосымша);
- «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы);
5 жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) 30-бап). Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі – ұзақтығы – 25-30 минуттан 20 сағатты құрайды.
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 8-бабының нормасына сәйкес мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың мектепалды сыныптарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды.
Бастауыш, негізгі , жоғарғы орта білім беру деңгейінде ШЖМ-да жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 16 және одан жогары білім алушы болған жағдайда кіші топтарға бөлуге жол беріледі.
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – орыс тілі мен әдебиеті;
3) шетел тілі;
4) көркем еңбек; (5-9-сыныптар)
5) цифрлық сауаттылық бойынша (1 сыныптан басқа) жүзеге асырылады.
«Жол қозғалысы ережелері» оқу курсы 5-8-сыныптарда сыныптан тыс уақыттарда және сынып сағаты есебінен 10 сағат көлемінде жүргізіледі, сынып журналының жеке бетінде сабақтың тақырыбы мен сабақтың өткізілген күні көрсетіліп жазылады.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқыту уақытында
жүргізіледі.
Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта – 35 оқу аптасын, 2-11-сыныптарда 36 оқу аптасын құрайды.
Күнтізбелік жылдағы каникулдың ұзақтығы кемінде 115 күнді құрайды, оның ішінде оқу жылында кемінде - 25 күн.
Каникулдар оқу жылында үш рет – күзде, қыста және көктемде беріледі. 1-сыныптың білім алушылары үшін үшінші тоқсанда ұзақтығы бір апта болатын қосымша каникул уақыты беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет