011 жылғы сәуірде дәстүрлі қалалық «xіі абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы оқулары» өткізіледі. «xіі абай Құнанбаев»



Дата22.11.2023
өлшемі41,5 Kb.
#192950

Мектеп директорларына
Жалпы орта білім беру мектептерінің қала оқушылары арасында қалалық деңгейде 2011 жылғы 5 сәуірде дәстүрлі қалалық « XІІ Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы оқулары» өткізіледі.
«XІІ Абай Құнанбаев »
және «І Адамдық борышың...» Шәкәрім Құдайбердіұлы
қалалық оқуларын өткізудің ЕРЕЖЕСІ
Байқаудың мақсаты:

  • Қазақ әдебиетінің ұлы ойшыл, бас ақыны - Абай Құнанбаев және дана да, дара ақын Ұлы Абай атамыздың шәкірті - Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау;

  • Ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру;

  • Оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып олардың өнерінің шыңдала түсуіне сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу.

Байқаудың шарты:

  • Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін мектептердің 5 -11 сыныптар аралығындағы оқушылар қатыса алады;

  • Сайыс болатын күні, оқушылар ақынның жаттаған өлеңінің мәтінін ала келу керек.

  • Алдында өткен «Қалижан Бекқожин, Мұқағали Мақатаев, Абай Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы оқуларының» жеңімпаздары қатыспайды;

  • Қатысатын оқушы бірыңғай Абай Құнанбаев немесе бірыңғай Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерін жатқа оқу керек;

Байқауға берілетін сұраныс тәртібі « Абай Құнанбаев » оқулары бойынша:
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мектептер әр аталымға бір-бір оқушыдан;
аралас мектептер әр аталымға екі-екі оқушыдан сұраныстар беруге тиісті.
Шәкәрім Құдайбердіұлының оқулары бойынша:
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мектептер оқуға бір оқушыдан;
аралас мектептер оқуға 2 оқушыдан сұраныстар беруге тиісті.
Жатқа оқуға тиісті өлең саны:
Қазақ тілінде оқытылатын оқушы үшін 35 -40 өлең;
Орыс тілінде оқытылатын қазақ ұлты баласы үшін 20 өлең;
Орыс тілінде оқытылатын өзге ұлт баласы үшін 10- 15 өлең;

  • Оқу үш номинациядан өтеді: І. «Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп жатқа оқу сайысы, ІІ. “Көңiлiм әндi ұғады” – Абай мен Шәкәрім әндерi мен күйлерiн орындаушылар сайысы және

ІІІ. «Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда » жас ақындар (өздерінің
шығарған өлеңдері) сайыстары.
Байқаудың рәсімі:
Оқуға қатысқан жеңімпаздар төмендегідей марапатталады:
Бас жүлде – бір орын
І орын – бір орын
ІІ орын – екі орын
ІІІ орын – үш орын
Ынталандыру марапаттауы
Өткізілетін орны: Павлодар қаласы, Ш. Айманов к., 37
№ 35 орта білім беру мектебі.
Өткізілетін мерзімі: 2011 жылғы 5 сәуірде сағат 15.00 –де.
Байқауға қатысу үшін сұранысты 2011 жылдың 1 сәуіріне дейін тапсыруға болады.



Мектеп

Оқушының аты – жөні (толық)

Сыныбы

Оқытылу тілі

Ұлты


Жаттаған өлең саны

Номинациясы

Дайындаған мұғалімі
(аты-жөні толық жазылсын)

























Жалпы орта білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында «Адамдық борышың ...» атты алғашқы Шәкәрім Құдайбердіұлы мұраларын жатқа айтушылардың байқауы туралы
ЕРЕЖЕСІ
І кезең: «ТАЛАП» атты іріктеу кезеңі
Сахнаға барлық қатысушылар шығады. Жүргізуші қатысушыдан Шәкәрім Құдайбердіұлының бір өлеңін жатқа айтып бастауды талап етеді де, кез –келген жерінен тоқтатып, басқа талапкерден әрі қарай жалғастырып әкетуді өтінеді. Екі рет қателескен, кідіріп қалған талапкер сайыстан шығарылады. Сайыс талапкерлердің жартысы сайыстан шығып қалғанша жалғасады.
ІІ кезең: «БІЛІМ» сұрақ-жауап кезеңі
Бірінші кезеңнен өткен сайыскерлер сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар Шәкәрім Құдайбердіұлының өміріне және шығармашылыған арналған, осыған қоса сұраққа жауап берумен қатар ақын қалам тартқан тақырыптарға ( Мысалы: «Ынсап», «Рақым», «Сабыр», «Ұят», «Таза ақыл», «Ындын», «Ақыл», сияқты т.б. сөздер) арналған сөздерге шумақтар келтіру керек.
ІІІ кезең: «ТАЗА АҚЫЛ» кезеңі
Сайыс ережесі бойынша әр талапкер жеребе арқылы Шәкәрім Құдайбердіұлының кез-келген өлеңіне талдау жасайды. Өлең шумағының мәнін, мағынасын түсіндіреді.


Жүсіпова, 650427

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет