070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі



бет12/46
Дата21.04.2020
өлшемі0,55 Mb.
#63774
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
мәтін Сократтың ақылы

Сократқа біреу келіп: - Досың жайлы не естігенімді айтайын ба? - дейді.

-Тоқта. Маған әңгіме айтар алдында үш сынақтан өтуіңді сұраймын.

-Үш сынақ?

-Иә, менің досым туралы сөйлер алдында, бір сәт тоқтап, айтатыныңды ой елегінен өткізіп алғаның абзал болар. Бірінші - “Шындық сынағы.” Досым туралы айтатының 100 пайыз шындық екеніне сенімдісің бе?

-Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан...

-Жарайды. Олай болса, сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің. Екінші - “Жақсылық сынағы.” Досым туралы айтатының жақсы ма, әлде..?

-Жоқ, жақсы емес, керісінше...

-Сен рас болған-болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келе ме сонда? Оған қарамастан сынақтан өтуің мүмкін, соңғы - “Керектілік сынағы.”Досым туралы айтатының керегіме жарай ма?

-Білмеймін ғой енді, бәлкім...

-Түсінікті. Маған айтатының шындық емес, жақсылық емес және қажеті жоқ нәрсе. Оны айтып несіне әуре боласың?



  1. Мәтін мазмұны бойынша 3 сынақтың реттілігі

A) Керектілік, шындық, жақсылық B) Шындық, жақсылық,керектілік

C) Жақсылық, керектілік, шындық D) Шындық, керектілік, жақсылық

E) Жақсылық, шындық, керектілік


  1. Сократқа әңгіме айтушының соңғы әрекеті

A) Әңгімесін айта алмады B) Әңгімесін қызықты баяндады

C) Әңгімесін толық айтып берді D) Сократтың сынағынан сәтті өтті

E) Сократтан алғыс алды


  1. Сократгың ақылының түйіні

A) Жаман әдеттен аулақ бол B) Тыңдай білу - әдептілік белгісі

C) Досыңды бағалай біл D) Қолыңнан келсе жақсылық жаса

E) Танитын адам туралы ғайбат сөйлеме


  1. Мәтін бойынша әңгіменің тыңдаушыға пайдалы-пайдасыздығын анықтайтын сынақ

A) «Жақсылық сынағы» B) «Шындық сынағы» C) «Адалдық» сынағы

D) «Керектілік сынағы» E) Барлық үш сынақ



    1. мәтін

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй - бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма»,

«Абыл»), адам сезімдері («Куаныш», «Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.

Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХIХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқгы күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.

Домбыра күйлері орындалу мэндері мен қүрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады.

Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.


  1. Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа

A) Орындау мәнері B) Домбыра әуені C) Шертпе күй

D) Қобыз күйі E) Дауыс ырғағы



  1. Шертпе күйлері қалай орындалады?

  1. Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен

  2. Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен

  3. Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен

  4. Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен

  5. Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен

  1. Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап

  1. Домбыра

  2. Жетіген

  3. Қобыз

  4. Дауылпаз

  5. Сырнай

  1. XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер

A) Махамбет, Даулеткерей B) Есжан, Байжігіт C) Тәттімбет, Баламайсан

D) Ықылас, Айрауық E) Қазанғап, Дина



  1. Мәтін мазмұнының реттілігі

1.Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері 2.Күйлердің тақырыптары

  1. Күйдің өрістеп дамуы

  2. Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі 5.Күй - аспаптық жанр

A) 1,5,2,4,3

B) 3,1,5,2,4

C) 4,3,1,5, 2

D) 2,4,3,1,5

E) 5,2,4,3,1


  1. Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі

A) Арнау күйлер, лирикалық күйлер B) Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер

C) Тарихи күйлер, эпостық күйлер D) Тартыс күйлер, саяси күйлер

E) Психологиялық, батырлық күйлер


    1. мәтін

Майқы би (XII - ХІІІ ғғ.) - халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген ескі сөз бар.

Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі, одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу тегіне қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің он қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан Шыңғыс ханмен қарайлас болған.

Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай елі бүлінгенде, қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі.

Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі - Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді. Ол ұлысқа кірген 40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған Үйсінге «жалау», ортада жүрген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза» таңбасын берген. Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезінде «Майқының таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін «Нұра таңбасы» аталып кеткен.

Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар», - деп өсиет қалдырған.

Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықгың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді.



  1. «Майқының таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты?

A) Жер атымен B) Ел атымен C) Өзен атымен D) Ру атымен

E) Тау атымен



  1. Қазақтардың шығу тегіне қатысты аңыз әңгімелерде Майқы би кімнің замандасы?

A) Шыңғыс ханның B) Төле бидің C) Ақарыстың D) Ыбырайымның

E) Ұзынсақалдың



  1. Аңыз әңгімелерде келтірілген деректер бойынша Майқы би

A) Әскер басы, дана би, хан B) Батыр, дана, хан

C) Шешен, әскер басы, тарихи тұлға D) Би, шешен, үш жүздің ханы

E) Ақылгөй дана, ел билеуші


  1. Майқы бидің өсиетіне сай даналық сөз

  1. Ер - елінде, Гүл-жерінде.

  2. Шешеннің сөзі мерген, Шебердің көзі мерген.

  3. Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

  4. Сөздің көркі - мақал, Жүздің көркі - сақал.

  5. Суды шым тоқтатар, Сөзді шын тоқтатар.

  1. Шежіре деректер бойынша Майқы бидің түп атасы кім болған?

A) Шыңғыс хан B) Ақарыстан C) Төле би D) Төбе би E) Арыстан

  1. Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған өсиеті

A) Ердің атын еңбек шығарар B) Ақыл азбайды, білім тозбайды

C) Әдепті бала - арлы бала D) Бірлік бар жерде тірлік бар

E) Өнер алды - қызыл тіл


  1. 40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді?

  1. Найзамен аңшылық жасап халқына азық табатынын

  2. Жауға бірінші болып шабатындығын

C) Халықты бір найзаның астына жинайтын қасиеттерін

D) Жаудың қайдан келетінін жорамалдап білетінін

E) Дауларда бірінші болып сөз бастайтындығын

20. «Хан ақылды болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді» деген Майқы бидің сөзіндегі қарашасы сөзін алмастыратын қатар

A) Жұбайы мен жары B) Баласы мен данасы C) Жалшысы мен малшысы

D) Отбасы мен ұрпағы E) Ел-жұрты мен халқы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет