070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі



бет13/46
Дата21.04.2020
өлшемі0,55 Mb.
#63774
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46
1079-нұсқа 1-мәтін

Киіз үйдің түрлері мен құрылысы

Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке тоқталайық, Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері пайдалануына, сән- салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 канат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 канат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.

Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:


  1. Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді.

  2. Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық- түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.

  3. Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім ілінеді.

  4. От орны - қасиетгі орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.

  1. Киіз үйдегі киелі орын

A) Үй иесінің жататын орны B) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын

C) Ер тұрман, киімілінетін орын D) От жағылып, қазан асылатын орын

E) Қонақтар орналасатын орын


  1. Ең үлкен киіз үй

A) Ақ ала орда B) Ақ орда C) Алтын үздік D) Алтын орда

E) Ақ шаңқан


2-мәтін

  1. Қазақ халқының кісі сыйлау, үйге келген кісінің қолына су құйып, ас ұсынуының өзінен үлкен адамгершілік, мәдениеттілік қасиеттері айқын көрінеді. Әр отбасы үйіне келген кісіні төріне шығарып, астына көрпе төсеп, құрақ ұшады. Қонаққа ас ұсынар алдында жасы кіші адамның бірі леген мен құман алып, мейманның қолына су құяды.

  2. Қолға су құйып, кісіге ас-су ұсынудың өзіндік жөн-жосығы бар. «Бата - бастан, су - аяқтан» деп, батаны төрдегі адамға жасатса, ал су құюды аяқ жақта отырғандардан бастайды. Әдетте қолға суды қонақтар тегіс отырып болған соң құяды, бірақ жиын-тойларда адам өте көп болатындықтан, суды екі жігіт екі босағадан бастап төрге қарай айналдыра құйып шығады. Кейде есік алдына үлкен леген қойып, үйге кірерде қонаққа қол жудырып кіргізеді. Ал адам саны шағын болса, онда бір адам оң босағадан бастап отырған адамдарға түгелдей су құйып шығады, тамақ соңында қолға су құю солдан оңға қарай басталады. Қазақ қол жуғанда суды сілкімейді, орамалмен сүртеді.

  3. Қазақ салтында төмен жақта отырған адамдар өзінен жоғары отырған адамдарға шыныаяқ алып беру, ас-тағам ұсынуға жауапты болады. Шыныаяқ алып беру мен ас-су ұсынудың да өзіндік ережесі бар. Мұны әр отбасы баласына мұқият ұғындырады, болмаса өзгелер жағынан «тәрбиесіз, көргенсіз» деген сөзге қалады.

  4. Тамақ алудың да, шай құюдың да өзіндік жөн-жосығы бар. Мысалы, шай құйған кезде, үй ішіндегі кісілерге шай түгел құйылып болғанша, барлық адам сабыр сақтап күтіп отырады. Үй иесі: «Астан алыңыздар!» деген соң ғана қонақтар алдындагы асқа қол созады. Шыдамсыздық таныту үй иесін көзге ілмегендік болып саналады.

  1. Мәтін мазмұнынан байқалатын қазақ халқына тән ерекше қасиеттер

A) Әдептілік, білімділік B) Қонақжайлылық,ізеттілік

C) Талғампаздық, ақылдылық D) Естілік, көрегенділік

E) Ақкеңілдік, шешендік


  1. Мәтіниің 1,2-бөлімінде айтылған ой

A) Ac ұсыну әдебі B) Қонақкәде салты C) Дастарқан әдебі

D) Шай құю дәстүрі E) Қолға су құю әдебі



  1. Үй иесіне деген құрмет мәтіннің қай бөлімінде сөз болады?

A) 3

B) 1,2


  1. 4

  2. 2

  3. 1

  1. Мәтін мазмұнына алшақ ой

  1. Ac ұсынудың ережесі бар.

  2. Қонақтың қолына құманмен су құяды.

  3. Суды екі жігіт төрден бастап құяды.

  4. Суды шай ішіп болған соң да құяды.

  5. Қолды жуғанда сілкімейді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет