1- сыныпқа арналған адаптациялық тренинг Танысу



Дата08.09.2017
өлшемі27,57 Kb.
1- сыныпқа арналған адаптациялық тренинг

1. Танысу

Мақсаты: бірінші сынып оқушылармен танысу.

Тренинг барысы:

Психолог балалармен амандасады.



  • Балалар, мен сендермен тағы да кездескеніме өте қуаныштымын. Міне сендер мектепке келдіңдер, осы мектеп сендер көптеген жаңа және қызықты нәрсе білетін орын болады. Бұл мектепте сендер неше түрлі қиын сұрақтарға жауап аласыңдар. Және де бұл жерде сендер көп жаңа дос тауып жатсыңдар. Ал мен сендерді жақсы тану үшін біз қазір сабағымызды бастаймыз. Ал сабақ басталсын десек алдымен келесі сөздер болады, тыңдаңдар:

  • Бір, екі, үш – тыңда да қара!

  • Үш, екі, бір – сабаққа дайындал.

  • Қазір сендер үстелдеріңнін қасына тұрыңдар. Маған қарап мен көрсеткен қимылдарды жасаңдар. Менін айтқан сөздерімді де қайталаңдар.

  • Бір, екі, үш (алақан соғады) – тыңда да (құлағын көрсетеді), қара (көзін көрсетеді).

  • Үш, екі, бір (алақан соғады) – сабаққа дайындал (қолдарын бір бірінің үстіне қояды).

  • Рахмет, енді өз орындарыңа отырып маған қараңдар.

Мен психологпын. Менің атым – Гульмира, деп тақтағы аты жазылған түрлі түсті қағаздан қиылған гүлді жапсырады. Мен сендердің аттарыңды білмеймін бірақ барлығыңды білгім келеді. Мен «Бір-екі» дегенде барлығың өз аттарыңды қатты айтасыңдар. Қане, көрейік! Ой-ой-ой. Қатты айғаласаңдар да, мен бір де бір атты естімеппін.

Қане, басқалай көрейік! Егер қатты айтқаннан түк шықпаса, онда сыбырлап көрейік! Тағы да түк шықпады. Ешкім айғайлаған жоқ, сонда да бір де ат естіген жоқпын.



  • Барлықтарың бір уақытта қосылып айтқандыкі шығар. Қосылып жұмыс істеген, ойнаған, ән айтқан жақсы, ал қосылып жауап берген жақсы емес: бәр әр түрлі сөздерді бір мезгіл айтып тұрғанда, түк түсінбейсін. Қане, кезекпен айтып көрейік, бір біреуден және ұлдар мен қыздардың аттарын мен естейін. Мен кезекпен әр қайсыңа келіп кімнің иығына қолымды тигіземін, қатты және анық өз атын айтады. Менің қолымда сендердің аттарың жазылған гүлдер бар, әр қайсыңа гүлдің біреуін беремін. Рахмет, енді барлық аттарды естідім.


2. «Бір-екі» жаттығуы

Келесі міздің жаттығуымыз ең мұқият балаларға арналған, ал сендер барлығың мұқият бола аласыңдар. Жаттығу «Бір немесе екі» деп аталады. Өздеріңді, өз денелеріңді мұқият қараңдар, беттеріңді сипаңдар. Сендер білесіңдер ғой, адамда қолы екеу, ал мандайы – біреу екенін?

Мен дененін бір мүшесін айтамын, егер мен адамда біреу ғана болытын мүшесін айтсам, қыздар тұрады, ал егер ондай мүше адамда біреу емес екеу болса, онда ұлдар тұрады. Барлығыңа түсінікті ме?   

Мұрын


Аяқ

Ауыз


Көз

Құлақ


Тіл

Иық


Тізе

Шаш


Саусақ

Жарайсыңдар, сендердің сондай мұқият болғандарың маған ұнайды.



3. «Түрлі түсті биялайлар»

Әр партада отырған екі бала бір қарындаштар жиынымен жұмыс істейді. Сендердің әр қайсыларыңның алдында биялайдың суреті жатыр. Қараңдар, бұл биялайлар түсі жоқ,, өрнегі жоқ. Әр жұп бұл биялайларды қалай безендіретіндерің жайлы келісіп алыңдар. Әр қайсың өз биялайларыңды безендіресіңдер, бірақ екеуінің де өрнектері бірдей және әдемі болу керек. Сендерге түсінікті ме, онда бастаймыз.



4. «Гүл» ойыны.

Сендердің алдарыңды аттарың жазылған гүлдер жатыр. Мұқият тапсырманы тыңдаңдар. Гүлдер ол тапсырманы орындауға сендерге көмектеседі.



Психолог кімді айтады соларды гүлдерін көтеруін сұрайды – «Гүлдеріңді жоғары көтеріңдер»:

Қане тақтамызға үлкен гүл алаңқайын өсірейік. Оны былай істейміз. Мен кейбір балалардың аттарын айтамын, олар шығып тақтаға өз гүлдерін жапсырады. Сендер мұқият тыңдау керексіндер, кенет мен сендердің аттарыңды айтып қаламын. Мен тақтаға аты ... шақырамын. Мұғалім «1 «» сынып» деген жазу алып шығады. «Балалар, қараңдар қанша көп гүл бізде шықты, сендер сияқты көп».Және барлығың да бір сыныпсыңдар (жазуды аттардың үстіне жапсырады). Міне қандай сендердің сыныптарың.
Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу