1- тақырып. ҚАзақ хандығы кезеңіндегі әдебиеттің Өзіндік сипаты лекция мақсаты



бет1/6
Дата20.02.2022
өлшемі32,87 Kb.
#132632
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-лекция
1 Дәріс

1- тақырып. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘДЕБИЕТТІҢ ӨЗІНДІК СИПАТЫ


Лекция мақсаты:
- қазақ тарихына, сөз өнерінің бастау-арналарына ден қою;
- қазақ хандығы тұсындағы әлеуметтік-қоғамдық ахуалға, Керей, Жәнібек
хандардың елдік мұраттар жолындағы іс-әрекеттерін көрсету.
Сұрақтар:

  1. Алтын Орданың ыдырауына қандай себептер болды?

  2. Қазақ хандығының құрылуы. Әдебиеттің даму сипаттары.

  3. Ақын, жырау, жыршы ұғымдары.

  4. Жыраулар поэзиясының өзіндік ерекшеліктері. Зерттелуі.

  5. Толғау жанры



Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдай. Қазақ халқының қалыптасу, даму жолдарынан неше алуан қилы кезеңдерді, бұралаң-бұлтарысы мол бел-белестерді көптеп кездестіреміз. Саяси жағынан бытыраңқылығы басым этникалық топтардың, яғни қазақ тайпаларының бір мемлекетке бірігуі Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Қазақ хандығы ХҮ ғасырдың ортасында (1465 жылы) құрылды. Әсіресе, қазақ тарихында ХҮ ғасырдан кейінгі кезеңнің айрықша маңызы бар. Өткенге байыппен қарасақ, ХҮ ғасырдың бірінші жартысында Алтын Орда мемлекеті ыдырап, Қазақ хандығы тарих сахнасына шықты. Қазақ хандығы түріндегі Қазақ мемлекетінің пайда болуына негіз болған обьективті себептер: Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуының күшейе түсуі, қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы. Хандықтың негізін салушылар – Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек.
XVI ғасырда қазақ хандығы нығайып, территориялық жағынан ұлғая түсті. Қасым ханның тұсында қазақ хандығында ішкі қайшылықтар жойылып, саяси және экономикалық жағынан күшейіп, шекара ұлғая бастады. Алғашқы қазақ заңы – қазақтың құқықтық тарихының 5 бөлімнен тұратын «Қасым ханның қасқа жолы» атты заңдар жинағы жасалды. XVI ғасырдың екінші жартысында әлсірей бастаған хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі зор болды. Тәуекел ханның тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынастар нығайып, Орта Азияның сауда орталықтарына шыға бастады.
XVII ғасырда Есім хан орталықтандырылған мемлекет құруға әрекет ете бастады. Есім ханның тұсында қазақ хандығының Оңтүстік шекаралары кеңейе бастады. «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заң пайда болды. XVII ғасырдың екінші жартысында Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1717 жж.) халықтың бірлігі, ынтымағы арта түсті. Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайды реттеуге бағытталған реформалары жазылды. Қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер жасаған «Жеті жарғы» заңы жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет