1-2 Дәріс Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен әдісі



Дата16.09.2022
өлшемі33,35 Kb.
#149630
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 1-2 Философия
10 сынып Құқық негіздері ҚМЖ 10 сынып ҚГБ, дизайн 5 сынып, кожа, семинар 19, Саясаттану. Дәріс 1., 1601985361



1-2 Дәріс
Философияның пайда болуы және дамуы
Философияның пәні мен әдісі.

Философия – даналыққа құштарлық.


Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және философия. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.
Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша сипаттамалары.
Философияның тарихи түрлері және анықтамалары, түрлері мен бағыттарының санқырлылығы және философиялық пайымдау тәсілдерінің әртүрлілігі. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Қазіргі Қазақстанның үшінші модернизациясындағы философияның орны.
Философия сөзі филео - жақсы қөремің және софия - даналық дегең сөздерінең тұрады.
Сондықтан да Философия, әрине, ең алдымен ол даналық. Туралы ілім. Біз білетіңдей тұжырымдамалар бар, теория мен білім бар, ал сонымен катар Даналық бар. Сонда, осы пәнің аталыумең байлаеысты осындай сүрақ туыдауы мүмкүң сонда даналық деген не?. Және даналықтың тұжырымдамалар; теориялар мен білімнең айрмашылығы неде?. Осыны алдымең түсінуіміз керек. Даналық басқа білім түрлерінен немең ерекшеленеді. Айтырлықтай сіз білімді бола аласыз, бірақ ақылды дана емессіз.
Сондықтан антика Грециядағы философтар деп әлемді ерекше көрудің және іс іреккеттері осығаң сәйкес дарынды адамдарды атағаң.
Гераклиттің Дана азамат туралы айтқан сөзі осындай «Дана адам табиғат пен болмыс заңдарына терең енген адам.
Және Дана адам өз өміріндеғі іс әрекеттеріңде тіршіліктің осы болмыстын тұп негіз заңдылықтарын басшылыққа алып тіршілік етеді» дейді. Сондықтан біз еш кұмәндән бай философияны - Болмыс туралы ілім деп дәлелдейміз. Себебі біз болмыспен табиғаттың терең және жан жақты демек универсалды түрде біле алмасақ дана болұумыз мұмкің емес.Философия бұл не туралы ілім деген сұракка сіз бірдең Ол болмыс туралы ілім десеніз еш қашаң қателеспейсіз. Болмыс ілімі философиядағы ең маңызды. Бастапқыда философия табиғи философия ретінде дүниеге келді - натурфилософия. Оның себебі алғашқы философтардың байқасақ осы Болмыс туралы ілімінің жоқтығы. Алғашқы натурфилософтар немесе оларды физиктер деп аталатын математика, физика, астрономия сияқты ілімдерді дамытқан. Фалес, Анаксимен, Анаксимандр, Олар байкасақ әлі философтар емес олар натурфилософтар. Неден десеніз олардың ілімдерінде болсыс жүйесі қалыптаспаған.
Ал Парменид пен Гераклиттен бастап философия даналық мәртебесін алды. Оның манызды себебі ол осылардың терең Болмыс туралы ілімінде. Платон, Аристотель, әл-Кинди мен Ибн Синаның араб тілді философиясының барлық өкілдері Болмыс ілімің жасаған. Сондықтан да міне Болмыс философия ұшін өте манызды.
Ал енді философияның қай жерде және қай мәзгілде пайда болды десек
Философия бір мезгілде біздің заманымызға дейінгі 6 ғасырда пайда болды дейміз. Үндістанда, Қытайда және Ежелгі Грецияда. Грецияда философия керемет түрде Грекияның «қараңғы кезеңдер» дегең деп аталатын тарих аясында пайда болды. Дәл осы кезеңде Азиямен шекаралас территорияларда, қазіргі Түркия жерлеріңде, Осы жерде Эфес, Милет қалалары содан кейін Афина таңғажайып грек полистері тұындайды.
Философия қандай омірлік қажеттіліктерінең шықты десек
Бастасы осы Грекия жеріңдегі полистік калаларының кұлиенұшілік демократия кезені саясатың іске асурыдың қажеттіліктернең Философия туындайды. Сонымең катар әрбір полистің саясатынды үкімет тиесілі болған кезде, құлдық демократиясы сияқты таңғажайып басқару формасы ішінде «ұлттық жиналысы» секілді феномені тұындайды. Осы ежелгі грекия полистік саясатың іске асыру кажеттіліктерінең: грек азаматы туралы көзқарастары, грек азаматтарына білім беру теориясы, грек жастарың тәрбиелеу, мемлекет билеушілерің тәрбиелеу туралы, мемлекет философиялық жұйлерің және саяси философиялық жұйлерің құрған дана философтарды қажет етті. Айтарлықтай, осының бәрі сонымең катар ең маныздысы астрономия, математика, геометрия, медицина сияқты ғылымдардың үдемелі дамуымен қатар жүрді де міне аныздың және ежелгі Грекия дінінің ішіңде философия тұындады
Сонда Аныз Дін Философия айрмашылығың осы қажетіліктерімең байланысты. Себебі Философия ол алдымен Ғылымға, Білімге сүеңген қөзқарас.
Айтарлықтай Әл-Фараби және араб тілді философиясының грекия мен салыстырсақ, бұл ойшылдары ежелгі антика дәстүрін жалғастыр ған менең грек дәстүрінен сәл өзгеше болды. Шығыс ойшылдарының іліміндегі жаңашылдық ол «олардың ислам дәстүріне сүйенуінде». Араб тілді ойшылдар сондай-ақ сүюші Құдай сияқты нәрселерге назар аударды. Олар барлық нәрсенің қайнар көзің Жаратушыдан көрді.
Грекия алғаш натурфилософтары ғылым дамуына оз ұлестерәң қосты.Айтып кетсек: грек ғалымдары алғаш Евклид жасаған геометрия мен стереометрияны құрды Сиракузаның Архимед - механик және әскери инженер; ол көптеген салаларда еңбек еткен ғалым; тригонометрия негізін жасады , Ежелгі дәуірде статиканы арнайы теориялық пәнге бөлу болды, оны ежелгі адамдар «өлшеу өнері» деп атады. Жердің көлемін (Эратосфен), Күннің көрінетін дискісін (Архимед) өлшеу немесе Жерден.
Айға дейінгі қашықтықты анықтау (Гипархар, Посидониус, Птоломей).
Әрине философияның өзінің ұзақ даму тарихы бар.
Философияның тарихи тұрлері
Ежелгі Шығыс философиясы.
Көне Қытай философиясы.
Көне Үнді философиясы.
Ежелгі грек философиясы.
Ортағасырлық мүсылман философиясы.
Қайта өрлеу дәуірі философиясы.
Жаңа дәуір филоософиясы. Эмпиризм және рационализм (Ф. Бэкон, Р. Декарт)
Ағартушылық философия. ХУІІІғ. Француз материализмі.
Классикалық неміс философиясы
Маркстік философияның пайда болуы мен дамуы. Тарихты материалистік тұрғыдан түсәну. Орыс философиясының пайда болуы мен дамуы. Славянофильдік және батысшылдық бағыттар.
Қазақ философиясының пайда болуы мен дамуы. Қазақстандағы ағартушылық философия (Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев)
Осы заманғы батыс философиясының негізгі бағыттары (позитивизм, прагматизм, экзистенциализм, неотизм, герменевтика)
Осыларға қарай
Космоорталық
Теоцетриялық.
Антропоорталық және гуманизм. Пантеизм. Сонда
Философия - бұл жалпы адамзат туралы ғылым, ол адам танымының еркін және әмбебап өрісі, жаңаны үнемі іздейді. Философияны білімнің, болмыстың және адам мен әлемнің қарым-қатынасының жалпы принциптері туралы ілім ретінде анықтауға болады.
Өзін-өзі саналы философиялық ойлаудың негізгі күш-жігері болмыстың жоғары принципі мен мағынасын табуға бағытталған.
Философияның мақсаты - жоғары мұраты бар адамды қызықтыру, оны күнделікті өмір саласынан алып шығу, өміріне шынайы мән беру, кемел құндылықтарға жол ашу
Сондықтан, барлық ғылыми жаңалықтардың және адам қызметінің әр түрлі мақсатын, саяси белсенділік пен мемлекет даамуының мақсатың олар Ерлік пен Бақытқа жетудідең, сонымен қатар бүкіл әлемдегі әр адамның рухани жетілуінең көрді.
Платон мен Аристотель философиясында ол жоқ нәрсе.
Сондықтан біз осы ойшылдардың даналығы туралы айтамыз. Болмыс туралы ілім ғылымның әр түрлі салаларын, соның ішінде физика, геометрия, математика туралы білімді қамтиды. Сондай-ақ философия болмыс туралы ілім ретінде және осы ұғымына сүйене отырып, біз философияны сонымең катар адам туралы және адамның осы болмыста алатың орны туралы ілім деп те анықтай аламыз. Философия сонымен қатар - ойлау туралы да ілім. Ойлау, Сана, Акыл-ой, Парасат туралы. Осылардың даму заңдары мен адам оміріндегі орның анықтап зертейтің философия. Болмыстың ілімінің ең бір ерекшелігі ол оның универсалдығында. Байқасаныз Болмыс, материя сана деген үғымдыры өте кең тұрғыдаң. Сондықтан да философия зертейтің зандары да өте кен демек әмбебабты. Философия ол универсалды кең тұрғыдаң алнатың заңдар туралы ілім деп те анықтаймыз. Философия Мемлекет және қоғам даму заңдары туралы-әлеуметтік философия. Себебі адам әлеуметтік және мәдени болмысы мол.
Енді философияның даму кезендеріне келсек;
Философия Үндістанда «Ми толқыны» дәуірінде пайда болады, бұл кезде Үндістанда 1000 түрлі философиялық мектептер мен қозғалыстар пайда болады. Ұнді де философ сөзі қолдаңбаған. Алғашқы филосфтар бұл жерде шрамандар деп аталған. Шрамандар деп ресми діңіне оппозициялық мектептерің құрғаң ежелгі данышпандар.Осылар брахман кастасына қарсы шықты. Брахмандар деп Үндістандағы санскрит тілін білетін және Веда мәтіндерді түсіндірген касталарды атаймыз. Ал, Веда - бұл Үндістанның ғана емес, бүкіл адамзаттың ең ежелгі діни және тарихи мәдени ескерткіші болып есептеледі. Веда мен бірге Қытайда И цзин Өзгерістер кітабы Шу . Цзин тарих кітабы сияқты мәдени ескерткіштері бар Грецияда болса, ол Гомер Эллиадасы.
Көне Үнді философиясының гносеологиясының ерекшелігі заттар мен құбылыстардың сыртқы белгілерін қарастыру емес, заттар және құбылыстар әлемін түйсінгендегі санадағы процестерді тану болды.
Қытайда философия мың патшалық дәуірінде пайда болады. Бұл кезде Қытай кішкентай князьдіктер бөлінген енді Дәл осындай Лу патшалығында көрнекті ойшыл, саясатшы - Конфуций (б.д.б. 551-479 ж.ж.) дүниеге келді. Ең көрнекті ойшыл Конфуций өте қиын заманда өмір сүрді. Әр княздікті бірнеше ауқатты отбасылар басқарды. Ұрлық ашаршылық пен аурулар. Халық жағдаый өте төмен заманда өмір сұргең Конфуций Ван билеушілерінің заманы - және бұрынғы заманды қатты сыйлап кұрметтеді. Осы бұрыңғы бабалырының Ван Патшаларың жоғары құрметтеді. Осы патшаларды енбектерінде ұлгі етіп Патша ұлдарының әкесі ретінде өз халқына қамқор болған уақыты деп айтқан. Осы ұмытылғын ежелгі Дәстүрі мен дінің жаңғыртуға енбектеңді..
Конфуция көзқарастары «Лунь юй» («Әңгімелер мен пайымдар») атты кітапта берілген.
Бұл енбегінде Конфуций асыл азаматтары мен шенеуніктердің тәрбиесі туралы айтқан. Осылардың мемлекеттегі тәртіпті қалпына келтіретіне сенді.
Конфуций өзінің әлеуметтік идеалын қалыптастырды – толысқан (жан-жақты, қайырымды) адам идеалы (Цзюнь-цзы), ол екі ішкі сипатқа ие болуы керек – «Жэнь» (гуманизм, адамсүйгіштік) и «И» (парыз сезімі және әділдік, білуге ұмтылу). Цзюнь-цзы – еліктеудің эталоны, қытай қоғамының әрбір мүшесі сондай болуға ұмтылуы керек.
Қытай философиясы халықтың патриархалды тіршілігіне ұқсас және практикаға нақты-әрекетпен бағыталған.
Сонымең:
Философия - бұл жалпы адамзат туралы ғылым, ол адам танымының еркін және әмбебап өрісі, жаңаны үнемі іздейді. Философияны білімнің, болмыстың және адам мен әлемнің қарым-қатынасының жалпы принциптері туралы ілім ретінде анықтауға болады.
Өзін-өзі саналы философиялық ойлаудың негізгі күш-жігері болмыстың жоғары принципі мен мағынасын табуға бағытталған.
Философияның мақсаты - жоғары мұраты бар адамды қызықтыру, оны күнделікті өмір саласынан алып шығу, өміріне шынайы мән беру, кемел құндылықтарға жол ашу.
Философиялық білім тақырыбын түсіну тарихи өзгерді. Философияның бүгінгі таңда бірыңғай анықтамасы жоқ. Сонымен бірге, менің ойымша, философияның өзіндік ерекшелігі оның адами дүниетанымдық қатынастар жүйесінде әмбебап ретінде түсіндірілуін дәл көрсетеді. Бұл жүйеге әлемге адами қатынастардың әр түрлі түрлері кіреді: танымдық, практикалық, құндылыққа бағдарлау.
Мұндай қатынастар түрлерін неміс философы Имманул Кант (1724 - 1804) философияның проблемалық өзегін жинақтайтын үш сұрағында нақты анықтаған сияқты.
Мен не біле аламын? - Немесе адамзат баласының танымдық мүмкіндіктері қандай (адамның әлемге деген танымдық түрі).
Мен не істеуім керек? - Басқаша айтқанда, мен адам болу үшін және неғұрлым лайықты өмір сүру үшін не істеуім керек (әлемге деген адамның көзқарасының практикалық түрі).
Мен нені күтемін? - Бұл құндылықтар мен мұраттар туралы мәселе (адамның әлемге деген көзқарасының құндылық түрі).
Осы үш сұраққа жауап бере отырып, біз интегративті сұрақтың жауабын аламыз: «Адам деген не?»
Философия пәні - оның мәні мен мазмұнына сәйкес келетін барлық нәрсе. Философия сыртқы өзара әрекеттесуді және әлемнің бөлшектері арасындағы нақты шекараны анықтауға емес, олардың ішкі байланысы мен бірлігін түсінуге бағытталған.
Философияның құрылымы
Философия пәнін кешенді құрылымдау келесі бағыттардан тұратын философиялық білімнің ішкі құрылымын анықтайды:
Онтология - болмыс туралы ілім (барлық заттардың шығу тегі мен негізгі себептері туралы).
Гносеология - білім туралы ілім (білімнің философиялық теориясы), шынайы және сенімді білім деген не, шынайы білімді алудың өлшемдері мен әдістері қандай, танымдық іс-әрекеттің әртүрлі формаларының ерекшелігі қандай деген сұрақтарға жауап береді.
Аксиология - құндылықтар туралы ілім.
Философиялық антропология - адамның мәні туралы ілім, адам өмірінің мәні, қажеттілік пен мүмкіндік, еркіндік т.б.
Логика - адам ойлауының заңдылықтары мен формалары туралы ілім.
Этика - мораль заңдары мен қағидалары туралы ілім.
Эстетика - эстетикалық құндылықтарды (әсемдік, жамандық, қайғылы, күлкілі, негіздік және т.б.) және өнерді ерекше көркемдік әрекет ретінде зерттеу.
2 Дәріс
Философияның пайда болуы және дамуы
Философияның пәні мен әдісі.
Дүниетанымның тарихи түрлері: аңыз, дін, философия.
Дүниетаным - адам санасының негізі алынған білімі, басым сенімі, ой, сезімі, көңіл-күй қосылуындағы адамның дүниені және өзін-өзі танудың белгілі бір жүйесін білдіреді.
Тарихи тұрғыдан алғанда дүниетанымның алғашқы формасы – аңыз.
Аңыз - қоғамдық дамудың алғашқы сатысында пайда болады.
адамзат аңыздары
жалпы ғалам, ең маңыздысы табиғи құбылыстардың пайда болуы,
адамдар мең табиғат қарымқатнасы туралы сиякты сұрақтарға жауап берді.
Аңыздарды зерттеу саласындағы ең беделдісі
Алексей Федорович Лосев 1893–1988 - орыс философы, антикалық зертеушісі, аудармашы, жазушы, кеңес мәдениетінің көрнекті қайраткері. Профессор, филология ғылымдарының докторы. Кеңес мәдениетінің көрнекті қайраткері. ғылымдарының докторы. Аңыз туралы былай дейді:
«Аңыз Лосевтің айтуыңша - бұл өмірдің өзі және өмірдің шыңдығы ... өмірдің сезінетін және іс әрекетті болмысы, материалдық және физикалық шындық». Лосев үшін ғылымға ұқсас, дерексіз-метафизикалық механикалық адам Болмысының болуы мүмкің емес. мәңгілік, - жоқ.
Болмыста адам өзін-өзі ізгілендіруге, «еліктеуге» тырысады, сондықтан адам Болмыста болуы, объективті болуы керек дейді Лосев.
Сонымен, аңыз дегеніміз - тек адамға (дәлірек айтқанда, жеке адамға даралық өлшемде болатын объект-субъективті болмысы. Болмыс адамның өмірліқ өлшемі болуы қажет дейді Лосев. Аныз оның тұсініғі бойнша бұл адамның өмірінің поэтикалық, философиялық тұрғыдан түсінілген парадигмасы.
Ал енді грекия аңыздарыңа келсек
Ежелгі Грекия - құдайлар, қарапайым адамдар және оларды қорғаған батырлар туралы аңыздардың ең бай көзі.
Ғасырлар бойы бұл әңгімелерді ақындар мен тарихшылар және жай ғана батырлардың аңызға айналған ерліктерін «куәгерлері» жасады.
Осы көптеген шайқастарда Ежелгі Грецияның аңыздары бойынша Зевс бастаған құдайлар жеңіске жетті. Жеңістен кейін олар билікті бөліп, қасиетті Олимп тауында тұруға кетті.
Зевс аспанды, найзағайды басқара бастады. Ол он екі олимпиялық құдай пантеонының басшысы болды. Барлық басқа құдайлар оған бағынып, оны ең әділ деп санады.Тарихи деректер бойңша, Ежелгі гректер Зевстің Посейдон аралында 15 метрге жеткен мүсінін жасағаң.
Келесісісі Зевстің бауры Посейдон теңіздер мен мұхиттарды басқара бастады. Ашуланғанда, бұл құдай қорқынышты болды: ол су тасқыны тудырып, немесе теңіз портын толқынмен бұзуы мүмкін еткен. Посейдон жерге қадам басқан кезде, бұлақ суы соғыла бастаған. Бұл құдайға барлық теңіз саяхатшылары мен матростар құрмет көрсеткең.
Келесі құдай Аид жер үсті әлемін басқаруды ағасы Зевспең боліс алмай Тартар жеріне барып ол жерде өлілер патшалығын басқара бастады. Жер асты патшалығына кіре берістегі шынжырда Тартырға тіршілік етуіне жол бермеген оның сенімді үшбұрышты иті Cerber отырды.
Айд құдайы өзінің сүйікті жиені Персефонаға ұйлеңуге мәжбүр етті. Аид Парсефонаның анасынаң Деметрадаң ұрлап алып, оны үйлендіруге мәжбүр етті. Қатты қайғырғын анасы Деметра жер бетің қысқа айналдырып ештене өсірмей ғапалаңғаң Зестің қөмегімең Парсефонаның жарты жыл Айд пен және жарты жыл Анасымең тұрұды сұрады да осы келесім арқылы Зевс озінің жиенің Парсефонаны Аидке береді. Міне қызығы Осыдан қөптегең халықтарының коктем мерекелері осы Парсефонаның анасы Деметраның құанып сұйкті қызының өзіне оралуыңын белгісі ол жер беті қөқтеп жылыуы. Деметраға арналғаң ең маңыздысы болғаң және Деметра. Бидай тағамдары дайндалып өткізілгең.Деметра мерекелері Грекияда мемлекеттік деңгейнде тойланғаң. Көптегең халықтарда осы дәстұрі көктем жердің оянуның мерекесінде сақталып келеді (Элевсин мерекелері Наурыз Новруз)
Ежелгі Дәстір бойнша гректер Аидке арнап қара бұқаны құрбандыққа шалды. Әдетте кұрбандық өліктер патшалығына кіруді бейнелейтін үңгірге орналастырылған.
Гректер арасында басты әйел құдайы Зевстің заңды әйелі Гера болды. Зевстің соңғы әйелі некенің қамқоршысы болды. Зевстің көптегең сүйкты әйлдеріне қастаңдық жасауға тырысты.
Гера құдайшасы некенің қамқоршысы. Ежелгі гректер оған тағзым етіп, мықты және дені сау балалардың дүниеге келуін сұрады
Күн сәулесінің құдайы және ер сұлулығының тәжі - Аполлон құдайы.
Аполлон - Зевс пен Лета адам әйелінең тұылғаң ұлы, Аполлон анасы Лета Артемида мен Аполлон атты егіздерің алыс жерлерінің аралында дұниеге әкеледі. Аполлон Грекияның солтүстігіне Грек жерінде қазіргешейң сақталған атақты Аполлон ғибадатханасын өз қолымең қалаған, сол үшін ол сол жердің басып отырғаң Титан Плифонды өлтіреді дегең аныздық деректер бар. Сұлұ Дафнаны жақсы көріп қалған Апполон қатты қайғырып, зардап шегеді., оның себебі Дафнаның жүрегін Эрос махаббат құдай темірге айналдырады да. Дафнаны Аполлодан қашып келеткан жерінең оның сұрауы бойнша оның әкесі ағым сулар иесі Пений Дафнаны Лавр ағашына айналдырады
Міне осылайша Лавр ағашы ақындар мен музыканттардың символына айналды.
Эрос (гр. Ἔρως) - ежелгі грек мифологиясындағы махаббат құдайы, Афродиттің ажырамас серігі және көмекшісі Эрос махаббаттың тартымдылығын бейнелеуі, жер бетіндегі өмірдің жалғасуын қамтамасыз ету символы
Содан кейін Аполлон Караханида атты сұлы қызына ұйленіп оңы жақсы көреді, бірақ Караханида Аполлонды оны бақташымен алдағасың, Аполлон Караханида сүйктісін бағанаға жағып жібереді, сол сәтте Аполлон оттан өзінің сәби баласың анасының кұрсағынаң шығырып алады да Сол сәби келешекте алғаш Сплиний атты бірінші дәрігер болды Сплиний аныз бойншы адамдарды емші қасиеттерімең адамдарды тірілтетің қасиетемең танылғаң.Алғаш Сплиний атты дәрігері осы кұнгешешейң грекияда кұрметтеледі. Айд кұдайы оғаң адам тірілтетің қасиеттеріне шыдамай Сплинийді найзағаймен өлтіреді. Аполлон осы Аиттің ісіне қатты қапаланып Айттін ағайындарын - Циклоптарды өлтіреді. Аполлон өзінің ғибадатханасын тұрғызады Зевс оған Лира садақ пен жебелерді сыйлайды.
Әдеттгідей Аполлон - ақын жазушылар мен музыканттардың қамқоршысы деп есептеледі.
Ежелгі Грецияның діні өлместіктің нышандарын қабылдамады, адамдар сияқты құдайлар адами қасиеттерге ие болды: олар ғашық болды, зардап шекті, мейірімділікке немесе сатқындыққа қабілетті болды. Ежелгі гректердің пікірінше, құдайлар әлемді табиғи апатарынаң құтқарып алып, осы әлемді жақсартып, оның қамқоршысы және қорғаушысы болды.
Сауда мен саудалық шекаралардың құдайы және жолдар құдайы Гермес болды. Ол өткір ақылға, тапқырлыққа ие болды, өйткені ол сауданың меценаты болған, бірнеше тілдерді білетін және керемет әдептерімен ерекшеленетін. Саудагерлерден басқа, бақташылар мен саяхатшылар бұл құдайға құрметпен қарады.\Сонымен катар
Гефест - от құдайы - темір ұстасының қолөнершісі, сол уақытта ол керемет шебер болып саналды. Ол екі аяғынан ақсақ болған, өйткені аңыз бойынша оны Зевс Гераға бағанадан шығуға көмектескені үшін лақтырған.
Арес - әділетсіз соғыстардың құдайы. Ол Зевс пен Гераның ұлы болатын. Зевс оны өзінің жабайы және ақымақ пейілі үшін жасырын жек көрді. Арес жабайы көңілді жақсы көретін және ешқандай себепсіз жанжал бастай алатын. Ол Афродитаға үйленді.
Барлық олимпиадалық құдайлар мен құдайлар ойын-сауық пен құмарлыққа толы ойын-сауық өмірін жүргізді. Құдайлардың әрқайсысы өз күштерімен күшті болған, сондықтан даулар жиі ымыраға келді.
Жас құдайларға Ескі құдайлардың ішіндеғі балалар болды, бұл буын бұрынғыға қарағанда көбірек болды, кейбіреулері:
Дионис - құнарлылық пен жүзім құдайы. Ол жүзім және би бөліміне қамқоршы болды. Дионис пайда болуы керек жерде оған абайсыз маскүнемдік, негізсіз ермек және тіпті кісі өлтіру еріп жүрді
Гелиос - күн құдайы. Бұл құдай Аполлоның функцияларын орындады, күн құдайы болды, сонымен бірге Зевстің көзімен: ол адамдардың ажал әлемінде не болып жатқанын және қайда екенін білетін. Грецияда Гелиостың құрметіне көптеген мүсіндер тұрғызылды, олардың бірі Родос Колосс деп аталады және әлемнің жеті кереметіне жатады. Мүсін 33 метрге жетіп, Эгей теңізіндегі Родос аралында тұрды.
Ирида құдайлардың кішігірім және үлкен бұйрықтарын орындады. Ол адамдарға хабарлар мен Олимп құдайлары туралы жаңалықтарды жеткізді. Ежелгі гректер оны кемпірқос құдайы ретінде де құрметтеген. • Фемида - әділет құдайы, әділетсіз айыпталушылардың қорғаушысы. Зевске троян соғысын ашуға көмектесті. Гректер бұл құдайдың көзін жұмып суреттеген, бұл оның бейтараптығын білдіреді.
Зевстің ұлы және өлімші әйел болған Геркал батырлар арасында ерекше құрметке ие болды
Ең әйгілі оның 12 ерліктері белгілі. эксплуатация циклі деп санауға болады,
жалғыз өзі Зевстің ұлын Евристей патшаның қызметінде істеді. Тіпті
аспанда сіз Геркулес шоқжұлдызын көре аласыз.Ахиллес грек батырларының бірі болып табылады Агамемнон басқарған Трояға қарсы науқан Жасаған батыр Ахиллес . Ол туралы әңгімелер әрқашан батылдыққа толы
Оның Гомердің Илиада жазбаларында басты тұлғалардың бірі екендігі таңқаларлық емес кез-келген жауынгерге қарағанда құрметті мөл..
Одиссей ол тек ақылды және батыл патша ретінде ғана емес, сонымен қатар сипатталған тамаша оратор ретінде сиппаталған. Ол «Одиссея» хикаясындағы басты тұлға болды.Оның оқиғалары мен әйелі Пенелопаға оралу көп адамдардыңжүректерінде жаңғырықты тапты
Персей ежелгі грек мифологиясында маңызды тұлға болған. Ол Gorgon Medusa құбыжығының жеңімпазы және әдемі құтқарушы ретінде сипатталған Андромеда ханшайымдары.
Ясон - Колхидаға Алтын жіпті іздеуге аттанған Аргонавтардың көшбасшысы. Бұл тапсырманы оған әкесінің інісі Пелий берген, оны жою үшін, бірақ ол оған мәңгілік даңқ әкелді.
Дүниетанымның келесі тарихи тұрі: ол дін
Діни дұниетаным - адамның дүниетанымы мен көзқарасы, сондай-ақ оның құдайдың бар екеніне деген сеніміне қатысты өмірлік іс әрекеті. және оның Құдаймең байланыс сезімі,Құдайдаң тәуелділік сезімі, адамға қолдау көрсететін және және бар нәрсеге қатысты белгілі бір мінез-құлық нормаларын белгілейтін құдай құдіретті күшіне деген құрмет пен осы құрметпен анықталатын адамның мінез-құлқы.
Бұл діңи Дүниетанымның анықтамасы ал
Дін философиясына келсек бұл жерде Құдай, болмысы, адамның әлемдегі орны сияқты күрделі мәселелерге қатысты өте маңызды және әрқашанда өзекті философиялық сұрақтар көтеріледі.
Адамзат, Құдай және Құдай философиясында көтерілген дүниелер қазіргі әлемде болып жатқан жаһандану мен ақпараттық өзгерістерге қарамастан әрқашанда әрқайсымыз үшін жақын және түсінікті болады деп айтсам, менімен келісендер деп ойлаймын. .
Философияда көтерілген Құдай мен адамның тақырыптары барлығына бірдей және жалпыға бірдей құнды.
Мысылы, Абай, әл-Фараби, Ибн Сина, Орыс діни Соловьевтің философиясы әрқайсымыздың жүрегіміз бен рухымызды таң қалдырады, өйткені бұл жердегі адамның үйлесімді, бақытты және рухани күшті болуды армандауы мен қалауы діни философиясымен байланысты да ешқайсымызды қалдырған жоқ.
Айтарықтай, Ортағасырлық шығыстық тарихи философия араб, парсы, түркі тілдерінде жазған ислам әлемінің ұлы ойшылдары мен ақындары мұсылман дінімең байланысты екенін ерекше атап өткен маңызды.Осының қатарына Орта ғасырдың данышпандары Ахмед Яссауи, Абу Хамид әл-Газали, Джалаладдин Руми, Омар Хайям, Саад, Навои, Ибн - Сина, Низами, Ибн әл-Араби да айтамыз..
Демек, ортағасырлық философиядағы ілімі бойнша адам өзінің алғашқы болмысын қалдырған, ол әдетте Құдайдан алыстаған. Айтарлықтай, жалпыдаң алсақ діни козкарасында екі адам бейнесі беріледі олар «Аспан адамы» мен «Жердегі адам» олар байланысты болады. Діни философиясында Жер адамы әдетегідей өзінің «нефстерін» іске асырған болады да өзінің «Құдай болмысына» оралуың туралы мәселе көтереді
Осы түсінікке сүйене отырып, адам ұғымы «жанның көтерілуі» ретінде қарастырылады, оған мыналар кіреді: «Адам бойндағы Құдайдың кұдыретінің көбеюы», 2. Жеке тұлғаның эгоизмін жою мәселесі.
Осылайша, ортағасырлық араб тілді философиясы авраамдық демек ислам монотеистік дәстүрмен ежелгі философиялық мұраның синтезіне назар аударды. Грек философиясын исламдастырып, ал исламды философиямең ұштастырып ортағасыр шағыс Фаиласуфтар мұсылман дінінің негізгі ұстанымдарын негіздеудің ұтымды жолдарын ойлап тапты, Осының аясында олар«кемел адам» ұғымың негізделеді.
Сонымен, әл-Фараби да, Абай да Алланың адамға білім мен өмірде еркіндік беретін ең жоғарғы кемелдік. Мысалы, Әл-Фараби «Алланың бар екендігі кемелді және бар болмыстың бәрінен бұрын, одан асқақ ештеңе жоқ Оған ештеңе жете алмайды » деді [2, б. 203]. Аль-Фараби бойншы Алла Тағала адамдарға ерік бостандығын және таңдау қасиетің силады. адамда жақсы және шынайы бақытқа жолы бар деді. Бұл жағдайда Аль-Фараби бойнша, адам ақылына жақсылық пен жамандықты, нағыз бақытты иллюзиядан ажырату қабілетінің рөлі берілді.
Әлемдік діндердің қатарына: христиан, иудаизм, ислам және буддизм жатады.
Философиялық Дүниетанымның ерекшелігі ол бірінші лекцияда айтылып кеткендей философия біріңшідең практикалық қажеттіліктерінең тұұындауы. сонымең катар ең маныздысы астрономия, математика, геометрия, медицина сияқты ғылымдардың үдемелі дамуымен қатар жүрді де міне аныздың және ежелгі Грекия дінінің ішіңде философия тұындады
Философия - бұл жалпы адамзат туралы ғылым, ол адам танымының еркін және әмбебап өрісі, жаңаны үнемі іздейді. Философияны білімнің, болмыстың және адам мен әлемнің қарым-қатынасының жалпы принциптері туралы ілім ретінде анықтауға болады.
Осы көптеген шайқастарда Ежелгі Грецияның мифтері бойынша
Зевс бастаған құдайлар жеңіске жетті
Гера құдайшасы некенің қамқоршысы.
Келесі құдай Аид жер үсті әлемін басқаруды
Гефест - от құдайы - темір ұстасының қолөнершісі, сол уақытта ол керемет шебер болып саналды
Аполлон - ақын жазушылар мен музыканттардың қамқоршысы деп есептеледі.
Арес - әділетсіз соғыстардың құдайы
Дионис - құнарлылық пен жүзім құдайы.
Гелиос - күн құдайы.
Персей ежелгі грек мифологиясында маңызды тұлға болған.
Одиссей ол тек ақылды және батыл патша ретінде ғана емес, сонымен қатар сипатталған

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет