3- дәріс. Алғашқы діни-наым-сенімдер



Дата08.02.2022
өлшемі42,92 Kb.
#120540
Байланысты:
Д3нтану 3 дәріс
тарбие Али, тарбие Али, Список литературы, Список литературы, Список литературы, Список литературы

3- дәріс.Алғашқы діни-наым-сенімдер

Діни қатынастардағы ежелгі қоғам әр алуандығымен ерекшеленді. Сондықтан да, діннің жіктелуі ежелгі діни нанымдардың түрлері өзара шиеленісу себебінен күрделенеді. Олардың арасында нақты белгіленген шекараны жүргізуге болмайды, олар бір-бірінен алшақ өмір сүрмеді.


Тотемизм – бір жағынан, кез-келген тайпа арасындағы туыс қандастығы, екінші жағынан, жануарлар, құстар немесе өсімдіктердің белгілі бір тарихымен жақындасу мен түсіндірілетін ғажайыпқа сену. Тотем ретінде, нақты тегі ретінде кез-келген өсімдіктер немесе жануарлар дүниесі болуы мүмкін еді. Тотем – тайпаның тек нақты тегі ғана емес, оның қорғаушысы да, сонымен қатар, қамқоршысы болып табылады. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, көптеген тайпалар тотемның атауымен аталған. Іс жүзінде тотемды жануарларға және құстарға ұқсату және еліктеулер аз кездеспеді. Адамдар тотемге әсер ету арқылы тиісті нәтижелерге жетуге болады деп сенді. Тотем символдары (бейнелер) қасиетті саналды және оларды байқаусызда балағаттау аяусыз жазаланды. Тотемдер тек табыну нысандары ғана емес, сонымен қатар, тұтыну нысандары болып табылды: кез-келген тотемның – күш, шыдамдылық, батылдық, қулық және т.б. қасиеттері тұтыну субьектілеріне өтеді деген сеніммен оларды салт бойынша өлтіріп, ас ретінде тұтынды. Тотемизм ежелгі қоғамдағы әлеуметтік ұйымның, өзінің табиғатпен үйлесімділігі мен оған бағыныштылығын түйсінуге талпыну қаралы болды. Сонымен қатар, тотемизм әлеуметтік-табиғи қатынастардың ең алғашқы баспалдағы болды. Бҧл дін өзінің кейбір сипаттамалары бойынша тек «ежелгі» деп аталатын тайпалар арасында ғана емес, сонымен қатар, қазіргі заманның салыстырмалы түрде дамыған қоғамында өмір сүрді: үндістандағы кейбір жануарлар мен жәндіктерді пір тұту, православиялық және католиктік ырым бойынша денеге нан мен шарапты, Құдайдың қанын қатыстыру. Тіл мамандарының кейбірі тотемизмнің «іздері» адамдардың есімдері мен тектерінде сақталған деген пікірді ұстанады: Медведев, Орлов, Воронов, Роза, Қарлығаш және т.б. Дуалау – белгілі бір нәтижелерге жету мақсатында табиғат құбылыстарына, жануарлар мен адамға әсер ететін ғажайып құралдарға сену. Дуалаудың тҥрлері адам іс-әрекетінің өндірістік, сйіспеншілік, әскери, емдік түрлері сияқты сан алуан түрлі болады. Ежелгі халықтар дінінің бол тҥрі адамның алғашқы даму кезеңінің өзінде қоршаған ортаға бағынбай, белсенді болғанын, өз күштері арқылы табиғатқа әсер етіп, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру ҥшін қызмет атқаруға талпынғандары туралы мәлімдейді. Дуалау әрекеттері мен ырымдар оларды орындаушылардан дайындықты талап етеді. Ежелгі және қазіргі заман дуалаушыларының мамандандырылуы ғасырлар бойы жинақталған тәжірибеге, табиғат 31 құбылыстарына, адамға негізделеді. Нақты осы жағдай емдік дуалаудың негізінде жатыр. Қазіргі заман қоғамы түгелдей дуа мен дуалаушылықпен «толықтырылған»: көптеген «сиқыршы-мамандар» қауымдастықтары бар, «ақ» және «қара» дуа бойынша көптеген басылымдар шығарылады, теледидар арқылы дуалау әрбір үйге енді. Діни ұйымдардағы көптеген ырымдар «дуалау» әрекеттерін қамтиды, мысалы: шоқыну және шіркеуге жиналу, жаңбыр және өнімнің мол түсуі ҥшін дұға тілеу, көз тию мен дуадан арылту, өлгендерді жоқтау және ас беру. Көптеген ырымшылдық пен жоқтан өзгеге сенушілік әрекеттері үлкендердің де, жастардың да ортасында, әр түрлі кәсіптегі адамдар арасында да кездеседі.
Фетишизм – табиғат және адам жасаған материалды жансыз нысандардың ғажайып қаситтеріне сену. Фетишизмнің обьектілері – кезкелген табиғи нысандар – ағаштар, аспан мен жұлдыздар, ғаламшарлар болып табылады. Ежелгі түсініктерге қарағанда фетиш жанды нысан ретінде қабылданады, оның салттық қҧрметтелуі қҧрбандыққа шалудан бастап, «зорлау» әрекеттерінің түрлеріне дейін алуан түрлілігімен ерекшеленеді: қалай болған жағдайда да, фетиштан шынайы жауап, көмек, қорғаныс күтіледі. Қазіргі заман қоғамындағы фетишизмнің алуан тҥрлілігі ежелгі адамның түсіне де кіріп-шықпаған. Бакыт әкелетін таңқаларлық амалайлаларға, бақытсыздықтан қорғайтын тұмарларға сену барлық топтардың арасында кең таралған. Қазіргі замандағы фетиштердің түрлері – үйге кірер алдындағы есікке ілінетін тағалар, мойынға тағатын кресттер мен «сәтті» жол билеттері, фотосуреттер мен кітаптар, отбасылық жәдігерлер. Адамдардың көпшілігіне табыну нысандары ретінде мемлекеттік символдар, ақша, билік танылады, мұның барлығы зайырлы фетишизм деп аталады.
Анимизм – өлген адамдардың ғажайып қасиеттеріне, рух пен жанның болуына сену. Ақсүйек және діни ойшылдар көп жағдайда анимизмды жеке діни наным ретінде емес, кез-келген діннің бір бөлшегі ретінде қарастырады. Анимизмді жеке дін ретінде де, әр діннің қарама бөлігі ретінде де қарастыруға болады деп ойлауға болады. Анимизм дене әлімінен соң, мәңгілік жанға ие.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет