1-2 слайд Нурай



бет2/2
Дата02.10.2022
өлшемі16,15 Kb.
#151385
1   2
Байланысты:
менеджмент 3 нед пр текст
Дәріс ОМ 7-9 ССС (1), БӨЖ 2
2 часть Балауса
8. Орталықтандыру. Бұл жердегі жаңалық орталықтандырудың анықталған шектігінде. Жалпы айтқанда, неғұрлым кәсіпорын үлкен болса, соғұрлым орталықтандыру шағын болу қажет.
9. Иерархия. Бұнда иерархиялық басқыштың аз болуы қажеттілігі жөнінде және басқару жүйесінде көлденеңдік қатынастың пайдалылығы жөнінде де салмақтыойлар айтылуда.
10. Тәртіп. Файоль тәртіпті «заттардың материалды тәртібі және адамдардың әлеуметтік тәртібі» деп бөледі. Заттарға тәртібі — «Барлығына өз орны және барлығы өз орындарында», адамдарға — «Әркімге өз орны және әркім өз орнында» дегенді білдіреді. Сөз өндірісті және жұмыскерлерді, олардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін қоса дәл білуде жатыр.
11. Әділдік. Бұл қызметкердің сыпайылығы мен берілгендігінің арқасында бір жақтан, ал жетекшінің қайырымдылығы мен шыншылдығы арқасында екінші жақтан қамтамасыз етіледі.
12. Қызметкердің тұрақтылығы. Файоль кадрлардың тұрақсыздығын нашар басқарудың себебі және салдары деп білдіреді. Қызметкердің тұрақтылығы — жақсы басқарудың бірінші белгісі.
13. Ынта. Ынтаның астарынан жоспардың ойластырылуы мен орындалуы түсіндіріледі. Бұл әрбір ойлайтын алдмға өте үлкен ләззат береді, сондықтан А.Файоль басшыларды өз қарамағындағыларға жеке ынта білдірушілері үшін жол беруге шақырады.
14. Корпоративтік рух. «Бұл қағида да күшті біріктіру» қағидасы, бұл қағиданың арғы дамуы, сонымен бірге өзара әрекеттесудің қажеттілігі және оны қолдаудың байланысының маңыздылығы айтылады. Бұл қағидаларды қарастыруды аяқтай келе, А.Файоль өзінің олардың теріс мазмұнын беруге тырыспағандығын, керісінше, қағидаларды ашу кез келген бір істе қажет болатындықтан, тек өзіне қолдануға көп ұштасқандарын ғана сипаттауға тырысқандығын айтты.

5-слайд Тойжан
Файольдің басты еңбегі – 1916 жылы жазылған және СССР-да (1923ж) А.К.Гастевтің алғы сөзімен қайта шығарылған "Общая и промышленная администрация" кітабы. Ол өзінің "Общая и промышленная администрация" атты негізгі еңбегінде әкімшілік қызметін талдаудың жалпы тәсілдемесін жасауға талпынды. Оның пікірі бойынша, әкімшілік өзіне мына функцияларды құрамақ: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кредиттік, есептікбухгалтерлік, әкімшілік.
Осыдан Файоль басқару қағидаларына және басқаруға оқытуға қажеттілік барлық жерде бар деді, және бұл пәннің өз уақытыңда техникалық оқу орындарында жүргізілмегеніне өкініш білдірді
Басқару функциялары
1. Жоспарлау
2. Ұйымдастыру
3. Басшылық ету
4. Координациялау
5. Бақылау
Әкімшілік басқару жүйесі
Файоль 6 бағытта көрсетуге болатын әкімшілік қызмет сферасын атап өтті
1. техникалық 2. коммерциялық 3. қаржылық 4. қорғау 5. есептік 6. әкімшілік

6-слайд Аяна
Анри Файоль менеджмент тарихында “менеджмент атасы” болып табылады. Оның жұмыстарының жан-жақтылығы ерекше назар аудартады. Файоль “менеджмент және әкімшіліктендіру ғылыми тұрғыдан зерттелуі керек” деген Тейлордың ойын дамытты.
Анри Файоль (1841-1925) практикалық тәжірибені жинақтау негізінде мынадай қортындыға келді: “басқару-кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатта жетелеу”. Ол сондай-ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылыми жолымен ұйымдастырудың принциптерін қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет