1 абай қара сөздеріндегі коммуникативтік емес синтаксистік бірліктер


Риторикалық сұраулы сөйлемдердің берілуі



бет23/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81095
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
Айнұр Нұрбекова

Риторикалық сұраулы сөйлемдердің берілуі. Абайдың тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші қара сөздерінде өзін толғандырып, мазалап жүрген сауалдарға жауап іздеу нәтижесінде риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолдана отырып, кейін оған өзі де жауап іздейді.
Мысалы, 9-қара сөзде: Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе?
10-қара сөзде: Ол баланы не қылады? Осыдан басқасы бар ма? Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың. Дүниеден өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың? Артымнан балам құран оқысын десең тіршілікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? т.с.с.
11-қара сөзде: Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Енді жұрттың бәрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?
23-қара сөзде: Көпке тұзағым жетпейді деп пе? Ғылым көпке келіп пе? Біреуден тарап па? Хикмет көптен тарай ма? Бірден тарай ма? Көпке қорлық жүрмей ме? Бір үйдің іші түгел ауырса, жеңіл тие ме? Жер білмеген көп адам адасып жүрсе, бір жер білетұғын кісінің керегі жоқ па екен? Көп кісі жолаушының бәрінің аты арығаны жақсы ма? Жоқ, жармысы арыса, жармысының күйлісі жақсы ма? Жұт келсе, елдің бәрінің түгел жұтағаны жақсы ма? Жарым-жартысы аман қалғаны жақсы ма? Осы көп ақымақтың бір ақымаққа несі жұбаныш? Тұқымымызбен аузымыз сасық болушы еді деген жаман күйеу қалыңдығын жеңіп пе? Көңілін сол сөзі разы қылуға жетіп пе? Ендеше, көбіңнен қалма, сен де аузыңды сасыта бер деп пе?!
Жалпы осы қара сөздерде 35 риторикалық сұраулы сөйлем кездеседі. Олардың көпшілігі дерлік сұраулық шылауларды қолдана отырып, бірыңғай мүшелер арқылы өзін толғандырған мәселелерді жеткізуде авторға тән сильдік қызмет атқарып тұр.
Қазақ халқына тән қадір-қасиеттерді, жалпы исі қазақтың түзелмейтін қисық-қыңыр мінез-құлқының қыр-сырын екшеп, тексеріп, сөз еткен 40-шы қара сөзінде Абай осы жауабы жоқ мәселені риторикалық сұрау үлгісінде береді. Өзі жауабын іздеген сұрақты жұрт назарына ұсынып, сол арқылы оларға ой тастауды көздегенін аңғаруға болады. Осындай пәлсафаға толы мәтіннің лингвистикалық табиғатына үңілсек, ондағы көзге ұрып тұрған бір тілдік ерекшелік ретінде -атын -етін тұлғалы есімшелердің қазіргі оңтүстік говорындағы -тұғын нұсқасында молынан қолданылуын айта аламыз. Оған қоса, -тұғын тұлғалы етістік тәуелденіп, содан сын-қимыл үстеуінің сұрағымен, яғни «қалай?» деген сұрау есімдігімен тіркесе келе риторикалық сұраулы сөйлем жасап тұр. Мысалы: болатұғыны қалай? қылатұғыны қалай? өтірік сыбайтұғыны қалай? суық тартатұғыны қалай? тартыспайтұғыны қалай? өкпелейтұғыны қалай? арланатұғыны қалай? қалатұғыны қалай? деген сияқты тіркестер мәтін қызметінің бүкіл жүгін арқалап тұр десек болады. Мысалы: Тыныштық іздеп таба алмай жүрген жұрт тыныштық көрсе, сәтке тұрмай, тыныштықтан жалыға қалатұғыны қалай? – деп үстеу сұрағымен тіркесе келе, ендігі жолдарда: «Елді пысық билейтұғыны несі? Пысықтың бәрі кедей келетұғыны несі? Тоқал қатын өр келетұғыны несі? Кедей кісінің кер келетұғыны несі?» – деп, зат есімге қойылатын «несі?» сұрағымен тіркескен есімше тұлғалы етістік қосымшасы бұл жолы буын үндестігіне бағынбайтын қосымша екенін білдіреді. Мысалы: кел+е+тұғын, қазіргі формасы кел+етін, буын үндестігіне бағынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет