1 абай қара сөздеріндегі коммуникативтік емес синтаксистік бірліктер


Абай қара сөздерінде синтаксистік қайталамалардың берілуі



бет30/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81095
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
Байланысты:
Айнұр Нұрбекова

Абай қара сөздерінде синтаксистік қайталамалардың берілуі
Синтаксистік параллелизммен бірлікте қолданылатын қайталау тәсілін синтаксистік тәсіл ретінде қарастырған ғалым Т.Қордабаев: «Қайталау тәсілі тек поэзияда ғана емес, прозада да кездеседі. Прозадағы қайталақтың бірсыпыралары, көпшілік жағдайда, есімдік арқылы беріліп отырады» [2, 200-б.], - деп көрсетеді.
Қайталаманы қазақ ғалымдары арасынан алғаш таныған А.Байтұрсынұлы болатын. Ахмет Байтұрсынұлы оны «қайталақтау» деп атап, оған мынадай анықтама береді: «Бір сөзді яки лебізді қайта-қайта айту қайталақтау деп аталады. Ондай қайта-қайта айту – нәрсенің өзіне яки лұғатына көбірек назар салу үшін істеледі» [39, 41-б.].
Қайталаманың лингвистикалық сипаты туралы алғашқы пікірлер Р.Әмірдің еңбектерінде қамтылған. Ғалым еңбегінде қайталама ауызекі сөйлеу тілінің әсерімен әдеби тілімізге енген синтаксистік амал ретінде қарастырылады. Ал, ғалым Р.Сыздық еңбегінде қайталамаға «Орыс тіл білімі мен әдебиеті «повтор» деп аталатын құбылысты көбінесе «қайталау» деп алып жанр. Сірә, қайталау – қимыл есімнің атауы, ал қайталама – абстракт есімінің атауы термин болмақ» [40, 87-б.], - деп лингвистикалық термин атауы беріледі. Ғалым: «... қайталама дегеніміз бір сөздің (не тіркестің, сөйлемнің) бір сөйлемде, не абзац, шумақ сияқты микротексте қайталанып келтірілу тәсілі» [40, 87-б.], - деп анықтама береді.
Cондай-ақ, қайталаманың стилистикалық сипаты мен стильдік қырлары туралы мәселелер Б.Шалабай, М.Серғалиев, О.Бүркіт, Ж.А.Жақыпов, Т.Қалабаева, Р.Досжанова, А.Утанова т.б. зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылса, қазіргі таңда қайталаманы беруге қатысатын бірыңғай мүшелердің қызметі А.Әділбек зерттеулерінің нысанына алынған. Ал студент Ж.Қыдырәлінің диплом жұмысында дербес сөйлемнің тізбекті байланысы мен оны түзуге қатысатын толық қайталау тәсілі зерттеуге түскен. «Алдыңғы сөйлемдегі белгілі бір сөзді қайталау келесі сөйлемде коммуникативтік мақсат болып табылуы мүмкін. Мысалы, қайталау – дербес сөйлем арасындағы сөйлеу байланысына қызмет етуі мүмкін. Толық қайталау – лексикалық бірліктің көмегімен іске асады. Анық айтқанда, дербес сөйлемдер адекватты қайталау немесе белгілі бір сөздердің аздаған грамматикалық өзгерісімен немесе алдыңғы сөйлемдегі сөз тіркесі келесі сөйлемде өзгеріп келу құралымен байланысады» [33, 17-б.].
Қайталамалар – Абай өлеңдерінің ең көрнекті стильдік белгілерінің бірі. Қайталау тәсілі – Абай поэзиясымен қатар прозасына да тән құбылыс. Абай қара сөздерінің мәтіндерінде бір сөздің қайталануымен бірге сөз тіркесі мен бірыңғай мүшелердің және сөйлемдердің қайталанып келуі де көрініс береді.Мәселен, 5-қара сөзде: «Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, бірақ мал үшін қам жейдіекен, ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап, мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен, егер малды болса әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен» деген сөйлемде қайталама үшін септеулік шылауы арқылы жасалынған.Бірыңғай мүшелердегі үшін септеулік тұлғалы қайталамалар алшақ ұғымдарды біріктіру әрі оларды саралау қызметтерінде қолданылып тұр.
6-қара сөзде: Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?
1) Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді – деген сөйлемде ортақ сөзі арқылы; 2) Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес – дегенде бірлік сөзі арқылы; 3) Малыңды беріп отырсаң атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады – дегенде басқа сөзі арқылы; 4) Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі – деген сөйлемде не арқылы синтаксистік қайталамалар жасалынып тұр.
Алынған үзіндіде сөйлемдер «бірлік» сөзінің сол қалпында қайталануы арқылы байланысып тұр. Мәтіннің өн бойына бірлік сөзі арқау болып, барлық сөйлемдер сол ойға, сол сөзге (бірлік) қазықталып тұр.Сондай-ақ бірлік сөзінің бір сөйлем көлемінде қайталануынан гөрі қатарлас жай сөйлемдерде қайталанып берілуі ерекше көркемдік сипатқа ие болып тұр.
Әдетте, сол қалпында қайталау арқылы сөйлемдер байланысқанда қайталанатын сөз әр сөйлемде бірдей мүшенің қызметін атқарады. Ал бұл үзіндіде де бірінші төл сөзді сөйлемде бірлік сөзі баяндауыштық қызмет атқарып тұр.
Сондай-ақ, 7-қара сөзде: Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
8-қара сөзде: Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, яки елдегі бұзақыларымызды бүліндіріп аламыз ба, яки халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығындап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? – деген ебіне қарай біреуді жетілтейін, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді – деген сөйлемдерде синтаксистік қайталамалар екен, аламыз ба, қаламыз ба етістіктерінің қайталанып келуі арқылы жасалынып тұр.
10-қара сөзде: Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыданбасқасы бар ма?
Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалардейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемекпе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Ендібір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?
Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің - балам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туама екен? Ондай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?
Бұл мысалда сөйлемдер «бала» сөзінің өзгерте қайталануы арқылы байланысып тұр. Мәтіндегі сөйлемдердің бәрі «бала» сөзіне бағынып тұр. Бірінші сөйлемде «бала» сөзі табыс септігінде, екінші сөйлемде тәуелденіп барып табыс септігінде келсе, үшінші сөйлемде ілік септігінде тұр. Ал, төртінші сөйлемде «бала»сөзі атау септігінде тұр. Бұдан сөйлемдердің құрылымдық байланысын былайша көрсетуге болады: «толықтауыш – толықтауыш – бастауыш– анықтауыш– бастауыш».
44-қара сөзде: Адам баласының еңжаманы - талапсыз. Талапқылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды…
Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына қадір іздеп, сол талапта болады.
Бұл мысалда да «талап» сөзінің өзгеріске ұшырап барып байланысып тұрғанын көреміз. Мысалы, талап, талап қылушылар, талаптың, талаптардың, талапты, талапсыз, талапта.
Сөз, сөз тіркесі мен бірыңғай мүшелер және сөйлемдер мәтін құрылымында қайталанып келген кезде күрделі стильдік қызмет атқарады. Олар мәтін композициясын дамыту, мәтіннің семантикалық сабақтастығын қамтамасыз ету, мәтін бөліктерін (микромәтіндерді) байланыстыру, мәтіннің бір бөлшегін ерекше актуальдандыру, оны алдыңғы позицияға жылжыту және т.б. көптеген қызметтер атқарады. Қайталамалардың бұл қызметін құрылымдық-стильдік қызмет дейміз.
Қайталамалар ерекше стильдік бояуға ие болады. Эмфатикалық мағынаға ие болатын қайталамалар айтылатын ойға эмоциональды реңк пен экспрессивті бояу үстеп тұрады.
Абай қара сөздеріндегі қайталамалар сөйлемдерді байланыстырумен қатар нақтылау, ойды үзбей жалғастыру мақсатындағы стильдік қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет