1. Ақын шығармаларын тақырыптық ерекшеліктеріне қарай топтастырыңыз



Дата07.02.2022
өлшемі27 Kb.
#86414
түріОқулық
Байланысты:
Әдебиет 20
Робототехника 9, Әдебиет 20

1.Ақын шығармаларын тақырыптық ерекшеліктеріне қарай топтастырыңыз;

Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.

Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді.

Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғүламаларының талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударады. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды.

Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), Әзірбайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бұрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты.

Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді.

2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты.[4]

Кітаптары
«Жаңғалақтар» (1960);
«Кішкене қожанасырлар» (1961);
«Данышпан» (1961);
«Ноян-қоян» (1962);
«Алуан палуан» (1963);
«Сабақ» (1964).
Жыр жинақтары
«Ой орманы» (1965);
«Дала дидары» (1966);
«Ақ отау» (1968);
«Домбыра» (1971);
«Көш» (1973);
«Жерұйық» (1976);
«Алақан» (1977);
«Қорамсақ» (1980, 1981);
«Қызыл кітап» (1983);
«Күміс қоңырау» (1970 — 1985);
«Мәңгі майдан» (1993);
«Биік баспалдақ» (1993);
«Үкілі үзінділер» (1996);
«Алаштың арманы» (2001);
«Жазмыш» (2001);
«Еңіреп өткен ерлер-ай» (2001);
«Иірім» (2004);
«Шырғалаң» (2004);
«Алмас жерде қалмас» (2004).

2.Тұманбай Молдағалиевтің өзіңіз қалаған бір өлеңіне толық әдеби-теориялық талдау жасаңыз.

Тұманбай Молдағалиевтің ақындық өнері мен шығармашылық жолы дүние танудан, адам сезімінің сан алуан үйлесімділігін тоғыстырудан тұратынын байқаймыз. Ақын жырларының өн бойында мейірім, шапағат, жақсылық, адамгершілік, азаматтық, күрескерлік, ата-баба рухына тағзым, атамекенге деген сүйіспеншілік сияқты ұғымдардың асқақтығын неғұрлым биіктету алдыңғы саптан көрінеді. Тұманбай Молдағалиев қашан да толассыз жазып, тебіреніп тереңнен жыр толғап келеді. Ақынның қайсы бір өлеңін оқысаңыз да, отсыз, ойсыз дүниені кездестіре алмайсыз. Ақынның «Шақырады көктем» атты өлеңі де осы ойды қуаттайды.
Бұл өлеңнің желісі алдымен адалдықты, айнымас достықты, ақ ниетті жырлауға құрылса, екінші жағынан барлық өзен-суымен, иісі аңқыған көгі, гүлімен асығып келе жатқан көктемді аңсау деп білеміз. Ақын көктем жайлы бір ауыз сөз айтпағанымен, оның белгілерін жырлағанының өзін – көктемді жырлағаны деп ұғынамыз.
Ақынның сезімге бай өлеңдерінің бірі – «Құстар қайтып барады». Өмірді – асуға, биікке, түпсіз шыңырау, тұңғиыққа балап, табиғаттың әсем шынарын сұлу жырларына қоса білген. Ақынды, жазушыны әдебиетке әкелетін сұлу сезім ол – сағыныш. Сағыныш – өмірге, тіршілікке, туған жерге деген махаббаттан тұрады. Ақын осы өлеңінде сағынышты – табиғатпен, сарала жапырақпен өте әсерлі ұштастыра жазады. Көктемде туған ақынның күн нұрына теңелер жырында адамды неше түрлі қияға, арманға жетелер қуат бар.
Ақынның бүкіл мүддесі, тірлігі – поэзия. Ол біреуге алғысын айтса да, жырмен толғайды, бәзбіреуден орынсыз жапа шексе де өлеңмен тебіренеді. Тағдыр үнемі маңдайыңнан сипап тұрмайды. Тірлікте қаншама шаттық пен қаншама ренішті жағдайлар сабылып, бірінен соң бірі алмасып отырады. Мұндайда ақын өзінің іңкәр сүйіспеншілігін, жан тебіренісін – өлеңіне шағады. Бұл ретте ақынның ақындық парасаты мен болашаққа деген нық сезімі тоғысқан «Өмір, қымбаттым менің» атты өлеңі еске түседі. Өлеңде өмірдің асау толқындарына деген қуатты қарсылық, оқушының бойын шымырлатар сенімді серпіліс бар. Жырдағы жібек сезім, терең ой, бай мазмұн арқылы адамның ұлылығын, қайрат-жігерін, береке-бірлігін дәріптейді.

Ақын өлең жайлы, өлеңнің ғажайып қасиеті туралы жан-жақты толғай келіп:



Өлеңге айтам, өзгеге айтпас нәрсемді,
Бақытыма балам сенді, жар сенді.
Өлең менің – тәтті үнім естілер,
Өлең менің – сәтті күнім – сәрсенбі» - деп, қасиетті өлеңнің құндылығын сезіне білген. Тұманбай Молдағалиев ақындықты, ақын болуды жоғары бағалайды. Себебі ол өзінің бар байлығын да, базарын да өлең-жырмен өлшеген.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет