1. акклиматизация бір бөлмеден екінші бөлмеге немесе басқа жерге ауыстырғанда жәдігер сол ортаға үйренгенше уақыт


Дәріс. Мұражай және мұрағат байланысымен жұмыс істеу әдістері



бет6/11
Дата04.10.2023
өлшемі49,81 Kb.
#183677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
лекциялар жинагы 2
8 c 28.01.2022ж, ООТ 5-лекция, [SLIV.ONE] 12 ѓа†Ґ®Ђ еЃаЃи•£Ѓ ђ†а™•вЃЂЃ£†, Матем 1 РГР каз compressed (1), Аудиология и слухопртотезирование КАРТА, Тезисы Сурдопед рус, Хим. атаулары, 2022 Семинар мен практикалық сабақтарға нұскамаларПән тақырыбының атаулары
Дәріс. Мұражай және мұрағат байланысымен жұмыс істеу әдістері
Музейдің ғылыми – ағарту жұмысының негізгі формасы – экскурсия.
Музей жәдігерлері экспозициялық кешенді түрде жинақталып, ғылыми қосалқы материалдармен жабдықталады, мәтіннің мазмұнына қарай өте зор коммуникативтік және сыртқы ақпараттық хабарға бай болады.
Музей заттарының түрлерін төмендегідей топтауға болады:

  1. Жәдігерлік ескерткіштер – тарихи кезеңдерден дерек беретін, әртүрлі тарихи оқиғалар, фактілер, табиғат пен қоғам қатынастарынан көрініс беретін, тарихи, мәдениет, әдебиет, ғылым саласындағы тұлғалар өмірінің дерек көзі.

  2. Құжаттық ескерткіштер: баспа заттары, автограф, фото және кино деректер.

  3. Бейнелеу өнерінің ескерткіштері.

Экспозицияның информативтік жағын дайындағанда төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Ғылыми экскурсия кезінде берілетін мәлімет өзекті, ғылыми жағынан дәйекті, фактілермен негізделген болуы тиіс.

  2. Берілетін мәлімет тақырыпты терең және толық ашуға, келушілерге түсінікті болуы керек. Ақпарат көлемі экскурсияның танымдық және тәбиелік мақсаттармен сәйкес, психологиялық және қажеттілігі жағынан, қабылдауы жағынан аудиторияны қанағаттандырып, талабынан шығуға сай болуы керек.

  3. Ақпарат экскурсанттардың білімі мен интелектуалдық деңгейіне сай болуы тиіс. Мүмкіндігінше келушілердің қызығушылығына, талабына орайластыруы керек.

  4. Келушілердің назарын аудартатындай ерекше, әр сипаттағы, салыстырмалы, контрасты материалдарды кең қолданған дұрыс.

Экспозиция материалдарын көрсетуге келушілердің жас ерекшелігін ескерген жөн. Жалпы музей тәжірибесі бойынша бастауыш класс оқушылары 45-50 минут, 7-класс оқушылары 1 сағат 10 минут, жоғары класс оқушылары 1 сағат 30 минут, ал ересек адамдар тобы 1 сағат 45 минуттан 2 сағатқа дейін экскурсияға қатыса алады. Ал егер экскурсия музейден тыс жерде, мысалы, қала бойынша болса оқушыларға жаяу 1,5-2 сағат, автобуспен 2-2,5 сағат уақыттан аспауы керек. Ересек адамдардың 3,5 сағатқа дейін қарайтын мүмкіндіктері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет