1. Аминқышқылдары: құрылысы, классификациясы, қышқылды-негізді қасиеті, аминқышқылдарының изоэлектрлік нүктесі


Нәруыздық тағамдану. Нәруыздардың биологиялық құндылығы. Азотты баланс



бет7/8
Дата14.09.2022
өлшемі32,99 Kb.
#149532
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
бх
Критериалды бағалау түсінігі-emirb.org
55. Нәруыздық тағамдану. Нәруыздардың биологиялық құндылығы. Азотты баланс.
Амин қышқылдары барлық азоттың 95 пайызын құрайды,соның нәтижесінде азоттық тепе-теңдік қалыптасады.Азоттық тепе-теңдік ағзаға түскен азот мөлшерінің бөлінетін азот мөлшеріне қатынасы.Ағза түскен азот мөлшері бөлінетін азот мөлшеріне тең болса азоттық тепе теңдік орнайды.Азоттық тепе теңдік нөлдік,оң және теріс болып аталады.Нөлдік азоттық тепе теңдік дені сау ересек адамдарда кездеседі.Оң азоттың тепе теңдік ағза түсетін азот мөлшерінен бөлінетін азот мөлшерінің аз болуы.Бұл жас балаларда,жүкті әйелдерде,спортсмендерде,ауыр дене еңбегімен айналысқанда байқалады.Теріс азоттық тепе теңдік ағзаға түскен азот мөлшерінен бөлінетін аззот мөлшерінің көп болуы.Бұл ашығу,қызба,қартаю кезінде,хирургиялық операциялардан кейін байқалады.Нәруызсыз диета кезінде азоттық тепе теңдік теріс болады.Адам ағзасындағы нәруыздардың құрамында 20 шақты амин қышқылдары кездеседі.Сол аминқышқылдары адам ағзасында атқаратын орны ерекше.Физиологиялық және биологиялық құндылығына қарай нәруыздарды 3 топқа бөлеміз.Олар алмастырылмайтын,жартылай алмастырылатын және алмастырылатын амин қышқылдары.Алмастырылмайтын амин қышқылдары ағзада басқа заттардан синтезделмейді сол үшін тағаммен бірге түсіп отыруы қажет.Бұл амин қышқылдары балалардың өсіп дамып,қалыптасуына өз әсерін тигізеді.Бұл топқа валин,лейцин,изолейцин жатады.Жартылай алмастырылатын амин қышқылдары ағзада аз мөлшерде синтезделеді,сол үшін тағаммен бірге түсуі қажет.Бұл топқа аргинин,гистидин,тиреонин жатады.Алмастырылатын амин қышқылдары ағзада жеткілікті мөлшерде синтезделіп,бөлініп отырады.Бұл топқа аланин,аспарагин,аспарагин қышқылы,глутамин,глутамин қышқылы жатады.Нәруыздар құрамында алмастырылмайтын амин қышқылдары қалыпты мөлшерде болса және протеазалармен синтезделсе онда ол құнды нәруыз деп аталады.Бұл құнды нәруыздар жұмыртқа және сүт нәруыздары жатады.


56. Аминқышқылдары катаболизмінің жалпы жолдары: трансаминдену, дезаминденужәнедекарбоксилдену.
Сіңірілген амин қышқылдары қан арқылы ұлпаларға,мүшелерге,клеткаларға жеткізіледі.Аминқышқылдарының клетка ішілік әрекеттесулерінің 3 жолы бар.Олар трансаминделу,дезаминделу және декарбоксилдену.Трансаминделу реакцияларын алғаш рет Браунштеин мен Клицман ашқан.Трансаминделу реакцияларына 2 аминқышқылы және трансаминаза ферменті қатысады.Трансаминделу реакциялары үш альфа-кетоқышқылынан тқрады.Олар қымыздық,сірке қышқылы,ПЖҚ және альфа-КГ.Бұлар қайтымсыз процесс.Дезаминделу реакциялары 4 жолы бар.Олар тотықсызданып дезаминделу,гидролиттік дезаминделу,молекула ішілік дезаминделу және тотығып дезаминделу.Аминқышқылдарының ағзалар өзгеріске ұшырайтын реакцияларының бірі декарбоксилдену реакциялары жатады.Декарбоксилдену реакцияларының 4 жолы бар.Бірінші-микроағзаларға тән альфа-декарбоксилдену реакциясы.Екінші жолы-трансаминделу нәтижесінде іске асатын декарбоксилдену реакциясы.Үшінші-Екі молекуланың өзара конденцациялану жолымен жүретін декарбоксилдену реакциясы.Төртінші жолы бізде биоамнндердің түзілуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет