1. Ақпарат Ақпарат



бет6/6
Дата17.09.2022
өлшемі68,53 Kb.
#149812
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
АҚС1
1310 9 кл 1, ОСӨЖ10 Адилов Айдос, ОСӨЖ10 Адилов Айдос, Progress test 4 key, IMG-20220613-WA0002, СЛАЙДЫ АЗА ША 22.09.2014-1
Ақпараттық инфрақұрылым - ақпарат түзу, дайындау, түрлендіру, беру, пайдалану және сақтау үшін пайдаланылатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің техникалық құралдарының жиынтығы.
Ақпараттық кеңістік - ақпаратты түзумен, дайындаумен, түрлендірумен, берумен, пайдаланумен, сақтаумен байланысты әсер ететін, оның ішінде жеке және қоғамдық санаға, ақпараттық инфрақұрылым мен өзіндік ақпаратқа әсер ететін қызмет саласы.
Ақпараттық қылмыс (киберқылмыс) - ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалатын, қылмыстық-жазалау әрекетін көздейтін, қылмыс түрі.
Ақпараттық терроризм - ақпараттық ресурстар пайдаланылатын немесе (және) оларға ақпараттық кеңістікте әсер ететін террористік мақсатта жүзеге асырылатын қызмет.
Ақпараттандырудың аса маңызды объектілері - ұзақ уақыт кезеңге жұмыс істеуінің тоқтауы немесе бұзылуы елдің қорғанысы, қауіпсіздігі, халықаралық қатынастары, экономикасы, шаруашылығының немесе инфрақұрылымының жекелеген салалары үшін не тиісті аумақта тұрып жатқан халықтың тыныс-тіршілігі үшін төтенше жағдайға немесе айтарлықтай келеңсіз салдарға әкелетін ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылым объектілері.
Контент - бұқаралық коммуникация құралдарын кез келген ақпараттық маңызды толтыру. Бұқаралық коммуникация құралдары деп бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, радио, телевизия, интернет) мен бұқаралық ықпал ету құралдарының (театр, кино, цирк, көріністер, әдебиет) жиынтығы түсініледі.
 Қоғамдық сана - қоғамдық тұрмысты бейнелейтін және оған әсер ететін сезімдер, көңіл-күй, көзқарастар, идеялар, теориялар жиынтығындағы қоғамның рухани өмірі. Қоғамдық сана оның жеке адамдарын құрайтын жиынтығына жинақталмайтын, дербес тұтас жүйе ретінде қаралады.
Электрондық ақпараттық ресурстар - электрондық түрде сақталатын, ақпараттық жүйелерде қамтылатын ақпарат (ақпараттық деректер қоры).
 Қазақстан Республикасының егемен әрі өркендеуші мемлекет ретінде ілгері даму процесін жалпы әлемдік үрдістер мен болмыстар аясынан тыс қарау мүмкін емес. Адамзат адамдардың, қоғамның және мемлекеттің өміріне ықпал ететін, басты факторлардың біріне айналған ақпараттық саланың тез дамуын сипаттайтын түбегейлі әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа да өзгерістер кезеңіне қадам басты.
Әлемнің жетекші мемлекеттері жаңа технологияларға, жаңа әдістер мен жаңа ұстанымдарға негізделген ақпараттық қоғамның дәуіріне енді немесе оны құру процесінде тұр. Сайып келгенде оларды пайдалану азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асырудың, халықтың әл-ауқатын жақсартудың, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, мемлекеттілікті нығайтудың барабар жаңа болмысына ықпал етуі тиіс. Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық қоғам азаматтарға қызметтер көрсету рәсімдерін тиімді жаңартуға, мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігі мен азаматтардың оларға сенімділік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, ақпараттық қоғам дамуының дәрежесі мемлекеттік институттардың жұмыс істеу процесіне, әрбір елдің экономикасы мен қорғаныс қабілетіне тікелей ықпал етеді. Қазіргі заман болмысында азаматтардың қажеттіліктеріне барабар ақпараттық қоғамның болуы мемлекеттің әл-ауқатының қажетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасының ақпараттық саладағы негізгі ұлттық мүдделері:
1) азаматтардың ақпаратты алу және таратуға конституциялық құқықтарын іске асыру;
2) ақпараттық қоғамның қалыптасуы және дәйекті дамуы;
3) мемлекеттің әлемдік ақпарат алмасуға тең құқылы қатысуы;
4) елдің бірыңғай ұлттық ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы, жұмыс істеуі және қорғалуы;
5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың озық дамуы;
6) мемлекеттік билік органдарын тиімді және уақтылы ақпараттық қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ өзге де қорғалатын ақпаратты жоғалту және жария ету фактілеріне жол бермеу;
8) өте маңызды ақпараттық жүйелердің, ресурстар мен қолдаушы инфрақұрылымның жұмыс істеу сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғам мен мемлекетті ақпараттандыру процестерінің жедел дамуы, оның ішінде "электрондық үкіметті" озық дамыту нәтижесінде Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамды құру үшін басты алғышарттар қалыптасты. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының 2010 жылғы электрондық үкімет технологияларын пайдалануға елдердің дайындығы рейтингінің деректеріне сәйкес Қазақстан 192 елдің ішінде 46-орынды (2008 жылы 81-орын) иеленді.
Сонымен бірге, жоғарыда аталған процестердің дамуы елдің ақпараттық қауіпсіздігінің қазіргі проблемалары мен қатерлерінің күшеюіне және жаңаларының туындауына әкеледі.
Мемлекетаралық қатынастарда ақпараттық қысымды жаһандық бәсекелестіктің пәрменді тетігі ретінде пайдалану үрдісі қарқын алып келеді. Ақпараттық соғыс пен ақпараттық өктемдіктің түрлі құралдарын пайдалану ірі әлеуметтік, экономикалық және саяси қақтығыстарды шешудің ажырамас құралына айналды. Таралған компьютерлік шабуылдар жүргізу жолымен Интернет-БАҚ-ты бұғаттау әдістері белсенді пайдаланылуда. Әлемнің жетекші елдері өз қарулы күштері құрамында ақпараттық әскерлер құрды және оларды белсенді пайдалану ниеттерін жасырмайды.
Таратылатын ақпараттың жаһандық мониторингін жүзеге асыру мүмкіндігі бар әлемнің дамыған елдері оның нәтижелерін саяси, экономикалық, әскери, экологиялық және басқа да мемлекетаралық қатынастар аспектілерінде біржақты басымдық алу үшін пайдаланады.
Экстремистік және террористік ұйымдар мен топтар өз идеологияларын насихаттау, пікірлестерін тарту мен оқыту, әртүрлі террористік топтармен байланыста болу және қаржыландыру үшін жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер мүмкіндіктерін барынша белсенді пайдалануда. Қазақстан жастары арасында әртүрлі пайымдағы радикалды идеяларды тарату алаңдаушылық туғызады. Қазақстан азаматтары мақсатты насихаттың әсерімен, оның ішінде Интернет желісі арқылы әлемнің түрлі өңірлеріндегі заңсыз акцияларға қатысу жағдайлары байқалуда. Террористік қызметті жүзеге асыру әдісі сияқты мемлекеттің ақпараттық жүйелеріне компьютерлік шабуылдарды пайдалану қаупі өсуде. Мұндай шабуылдар көптеген елдерде бірнеше рет тіркелді.
Ақпараттық қылмыстың (киберқылмыстың), оның ішінде ұйымдасқан трансұлттық қылмыстық топтар қызметінің таралуы айтарлықтай проблеманы құрайды. Киберқылмыстардың ерекшелігі олардың аса жасырын болуы. Осының салдарынан, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жасалған ресми тіркелген қылмыстар нақты жасалған қылмыстың азғана бөлігін құрайды. Ақпараттық қылмысқа қарсы күрес құқық қорғау органдарынан және арнайы қызметтерден шет елдердің арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдарымен бірігіп, үйлестірілген іс-қимыл жасау жолымен барабар жедел әрекет етуді талап етеді.
Қылмыстың осы түрі Қазақстан аумағында тарала қоймағанына қарамастан, бүгінгі күні оның серпіні қажетті құқықтық, ұйымдық және техникалық құралдардың болмауынан дәлелдеуі қиындық тудыратын, қылмыс жасаудың жаңа тәсілдерінің пайда болуымен, телекомммуникациялық технологияларды пайдаланудың тұрақты өсу үрдісімен, әккілігімен сипатталады.
Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жасаудың нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге, техникалық қайта жарақтандыруды жүзеге асыруға, жұртшылықты кеңінен тартуға, қарсы іс-қимыл жасаудың жаңа үлгілері мен әдістерін іздеуге негізделген жаңа тұжырымдамалық шараларын әзірлеу қажеттілігі пісіп-жетілді.
Әлемнің әртүрлі елдерінде экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайлардың дамуына жаһандық бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялық тетіктердің рөлі мен әсері күшеюде. Соңғы жылдары экономикалық және саяси жағдайы әртүрлі елдерде болған терең өзгерістер бұқараны, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану: әлеуметтік желілер, ұялы телефондар мен арнайы сайттар арқылы қысқа хабарламаларды (SMS) жаппай жіберу арқылы басқарудың жаңа технологияларының осы процестердегі басты рөлін көрсетеді. Қазақстан халқының арнайы желілер мен блогтарды кеңінен пайдалануы ішкі саяси ахуалға Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесіне зиян келтіретін мақсатты ықпал ету үшін оларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Ұлттық ақпараттық кеңістіктің ашық болуына және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде телевизияның және интернет-ресурстардың (пошта қызметтері, әлеуметтік желілер, блогтар мен бейнепорталдар) танымалдығына байланысты халықтың қоғамдық санасына ақпараттық әсер етудің нақты қаупі пайда болып отыр. Ақпараттық ықпал ету Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қайшы келетін идеяларды тікелей күштеп таңу түрінде және ақпаратпен айла-шарғы жасау арқылы немесе оған үрдісті шолу жүргізіп, жасанды қолдау көрсететін белгілі бір ақпараттық көрініс құру түрінде де көрінуі мүмкін. Қоғамдық санамен осындай айла-шарғы жасауға қарсы іс-қимыл жасау үшін мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімділігін едәуір жақсарту, мемлекеттік органдардың ашықтығын жоғарылату, азаматтардың ақпарат алу құқықтарының қамтамасыз етілуін арттыру талап етіледі.
Отандық контенттің бәсекеге қабілетсіздігі проблемасы айтарлықтай қатер тудыруда. Оның сапасы шетелдік ақпараттық және ойын-сауық өнімдерімен толық бәсекелесу үшін жеткіліксіз болып отыр. Ұлттық ақпараттық кеңістіктің ашық жағдайында бұл оның танымалдығының төмендеуіне алып келеді. Танымалдығының төмен болуы, өз кезегінде оны өндіруге айтарлықтай инвестиция тартуға мүмкіндік бермейді, бұл отандық контент өндірісінің аса жеткіліксіздігіне алып келеді.
Мемлекеттің, бизнестің және қоғамның отандық ақпараттық технологияларға тиісті қажеттілігінің болмауы шетелдік жабдықтар мен ақпараттық жүйелерді еріксіз пайдалануға алып келеді. Нәтижесінде деректер қоры мен банктеріне рұқсатсыз қол жеткізу ықтималдығы күшейеді, сондай-ақ елдің шетелдік компьютерлік және телекоммуникациялық және бағдарламалық қамтамасыз ету техникаларын өндірушілерге тәуелділігі артады.
"Электрондық үкімет" құрамына енгізілген мемлекеттік деректер қорлары қорғалуының жай-күйін тексеру азаматтардың жеке деректерін қорғаудың барабар құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық режимінің жоқ екенін көрсетті. Тиісті тетіктердің болмауы жеке деректерді криминалдық мақсаттарда, оның ішінде құжаттарды қолдан жасау, алаяқтық, әртүрлі дерекқорларды заңсыз көшіру және тарату мақсатында жеке қорларды теріс мақсатта пайдалану үшін алғышарт жасайды.
Ақпаратты қорғау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігі жеткіліксіз. Атап айтқанда, ақпараттарды рұқсатсыз қол жеткізу мен көшіруден қорғаудың техникалық құралдары нашар пайдаланылады. Ақпараттың таралуына қарсы әрекет ететін қауіпсіздік саясаты мен ұйымдық-техникалық шаралар іске асырылмайды, бұл өкілеттіктерді пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалануға әкеледі. Деректерді қорғаудың жүйесіздігі және жалпымемлекеттік ауқымда ақпаратты қорғау жөніндегі шаралардың нашар үйлестірілуі, ақпараттың тұтастығы мен құпиялылығын қамтамасыз етудегі ведомстволық бытыраңқылық маңызды ақпараттың жоғалуына ықпал етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық салада, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік саласында да білікті кадрлардың жетіспеушілігі проблемасы өткір болып қалуда. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығындағы көшбасшылық ететін талдау компанияларының бірі IDC компаниясының деректеріне сәйкес АТ-мамандар саны 2010 жылы Қазақстанда 100 мың тұрғынға 113 адамды құрады, бұл Малайзияға қарағанда 12 есе және АҚШ-пен салыстырғанда 29 есе төмен.
Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін мамандарын оқыту, біліктілігін арттыру процестері мен тәсілдерін одан әрі жетілдіру талап етіледі.
Жалпы құқықтық және ақпараттық мәдениеттің, оның ішінде қазақстандық қоғамда киберкеңістікті қауіпсіз пайдалану дағдыларының салыстырмалы түрде төмен деңгейі белгілі бір қатер тудырады.
Ақпараттық саланың құқықтық қамтамасыз етілуі уақыт ағымының қажеттіліктерінен едәуір артта қалуда. Ақпараттың әртүрлі санатын, ақпараттық ресурстарды, ақпараттық өнімдерді, ақпараттық қызметтерді іздеу, алу және тұтынуды жүзеге асыру кезінде туындайтын ақпараттық құқықтық қатынастарды реттейтін құқықтық тетіктер жеткілікті пысықталмаған. Ақпаратты, ақпараттық ресурстарды, ақпараттық өнімдерді, ақпараттық қызметтерді өндіру, беру және тарату процестерін реттейтін құқықтық тетіктер жақсарту мен өзектілендіруді қажет етеді. Ақпараттық жүйелерді, олардың желілерін, қамтамасыз ету құралдарын, телекоммуникациялық инфрақұрылымды құру және қолдану кезінде туындайтын ақпараттық құқықтық қатынастарды реттеу мәселесі аса өткір болып отыр. Ақпараттық қылмыстарға қарсы іс-қимылды қамтамасыз етудің қазіргі жай-күйі пайдаланылатын құқықтық тетіктер үйлесімінің жеткіліксіздігімен, заңнамалық бастамалар субъектілерінің оларды дамыту және жетілдіру жөніндегі қызметінің бөлшектенуімен, тиімділігінің жетіспеушілігімен, құқықтық нормалардың қарама-қайшылығымен, құқықтық статистиканың жетілмеуімен де сипатталады.
Жоғарыда аталған проблемалар ақпараттық саланы құқықтық қамтамасыз етуде мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіреді. Қазақстан Республикасында заңнаманың жеке саласы - ақпараттық құқықты қалыптастырудың қажеттілігі туралы мәселе күн тәртібінде өткір тұр.
Соңғы уақытта Қазақстан Республикасының халықаралық ақпарат алмасуға және ақпараттық қауіпсіздікті халықаралық реттеу процестеріне тең құқылы қатысу проблемасы өзекті бола түсуде. Ұлттық мүдделерді қорғап қалу қажеттілігі мемлекеттік органдардың қазіргі халықаралық ұйымдар қызметінің шеңберіндегі белсенділігін арттыруын қажет етеді.
Осылайша, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ағымдағы жай-күйі мынадай қатерлермен сипатталады:
1) аса маңызды ақпараттандыру объектілердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің жетілмеуі және жұмысының бұзылуы;
2) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жасаудың, енгізу мен пайдаланудың қоғамның объективті қажеттілігіне жауап бермейтін төменгі деңгейі;
3) Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау құралдары импортына тәуелді болуы, оларды пайдалану елдің ұлттық мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін;
4) әлемдік жетекші күш орталықтары арасындағы ақпараттық, қарсы тұрудың үдей түсуі, ақпараттық кеңістікте шет мемлекеттердің күреске дайындалуы және жүргізуі;
5) жаһандық ақпараттық мониторинг саласындағы шет мемлекеттердің дәйексіз саясаты, ақпараттар мен жаңа ақпараттық технологиялардың таралуы;
6) ақпаратпен айлы-шарғылар жасау технологиясының дамуы;
7) елдің ұлттық мүдделеріне нұқсан келтіретін, қоғамдық сана мен мемлекеттік институттарға арандатушы ақпараттық әсер ету мүмкіндіктері;
8) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне зиян келтіруге қабілетті сенімсіз және қасақана бұрмаланған ақпарат тарату;
9) ұлттық ақпараттық кеңістіктің ашықтығы және сыртқы әсерлерге осалдығы;
10) мемлекеттік саясатты ақпараттық қамтамасыз ету тиімділігінің жеткіліксіздігі;
11) ұлттық ақпараттық кеңістіктің әлсіз қорғалуы мен бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;
12) ұлттық контент сапасының қазақстандық қоғамның объективті қажеттіліктеріне және әлемдік деңгейге сәйкес келмеуі;
13) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын қылмыстың, оның ішінде трансұлттық қылмыстың, сондай-ақ экстремистік, террористік әрекеттің көбеюі;
14) Қазақстан Республикасының ақпараттық ресурстарына оның ұлттық мүдделеріне зиян келтіруге әкелетін, сырттан рұқсат етілмеген қол жеткізуге әрекет жасау;
15) шетелдік барлау және арнайы қызметтерінің, сондай-ақ шетелдік саяси және экономикалық құрылымдардың Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған қызметі;
16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс істеу кезінде құпиялылық режимінің бұзылуы, сондай-ақ қолжетімділігі шектелген ақпаратпен жұмыс істеу кезінде қасақана құқыққа қайшы әрекет пен абайсызда жасалған қателер мен жолсыздықтар;
17) ақпараттық саланы құқықтық реттеу жүйесінің жеткіліксіз дамуы;
18) дүлей зілзалалар мен апаттар;
19) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің ақпараттық саладағы заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкелетін мемлекеттік құрылымдардың құқыққа қайшы әрекеті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет