1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"


Жеделі жад (ЖЖ), Кэш-жады, тұрақты жад (ТЖ), BIOS модулі



бет46/214
Дата30.04.2020
өлшемі0,98 Mb.
#65217
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   214
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

30. Жеделі жад (ЖЖ), Кэш-жады, тұрақты жад (ТЖ), BIOS модулі.
Жедел жад - ауқымды информациямен жұмыс істеу үшін қолданылады, онда орындалып жатқан программалар мен командалар жазылады, компьютер электр желісінен ажыратылса, жедел жадыда информация өшіп қалады. Жедел жады (RАМ) - компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мəліметтер мен программалар ғана сақталады. Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мəлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты əрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.

Тұрақты жады (ROM - (ПЗУ)) – энергияға тəуелсіз жады, өзгертуді қажет етпейтін мəліметтерді

сақтайды, оны тек оқуға ғана болады, өшіріп қайта жазуға болмайды. Тұрақты есте сақтау құрылғысы

(ROM) - процессордың жұмыс кезінде жедел жад пен тұрақты есте сақтау құрылғысымен мəлімет алмасып отырады. Тұрақты есте сақтау құрылғысында орналасқан программа BIOS (Basic Input Output System –енгізу/шығару базалық жүйесі) деп аталады. BIOS – MS DOS жүйесінің «Енгізу/шығару базалық жүйесі», ол ЭЕМ іске қосылған сəтте процессордың, жедел жадының жəне де басқа құрылғылардың жұмыс істеуге қабілеттілігін тест арқылы тексереді, сондай-ақ сыртқы құрылғылар адаптерін басқаруды қамтамасыз етеді.

Операциялық жүйенің келесі бөлігі болып саналатын жүктеуішті дискіден шақырып іске қосады.

Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жады (Саsh) деп

атайды. КЭШ-жад - жедел жад пен процессордың жұмысын жеделдету үшін аралық дəнекер жад ретінде пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   214




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет