1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет50/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   157
Байланысты:
гост казак тили
ПЗ 6 тақырып, shagraeva bb organikalyk khimiia esepterin shygaru tsilderi, Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі, Биология кабинетінің қызметі, матем реферат
Алфавит,  дыбыс пен әріп. Тіліміздегі әріптердің рет-ретімен түзілуін алфавит дейміз. Алфавит деген сөздің  грек тілінің алғашқы екі әрпінің (альфа, бета) атынан алынғандығы, ондағы әріптердің жалғыз дыбыс болып та ( а, ә, е, и, о,  ө, у, ұ, ы, і) екі дыбыс болып та айтылатын (е- йе, ю- йу, я- уа), қысқа й және үнді  у,  в  /ве,  г/ге,  д/де,  ж/же,  з/зе,  п/пе,  т/те,  ц/це,   ч/че  түрінде немесе  ғ/ға,  к/ка,  қ/қа,  х/жа,  һ/һа,   ш/ша,  щ/ща,  түрінде, немесе  л/эл,  м/эм,  н/эн,  р/эр,  с/эс,  ф/эф  айтылатынын түсіндіру қажет.

Алфавитте дыбысты таңбаламайтын айыру (ъ) белгісі мен жіңішкелік (ь) белгілердің бар екендігін, айыру белгісі мен жіңішкелік белгілерінің тек орыс тілі арқылы енетін сөздерде ғана жазылатынын ерекше атау жөн.

Әрбір тілдің дыбыстары мен әріптерін жақсы білу, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін ажырату- тілді игерудің негізгі жолы. Дыбысты естиміз, айтамыз. Дыбыс дыбыстау(сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелерінің қызметін түсіндіргенде оқулықпен қатар І.Кеңесбаев (Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. 1975.) пен Ш.Сарыбаевтың (Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956.) еңбектерінде айтылатын көп жағдайларды ескере отырып, оқушыға нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет.

Жазуда дыбыстың орнына қолданылатын шартты таңбаны әріп дейміз. Әріпті көреміз, жазамыз. Дыбыс- табиғи құбылыс, әріп- жасанды нәрсе. Әріптің таңбасы ыңғайсыз болса, оны қолдануға ыңғайлы таңбамен өзгерте аламыз. Мысалы, қазақ тіліндегі дауысты- ұ әрпін 1951 жылдың 15 тамызына дейін у әрпімен таңбалап келдік.

Тілде алфавиттің әр түрлі болуына байланысты әріптер де әр түрлі болады. Қанша дыбыс болса, сонша әріп болуы керек. Әріп пен дыбыстың саны бірдей болуы шарт емес. Әдетте дыбыстан гөрі әріптің саны көбірек болады. Дыбыс кедергіге ұшырамай (а, ә, ы), кедергіге ұшырап та (м, б, т) дыбыстар жасалуы мүмкін екенін білдіру қажет (М.Дүйсебаева).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   157




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет