Биология кабинетінің қызметі



Дата18.04.2022
өлшемі77,57 Kb.
#139795
Байланысты:
Биология кабинетінің қызметі
гост казак тили, ПЗ 6 тақырып, shagraeva bb organikalyk khimiia esepterin shygaru tsilderi, Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі, матем реферат

Биология кабинетінің қызметі

Дайындаған:Қамай Айбол

  • Оқыту құралдары – оқыту міндеттері мен мақсаттарына сәйкес оқыту әрекетінің пәменділігінің көтерілуіне әсер ететін әртүрлі заттар, құбылыстар, деректер және оқытушы бағдарламалары. Биологияны оқытудың сапасын арттыру үшін оған қолайлы жағдай туғызу қажет, ол дегеніміз оқытудың материялдық базасын ұйымдастыру биология кабинеті, оқу тәрбие алаңы және тірі табиғат мүйісі, бұлар бір-бірімен өте тығыз байланысты және оқыту мен тәрбие міндеттерін кешенді түрде жүзеге асыруда бірін-бірін өзара толықтырып отырады. Оқытудың негізгі түрі сабақ болғандықтан, ол негізінен сыныпта өтеді
  • Биология кабинеті – биологиядан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған бөлме. Биология пәнінің ерекшілігіне байланысты биология кабинеті де соған сай болуы тиіс. Пән мұғалімі үшін кабинет, тек қана сабақ өткізуге арналған немесе тек жұмыс орны емес, ол әр-түрлі өсімдіктерді және жануарларды кездестіретін табиғаттың бір мүйісі болуы тиіс. Онда зертханалық, сарамандық сабақтар, тәжірибелер көрсету, тірі табиғат нысандарын бақылау, сыныптан тыс шаралар жүргізіледі.
  • Биология кабинетінің оқыту құралдарымен жабдықталуы ұстаз бен оқушының біріккен әрекетінің қаншалықты жетістікте болатынын анықтайды. Көпшілік жағдайда «нені оқыту?» және «қалай оқыту?» керек екенін біле тұра, қолыңда құрал жабдық болмаса мұғалім «жалаң қолмен» өз қызметін толық мәнді етіп, жоғары тиімділікте жүзеге асыра алмайды. Әйткенмен кабинеттің толық, дұрыс жабдықталуына қарамай, оның құрал жабдықтарының тиімді пайдалануы әр-түрлі болуы мүмкін. Әдістемелік әдебиеттерде негізгі көңіл, мұғалімнің жаңа материалдарды хабарлау үрдісі кезінде кабинеттегі қайсы-бір оқыту құралдарын пайдалануға бөлінеді. Ұстаз сабақ барысында оқыту құралдарымен оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырған кезде, білім мен біліктілікті игеру еңбегі бала үшін шығармашылық еңбекке айналуы керек. Практика көрсеткендей, сабақтарда көпшілік жағдайда оқушылар тек енжарлы түрде тыңдаушы және пайымдаушы ғана, ал егер сабақта әр-түрлі білім көздерімен, мысалы, кабинетте бар құралдармен өзіндік жұмыс жүргізілсе оқыту үрдісінің пәрменділігі жоғары болады.

Қауіпсіздік техникасының ережелері

  • 1.Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, қажетті қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіру керек.
  • 2.Оқушылардың қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауын бақылап жүру керек.
  • 3.Өткір кесетін құрал-жабдықтарды тек сабынан ұстап, өткір ұшын көршісіне бұруға болмайтыны туралы дағды қалыптасуы қажет.

Оқу кабинетін пайдалану ережесі

  • 1. Оқу кабинетін сабақтың басталуынан 15 минут бұрын ашу керек.
  • 2. Оқушылар кабинетте мұғаліммен бірге болуы қажет.
  • 3. Кабинеттің ауасын әр үзілісте желдетіп алу керек.
  • 4. Мұғалім сабақтан соң кабинетте тазалық жүргізуді ұйымдастырып отыруы керек.

Оқу кабинетіне қойылатын талаптар

  • 1. Кабинеттің құжаты бойынша талапқа сай жабдықталған мүліктер мен техникалық құралдар, көрнекі құралдар, оқулықтар, әдістемелік-дидактикалық құралдар.
  • 2. Оқу жылында (келешекте) жасалатын кабинеттің жұмыс жоспары.
  • 3. Оқу кабинетінде техникалық қауіпсіздік және тазалық ережесін сақтау.
  • 4.Оқу кабинетін безендіргенде эстетикалық талапқа сай ауыстырылатын, ауыстырылмайтын сабақ-хабарлама стендтері, қажетті жабдықтар, тағы басқа құралдар болу керек.
  • 5. Кабинеттегі оқу жабдықтары, оқу-әдістемелік құралдары мектептегі оқу жоспарын орындау үшін қажет
  • Оқыту құралдарының үш түрін бөліп қарастыруға болады: табиғи нысандар, нақты нысандарды алмастырушы көрнекі белгілер /бейнелеуші/, сөздік немесе вебральды құралдар
  • Табиғи немесе нақты нысандар – оқушылар тікелей сабақ үстінде немесе топсеруен кезінде пайдаланатын және қарым –қатынаста болатын заттар. Олар а) тірі табиғи нысандар б) өңделген табиғи нысандар болып екі топқа бөлінеді.
  • Бейнелеуші оқыту құралдарына таблицалар және әр курс бойынша сызба- нұсқалар мысалға; жасуша құрлысы, ағзалар экожүйелер, заттар айналымы жөніндегі суреттер, фотосуреттер, үрдістер мен нысандардың материалданған нобайлары; ДНҚ нобайы, жүрек жобасының нобайы, қазба жануарлардың нақпішіндері жатады. Көрнекіліктің ерекше тобы болып компьтерлік мультимедиялық оқыту құралдары есептеледі.
  • Сөздік немесе вебральды құралдар – олар кітаптар, оның ішінде оқулық, мұғалімнің сөзі, кино немесе телекөрсетілімдерді түсіндіретін дикторлық мәтін, компьютермен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар (бейнекадрлар, нобайлар) тестілер мен жұмыс дәптерлері. Оқушылардың нақты нысандарды немесе суреттерді тікелей бақылауын қамтамасыз ету бақылаулар мен практикалық әрекеттер түрінде болады.
  •  

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет