1 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын



Pdf көрінісі
бет9/51
Дата29.03.2022
өлшемі1,26 Mb.
#137181
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Байланысты:
Развитие речи
docx1548691362 (21), 9. Определение тяжести состояния детей по ИВБДВ, Математика , тарих гос сурак-отв дурысы (1)
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын 
халық ауыз әдебиет түрлері.
Ертегі арқылы біз өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-
салтын, тіл байлығын білеміз. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. 
Мысалы, балаларға арналған арналған ертегілер баланы адалдыққа, 
тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Өкінішке орай қазіргі кезде 
радио, телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген көркем 
фильмдер, мультфильмдер жиі көрсетіледі. Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су 
аттары таныс емес және біздің менталитетімізге жат оқиғалар 
баяндалады.Ал, қазақ ертегілерін көру немесе тыңдау олардан көрі әлдеқайда 
тиімді. Мен өзімнің зерттеу жұмысымды қазақ ертегілерін зерттеп, оқып, 
оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда қалай дамыту керектігін 
және насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды 
көрсеттім. Бұл жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді. Ертегілер ерте 
заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз 
күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің 
басқа түрлері секілді ертегілерде адам баласының еңбекке, тұрмыс тіршілік 
жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын 
жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі 
адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын 
қарастырған. Бұл жөнінде өз жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін 


25 
келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп 
әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, 
мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс-
салты, іс-әрекеті басты орын алады. Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы 
көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді. Ертегі балалардың ой-
өрісін, дүние танымын кекңейтеді.Оларды адамгершілікке, еңбекке, 
тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. 
Көптеген жауыздық, зұлымдық жасаушылар, туғызушырлар, ел 
арасындағы алаяқ қулар т.б. халық ертегілерінде жиіркенішті роль атқарады. 
Оларға халық арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, 
көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді. 
Ертегілердің өзіндік құрлысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай 
ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, 
аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі 
күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе 
әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады. Әсіресе адам 
өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ- мысалмен бірігіп, бала сезімін 
селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Мысалы: Тазша бала туралыертегілердегі әке-
шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың тапқырлықтары ханның 
ақылынан да асып кетеді «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін 
қиял ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала ханның 
байлығына ие болып, қызын алады. Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз 
кейіпкердің жексұрын әркетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. 
Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне байланысты. 
Ертегілер мазмұны ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. 
Солардың ішіндегі бастылары:
1.Қиял ғажайып ертегілері. 
2. Хайуанаттар жайлы ертегілер. 
3.Тұрмыс салт ертегілері. 
4.Аңыз ертегілері. 
Балалардың ой-өрісін кеңітіп, дүниені молырақ танытатын ертегілер бала 
ұғымын, түсінігін, дүние танымын кеңейтеді. Тілін ұстартып, ұштай түседі, 
ойлау мен қиялын дамытады. Мысалы: «Қаңбақ шал» ертегісіндегі қауқарсыз 
шалдың аылмен жеңуі, даулердің күші көп, ақылы аздығы тыңдаушыны 
қызықтырып, тіпті ертегіні баяндаушыға қосылып айтып кеткісі келетіндей 
әсерге бөлейді.
Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы 
телік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, 
мәдениетін, дәстүрін біледі және ой өрісі қиялы дамиды және адамгершілікке 
тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, 
жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос 
жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» 
атты ертегі желісінен оқуға болады.


26 
«Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек 
адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік 
тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, 
тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде 
мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны 
қайтарып беру үшін көптеген адамдарға жолығып, көп қиыншылық көріп 
барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап 
беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.
«Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, 
тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, 
қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке – бірлік танытып, 
қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір – біріне көмектесуге, 
береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, 
шапшандықтың пайдасын айтады.Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, 
шапшан тышқан жыл басы атанады.
«Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды 
қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды.
«Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-
қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» деген мақалды 
осы ертегі желісінен оқуға болады. 
«Зеректік» ертегісіндегі үш жолаушының жол бойында кездескен 
нәрселерге зер салғандарын баяндайды.Яғни,балаларды қағілездікке, 
зеректікке тәрбиелейді. 
Қазіргі кезде теледидардан көптеген шетел мультфильмдері жиі 
көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан телеарнасында сенбі, жексенбі күндері 
«Дара» ағылшын ертегісі, «Кайлан» қытай ертегісі, «Спорт Кус», «Диего» 
ағылшын ертегісі, ал сенбі күні «Барби күнделігі» деген шетел 
мультфильмдер болады. Ал,Еуразия телеарнасында жексенбі күні «Робот» 
деген шетел мультфильмі болады. Осы шетел мультфильмдерінің орнына 
қазақ ертегілерінің желісі бойынша мультфильмдер көрсетілсе. Тек қана 
«Қазақстан» телеарнасында ғана Алдар Көсе ертегісі желісі бойынша 
мультфильм көрсетіледі. 
Ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік белгілерін жанып 
тегістейтін жанғыш болып табылады, ал сонымен бірге ол балалардың 
бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында нәзік 
интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды тудырады. Ертегі шығары бұл 
менің балалармен рухани қатынас жасауымның ең бақытты сәттері, ал 
балалар үшін теңдесі жоқ ойлану шаттығы. 
Табиғат аясында мұғалімнің ойынан туып, аузымен айтылған ертегі 
балалар үшін жарық сәуле, ол сәуле олардың ми қуысының барлық құпия 
түкпірлерін шарлайтын жарық сәуле. Олар ертегіге құмартады. 


27 
Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды 
түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш 
болмақ емес, ертегі туындамайынша оймен шабыттанған қуаныш балаға 
ұғынықсыз. 
Ертегі – бұл ой бесігі, бала тәрбиесін жолға қойғанда, ол осы бесік 
жөніндегі толғанулық естеліктерді өмір бойы сақтайтындай ету керек. 
Ертегі – бұл ойлау ләззаты, ал ертегі шығара отырып, баланың ойлауға өз 
қабілетін орнықтырады, сол арқылы өзінің ар-намыс сезімін орнықтырады. 
Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А. 
Байтұрсынов “Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап 
беріледі. Ертегінің керек орындары: 
1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл 
жағынан керек нәрсе. 
2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор кедергі 
бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді. 
3. Бұрынғылардың сана – саңлау, қалып-салты жағынан дерек беруші үшін 
керегі бар нәрсе”- деп айтқан болатын. Қазақ халық ертегілері 
мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, 
достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, 
зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды. Әрдайым татулық, 
бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді. 
Батырлар ертегілер мен батырлар жыры ел қорғау жолындағы 
батырлардың ерлік істерін дәріптей отырып, ел бірлігі мен жұрт 
тыныштығын сақтап қорғау азаматтық парыз екенін нықтап, жас ұрпақты 
елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелейді. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты жетілдіре тәрбиелеуде ауыз 
әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін қолданудың білімдікте, 
тәрбиелікте мәнінің зор екені сөзсіз. 
Адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді. 
Жақсы істерге ұмтылдыру жаман қылықтардан аулақ жүру, өнегелі 
мәдениетті азамат болуға тырысу адамдардың өзіне байланысты. Сондықтан 
адамгершілікке кір келтіретін мінездер: әдепсіздік, жеңілтектік, екі жүзділік, 
көрсеқызарлық, опасыздық, өркөкіректіктен қашанда аулақ болуымыз керек. 
Жүсіп Баласағұнидің “Құтты біліктің” әр сөзі, әр тарау тынысы – 
адамгершілік, адалдық, қайырымдылық хақындағы өнегелі ойлары әр 
көкіректе күмбірлеп тұрғандай. Адамгершілік тәрбиесі мен еңбек, ақыл-ой 
тәрбиесі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Адамгершілік жағынан дұрыс 
қалыптасқан адам ғана біреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады. 
Адамгершілік тәрбиесі моральдық жағынан кіршіксіз таза, қоғам мүддесі 
үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген адам даярлау сияқты тәрбиенің 
жалпы мақсатына бағытталады. Адамгершілік қасиетінің негізгі имандылық 
пен ізеттілікте. Ал сыйластық, жасы үлкенді сыйлау, сәлемдесу, үлкеннің 
сөзіне жөнді – жөнсіз араласпау, кісінің алдынан кесе өтпеу, көп алдына 
дарақыланып күлмеу, есінемеу сияқты қылықтарды жас ұрпақ санасына 


28 
ақырындап сіңіру қажет. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік 
қасиеттерімен, 
қайырымдылығымен, 
адалдығымен, 
әділеттілігімен 
ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, 
қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен 
махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан 
адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды 
отбасында кішіпейілділікке тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. 
Жастардың жадына “сіз” деген сыпайылық, “сен” деген анайылық, 
“Адамдықтың 
белгісі, 
иіліп 
сәлем 
бергені”, 
“Кішіпейілділіктен 
кішіреймейсіз”, “Құдай деген құр қалмайды” деген қағидаларды үнемі 
уағыздаған. 
Сонымен адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі 
кейіпкерлер бейнесі көбіне қарапайым адамдар болып келеді. Ертегі – ауыз 
әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі 
деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің “Бұрынғы өткен заманда”, 
“Баяғы өткен заманда”, “Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде” деп 
басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. 
Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Олардың еңбекші 
халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, елдік тарихы, қилы-қилы қиын 
қыстаулары, халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген. 
Қазақ мақал-мәтелдері – ертек, аңыз-әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, 
қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне 
жанр. Олай дейтініміз ХІІ-ХІІІ ғасырлардан сақталған сирек жазба 
деректерде мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Мәселен, Орхон 
жазуларында: «Жырақ болса жаман сыйлық берер, жақын болса жақсы 
сыйлық берер», «Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген» («Күлтегіннен»), 
«Жұқаны топтау оңай, жіңішкені үзу оңай», «Өлімнен ұят күшті» 
(«Тоныкөктен») деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Ал Махмұт 
Қашқаридің «Дивани лұғат – ат түрік» сөздігінен: «Ұлы болсаң кішік бол, 
халық үшін бәлік бол», «Кісі аласы ішінде, жылқы аласы сыртында», «Тай ат 
болса – ат тынар, ұл ер болса – ата тынар» дейтін мақалдарды, ал «Құдатғу 
біліктен»: «Біліп сөйлеген білікке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр», 
«Ауыздан бірде от, бірде су шығар, бірі жанса, бірі сөндірер» дейтін мақал-
мәтелдерді оқимыз.
Алайда ертедегі құлпытастарда, сирек кітаптарда жазылып қалған бірен-
сарандары болмаса, қазақ мақалдары мен мәтелдері, негізінде, халық 
жадында ауызша айтылып сақталған.
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау 
барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі 
кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы – ХІХ ғасырдың екінші 
жартысы – Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек 
халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары 
жүргізілген болса, екінші кезең – оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің 
қалыптасуымен сипатталады. 


29 
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан 
Уәлиханов. Ш.Ш. Уәлиханов пен Л.И. Березин архивтерінде ХІХ ғасырдың 
елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтел 
сақталған. Солардың ішінде күні бүгінге дейін құнын жоймаған «Ақыл – 
дария, көңіл – дүлдүл», «Тотықұс бойын көріп сырланады, аяғын көріп 
қорланады» деген сияқты ондаған мақал бар. Сол уақыттан бері қазақ мақал-
мәтелдері әр түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып, жарияланып 
келеді. Қазақ фольклорының басқа түрлерімен бірге (кейде дербес) оны 
жинап жариялаушылар: Ш. Ибрагимов, М. Терентьев, Ы. Алтынсарин, Я. 
Лютшь, Ф. Плотников, Н.И.Гродеков, А.А.Васильева, П.М.Мелиоранский, 
А.А.Диваев, Н.Ф. Катанов, Н.Н. Фантусов, В.В. Катаринский т.б. болды. 
Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, соның ішінде мақал-мәтелдер 
жарияланған Орынборда 1879 жылы шыққан, 1906 жылы толықтырылып 
қайта басылған Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясының алатын орны 
ерекше. 
Хрестоматияда қазақ мақал - мәтелдерінің ең таңдаулары іріктеліп 
жарияланған және адам туралы, әйел, бала, ата - ана мен туыстар, байлық пен 
кедейлік, достық пен денсаулық деп он шақты тақырыпқа бөліп, жүйелеп 
түзілген. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин тек оқу-ағарту ісіне емес, сонымен 
қатар халық мұрасын іріктеп, сұрыптап, реттеп жариялауға да үлкен үлес 
қосты.
Сол сияқты В.Катаринскийдің Орынборда 1899 жылы «Памятная книжка 
Тургайской области на 1899 год» дейтін кітапта жарияланған қазақ 
мақалдарының жинағын да атай кеткен жөн. Бұл жинақта оған дейін жарық 
көрген қазақ мақалдары мен мәтелдері жинақталған – бір мың бес жүздей 
мақал-мәтел жарияланған. 
Халықтық нұсқалары таңдап алынып, тақырыптық принцип бойынша 
түзілген бұл екі басылым қазақ мақал-мәтелдерінің кейінгі жинақтарына үлгі 
болды, жол ашты. 
Жоғарыда аталған жинақтардың бір артықшылығы – оларда мақал-
мәтелдер ел арасында қалай айтылса, ешбір өңдеусіз, өзгертусіз сол 
қалпында жазып алынған да, іріктеп-сұрыптап жарияланған, көне, бөгде 
сөздерге түсініктер және қазақша мәтінімен қатар орысша аудармасы 
берілген. Сосын қай жерден жазып алынғаны көрсетіліп, әр уездің мақал-
мәтелдері бөлек топталған. 
Баспасөзі кенжелеп дамыған халықтардың тілін, тұрмысын, салтын, кәсібін 
т.б. зерттеп білу үшін құрылысы ерте қалыптасқан мақал-мәтел сияқты ескі 
әдеби мұраны өзгертпей, өз қалпында жазып жариялаудың және 
материалдың қайдан, кімнен жазып алынғанын көрсетіп отырудың ғылыми 
мәні үлкен. Оның үстіне әдеби нұсқаны қазақ тілінде жариялаумен қатар, 
орысша аудармасын беру де жинақтардың құнын арттыра түскен. 
Алайда халық шығармасын жинаушы жариялаушылардың осындай игілікті 
істерінде кейбір кемшіліктер де орын алған. Атап айтқанда, ауыз әдебиеті 
нұсқаларын жаттап, сақтап келген және жаздырған әңгімешілер мен 


30 
жыршылардың аты-жөндері аталмаған, айтушы, жаздырушылар жөнінде 
ешқандай дерек, мәлімет берілмеген. Тағы бір кемшілік, аталған 
жинақтардың көбінде мақал-мәтелдің шығу тарихын, әдеби мәнін 
түсіндіргендей жарытымды түсініктер, алғы сөздер жазылмаған. 
Қазақ фольклорының басқа түрлері сияқты мақал-мәтелдер де ұқыпты 
жиналып, молынан жариялана бастады. 
Ташкентте 1927 жылы «Қазақ мақалдары» (құрастырушы Әбубәкір 
Диваев), Алматыда 1935 жылы «Қазақтың мақалдары мен мәтелдері» 
(құрастырушы Өтебай Тұрманжанов), 1950 жылы «Қазақтың мақал-
мәтелдері» (құрастырушы Балым Ақмұқанова) атты жинақтар басылды. 
Содан бері мақал-мәтел нұсқалары мезгіл-мезгіл қайталап, толықтырылып 
басылып келеді. 
Мақал - мәтелдердің басылымдарына тән ерекшеліктер бұларда 
материалдар идеялық мазмұнына, көркемдік құндылығына қарай елеп-екшеп 
алынған, тақырыптық принциппен жүйелеп берілген. Барлығында дерлік 
түсіндірме, алғы сөздер бар. 
Бұл жерде қазақ ауыз әдебиетінің жанашыры жазушы Өтебай 
Тұрманжановтың еңбегін ерекше атау ләзім. Ол ескілі-жаңалы газет-
журналдарда, жинақ-кітапшаларда бұрын-соңды жарияланған, әдеби-тарихи 
архивтерде қолжазба күйінде жатқан және ел аузынан өзі жинаған қазақ 
мақалдары мен мәтелдерін іріктеп-сұрыптап, белгілі жүйеге салып, үнемі 
толықтырып жариялап келді. Ө.Тұрманжанов құрастырған мақалдар мен 
мәтелдер жинақтары идеялық және көркемдік жағынан таңдап алынуымен, 
тақырыбы мен мазмұнына қарай жүйелеп берілуімен, басқа жинақтарға 
қарағанда толықтығымен дараланады. 
Сәкен Сейфуллин мақал-мәтелдері шешендік сөздердің бір саласы, 
жалғасы ретінде қарайды. Мақал-мәтел көшпелі елдің тұрмысынан туып, сол 
халық өмірінің барлық саласын қамтитынын, бейнелейтінін көрсете келіп, 
зерттеуші жалпы ауыз әдебиетіне ортақ бір ой тастайды. «Ауыз әдебиетінің 
қай бөлімі болса да, – дейді Сәкен, – сол заманның тұрмысының қандай 
болғанын, сол тұрмыстың әсерімен ол тұрмысқа ұсап туған сана, қандай сөз, 
қандай әдебиет болғанын көрсетеді. «Заманына қарай күлкісі, тауына қарай 
түлкісі», «Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі» деген ерекше сөздер 
– әр заманның тілі, көркем сөзі, әдебиеті сол заманның салт-санасына, сол 
заманның тұрмысына, ол заман тұрмысынан туған мұратына ұсай туды деген 
сөзді қуаттайды». 
Демек, әдеби мұра оны тудырған уақытпен, қоғам мүддесімен, мұратымен 
тығыз байланыста қаралып, бағалануға тиіс. 
Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М. Әуезов – қазақ мақал-мәтелдерінің алғашқы 
зерттеушілерінің, оның ішінде ең беделді ғылыми пікір айтқандарының бірі. 
Ол «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» деген еңбегінде халық 
шығармашылығының бұл түрін жеке дербес тарау етіп алып, талдаған. 
Мақал-мәтелдердің басқа халықтарда да барын ескере келіп, М. Әуезов: 
«Мұның қазақтағы түрінің өзіндік ерекшеліктері мол... Қазақ мақал-


31 
мәтелдерінің, жұмбақтарының дені өлең түрінде келеді. Және сондағы 
сөздердің өзара үндесіп, ассонанс, аллитерациялардың мол болатындығына 
қайран қаласың. Мағына, мәні де мейлінше терең болады», – дейді [20]. 
Сөйтеді де, «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу», «Тура биде туған жоқ, туғанды 
биде иман жоқ» сияқты мақалдардың ішкі ұқсастықтарының күштілігіне 
жұртшылық назарын аударады. 
«Қазақ мақал-мәтелдерінің екінші бір ерекшелігі, – деп көрсетеді 
М.Әуезов, – оларда халықтың мал баққан тұрмысына байланысты образдар 
мен сарындардың мол ұшырасатындығы. Үй хайуанаттарының қылығын 
айту арқылы адам мінезіне ишара, тұспал жасау соншалықты әсерлі де мәнді 
болып шығады». Автор бұл пікіріне дәлелді, нақты мысалдар келтіреді. 
Алайда қазақ фольклористикасының негізін салушылар мақал-мәтелдердің 
кейбір ерекшеліктерін анықтап, оған жоғары баға бергенмен, олардың 
жанрлық табиғатына тоқталмайды.
Халықтық мәдени тәрбие беру ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі, 
балалар арасындағы тәрбие жұмыстарының мақсаттары, міндеттері мен 
тәсілдері бір-бірімен байланысты жинақталған. Сондықтан тілімізге 
мемлекеттік мәртебе берілуіне, республикамыздың тәуелсіздік алуына 
байланысты тарихымызды, мәдениетімізді, бүкіл адамгершілік рухани 
қазынамызды ғылыми жүйеге келтіріп, оны ұрпақ тәрбиесіне орынды 
пайдалануымыз керек. Бұл салада мұғалімдердің алдында күрделі де 
жауапты міндеттер тұр. 
Баланы сергек сезімді, еңбек сүйгіш, абзал азамат етіп тәрбиелеу ісін оның 
жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «ұлыңа бес 
жасқа дейін патшаңдай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес 
жастан асқан соң досыңдай бағала» деген халық мәтелі баланы беске дейін 
еркін тәрбиелеудің, ал он беске дейін көмекшің деп қараудың, он бестен 
асқан соң ақылшы-досың деп санаудың қажеттігін меңзейді. Ал бұл ғылыми 
педагогикадағы баламен еркін сөйлесу, тең азамат санау, ашық сырласудың 
тәлімдік мәнін қоштайтын ашық пікірлесу қағидасына сай келеді. 
Мақал-мәтелдерді пайдалана тәрбиелеу ісін баланың жас ерекшелігіне сай 
жүргізумен бірге, тәрбиеленушінің жеке бас ерекшелігін ескере отырып 
жүргізуді де ескерткен.Барлық адамның мінез-құлқы, қабілеті бірдей емес. 
Солай болғандықтан да оларды тәрбиелеу әдісі, ықпалы, құралы да алуан 
түрлі болмақ. Олай болса, бала мінезін жете түсініп, жеке өзгешелігін еске 
ала білу қажет. «Балаға үміт арту – әкенің парызы, ақтау – баланың қарызы» 
деген мақал да осыған байланысты. Өйткені, кімде-кім болмасын өз 
ұрпағының асыл азамат болып өскенін қалайды, бұл үшін қолынан келгеннің 
бәрін істейді. Сондықтан әр ата-ана баланың жеке адамгершілік қасиеттерін 
еске ала отырып, тәрбие беруге тырысуы керек. Қалыптасқан мінезбен еш 
пенде дүниеге келмейді. Осыны топшылаған ата-бабамыз «Баланы туады 
екенсің, мінезді тумайды екенсің» немесе «Бір биеден ала да туады, құла да 
туады» деп ой төркінін жасаған. Сондықтан да бөбекті ер етіп өсіру де, ез 
етіп қожырату да үлкендердің қолындағы іс. 


32 
Мақал-мәтелдерде адамгершілік қасиеттерді, әсіресе, ар-ожданды 
қастерлеу тәрбиенің басты принципі болып саналған. Осыны басты нысан 
етіп ұстанған ата-бабамыз «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Ақ 
жүрген адам азбас», «Адам деген ардақты ат», «Әдептілік, ар, ұят – 
адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі», 
«Жігіттің құны – жүз жылқы, ары – мың жылқы», «Жаным арымның 
садағасы» деп арды аса жоғары бағалаған. Арлы адам адал, әділ болады. Ар 
тазалығы басқаға қиянат жасамауға, шыншыл, әділ болуға баулиды. 
Әдептілік, сыпайылық, кішіпейілдік, мейірімділік, иманжүзділік қасиеттердің 
бәрі ар-ұят, ождан тазалығынан туындайды. Имансыз болу, ата-ананы, 
үлкенді, ұстазды сыйламауды халқымыз кешірілмес күнә деп санаған. Қазіргі 
мейірімсіздік, қатыгездік, дөрекілік етек алып отырған заманда жастарды ар 
ождан тазалығын сақтауға, имандылыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу 
қажет болып отыр. 
Қазақ әдебиетінің фольклоры өте бай. Соның бірі де бірегейі – 
жаңылтпаштар жанры. Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты 
еңбегінде жаңылтпашқа мынадай анықтама береді: «Жаңылтпаш деген аты 
жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл 
келмейтін, иә тіл басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, 
келістірген шығарма жаңылтпаш деп аталады». Халқымыздың сөйлеу тілін 
дамытатын басты құрал жаңылтпаш жанры екендігіне тоқталып өтеді.
Зерттеуші Нәзір Төреқұлов «жаңылтпаш халықтық поэтикалық 
шығармалардағы 
фольклордың 
шағын 
жанрына 
жататын, 
дыбыс 
үйлесімділігіне негізделген, тез және айқын айтылуы қиын сөздер тізбегі» 
деген анықтама бере отырып, жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақтарды 
дидактикалық шағын жанрға жатқызады.
Жаңылтпаш – қай халық фольклорында болмасын кең таралған жанрлық 
түр. Қазақ жаңылтпаштарына да зерттеушiлер ертеден назар аударып келедi. 
Оның тұңғыш хатқа түскен үлгiлерiн 1862 жылы жазылған Әбубәкір Диваев, 
М.Ф.Гаврилов жазбаларынан кезiктiремiз. Қазақ әдебиетінде жаңылтпаш 
жанрының ғылыми маңызына алғаш рет назар аударып, зерттеген адам – 
Сәкен Сейфуллин едi. Ол 1931 жылғы жазған «Қазақ әдебиетi» атты 
зерттеуiнде былай деп жазады: «Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-
күлкi «дүкенiн» құрған орында айтылатын айтыстың бiрi – жаңылтпаш. Бұл 
да – ертек, өлең, жұмбақ айтысу тәрiздi жастардың, балалардың тiл 
ұстауларына, ойнақы, қырлы сөздердi қақпақылша атқылап, билеп еркiн 
сөйлеуге төселулерiне өз әлiнше әдемi сабақ, тәжiрибе болатын ойын кiтапта 
зерттеушi жаңылтпаштың тәрбиелiк мәнi мен атқаратын қызметiн айқын аша 
отырып оның ойындық сипатына да назар аударады. Яғни, жаңылтпаш жеке 
баланың ермегi емес, ол – көбiнесе жұрт жиналған жерлерде балалардың тез 
де, жаңылыссыз, дыбыстарды анық сөйлеуiне дағдылануына үйрететiн өлең-
ойын. Оның ойындық сипаты балалардың бiр-бiрiмен жарыса кезекпе-кезек 
айтысуында жатыр. Ол тiл жаттықтыру мақсатын ғана көздемейдi, 
жаңылтпаштағы сөздер дұрыс айтылмаса, құлаққа мүлде басқаша естiлiп, 


33 
күлкi де туғызады. Мәселен: «Ақ тай ақ па? Қара тай ақ па?», - деген сияқты 
жаңылтпашты интонацияны дұрыс сақтамай, жылдамдата айтса, «Ақ таяқ па? 
Қара таяқ па?», болып мағыналық жағынан мүлде өзгерiп кетедi. Ертеректе, 
жаңылтпаш балалар ғана емес, ересектердiң де ермегi болған. Бiрақ ол 
үлкендер арасында басқашалау қызмет атқарған. «Ерте кезде ойын-
сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш 
жиналған жұртты күлдiру, тiл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән 
бiлмейтiн жастарға берiлетiн жазба есебiнде қолданылған» , – деп жазады 
белгiлi фольклорист ғалым Мәлік Ғабдуллин, жаңылтпаштың үлкендер 
арасындағы қолданысы жөнiнде. Дегенмен, жаңылтпаштар негiзiнен 
балаларға тән мұра. Ол жөнiнде қазақ балалар әдебиетiнiң бiлгiрi Шеген 
Ахметов: «Бұл жанр тек қана балалар әдебиетiне арналған, көбiне мектеп 
жасына дейiнгi балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайықты. Олай 
дейтiнiмiз жеке дыбыстармен айтылуы қиын кейбiр сөздердi дұрыс сөйлеуге 
үйрету – көбiне балаға ғана тән нәрсе. Мұнда мiндеттi түрде оқыту арқылы 
ғана емес, баланы талғамы күштi қызық та көркем сөздерге әуестендiру, 
соған елiктiру арқылы жаттығу жүргiзу үшiн қолданылған шеберлiк бар» , – 
дейдi. Бұл пiкiр жаңылтпаштың балалар фольклоры құрамындағы 
функциясын толық ашады. Бiрақ жаңылтпаштың шығу тегi мен оның 
алғашқы функциясы ғылымда жете тексерiле қойған жоқ. Егер 
жаңылтпаштың күрделi өлең құрылысына назар аударсақ, оны 
шығарушылардың ересектер екенiне күмән тумайды. Яғни, ерте заманда 
пайда болып, үлкендер репертуарында өмiр сүрген жаңылтпаш келе-келе 
балалар ортасына көшкен.
Жаңылтпаш адамды өнерге, ойын дамытуға, тілін жаттықтыруға үйрететін 
этнопедогогикалық туынды болып есептеледі. Жаңылтпаш - баланың ойлау 
қабілетін дамытуда, тілін ширатуда, дүниетанымын дамытуда маңызы зор. 
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, 
сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ойы қиялы дамиды, тәлім-тәрбие алады.
Жаңылтпаштың басқа жанрлармен байланысын зерттеу, оның қалыптасуы, 
даму жолдары, көркемдік ерекшеліктері жайлы ғылыми еңбектер жазу 
әдебиеттану ғылымына қосылған нәтижелі іс деп білеміз. Жаңылтпаштар 
фольклордың басқа жанрларымен де тығыз байланысты. Халықтық 
шығармаларды 
басқа 
жанрларымен 
салыстырудың 
өзгешеліктерін 
айқындауға мүмкіндік береді. Басқа жанрлармен байланысты зерттеу арқылы 
жаңылтпаштардың тарихи шығу жолын, даму және өзгеру жолдарын 
байқаймыз.
Кейбір шешендік сөздер мен қанатты сөздердің және ертегілер мен мақал-
мәтелдердің төркіні осы жаңылтпаштармен де ұштасып, жалғасып 
жататынын көруге болады.
Жаңылтпаштардың басым көпшілігі халық өлеңдерімен байланысты 
айтылады. Тіпті аллегориялық сипатта айтылатын халық өлеңдері көбіне 
жаңылтпаштарға жақын болады. Әсіресе, қазақ халқының айтыс өлеңдерінде 
жаңылтпашпен айтылатындары өте көп. Мұнда ақындық өнермен қатар, 


34 
өмірді көп біліп, көп көрген айтысушы адамның парасаттылығы мен 
білімділігін қажет етеді.
Жаңылтпаш – астарлы сөз, әсем жыр. Жаңылтпашта қарапайым халықтық 
тіл өрнектеледі. Олай болатын себебі – белгілі бір құбылыс, зат 
жаңылтпашталғанда, оның сипатын, кескін-кейпін, мейлінше түсінікті тілмен 
беру көзделеді. Жаңылтпаш – бала тілін дамыту құралы. Жаңылтпаш 
ықшамдылық талабына мейілінше бұлтартпастай жауап береді.
Мінсіз жаңылтпаш – мінсіз суреткерлік жемісі әрі оның дарындылық 
белгісі. Бұдан шығатын қорытынды, жаңылтпаш қай жанрға болса да ортақ, 
ағайындас есепті, солардың бәрімен де қатар дамып, халық ойының 
данышпандық асыл қазыналарын өз бойына жинаған мұра.
Жаңылтпашты 
зерттеуші 
ғалымдардың 
ой-пікірлеріне, 
ғылыми 
тұжырымдарына қарағанда жаңылтпаш та жұмбақ, мақал-мәтел сияқты 
фольклордың шағын жанрына жатады. Жаңылтпаш сөздер мен дыбыстарды 
қиындата қайталау, айтқанда тілді мүдіртіп тұтықтандыратын сөйлемді 
немесе сөйлемнің бөлігін шапшаң, жиі қайталау арқылы тіл ширатуға, тіл 
ұстартуға лайықталады. Жаңылтпаш дүниежүзі халықтарының бәрінде бар. 
Бірақ жаңылтпаштың қай тілдегі атауына зер салсаңыз да, оның ауыз 
әдебиеті үлгісінің ортақ табиғатынан өрістеп жатқанын байқау қиын емес.
Жаңылтпаш тіл дамыту мен ширатудың, әсіресе бала тілін ұстартудың 
тиімді құралы, дәстүрлі жолы десек, ондағы мағынасыз сөздер мен 
дыбыстардың ермек үшін айтылатын ретсіз жиынтығы емес. Жаңылтпаштар 
белгілі бір желіге құрылады да жүйелі өзіндік оқиға нышанын сөз етеді. 
Жаңылтпаш жанрының дәстүрлі тәлімдік-тәрбиелік мектебіне айналу мәнісі, 
әрине, оның танымдық қуаты мен тәрбиелік маңызынан, көркем бояулы 
эстетикалық күшінен, ойлы-сезімді тереңдігімен айқындалады деп түсінеміз. 
Сонымен қатар, дүние сырларын танытып, білім берерлік, білік-дағды 
қалыптастырарлық ерекшелігі де бар. Жаңылтпаш ана тілінің бай қорын, мол 
мұрасын бала жастан игеруге, жатық сөйлеп, тіл саздылығын тануға 
көмектеседі, көркем сөзді қастерлеуге тәрбиелейді.
Бала танымын кеңейтумен қатар, тілін ұстартып дұрыс сөйлеуге үйретуде 
жаңылтпаштың орны ерекше. «Жаңылтпаш – ауыз әдебиетінің балалардың 
тілін жаттықтыру мақсатындағы жанры. Бала тілінің жетігіп-жетілуіне, 
оралымды, анық сөйлеуіне, ана тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, 
шебер сөз саптауына баулиды», – деген анықтама берілген. Жаңылтпаш ерте 
заманда пайда болған жанр. Жаңылтпаштардың алғаш хатқа түскен үлгілерін 
Ә. Диваев, М.Ф. Гаврилов қолжазбаларынан кездестіреміз.
А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде жаңылтпашқа 
мынадай түсініктеме береді: «Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. 
Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә тіл басқа сөз 
қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма – 
жаңылтпаш деп аталады». Қай халықта болсын жаңылтпаш сөйлеу 
аппатаратына күрделендіріліп берілетін синтаксистік жағынан дұрыс 
құрылған фраза болып есептеледі. Мағыналық жағынан әр түрлі болғаныман 


35 
дыбысталуы жағынан жақын сөздерден, фонемалардан түзіле отырып, 
жаңылтпаш белгілі бір ырғақ пен әуезге негізделеді. Жаңылтпашта ырғақтың, 
аллетерациялық, тәсілдің болуы заңды құбылыс. Қазақ тіліндегі жаңылтпаш 
жанры туралы аз-кем айтылып қалатыны болмаса, осы уақытқа дейін аталған 
жанрдың құрылысы мен жасалу жолдары, тәсілдері туралы әлі зерттелмей 
келеді.
Жаңылтпаштардың шумағы құрылысына қарай қос тармақты, үш 
тармақты, төрт тармақты және көп тармақты болып келетіндігі белгілі.
Жаңылтпақтың шумағының ең кішісі – екі тармақтан тұрады. Тармақтың 
толымдысы, толымсызы болады.
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың тілін ардақтау,сөз 
қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады. 
Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге 
сәйкес шығарған. Тілі шыға бастаған жас бөбекпен, тілі шыққан 
балдырғандардың тілінде көбінесе «р» дыбысы мен «и» дыбысын, «ш» 
дыбысын «с» дыбысымен шатастыру байқалады. Әсіресе, тілдің алдыңғы 
(тілалды) дірілмен айтылатын «р» дыбысын айту алғаш көптеген бөбектерге 
қиын сияқты болып көрінеді. Сондықтан жаңылтпаштар да, көбінесе сол «р» 
дыбысы мен «и» дыбысын қатар айтуға құрылған. Бала тіліндегі «ш» дыбысы 
мен «с» дыбысын шатастырып айтуды түзету үшін халық жаңылтпаштарды 
шығарған. Сол сияқты «қ-к», «ж-ш», «т-д», «н-ң» т.б. дыбыстарды 
шатыстырмай айтуға жаттықтыратын жаңылтпаштар бар.
Халық педагогикасының бұл саласын қазақ ақындары дамыта түсті. 
Олардың бір ерекшеліктері, ол жаңылтпаштар көбінесе әрі тіл ширату, әрі 
дүние таныту, әрі білім беру, тәрбиелеу. Сонымен бірге жаңылтпаштар 
баланы табиғатты қорғауға тәрбиелейді, баланың тілін ширатады.
Отбасында балаға жаңылтпаш айтқызып жаттықтырудың бірнеше жолы 
бар: ең әуелі бала жаттықтырушының айтқан жаңылтпашын жаңылмай, тез-
тез айтуға үйренуі керек. Екіншіден, бірнеше баланың жаңылтпаш айтудағы 
жаңылмай айту қабілетімен қатар, қанша жаңылтпаш білетінін байқау үшін 
жаңылтпаш айтысуын ұйымдастыра білу керек. Жаңылтпаштарды жаңылмай 
айтудан, жаңылтпаштарды білуден озып шыққан баланы ынталандырып, 
мадақтап, сыйлық беріп мерейін арттыру қажет.
Балалар бақшасында тіл ширату, көркем сөз оқу, тақпақ айтуға 
балдырғандарды жаттықтыру үшін арнайы уақыт бөлініп, эстетикалық 
тәрбие жұмыстары жүргізіледі, мүмкіндігінше жаңылтпаштарды әнге қосып 
айтуға да болады. Балалар бақшасында ұйымдастырылған жаңылтпаш 
айтысудың мәні зор. Ол үшін, тәрбиеші күні бұрын жоспар жасап, керекті 
жаңылтпаштарды топтай білу керек. Әрине, тілі өте мүкіс, көбінесе 
логопедиялық дәріс алып жүрген баланы ондайда ұятқа қалдырып, сағын 
сындырудан сақ болған дұрыс. Өйткені жаңылтпаш айтудың психологиялық 
әсері де ерекше. Әсіресе, жаңылтпаш жаттығулар арқылы «р» дыбысына тілі 
келіп, сөзді мүдірмей айтуға баланың қуанышы қойнына сыймай, өмірдің 
өткелінен өткендей әсер алады.


36 
Балалар бақшасында фольклорлық кеш өткізіп, онда жаңылтпаш айтысуға 
да тиісті орын беріп, айтқыш балалардың абыройын арттырып отыру керек.
Жаңылтпаштар тек жас балалардың тілін ширату үшін ғана 
қолданылмайды, сонымен қатар жаңылтпаш айтысып, тіл ұстартуды 
үлкендер де салтқа айналдырған болатын.
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тіліне деген 
құштарлығы артып, ойлау қабілеті шыңдалады. Сондай-ақ баланың 
аңғарымпаздығы, алғырлығы ұштала түседі. Бұлар, бір жағынан баланың 
ойлауын жетілдірсе, екінші жағынан сөздік қорын да молайта түседі.
Жаңылтпаш (аз қолданылатын атаулары – тез айтқыш, таза айтқыш, тіл 
сындырғыш) – халық фольклорының әзіл жанры, шағын өзіндік өлең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет