1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет22/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019
матем азайтуға
Key Words. 
Semantics, word formation, single-root word, lexico-semantic, grammatical, features meaning.
Етістіктер мағыналық қырынан, сөз таптары 
тұрғысынан зерттелгенімен, оның ашылмаған, зерт-
телуге тиіс нысандары баршылық. Дей тұрғанмен, 
етістіктің көптеген мәселелері тереңірек зерттеуді 
қажет етеді. Етістік – есімдерден кейінгі екінші орын 
да тұратын грамматикалық үлкен категория. Етістің 
қолданылу аясы аса кең, әрі мағыналық қырлары өте 
мол, көне замандардан келе жатқан тілдік құбылыс. 
Етістіктің жеке лексика-семантикалық топтарының 
мағыналық қырын анықтау қазақ тілтанымында толық 
зерттеліп біткен мәселе емес. Сөздерге семантикалық 
зерттеу, талдау жүргізу тілдің ішкі сапалық қасиеттері, 
мәні мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. 
Сөздік құрамдағы тілдік бірліктің мағыналық қыры, 
мәні арқылы белгілі бір деңгейге телінеді, семантикалық 
өрісі негізінде тіл бірліктерінің функционалды- 
прагматикалық қолданылу мүмкіндіктері, сөздің 
ішкі мүмкіндіктері анықталады, мағыналық сипа-
ты ашылады. Осы тұрғыдан қарастырғанда, сөйлеу
етістіктерінің мағыналық құрылымын зерттеудің 
маңызы ерекше. Сөйлеу етістіктерінің тіл жүйесіндегі 
екінші қызметі – грамматикалық, функционал-
ды семантикалық қызметтері. Қазақ тіл білімінде 
етістіктің синтетикалық тұлғалар арқылы жаңа 
туынды мағына беретін жағдайы семантикалық 
тұрғыдан қарастырылмаған, оның жаңа атау туғызу 
мүмкіндіктері сөзжасамдық ұя деңгейінде туынды 
түбірлес сөздер, семантикалық өрісі зерттелмеген.
Негізді туынды сөйлеу етістіктерінің мағыналық 
құрылымы мен семантикалық сөзжасамдық аспектіден 


25
зерделеу өзекті. Өйткені туынды сөз ретіндегі 
етістіктің мағыналық құрылымын ономасиологиялық 
және семасиологиялық аспектіден саралау, олардың 
жаңа мағыналарының қалыптасуындағы негізгі 
ерекшеліктерін айқындауға көмектеседі. Функцио-
нальды лингвистиканың қарқынды дамуына байла-
нысты сөйлеу етістіктерінің қызметін оқып-үйренуге 
деген қызығушылық артып отыр. Сөйлеу етістіктері 
зерттеушілер тарапынан етістіктер семантикасының 
жалпы жүйесіндегі маңызды желі ретінде таны-
лып келеді. Бұл сөйлеу етістіктері орыс тілі және 
түркі тілдерінде біршама жеткілікті зерттелген. 
Қазақ тілі білімінде зерттелініп отырған мәселе кей 
ғалымдардың еңбегінде ғана аталып өткенімен, жеке 
тақырып ретінде толық қарастырыла қойған жоқ. 
Осыған орай зерттеуде бұл мәселеге түрлі көзқарастар 
тұрғысынан: тарихи дамуы, мағынасы жағынан, басқа 
лексика-семантикалық топтармен салыстырылуы, 
етістіктер аясындағы лексикалық көпқырлылығы, 
семантикалық, 
функционалдық, 
тіркесімділік 
ерекшеліктері қарастырылады. 
Сөздің лексика-семантикалық категория болу үшін 
ортақ – категория құрамына енетін тілдік бірліктердің 
лексикалық мағынасында жалпыға ортақ семаның 
болуы шарт. Бұл жайында тілші М.Жолшаева: «Бір 
лексика-семантикалық топ құрамына енетін сөздердің 
белгілеріне орай лексика-семантикалық категория 
түрлері айқындалады. Тілтанымда олардың мынадай 
түрлері көрсетіліп жүр: синонимия; омонимия; анто-
нимия; конверсия; полисемия. Лексика-семантикалық 
категориялар тілдік бірліктердің жалпы, типтік 
қасиет-белгілерін білдіре отырып, оларды, бір 
жағынан, белгілі бір топтарға топтастырса, екінші 
жағынан, мағыналарының жалпылығы мен өзіндік 
ерекшеліктері, сондай-ақ оларды құрылымы мен 
қызметі жағынан жүйелейді» [1, 76]. 
Түркі тілдеріндегі, оның ішінде қазақ тіліндегі жал-
пы сөйлеу етістіктерінің мағыналары өз алдына үлкен 
семантикалық топ құрайды. Олар дифференцияланған 
мағыналы жалпы сөйлеу етістіктерінен өзінің 
модалділік, 
бұйрықты, 
эмоциялы-экспрессивті, 
бағалауыштық т.б. бояуларымен ерекшеленеді. 
Жалпымағыналы сөйлеу етістіктері сөйлеу әрекетін
ғана білдіріп қоймайды, сөйлеу объектілерін олардың 
айтылу тұлғасына назар аудара отырып айтады [2, 76].
Туынды сөздердің синтетикалық тәсіл арқылы жаса-
луы туралы алғашқы деректер ХІ ғасырдағы тілінің 
маманы М.Қашқари зеттеулерінде кездеседі. Ғалым 
түбір сөздерде өзгерістер аз болады, бұл өзгерістер 
түбірдегі кейбір дыбыстардың алмасып айтылуы мен 
түсіп қалуы сияқты деп келеді деп пайымдайды. «Ди-
уани лұғат ат-түрікте» туынды сөз жасаушы тұлғалар 
мен олардың сөзжасамдық мағыналары терең талда-
нады. Мәселен, -лан есімнен туынды етістік жасау-
шы (бегленді, қызланды, атланды т.б.), -әзті жұрнағы 
арқылы туынды етістік жасалады деп көрсетіледі 
(көркәзті – көркейді) [3] т.б.
Түркі тілдерінде етістік семантикасы біршама 
зерттелген. Етістіктің жасалу тәсілі мен мағынасы 
туралы түркологтар А.Я. Самойлович, В.А. Горд-
левский, Н.П. Дыренкова, Н.К. Дмитриев, А.Н. Ко-
нонов, Н.А. Баскаков, И.А. Батманов. Мәселен, 
Э.Р.Тенишев (1961), Н.З.Гаджиева, А.А.Коклянова 
(1961), А.А.Цалкаламананидзе (1973), И.К.Кучкартаев 
(1977), М.Оразов (1983), Б А.К.Алекперов (1980), 
Б.И.Татаринцев (1987), Қасым (1992) т.б. жаңа бағытта 
М.Чертыкова (2016), А.Чугунекова (2016) т.б. және 
қазақ тілінде грамматикатанушы ғалымдар етістікке 
қатысты арнайы зерттеулер жүргізіп, монографиялар 
жариялаған. Етістікті әрі сөз табы, әрі мағыналық 
сипатын қоса талдаған зерттеулерден Н.Сауранбаев, 
Қ.Жұбанов, А.Құрышжанов, А.Әбілқаев, А.Қалыбаева 
(Хасенова), А.Ысқақов, Ы.Маманов, М.Оразов, 
Н.Оралбай, Б.Қасым, М.Жолшаева, Қ.Қасабекова, 
Т.Капесова т.б. еңбектерді атаған жөн. Тілші 
ғалымдар зерттеулерінде және әр кезеңде шыққан 
түркі тілдеріндегі грамматикаларда сөзжасамның 
тәсілдеріне қатысты ғылыми ойлар беріледі. Бұл зерт-
теулерде сөзжасамдық қыры, суффикстік сөзжасамдық 
тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер мен олардың 
тұлғалық құрамы және мағыналық топтары жақсы 
көрсетілген. 
А.Хасенова «Қазақ тілі грамматикасы» атты 
академиялық еңбекте қазақ тіліндегі етістіктерді іс-
әрекет, амал, қалып үдерісінің динамикасын білдіруі 
жағынан 6 лексика-семантикалық топқа бөліп 
көрсетеді. Бұл еңбекте А.Қалыбаева (Хасенова) 
сабақты және салт етістіктерді лексика-грамматикалық 
категория деп таныған. Ол жөнінде автордың өз 
сөзін келтірейік: «Бүгінгі түркі тілдеріндегі сабақты 
және салт етістік категорияларын тек семантика-
лары тұрғысынан қарап қоймай, тілдің әр саласын 
жан-жақты қарауға тиісті лексика-грамматикалық 
қасиеттері тұрғысынан да қарап, оларды өзінше 
лексика-грамматикалық категория деген тұжырымға 
келу қажет болады» [4, 208]. Осы еңбекте А.Қалыбаева 
сабақты және салт етістіктерді лексика-семантикалық 
және грамматикалық тұтастықта алып қарауды 
ұсынады. Сабақты, салт етістіктердің объектіні ке-
рек ету-етпеуі етістіктердің лексика-семантикалық 
мәнімен ұштасады, ал олардың түбір тұлғада тұруы, 
сөйтіп тұрлаусыз мүшелерді меңгеруі грамматика са-
ласынан танылады. Бұл сабақты, салт етістіктерді 
семантика мен грамматика тұтастығы тұрғысынан 
баяндауға мүмкіндік береді деп санайды [4, 208].
1) Объектімен тікелей байланысты іс-әрекетті 
білдіретін етістіктер. Бұл топқа, негізінен, сабақты 
етістіктер жатады. Бірақ олардың өзін субъекті іс-
әрекетінің объектіге қатысына қарай: 
а) іш, же, пісір, қаз, құрт, піш, уат, кес;
ә) майла, боя, сабында, оюла;
б) ұр, соқ, жық, апар, әкел, ал, бер;
в) жүр (шахмат, дойбы, картаны жүр дегенде), бас 
(аяғыңды бас), қат (тіл қату); 
г) көр, есіт, оқы (кітапты), ұқ, ұйымдастыр, түсін, 
сезін, сүю, көңлі түсу, аңсары ауу тәрізді бірнеше 
топқа жіктеп көрсетуге болады.
2) Субъекті қозғалысының беталыс, бағытын 
білдіретін етістіктер. Бұлар, негізінен, салт етістіктер 
тобын құрайды. Оларды да тілші іштей 4 топқа бөлген: 
кел, кет, ұш, жинал, түс және т.б.
3) Субъектінің қалып, сапалық өзгеру үрдісімен бай-
ланысты айтылатын етістіктер. Бұған да, негізінде, 
салт етістіктер жатады. Автор оларды да іштей 6 топқа 


26
бөліп, тағы да сол тәрізді топтарға жіктейді: ұйықта, 
оян, азай, көбей, ауыр, бат және т.б. [4, 127]. 
Ы. Маманов – қазақ тіл білімінде етістікті сөз табы 
ретінде қарастырып және оның мағыналық сипа-
тын талдап, оларды мағыналық топтарға ажыратқан 
ғалымдардың бірі [5, 156]. Ғалым еңбегінде 
етістіктерді мағынасы жағынан басты ерекшеліктеріне 
қарай төмендегідей сегіз лексика-семантикалық топқа 
бөледі: 
1) Іс-әрекеттік қимылды білдіретін етістіктер: жазу, 
сызу, қазу, жұлу көтеру, тазалау, кесу, шашу т.б. 
2) Қозғалыс қимылын білдіретін етістіктер: жүгіру, 
еңбектеу, домалау, жорғалау, өрмелеу, қозғалу, жылжу, 
қашу, жүзу т.б.
3) Қалып-күй үрдісін білдіретін етістіктер: ауыру, 
ұйықтау, тұру, отыру, жату, тынығу, жүдеу, жабығу, 
арықтау, семіру т.б. 
4) Көңіл-күйін білдіретін етістіктер: қайғыру, мұңаю, 
қуану, ренжу, күлу, жылау, ашулану, қызғану т.б.
5)Сапалық белгінің өзгеру үрдісін білдіретін 
етістіктер: ұзару, қысқару, сарғаю, ағару, көбею, азаю, 
жұқару, қалыңдау т.б.
6)Еліктеу, 
бейнелеу 
етістіктері: 
жымыңдау, 
қылмыңдау, пысылдау, гүрсілдеу, жылтылдау, бұртию, 
күржию т.б.
7)Туу, өсу қимылын білдіретін етістіктер: балалау, 
құлындау, қоздау, боталау, күшіктеу, жұмыртқалау т.б.
8)Субъективтік реңді етістіктер (сөйлеушінің 
қимылға субъективтік көзқарасын көрсетеді): аз-
сыну, көпсіну, кісімсу, ұлықсыну, білгішсіну және 
т.б. [5, 35-36]. Ы.Мамановтың етістіктерді басты 
ерекшеліктерін қарастыруда басқа ғалымдармен 
салыстырғанда өзгешеліктер бар. Ғалым түбір 
етістіктерді семантикалық топтастырудағы ұстанымы 
А.В.Бондарко, З.Ахметжанованың функционалды 
грамматика теориясына байланысты теориялары-
мен үйлеседі. Тілшінің «Негізгі түбір етістіктерді 
семантикалық жақтан мағыналық топтарға жіктеуге 
келмейді, 
морфологиялық 
және 
синтаксистік 
тәсілдерінің белсенді қатысуының арқасында ғана 
түбір етістіктерді мағынасына қарай бөлуге бола-
ды» [5] деген тұжырымы қазіргі функционалды 
семантиканың негізгі шарты.
Сөйлеу етістіктерінің семантиканы айқындауда 
профессор М.Оразовтың жіктемесін негізге алынды. 
Ғалым қазақ тіліндегі етістіктерге терең талдау жа-
сап, оларды жалпылауыш семаларына қарай үлкен 12 
лексика-семантикалық топтарға біріктірген: 
1.Амал-әрекет етістіктері. Бұл топтағы етістіктер 
белгілі бір объектіге бағытталған амал-әрекетті 
білдіретін жалпылауыш семаларымен байланысты 
топтастырылған. 
2.Қозғалу етістіктері. Бұл топтағы етістіктердің 
жалпылаушы семасы қозғалысқа түскен заттардың не 
адамның бір орыннан екінші бір орынға өтуң, орын ау-
ыстыруын білдіреді. 
3.Қарым-қатынас етістіктері. Бұл топтағы етістіктер 
заттар не адамдар арасындағы түрлі қатынастарды 
білдіретін семаларымен байланысты топтастырылған 
және 6 семантикалық топқа бөлінген.
4.Сезіну етістіктері. Бұл топтағы етістіктер сезім 
мүшелерінің қызметімен байланысты жалпылауыш 
семаға ие болады. 
5. Ойлау етістіктері. Бұл топтағы етістіктер адамның 
ойлау үрдісімен байланысты болады. 
6.Сөйлеу етістіктері. Бұл топтағы етістіктер ды-
быс толқындары арқылы белгілі бір ақпаратты 
екінші біреуге жеткізу жалпылауыш семасы арқылы 
топтастырылған. 
7. Дыбыс-сес етістіктері. Бұл топқа табиғаттағы зат-
тар мен құбылыстардың шығарған дыбыстарына бай-
ланысты. 
8. Эмоционалды (көңіл-күй) етістіктері. Бұл топтағы 
етістіктер адамның көңіл-күйімен, психологиялық 
қалпымен байланысты. 
9.Қалып-сапа етістіктері адамның не басқа заттардың 
табиғи күйін, қалпын білдіреді.
10. Өсіп-өну етістіктері туу, өсіп-өну үрдісімен бай-
ланысты. 
11.Субъектив реңктерді білдіретін етістіктер. Бұл 
етістіктердің мағынасында эмоциялық реңк болады 
да, айтушының не жазушының көзқарасын білдіреді. 
12.Табиғи құбылыстарға байланысты етістіктер. 
табиғи құбылыстарға байланысты қолданылатын 
етістіктер топталған [6, 189].
Етістік – мағынаға бай сөз табы. Оның себебі де бар, 
өйткені ол объективті өмірдегі зат алмасуының қимыл-
әрекетін, қалып-қозғалысын білдіреді. Проф. Б.Қасым 
алуан түрлі заттың қимылы, әрекеті, қозғалысы, ойла-
уы, сезінуі, қалпы бірдей болуы мүмкін емес. Оның 
үстіне бір заттың түрлі кеңістікте, мезгілде түрліше 
қимыл-әрекет жасау қозғалуын, қабілетін ескерсек, 
етістіктің мағына байлығына әсер ететін жағдайлар 
болып саналады. Түркітанымда сөйлеу етістіктері 
жеке-жеке семантикалық топ ретінде танылады [7]. 
Қазақ тіліндегі сөйлеу етістіктері ерекше семантика-
сымен, сондай-ақ сөздердің лексика-грамматикалық 
жеке топтары жөнінде тұжырым жасауға мүмкіндік 
беретін бірқатар сөзжасамдық және семантикалық 
белгілерімен сипатталады [7]. Қазіргі таңда ана тілінің 
ішкі қоры есебінен және айтылу процесіне тікілей 
қатысы бар сөзжасамдық тәсілдермен – лексикалық, 
синтетикалық, аналитикалық жолдармен сөйлеу 
етістіктері құрамы мен семантикасының қарқынды 
түрде дамып келе жатқаны байқалады. Сөйлеу, айту, 
де- етістіктері – салыстырмалы түрде алғанда шағын 
ғана, алайда қазіргі түркі тілдерінде өзінің құрамы 
жағынан күрделі етістіктер жүйесінде анағұрлым 
анық айқындалған топ. Сонымен, етістік – көлемді де
икемді, модалділік реңктерге бай категория, солардың 
ішінде сөйлеу мәніндегі етістіктер ерекше орын алады.
Түркі тіл білімінде етістіктің сан түрлі мәселелеріне 
арналған бірқатар еңбектер бар, алайда қазақ тіліндегі 
сөйлеу етістіктерінің категориялары көптеген 
түркі тілдерімен салыстырғанда салыстырмалы-
салғастырмалы деңгейде арнайы зерттеу нысаны 
болмаған. Дифференцияланған мағыналы сөйлеу 
етістіктер. Ті-, тә-, те-, ді-, дә-, де- басқа етістіктермен 
салыстырғанда ең көне сөзлеу етістіктері болып та-
былады. Бұл етістіктің мағынасы кең әрі көпқырлы. 
Көптеген түркітанушылардың назарын аударып, 
арнаы зерттеулердің нысанына айналуына осы 
ерекшеліктері себеп болды. Түркі тілдеріндегі зерттеу-
лер және V-VIII ғғ. Көне жазба ескерткіштерінің мате-


27
риалдары де- етістігі мен оның туынды тұлғаларының 
қолданылуы жиілігі жағынан сөйлеу етістіктерінің 
ішінде алдыңғы қатарлардың бірінен орын алады. Мы-
салдар: Білге Тониқуқ маңа айды: - бу сү елт, - тіді. 
Қыйынығ көңлүңче ай, бен саңа айтайын? – тіді [3]. 
М. Қашқаридың сөздігінде сөйлеу етістіктері: тә-, 
тәр-, тәмак- және оның туынды етістіктері: темак, 
- тәіурлар, - терлар, - тедукіңіз, - тікан, - теб, - теіу, 
- тесаң, -терсун және т.б. түрінде қолданылған. Мы-
салдар, Ач нэ іэмас, ток нэ тэмас – оч нималар емайди, 
тук нималар демайди; ол мэнэ андаг тэді – У менга 
шундай деди [3]. Орта ғасырлық жәдігерлерде «те-» 
етістігі – сөйлеу, айту және оның туынды тұлғалары 
жиі кездеседі: Біз ані білмазуз магар анің аураті бірла 
бірлашауз теділар – біз оны жеңе алмаймыз, тек оның 
әйелімен бірікпесек – деді олар [8, 139]. Негізінен 
кез келген тілдік бірліктің толық мағыналық қыры, 
табиғаты немесе синтагмадан тыс тұрғандағы байқала 
бермейтін мағынасы сөйлем ішінде көрінетіні анық. Бір 
тұлғаның көп мағынада жұмсалуына жалпылауыштық 
әлеуеті тірек, негіз болса, сол көпмағынаның 
нақтылануы тек контексте, сөйлеуде көрінеді. Мыса-
лы, - Мен азырақ танушы едім, - деді Қарқожа. - Е, 
әйда! - деп, Қартқожаны дедектетіп ортаға алып бар-
ды. Тап «Құрандай» үлкен кітап. Қартқожа судыратып 
кете алмады: «Посемейный список» деген жазуды әрең 
дегенде тасымалдап шығарды (Ж.Аймауытов, шығ.,). 
Бір күні әжесі күрсініп, жылай берген соң, Қартқожа 
шыдай алмады, ойлап жүргенін айтты (Ж.Аймауытов, 
шығ.,). Айтуын айтса да Қартқожа өзі ұялыңқырап 
қалды - Астыртын сөйлесіп алайық (Ж.Аймауытов, 
шығ.,). Жұрт алқа қотан отырған соң, орысша киімі 
бар бақа тамақ жігіт сөз сөйледі (Ж.Аймауытов, шығ.,). 
Де-, айт-, сөйлеу- етістітерінің лексика-семантикалық 
және лексикалық мағынасы мен қызметі, оның 
семантикалық сыйымдылығын және функционалды-
прагматикалық қызметінің көпқырлығын көрсетеді.
Қазіргі қазақ тілінде де-, айт-, сөйле- етістігінің туын-
ды тұлғалары кең түрде қолданылады.
Сонымен, сөйлеу етістіктері толық мағына 
лексикалық бірліктерден тұрады. Бұл жіктеме 
басшылыққа алынды: М.Оразов ─ қазақ тілінде 
етістік семантикасын арнайы зерттеген тілші; 
етістіктерді семантикалық топтарға жіктеудің ғылыми 
ұстанымдарын көрсеткен; ғалымның ұсынған 
жіктемесі қазақ тіліндегі етістіктерді біршама толық 
қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   230




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет