1. Азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз не


Азық-түлік проблемалары бойынша Бүкілəлемдік кездесуде қабылданған іс-шаралар жоспары



бет2/6
Дата14.03.2023
өлшемі48,17 Kb.
#172386
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дәрістер
sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, Дене 1 реферат-1, Плацента

3. Азық-түлік проблемалары бойынша Бүкілəлемдік кездесуде қабылданған іс-шаралар жоспары


4. Азық-түлік қауіпсіздігі проблемалары деңгейінің иерархиясы түсіндіріңіз
5. Азық-түлік қауіпсіздігі мақсаттарын құрылымдауға тоқталыңыз.
Әдебиет
Негізгі әдебиет 1-7
Электронды ресурстар 1-6


9.1.3.Тақырыбы: Қазақстанның азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету критерилері
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.ҚР және аймақтарындағы азық-түлік қауіпсіздігі
2.Негізгі критерийлері
3.Ұлт денсаулығы
Дәріс тезисі
Қазақстан Республикасының жəне оның аймақтарының азық- түлік қауіпсіздігі – халықтың қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін деңгейде, азық-түлікке деген қажеттілікті қанағаттандыруға кепілдік беретін мемлекеттің қабілеті ретінде қарастырылады.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі критерилеріне:

  • халықтың қоректі заттар мен энергияға физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі, адам денсаулығына қауіпті тағам өнімдеріндегі заттарды ең төменгі деңгейге түсіріп, адам тамағының рационына сəйкестендіру;

  • тағам өнімдерінің физикалық жəне экономикалық тұрғыдан халықтың түрлі топтарына қолжетімді болуы, Қазақстанның азық- түлік нарығында бағаның тұрақты болуы;

  • азаматтарды тағам өнімдерімен қамтамасыз етуді тəуелсіз ету деңгейі жəне агроөнеркəсіптік кешенді ресурспен қамтамасыз ету арқылы шетелден сатып алынатын тауарлардан тəуелсіз ету деңгейі;

отандық агроөнеркəсіптік кешен салаларының даму деңгейі жəне қарқыны, олардың кеңейтілген түрде ұдайы өндірілуін қамтамасыз ету мүмкіндіктері;

  • мемлекеттің стратегиялық азық-түлік қорларының жəне жеделдетілген (оперативті) азық-түлік қорларының өлшемдері жатады.

Бекіту сұрақтары:
1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі критерилерінің маңызын түсіндіріңіз
2.Физикалық және экономикалық қолжетімді болуына мысал келтіріңіз
3.Азық-түлік өндірісін тұрақтандыру туралы суреттеңіз
4.Азық-түлік қауіпсіздігі жағдайын бақылаудың мониторинг жүйесін түсіндіріңіз
5.Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларына тоқталыңыз.
Әдебиет
Негізгі әдебиет 1-7
Электронды ресурстар 1-6


9.1.4.Тақырыбы: Потенциалды қауіпті заттардың негізгі көзі және тасымалдаушысы ретіндегі тағам қауіпсіздігі
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Тағамдағы потенциалды қауіпті заттардың жіктелуі
2.Негізгі ластану жолдары
3.Тағам қауіпсіздігі
4.Тағам өнімдері
Дәріс тезисі
Тағам өнімдері – жүздеген химиялық қосылыстардан тұратын күрделі көп компонентті жүйені құрайды. Бұл қосылыстарды негізгі үш топқа бөлуге болады.
1.Алиментарлық мəні бар қосылыстар. Бұл ағзаға қажетті қоректік заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, дəрумендер жəне минералды заттар.
2. Дəм, хош иіс жəне түстің қалыптасуына қатысатын заттар, негізгі қоректік заттардың ыдырау өнімдері жəне ізашарлары, басқа да биологиялық белсенді заттар. Мұндай шартты алиментарлы емес сипатқа ие топ заттарына сондай-ақ антиалиментарлық (қоректік заттардың алмасуына қарсы əсер көрсететін заттар, мысалы, антидəрумендер) жəне уытты қасиетке ие заттар (үрмебұршақтағы фазин, картоптағы соланин) жатады.
3.Антропогенді немесе табиғи текті потенциалды қауіпті, бөгде текті қосылыстар. Қабылданған терминологияға сəйкес оларды контаминаттар, ксенобиотиктер, бөгде текті химиялық заттар деп атайды. Бұл қосылыстардың химиялық жəне биологиялық текті болуы мүмкін.
Тағамды потенциалды қауіпті заттардың көзі жəне тасымалдаушысы ретінде қарастыра отырып, тағам өнімдерінің фальификациясына байланысты сұрақтарды жəне тағамның гендік модификацияланған көздерден өндірілуіне байланысты проблемаларды қарастыру қажет.
Кең таралуы жəне уыттылығы жағынан алып қарастырғанда, аса жоғары уыттылыққа ие контаминаттарға микроағзалар токсиндері, уытты элементтер (ауыр металдар), антибиотиктер, пестицидтер, нитраттар, нитриттер, нитрозаминдер, диоксиндер жəне диоксинтəріздес қосылыстар, полициклді хош иісті көмірсутектер жəне радионуклидтер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет