1. Азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз не


Тағам өнімдерін ластау көзі ретінде қарастырылатын полимерлі жəне басқа да материалдар



бет5/6
Дата14.03.2023
өлшемі48,17 Kb.
#172386
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дәрістер
sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, Дене 1 реферат-1, Плацента

1. Тағам өнімдерін ластау көзі ретінде қарастырылатын полимерлі жəне басқа да материалдар


2. Қоғамдық тамақтандырудағы полимерлі материалдардың қолданылу спецификасы
3. Полимерлі жəне басқа да материалдардың қаптама ретінде қолданылуы
Дәріс тезисі
Тағам өнеркəсібі жəне қоғамдық тамақтандырудағы полимерлі материалдардың қолданылу спецификасының мəні азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерімен байланысуында жатыр. Сондықтан полимерлі материалдарға оларды қолдану бағытынан тыс, қауіпсіздігіне де арнайы талаптар қойылады.
Полимерлер синтетикалық жəне табиғи түрде болады, соңғысы химиялық өңдеу əдісімен модификациялануы мүмкін. Тəжірибеде көрсетілген полимерлер таза күйінде емес, түрлі қоспалармен бірге қолданылады. Бұл жағдайда полимерлі композициялар құрамына полимерлерге белгілі бір қасиет беруге арналған қаттыландырғыш, пластификаторлар, толтырғыштар, бояғыштар, саңылау түзгіштер жəне басқа компоненттер енгізеді.
Тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін полимерлі материалдар қажетті эксплуатациялық қасиеттері бар жəне гигиеналық талаптарға сəйкес болуы тиіс. Эксплуатациялық қасиеттер (химиялық төзімділік, өткізгіштік жəне т.б.) тағам өнімінің тағайындалуына, қаптау неме- се жабдықтарды пайдалану шартына тəуелді болады. Гигиеналық талаптарды токсикологиялық жəне басқа да арнайы зерттеулер нəтижесінде Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары əзірлейді жəне бекітеді.
Бекіту сұрақтары:
1. Полимерлі жəне басқа да материалдардың қаптама ретінде қолданылу жұмыстарына мысалдар келтіріңіз
2. Полимерлі материалдарды өндіру технологиясына мысалдар келтіріңіз
3. Полимерлер синтетикалық жəне табиғи түрде болу керектігі себебі туралы айтып кетіңіз.
Әдебиет
Негізгі әдебиет 1-7
Электронды ресурстар 1-6


9.1.13.Тақырыбы: Тағамдық өнімдерімен қатынасқа түсетін материалдардың гигиеналық сараптамасы
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін материалдардың ги- гиеналық сараптамасы
2.Тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін материалдардың жа- рамдылығын гигиеналық бағалау кезі
3.Жүргізілетін сараптама
Дәріс тезисі
Тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін материалдардың гигиеналық сараптамасына тағам өнімдерімен қатынасы кезіндегі жарамдылығын бағалау, сынақ жүргізу тəртібі жəне ережелері кіреді.
Тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін материалдардың жа- рамдылығын гигиеналық бағалау кезінде:
-өнімнің органолептикалық қасиеттері – төзімділік, консистен- ция, түс, иіс, жəне дəмінде өзгерістердің болмауы;
-мөлшері гигиеналық нормативтерден асып түсетін матери- ал құрамына кіретін бөгде химиялық заттардың тағам өнімдеріне өтпеуі;
-материалдар жəне олардың компоненттерінде микрофлораның дамуына ықпал жасайтын əрекеттердің болмауы;
-материалдар жəне тағам өнімдері арасындағы химиялық ре акциялар немесе басқа өзара байланысқан əрекеттердің болмауы сияқты факторлар ескеріледі.
Жүргізілетін сараптама:
1.Материалдардың өнімнің органолептикалық қасиеттеріне əсерін зерттеу;
2.Материалдардан бөлінетін заттардың сапалық жəне сандық құрамын анықтау;
3.Материалдардан бөлінетін заттардың биологиялық белсенділі- гін зерттеу сияқты жұмыс кезеңдерінен тұрады.
Бекіту сұрақтары:
1.Санитарлық қадағалау жүргізуге мысалдар келтіріңіз
2. Органолептикалық зерттеулерге мысалдар келтіріңіз
3. Сулы сорындыларды (вытяжка) зерттеу туралы айтып кетіңіз.
4 Санитарлық-химиялық зерттеуге мысалдар келтіріп, маңызын түсіндіріңіз
Әдебиет
Негізгі әдебиет 1-7
Электронды ресурстар 1-6


9.1.14.Тақырыбы: Тағамға арналған биологиялық белсенді қоспаларды қолдануды гигиеналық бақылау
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Тағамға арналған биологиялық белсенді қоспалар
2. Биологиялық белсенді қоспалар алмастырылмайтын тағамдық заттардың көздері
3. Биологиялық белсенді қоспалардың заңнамалық жəне нормативтік базасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет