1. Қазіргі қоғамдағы музей рөлі


Ашық аспан астындағы мұражай –



бет5/10
Дата21.09.2023
өлшемі37,76 Kb.
#181844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Нұртаза Қанат 17-20 билет
ôèçèî1, СРСП-1, Биология 7-СЫНЫП 2-тоқсан ӨЗІМНІҢ, Мінездеме үлгісі, Презентация (2), қымбат презентация
Ашық аспан астындағы мұражай – жалпы мағынада экспозициясы ашық ауада қойылған кез келген мұражай . Мұндай мұражайларға мүсін саябақтары , миниатюралық саябақтар , көптеген техникалық мұражайлар (авиация, әскери техника және көлік мұражайлары жиі ашық аспан астында орналасады) жатады.
Қазақстандағы аспан асты музейлеріне тоқталатын болсақ:
1) «Яссы-Күлтөбе» қалашығы: Күлтөбе Ортағасырлық Түркістан қаласының шығыс жағында, Қ.А. Яссауи кесенесінен оңтүстікке қарай 480 м жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 235 м. Сопақша келген, биіктігі 9 м, аумағы 150х120 м ауқымды төбешік болып келеді. Ескерткіштің топографиясы қатты өзгеріске ұшыраған. Күлтөбеде алғашқы болып археологиялық қазба жұмыстары 1972-1974 ж.ж. Т.Н.Сенигова басқарған Түркістан отряды тарапынан жүргізілді. Белгілі археолог Е.А. Смағұловтың пікірінше қала б.з.д. ІІ ғ. Жібек жолымен қатар қалыптасқан.
2) «Көне Тараз» мұражайы: Бүгінде 2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласы жаңа кейіпке енгені белгілі. Шаһарда қазір шығыстық сәулет үлгісінде көне қалашықтар бой көтеріп, құнды жәдігерлер құм астынан аршып, алынып жатыр. Соның бірі – 2011 жылы қазба жұмыстары басталған «Көне Тараз» қалашығы. Алғашқыда ауқымды жұмыстарды көрген көпшілік бұл маң ашық аспан астындағы теңдессіз саябаққа айналады деп сенген.Айта кету керек бүгінде «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген Тараз қалашығына қазба жұмыстары аяқталып, қала орнына аспанасты мұражайы жасалынған. Біздің заманымыздың І ғасырдан бастап сауда-саттықтың, Ұлы Жібек жолы бойында мәдени-экономикалық байланыстың ірі ордасы болған Тараз қаласы қазақ тарихының түрлі кезеңдерін бастан өткерген. 2011 жылға дейін 1 ғасыр бойы бұл маңда Орталық базар қызмет көрсеткен. Археологиялық-ғылыми зерттеу жұмыстарына байланысты сауда орталығы көшірілді. Тарихшы ғалымдардың болжамы ә-дегеннен дұрыс шықты. Бүгінгі күнге дейін мұнда жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 50 мыңға жуық жәдігер табылды.
3) «Таңбалы» қорық-музейі:
«Таңбалы» археологиялық кешені Алматы облысына қарасты ашық аспан музейі. Таңбалы сапар орталығы болып құрылған 2019 жылғы ерекеше құрлыспен салынып бітті, бұдан бөлек жартастағы суреттерді де тамашалай аласыз. 1957 жылы ҚазКСР-і ҒА Оңтүстік Қазақстан экспедициясының Жетісу отряды Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен Таңбалы кешенінің петроглифтеріне және археологиялық ескерткіштеріне (қорымдар, елді-мекендер, құрбан шалатын жерлер және т.б.) зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі 900 гектарды алып жатқан Таңбалы археологиялық ландшафтына кіреді, сонымен қатар аймақтың аралық бөлігін 2900 гектарда орналасқан Бүкіләлемдік Мәдени Мұра Тізіміне енген ескерткіштер алып жатыр. Осы аймақтар біріге келе 3800 гектарлы қорғалатын аймақ қорық - музейін құрайды. Ал ескерткіштің аралық аймағына жалғасқан «Таңбалы» Визит орталығы үшін 24 гектар жер телімі берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет