1. Қазіргі заман Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


-Қазіргі заман Қазақстан тарихы пәнінің дерекнамасы мен тарихнамасы



бет2/40
Дата27.03.2022
өлшемі376,37 Kb.
#136991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
ТАРИХ СЕССИЯ ..
волонтерство План , 屏幕截图-2021-09-27-212333, AA Kaplan Pocket Notes 2022, Алтынайға, Жанрр (1), бөж пед1
2-Қазіргі заман Қазақстан тарихы пәнінің дерекнамасы мен тарихнамасы.
Тарихнама дегеніміз -тарихи ғылымның дамуына байланысты ғылыми көзқарастарының жиынтығы, қамтылған зерттеу еңбектері. Отан тарихын ғылыми зерттелуін мынадай кезеңдерге бөледі: Қазақ-кеңес тарихнамасы.Бұл кезеңді шартты түрде 1917-1991 жылдар аралығы деп те қарастыруға болады. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстан тарихына байланысты тарих оқулықтарын жазған М.Тынышбаевтың 1922, 1925 жылдары Ташкент қаласында баспадан шыққан «Қырғыз-қазақ халқының тарихына байланысты материалдар», «Түркі-моңғол тарихы» деген еңбектерін, 1935 жылы жарық көрген С.Асфендияровтың «Қазақстан тарихы» еңбегін, М.Вяткиннің 1940 жылы шықты «Қазақ ССР тарихына байланысты очерктер» атты жинағын, М.Әбдіхалықов пен А.М. Панкратованың 1943 жылы жарық көрген «Қазақ ССР тарихы» атты ұжымдық еңбекті, ең алғаш Қазақстан тарихынан докторлық диссертация қорғаған қазақ тарихшысы Е.Бекмахановтың атақты «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты ғылыми еңбегін атап өткен орынды. XX ғасырдың екінші жартысында тарих ғылымы идеологияның ықпалында болғанымен еліміздің тарихын зерттеуде елеулі үлес қосқан ғалымдар қалыптасты. Археологтар Ә. Марғұлан, О. Смағұлов, К. Ақышев, К. Байпақов, Х. Алпысбаев, тарихшылар М. Қозыбаев, Ж. Қасымбаев, Б. Көмеков, Б. Сүлейменов, Х. Арғынбаев, Д.И. Дулатова, М.С. Мұқанов тағы басқа авторлардың еңбектері маңызды орын алады.
Ал тәуелсіздік жылдарынан бері Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерін ақтарып, тарихымызды ұлттық болмысы тұрғысынан жазуға ат салысып жүрген беделді тарихшылардың тобы қалыптасты деп айтуымызға болады. М. Әбусейітова, Ж. Абылхожин, А. Күзембайұлы, Қ. Атабаев, Б.А. Аяған, Х.М. Әбжанов, Ж. Артықбаев, А.Ш. Алтаев, Т. Омарбеков, М. Қойгелдиев, Қ. Әбуев және басқа да тарихшылардың шығармашылықтары 1970-1980-ші жылдары басталғанымен, еңбектерінің көпшілік бөлігін егемендік тұсында жариялап жүр. Қазақстанның 1990- 2017 жылдардағы саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, халықаралық салалардағы өткен жолдары әлі де тиянақты зерделенуі тиіс.Тәуелсіз Қазақстанның тарихнамасының маңызды арқауы ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мемлекеттік қызметін, атап айтқанда, жаңа Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың құрылғанын көрсетуге болады. Мемлекет басшысы өзінің «Еуразияның қақ ортасында» атты еңбегінде (2005 ж.) тарихшыларға лайықты үлгі көрсетті. Онда Елбасы астананы көшірудің себептері мен салдарларын баяндап, мемлекетіміздің өркендеуі үшін Астананың қандай маңызы бар екеніне егжей тегжейлі, жан-жақты талдау жасап берді.
Деректану – тарихи деректер, олардың ашылуы, зерттелуі және қолданылуының теориясы мен практикасы туралы ғылым.Деректану тарихшылардың теориялық, методологиялық және арнаулы даярлығын қамтамасыз ететін іргелі ғылымға жатады. Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарих ғылымының аса маңызды ерекшелігімен байланысты. Мысалы, құжаттық деректерді талдау мен баяндаушы деректерді талдауға әр түрлі тәсілдер қолданылады. Деректердің түпнұсқамен дәлдігін анықтау мәтінді айқындауды, деректі түсіндіруді және оның пайда болуын зерттеуді қажет етеді. Мәтінді айқындау жұмыстарына мәтінді дұрыс оқу және түсіну, кейіннен енгізілген толықтырулар мен қосымшаларды анықтау, олардың түпнұсқаға қатынасын ашу, егер түпнұсқа болмаса, онда мәтіннің тарихын және бастапқы авторлық нұсқасын қалпына келтіру, т.б. жатады.

Тарихнама — тарих ғылымының даму тарихы, сонымен бірге бұл ұғым өзге де ғылым түрлеріне қатысты. Тарихнама — ғылымның белгілі бір түрі қай ғасырда пайда болды, қай ғасырдан бастап зерттеле бастады, ғалымдар осы ғылым саласы бойынша қандай еңбектер жазды, соны зерттейді. Дегенмен «тарихнама» деген атау ең алдымен тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуын, өзекті мәселелерін қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет