Педагогика ғылым және пән ретінде



Дата21.03.2022
өлшемі14,21 Kb.
#136509
Байланысты:
бөж пед1
волонтерство План , 屏幕截图-2021-09-27-212333, AA Kaplan Pocket Notes 2022, Алтынайға, Жанрр (1), ТАРИХ СЕССИЯ ..

БӨЖ
Педагогика ғылым және пән ретінде
Орындаған :Досан Гауқар
Менің ойымша педагогика пән ретінде адам тану ғылымының ішіндегі жетекшілерінің бірі ретінде өте көне ғылымдарының бірі болып табылады.Педагогика пәнін біздің оқудағы мақсатымыз ,ол біздер болшақ ұстаз болған соң,бұл пәнді оқуымыз қажет.Тек оқып қана қоймай осы пәнде алған білімімізді тәжірибиеде қолдана білуіміз керек деп ойлаймын.Ал педагогика ғылым ретінде қарасақ қоғамдағы жас ұрпақты өмірге даярлау жөніндегі ерекше міндетті қызмет фунциясы немесе тәрбие беру саласы болып табылады.Педагогика бала жайындағы ілім,яғни ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім.Ең алдымен педагогика сөзінің тарихына үңілсек,грекше – баланы жетектеуші ,ертіп жүруші сөзінен шыққан.Ең алғашқыда бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы жегенді білдірсе,қазіргі таңда тәрбие ғылымының аты ретінде өзгертілді.Педагогика ғылымы ең көне ғылымдардың біріне айналды, және де қоғамдық өмірден бөліп алып қарауға болмайтын ғылым болып табылады.Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары болады.Мысалы : Экономикада -өндірістік қатынастар,өндіргіш тб болса, дәл солай Педагогикада- тәрбие,білім беру,оқыту жатады. Соның ішінде негізгі ұғымдарының бірі – тәрбие.Тәрбие – аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық тарихы тәжірибені беру процесі.Көне дәуірдің өзінде ақ көптеген ғалымдар,ойшылдар оқыту мен тәрбие рөлінің зор екенін,оның адам үшін қажет екенін білген .Және солардың бірі К.Д.Ушинский орыс педагогі: «Педагогика-мақсатқа жетуге бағытталған,арнайы ұйымдастырылған білім беру жүйесінде өскелең ұрпақ пен ересектерді оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым» деп өз ойын айтып кеткен.Өз басым бұл тұжырыммен толықтай келісемін,себебі педагогикада тек білім беріп қана қоймай,жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.Менің ойымша педагогика пәні осы педегогика ғылымының қыр сырын ұғындыру секілді. Педагогика- бала жайындағы ғылым.Педагогика пәні-арнайы әлеуметтік мекемелерде ,отбасы ,білім беру және мәдени тәрбие орындарында мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білі саласы десек те болады.Бұл тұрғыдан педагогика әрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі және құралы болған педагогикалық процестердің мәні мен мазмұнын,заңдары мен заңдылықтарын және оның бүгінгі бағыт бағдары мен болшақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады.
Қорытындылай келе, Педагогика- жас ұрпақ пен ересектерге жан -жақты тәрбие,білім беру,оқыту заңдылықтарын айқындайтын ғылым.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет