1. Балалар әдебитенің қалыптасуы мен даму жолдарын жазыңыз


Балалар әдебиетінің тақырыптық-идеялық ерекшеліктері



бет17/24
Дата20.07.2023
өлшемі180,21 Kb.
#179526
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
бал адеб сессия (копия)
мед микро лабка, Akimova Sh 46548443, 8кл БЖБ1алг 3т
32.Балалар әдебиетінің тақырыптық-идеялық ерекшеліктері
Балалар әдебиетінің ерекшеліктері. М.Горькийдің 1928 жылдан 1936 жылға дейін жазған «Тағы да сауаттылық туралы»(1928), «Құлағына мақта тығып алған адам»(1930), «Жауапсыз адамдар туралы»(1930), «Балаларға әдебиет»(1933), «Тақырып туралы»(1933), «Ертегілер туралы»(1935) деген көптеген еңбектері ғылымға және балалар әдебиеті жайында жазылған сын мәселелеріне енгізілген ірі мұра болып табылады. Аталған мақалалар балалар әдебиетінің теориясын дамытқан еңбектер болып саналады. М.Горькийдің айтуынша балалар әдебиетінің өзіндік өзгешелігі қайсы? Баланың талғамы, ойы, ықыласы, есі, қабілеті, тілінің даму мәдениеті, олардың өсу, есею жылдарына қарай әр түрлі ерекшеліктері болады. Жазушы тіл шеберлігін игерумен қатар, алдыңғы қатардағы білімді, мәдениетті азамат болумен қатар, бала тәрбиесіндегі мақсаты мен міндетін ұмытпауы керек. 
«Балалар әдебиетіне араласатын автор әр алуан жастағы оқушылардың барлық өзгешеліктерін ескеруге тиіс. Бұлай етпеген күнде оның кітабы балаға да, үлкенге де керексіз, иесі жоқ кітап болып шығады» — деп ескертеді М.Горький. Балалар әдебиетіне қойылатын критерий де осы. М.Горький балалар әдебиеті ең алдымен тәрбие құралы екенін айтқан еді. Балалар әдебиеті ғылыммен, тәрбиемен тығыз байланысты болуын талап етті. Әр қилы тақырыптарға жаза білу үшін жазушы алдымен білімді, талантты, тіл көркемдігін игерген шебер болуға тиіс. Тақырып жайында сөз ете келіп М.Горький «Телескоп, телевидение адамның көзбен көрушілігін ұзартты, микроскоп оны тереңдетті. Телефон, радио есітуді күшейтті. Жер бетінде сумен, ауамен сапар шегудің қазіргі кездегі жаңа амалдары аяқты ұзартты. Алыста тұрып басқару қолды ұзартты» — дейді. Мұндай тақырыптарға жазу баланың ой-өрісін дамытуға себепкер болар еді. Тақырып таба білу де балалар әдебиеті үшін үлкен жаңалық. 
Балалардың оқуына қажетті кітаптарға шек қою, әлі де болса, балалардың жастық шақтағы қабілеттілігін ұға білмегендік болар еді. Үлкендерге арнап жазылған жақсы шығармалардың көпшілігі балалардың түсінуі мен олардың тәрбиесіне қайшы келмесе, қайта оларға қазіргі дәуірдегі жаңа адамды тәрбиелеудің ең үздік үлгілерін көрсетіп, өмір жолын танытарлық дәрежеде болса, ол сөзсіз балалардың оқуына да кең түрде ұсыныла береді. Өмір жолын танытып, саналы түрде тәрбиеге баулитын кітаптарды үлкен кісілердің араласуынсыз-ақ балалардың өздері де біріне-бірі ұсынып, көпшіліктің оқуына айналдырып жібереді. Бұл — өмір заңы, оған қайшы келуге болмайды. Мысалы, орыс жазушыларында Отан қорғау ісіне байланысты, әсіресе Отан соғысы тақырыбына байланысты жазылған шығармалардың көпшілігі балалардың оқуына лайықталып кетіп, соңынан балалар баспаханасы арқылы шығып жатқаны белгілі. Д.Фурмановтың «Чапаев», А.Фадеевтің «Жас гвардия», М.Шолоховтың «Адамның тағдыры» атты әңгімелері — осының айқын дәлелдері. Жоғарыда аты аталған жазушылардың бәрі де осы шығармаларын о баста балаларға арнап жазбағаны белгілі. 
Сол сияқты Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнап жазылған Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы, С.Бақбергеновтің «Талғат» повесі мен М. Хакімжанованың «Мәншүк» атты поэмасы толығынан балалардың оқуына икемделіп кеткен шығармалар деп атаймыз. Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғаттың, Кеңес Одағының Батырлары Қайырғалидың, Мәншүктің, Әлияның ерлік образдары, әсіресе, жас өспірімдердің жүрегінен берік орын алған, ең сүйікті кейіпкерлері екені баршаға аян. Сонымен қатар Отанға деген қаһармандықтың, табандылықтың, анаға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктің ең жоғарғы үлгілерін көрсететін осы сияқты көптеген таңдаулы шығармалар еліміздегі әрбір балаға мәлім. «Біздің ата — бабаларымыздың білген тар дүниесі қазір жетіжылдық бітірген баланың қалтасын да толтыра алмайды»,- деп Ғ.Мүсіреповтің өзі айтқандай, қазіргі кезде балаңдығы байқалған бұрынғы кездегі ұсақ-түйек уағыздарға балалар қанағат тұтпайды.
Ш.Ахметов «Қазақ балалар тарихының очеркі» кітабында балалар әдебиетінің алты ерекшелігін атайды. Біріншіден, балалардың психологиясына зерттеу жасағанда, олардың ойлау, түсіну қабілеті әңгімеленіп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәлдігін, әсіресе кқрнектілігін, өз өмірінің айналасынан алынып отыруын қажет етеді; Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірен әсер ететін күшті де мағыналы сөздер айтылуы керек; Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу өзгешеліктері мен әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғадан оқиғаның туып отыруына, бұлардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әр жақты болуына қызығады. Одан соң оның неден шыққан себептерін іздестіре бастайды; Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көрінісітерін, пейзажды шебер зейнеттеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды, соны өз айналасынан іздейді. Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық қабілетін арттыра түсеі. Пейзаждық сурет – эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі. Эстетикалық тәрбие көбіне ақыл тәрбиесімен тығыз байланысты болып отырады. Өйткені көркемдікке тәрбиелеу – баланың ақыл-есінің тез жетіліп, тез дамуына көмектесіп отырады. Эстетикалық тәрбие сондықтан да көркем өнердің барлық салаларында ұлы шеберелер жасаған көркем өнердің, көркем әдебиеттің аса құнды шығармаларын балалардың терең түсінуін, сол шығармалардан рахаттанып рухани ләззат алуын дамытады; Бесіншіден, балалар әдебиеті шығармаларының мазмұн мен идеясы олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын танытуға себепкер болуға тиісті. Оларды белгілі мамандыққа үйретіп, еңбексүйгіштікке әуестендіре білуі керек; Алтыншыдан, «Сөз — әдебиеттің негізгі материалы. Біздің барлық әсерімізді, ойымызды көркем түрге келтіретін – сол. Әдебиет – сөз арқылы сұлу суреттелетін өнер» — деген М.Горький. Әсіресе, балалар әдебиетіне қойылатын талаптар да дәл осындай. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл, әрі көркем, әрі қысқа, әрі мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әсерллі болып отыруға тиісті. Блалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден бір құрал болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет