1. Басқару психологиясы пәнінің мақсаты мен міндеттерін және ғылымдағы орнын сипаттап беріңіз



бет1/25
Дата01.03.2023
өлшемі124,07 Kb.
#170686
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Ф- Д-001 078 Бас ару психологиясы п ніні ма саты мен міндеттері
Презентация1диагнос 2, БӨЖ матем 2

Ф-ӘД-001/078



1. Басқару психологиясы пәнінің мақсаты мен міндеттерін және ғылымдағы орнын сипаттап беріңіз.
ХХ ғасырдың басына дейін басқару ғылыми зерттеудің дербес саласы болып есептелінбеді. Алғаш рет ол жайында Ф.У.Тейлордың 1911 жылы «Ғылыми менеджменттің қағидалары» атты еңбегінің пайда болуымен айта бастады. Онда басқарушы еңбектің негізгі қағидалары көрсетілген. Сәл кейінірек ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары кен өндіруші және металлургиялық компанияның басшысы, танымал француз инженері А.Файоль менеджмент қағидаларының бір ізді жүйесін сипаттап өтті. Дәл Файольдың қолдауымен басқару ерекше іс-әрекет ретінде есептеліне бастады. Сол уақытқа орай психология теориялық және қолданбалы бағыттарында ғылым ретінде қалыптасқан болатын. Басқару мен психологияның қосылуынан, сондай-ақ дамып келе жатқан өндірістің талаптарына жауап ретінде пән аралық қолданбалы ғылым «психологиялық менеджмент» пайда болды.
Басқару психологиясының пәні: менджер іс-әрекетінің психологиялық негіздері, яғни: еңбек іс-әрекетінің психофизиологиялық ерекшеліктері, ақпаратты өңдеудің психологиялық ерекшеліктері, адамның адамды қабылдау механизмдері және адамның бір-біріне ықпал ету механизмдері, еңбек ұжымын және ондағы тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері және тұтастай басқару іс-әрекетінің психологиялық факторлар.
Психологиялық менеджмент ғылым әрі тәжірибе ретінде басшылардың психологиялық басқару мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға, басқаруда жұмысшы тұлғасының ерекшеліктері, еңбек ұжымының қызмет ету қатынастары мен заңдылықтары жайлы білімді теориялық тұрғыда түсініп, тәжірибеде қолданудың қажет негіздерін жасауға бағытталған.
Басшы басқару процесінің табиғатын, басқарудың тиімділігін арттырудың тәсілдерін, қызметкерлерді басқаруға қажет қатынасудың ақпараттық технологиялары мен құралдарын білуі тиіс. Ол үшін басшы еңбек ұжымының қызмет етуінің психологиялық ерекшеліктерін, адамдармен жұмысжасаудың әртүрлі жағдайларында басқарушы шешімдерді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін де білуі тиіс.
Еңбек ұжымының қызмет етуінің психоогиялық факторларына топтардағы психофизикалық шыдамдылық, тұлға аралық өзара әрекеттестіктің еномндері, еңбек мотивациясы, әлеуметтік-психологиялық ахуал және нақты өнімді шығару немесе қызмет көрсету бойынша біріккен еңбек іс-әрекетіне енген басқа дa психологиялық құбылыстар жатады. Басқарушы шешімдерді қабылдаудың психологиялық шешімдерді қабылдаудың психологиялық шешімдеріне іс-әрекеттің нәтижесі немесе шешім қабылдау процесі ретінде мақсат қою жатады. Адамның тұлғасы әрі сл тұлғаны басқа адамдардың қабыладуы, үстем болу және басғыну ұмтылысы, дәреже, әлеуметтік үміттер және т.б.адамдар мен жұмыс жасаудың психологиялық факторларының негізін құрайды.
Психологиялық менеджмент практикалық психологияның ерекше саласы ретінде менеджер мамандығының және кәсіби басшылардың пайда болуымен қатар пауда болды. Психологиялық менеджмент психологияның кез келген қолданбалы саласы ретінде дамыған қоғамның нақты әлеуметтік тапсырысына жауап ретінде пайда болды.
Басқару психологиясының тек өзіне тән зерттеу пәні бар, ол басқарушылық процесті ұйымдастыру заңдылықтарын және осы процесс кезіндегі адамдар арасындағы пайда болған қатынастарды зерттеп, басқару процесінің әдістемелік негізін анықтайды. Сонымен қатар зерттеу обьектісінің спецификасына сәйкес басқару обьектісіне белсенді әсер ету әдісі мен жүйесін құрастырады, және зерттелініп отырған болжауларды анықтайды.
Басқару психологиясының ғылым ретіндегі негізгі міндеті- психологиялық құбылыстарды анықтап, оларды жүйеге келтіру, заңдылықтарын ашып,олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды жасауды анықтау. Сонымен қатар, психология ғылым ретінде, басқару жүйесінің жұмыс сапасын тиімді етіп көтеру мақсатында басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдайды.
Басқару процесі мынадай жетекшілік іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады, бұлардың негізгі бағыттарына: жүйелік басқарушылық ұйымның өзгеруі мен жағдайларды болжаулары және диагностикалау, басқарушылардың іс-әрекет бағдарламасын қалыптастыру, жетекшінің өз іс-әрекетін оңтайлы ету.
Басқару психологиясы жетекшінің тұлғалық ерекшеліктерін: оның басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеттерін, басқарушылық ойлары мен миссиялырның енуін, индивидуалды басқарушылық концепциясын, сонымен қатар, оның өз ішінде қабылдаған басқару ережелері мен принциптерін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет