1. бастауыш мектептің ОҚыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың Ғылыми теориялық негіздері


Бастауыш мектепте жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімділігі



бет10/12
Дата07.11.2022
өлшемі430,5 Kb.
#156854
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Диплом работа

2.1 Бастауыш мектепте жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімділігі
Зерттеу жұмысының мақсатына орай, 2021-2022 оқу жылында Алматы облысының Ынталы орта мектебінің 2 «б» сынып оқушыларының оқыту үдерісінде жобалау әдісін қалыптастыру жұмыстарында пайдаланылған сабақтардың тиімділігін анықтау мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізілді.
Экспериментте бақылау тобына 2 «б» сыныбы (оқушылар саны 19) және эксперимент тобына 2 «в» сыныбы (оқушылар саны 19) алынды. Барлығы экспериментке 38 оқушы қамтылды.
Эксперименттік жұмыс 3 кезеңді қамтыды: анықтау, қалыптастыру және бақылау.
Анықтау эксперименті барысында біз оқушылардың білім, білік, дағдыларының қалыптасуы, оқу үлгерімінің бастапқы күйін бірнеше ғылыми-педагогикалық әдістерді (сауалнама, бақылау, өзін-өзі бағалау, әңгіме, сұрақ-жауап) қолдану негізінде оқып-үйрендік.
Анықтау экспериментінің нәтижелері бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейлері төмен екендігі айқындалды. Мұның өзі бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейлері арттыруға септігін тигізетін қалыптастыру экспериментін жүргізу қажеттілігін дәлелдеп берді.
Ғылыми-педагогикалық, әдістемелік-теориялық әдебиеттерді, алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибесін, бастауыш мектеп пәндерінің оқу бағдарламасының мазмұнын оқып-үйрену және талдау оқыту процесінде жобалау әдіс пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен грамматикалық ұғымдарды меңгерту жолдарын қарастырдық[43].
Қалыптастыру эксперименті барысында біз қазақ тілі, ана тілі пәндері бойынша жобалау әдісі пайдаланылған сабақтар жүйесін жүргіздік. Бұл сабақтар мазмұнына ендірілген жобалау әдісінің элементтері жан-жақты қарастырылды (2.1 параграфында толық баяндалған).
Бақылау эксперименті барысында жүргізілген зерттеу жұмысының тиімділігі айқындалды.
Жұмыстың тиімділігі төмендегідей өлшемдер бойынша анықталды:

  1. Білімді меңгеру деңгейі

  1. Білік пен дағдының қалыптасу деңгейі

  1. Шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы деңгейі

Білімді меңгеру деңгейін біз төмендегі көрсеткіштер бойынша анықтадық (А.А. Кузнецов әдістемесі бойынша):

  1. Саналылық

  1. Беріктік

  1. Жинақылық (Мобильдік).

Саналылық - оқу материалдарын жаңғырту қабілеті.
Беріктік - ұзақ уақытқа дейін оқу материалын есте сақтау қабілеті.
Жинақылық (Мобильдік) - оқушының меңгерген білімін келешекте әртүрлі оқу жағдайында қолдану нәтижесі[42].
Осы белгілерді айқындау дәрежесі бойынша төмендегідей деңгейлер көрсетілді: жоғары, орташа, төмен.
Саналылықтың жоғары деңгейлері:

  1. Берік, қатесіз білімді жаңғырту.

  1. Ережені мысал арқылы түсіндіру.

  1. Берілген ережеге мысалдар келтіре білу.

Орташа деңгей:

  1. Білімді 1 - 2 қатемен жаңғырту.

  1. Ережені мысал арқылы қарапайым қателермен түсіндіру.

  1. 1-2 қатемен ережеге мысалдар келтіру.

Төменгі деңгей:

  1. 3 және одан да көп қатемен ережені орындау.

  1. Ережені түсіндіруде дөрекі қателер жіберу.

  1. Мысалды мұғалім көмегімен келтіру.

Беріктіктің деңгейлері:
Жоғары деңгей: оқу материалын алғаш тапсырғаннан кейін бірінші күні жаңғырту.
Орташа деңгей: оқу материалын алғаш тапсырғаннан кейін 2-3 қатемен жаңғырту.
Төменгі деңгей: оқу материалын мұғалімнің көмегімен жаңғырту.
Жинақылық (Мобилъдік) деңгейлері:
Жоғары деңгей: оқушылардың белгілі бір тақырып бойыннша алған білімдерін басқа жағдайларда еркін қолдану қабілеті.
Орташа деңгей: оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша алған білімдерін басқа жағдайда мұғалімнің шамалы көмегімен қолдану қабілеті.
Төменгі деңгей: оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша алған білімдерін басқа жағдайда қолдана алмауы, мұндай оқушыларға мұғалім көмегі керек[43].
Білік пен дағдының қалыптасу деңгейі төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады:

  1. Нақтылық

  1. Жылдамдық

  1. Ізденімпаздық

Нақтылық - тапсырманы дұрыс орындау.
Жоғары деңгей - тапсырманы қатесіз орындау.
Орташа деңгей - тапсырманы қарапайым қателермен орындау.
Төменгі деңгей - тапсырманы 50% қатемен орындау.
Жылдамдық - тапсырманы белгілі бір уақыт аралығында орындау.
Жогары деңгей - тапсырманы көрсетілген уақытта орындау.
Орташа деңгей - тапсырманы берілген уақыттан 1 - 2 минут кеш орындау.
Төменгі деңгей - тапсырманы берілген уақыттан 3 және одан да көп минут кеш орындау.
Ізденімпаздық - өз бетімен орындаушылықтың әртүрлі сатысында тапсырманы орындау.
Жогары деңгей - тапсырманы ешкімнің көмегінсіз өз бетімен орындау.
Орташа деңгей - тапсырманың кейбір жерлерін мұғалімнің көмсгімсн орындау.
Төменгі деңгей - тапсырманың 50% мұғалімнің көмегімен орындау.
Шығармашылық іс-әрекет танымдық белсенділік арқылы көрініс табады. Педагог-ғалымдардың, зерттеушілердің зерттеуіне қарағанда танымдық белсенділік жеке тұлғаның еріктік компоненті ретінде айқындалады[44].
Шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы деңгейлерін анықтауда келесі өлшемдерді алдық
1. Оқушының танымдық қабілетін дамытуға ұмтылысы.
2. Шығармашылық сипатта апаратты өзгерте алуы.
3. Өз бетінше тапсырманы орындауы, мәтіндегі себеп-салдарлық байланысты білуі.
Осы өлшемдер негізінде келесідей көрсеткіштер алынды:
Жоғары деңгей - Оқушы өзінің танымдық қабілетін дамытуға ұмтылады; берілген тапсырманы мазмұнына,т.б.сәйкес қызығушылығын қанағаттандыруға бейім тұрады. Шығармашылық сипатта ақпаратты өзгертеді, толықтырады, өз бетінше шығармашылықпен тапсырманы және мәтінді құрастырады, өзінің және басқа оқушының жіберген қатесін түзете алады. Мәтіндегі, құбылыстағы себеп-салдарлық байланысты біледі, дәлелдейді, жалған екенін сипаттайды. Тапсырманы орындау жоспарын құра біледі; бақылауды, өлшеуді жөне тәжірибені жоспарлауы мен жүргізуі толық мәнді орындалады (теориялық және практикалық тұрғыдан)[45].
Орташа деңгей - Оқушының өзінің танымдық қабілетін дамытуға ұмтылысы анда-санда көрініс табады; қызығуын қанағаттандыруға өздігінен ұмтылмайды. Мәтіндегі негізгі ерекшеліктерді бөліп алады, салыстыруды жүзеге асырады, ақпаратты жүйелей алуы төмен; ақпараттың мазмұнын өзгертуі, толықтыруы, өз бетінше тапсырманы және мәтінді құрастыруы жеткіліксіз, өзінің және басқа оқушы қатесін мұғалімнің еске түсіру сұрағымен түзете алады. Тапсырманы орындау жоспарын құрастыруы толық емес; бақылауды, өлшеуді және тәжірибені жоспарлауы мен жүргізуі айқын көрініс табады, іс-әрекетті орындау жоспарын құру кажеттігін біледі, түсінеді және оларды жүзеге асыруға қиналады.
Төменгі деңгей - оқушы оқуға қызықпайды; мұғалімнің басшылығымен мәтіндегі негізгі ерекшеліктерді бөліп көрсете алады, салыстыруды жүзеге асыруы баяу, ақпаратты жүйелей алмайды; өз бетінше тапсырманы және мәтінді құрастыруы баяу, өзінің және басқа оқушы қатесін түзете алмайды. Мәтіндегі, құбылыстағы себеп-салдарлық байланысты білмейді, дәлелдеуі, жалған екенін сипаттауы (терістеуі) мұғалімнің басшылығымен орындалады; себеп-салдарлық байланыстарды көрсете алмайды, құбылыстың құрылымдық элементтерін анықтай алмайды. Тапсырманы орындау жоспарын құрастыру мұғалімнің көмегімен орындалады[46].
Эксперимент 3 кезеңнен тұрады (анықтаушы, қалыптастырушы, бақылау).
Анықтау эксперименті барысында бастауыш мектептегі арналған оқу бағдарламасы мен оқулығына талдау жасалынды.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы мына бөлімдерді қамтиды:тіл және сөйлеу; фонетика; лексика; сөзжасам; морфология; синтаксис; мәтін; пунктуация.
Оқу бағдарламасына талдау жасау арқылы қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар анықталды:
Морфология бойынша білімі:
- негізгі және туынды зат есімді білу;
- туынды зат есім жасайтын жұрнақтарды білу;
- зат есімнің тәуелденуін білу;
- тәуелдік жалғаулардың емлесін білу,
- негізгі және туынды етістікті білу;
- болымды және болымсыз етістікті білу;
- негізгі және туынды сын есімдерді білу,
- туынды сын есімдердің құрамын білу;
- салыстырмалы шырай жұрнақтарын білу;
- есептік және реттік сан есімдердің анықтамасын және сұрақтарын білу;
- реттік сан есімнің жұрнақтарын және жазылуын білу.
Морфология бойынша біліктілігі:
- негізгі және туынды зат есімді ажырата алу;
- туынды зат есім жасайтын жұрнақтарды айта алу;
- туынды зат есімдерді сөз құрамына талдай алу;
- тәуелдік жалғауларын ажырата алу;
- тәуелденген зат есімдерді дұрыс жаза алу;
- негізгі және туынды етістіктерді ажырата алу;
- болымды және болымсыз етістіктерді ажырата алу;
- негізгі және туынды сын есімдерді ажырата алу;
- туынды сын есімдерді жасай алу және құрамына қарай талдай алу,
- есептік, реттік сан есімдерді ажырата алу және сұрақ қоя алу [47].
Оқу бағдарламасына талдау жасау арқылы ана тілі пәні бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар анықталды.
«Ана тілі» пәнінің оқу бағдарламасы мына бөлімдерді қамтиды:
Оқу материалдары төменде көрсетілген 10 тарауды құрайды:

  1. Туған елім, туған жерім.

  2. Маужырап барқыт қоңыр күз.

  3. Білім -өмір шырағы.

  4. Өткен өмірден.

  5. Қыс бейнесі.

  6. Жақсы –ай мен күндей, әлемге бірдей.

  7. Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

  8. Табиғат –менің өз үйім.

  9. Жаздыгүн шілде болғанда.

  10. Сарқылмас қазына.

Оқу аясы 2 бөлімнен тұрады:

  1. Көркем шығарма бөлімі.

  2. Ғылыми –танымдық шығармалар бөлімі.

Көркем шығарма бөлімі балалар әдебиетінің 2 саласын қамтиды:

  1. Ауыз әдебиеті үлгілері.

  2. Жазба балалар әдебиеті үлгілері.

Ауыз әдебиеті үлгілерінен:

  • төрт түлік жырлары ( мысалы, «Торы құлын», т.б.);

  • ертегілер: хайуанаттар жайындағы ертегілер мен қиял –ғажайып оқиғалы ертегілер (мысалы, «Алтын балта», «Құмырсқаның қанағаты», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?, т.б.»);

  • аңыз әңгімелер: (мысалы, «Алдардың айласы», «Жиреншенің баласы», т.б.);

  • батырлар жырынан үзінділер (мысалы, «Қобыланды батыр» жырынан үзінді, т.б.);

  • айтыс үлгілері (мысалы, «Біржан мен қыз», «Қожмамбет пен Ақансері»);

  • шешендік сөздер: (мысалы, «Абылай хан», «Төле бидің төрелігі», «Бала Әйтекенің билігі», т.б.).

Жазба балалар әдебиеті үлгілерінен:
-өлеңдер (отбасы, Отан, туған ел, туған жер, табиғат құбылысы, ел еңбегі, балалар өмірі суреттелген шығармалар);
- мысалдар (жалқаулық пен еңбекқорлық, аярлық пен адалдық, зұлымдық пен мейірімділік, достық пен қастық сияқты қарама –қайшы мінез –құлықтар суреттелген шығармалар);
- әңгімелер ( отбасы береке –бірлігі, Отан тыныштығы, табиғат құбылыстары, жан –жануарлар тіршілігі, ел адамдарының ерен еңбегі, елдің тарихы мен тарихи тұлғалары суреттелген көркем шығармалар);
-мақала, очерк, күнделік: (жаратылыс құпиялары, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, аспан әлемі, адамзат сырлары, халықтық әдет –ғұрып, салт –дәстүр туралы ғылыми –танымдық шығармалар).
Шығармаларды оқу барысында берілетін білім:

  • ауыз әдебиеті үлгілерін білу;

  • қазақ балалар әдебиетінің поэзиялық және прозалық шығармаларын білу;

  • әлем балалар әдебиетінің көрнекті шығармаларын білу;

  • оқыған шығармасынының авторы немесе авторы арқылы шығарманы білу;

  • балалар әдебиетінің жанрлық ерекшеліктерін білу ( өлең, мысал, әңгіме, т.б.):

  • бастапқы әдеби түсініктерді білу ( пейзаж, сюжет, тақырып, негізгі ой, портрет, мінездеме, юмор, монолог, диалог);

  • әдеби тілдің бейнелегіш –көркемдегіш құралдарын қолдана білу (теңеу, эпитет, метафора);

  • көркем шығармаларды мәнерлеп оқу белгілерін білу (интонация, логикалық кідіріс, дауыс ырғағы мен мәнері, дауыс қарқыны)[48].

Шығармаларды оқу барысында меңгерілетін біліктер:
-дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқи алу;
- ауыз әдебиеті үлгілерін ажырата алу (мысалы, мақалды –мәтелден, ертегіні –аңыздан, т.б.);
-монологты диалогтан ажырата алу;
-әдеби –теориялық ұғымдардың негізгі белгілерін атап көрсете алу (мысалы, композиция, сюжет, пейзаж, портрет, мінездеме, теңеу, эпитет, метафора, гипербола);
-оқыған шығармасы, кейіпкер іс -әрекеті туралы айта алу;
-оқығанынан алған әсерін шығармашылықпен көрсете алу;
-жоспар құра алу;
-шығармадағы оқиғалардың байланысын сақтап, әңгімелей алу;
- кейіпкердің іс -әрекетінің себептерін анықтай алу;
- мәтінді толық, қысқа, таңдауы бойынша түрлендіріп әңгімелей алу;
- шағын шығармаларды түрлендіріп, толықтырып, дамытып құрастыра алу;
-сынып бойынша белгіленген мәтіннен 4-5 үзінді, 6-7 өлеңді жатқа айту;
-жыл бойына 6 мазмұндама, 4 шығарма жаза алу;
-тақырып, жанр бойынша шығармаларды таңдап, талғап пайдалана алу;
-балаларға арналған басылымдарды пайдалана алу [49].
Эксперименттік жұмыс үш кезеңді тиянақтау, қалыптастыру, бақылау кезеңдерін қамтыды.
Енді, осы бақылау жұмысының нәтижелерін салыстырайық.
Қазақ тілі пәні бойынша бірінші бақылау нәтижелері:
Саналылық көрсеткіші:
Жоғары деңгей 42%/8 оқушы/
Орташа деңгей 37% /7 оқушы/
Төменгі деңгей 21% /4 оқушы/
Беріктік көрсеткіші:
Жоғары деңгей 15%/3 оқушы/
Орташа деңгей 37%/7 оқушы/
Төменгі деңгей 48%/9 оқушы/
Шоғырланушылық көрсеткіші:
Жоғары деңгей 32%/6 оқушы/
Орташа деңгей 32%/6 оқушы/
Төменгі деңгей 37%/7 оқушы/
Екінші бақылау нәтижелері бойынша:
Саналылық көрсеткіші:
Жоғары деңгей 53%/10 оқушы/
Орташа деңгей 42% /8 оқушы/
Төменгі деңгей 5% /1 оқушы/
Беріктік көрсеткіші:
Жоғары деңгей 53%/10 оқушы/
Орташа деңгей 37%/7 оқушы/
Төменгі деңгей 10%/2 оқушы/
Шоғырланушылық көрсеткіші:
Жоғары деңгей 48%/9 оқушы/
Орташа деңгей 42%/8 оқушы/
Төменгі деңгей 10%/2 оқушы/
Жалпы алғанда қазақ тілінен екі бақылаудың нәтижелеріне сүйенсек, саналылықтың жоғары деңгейі 2 оқушыға, 10% артты, орташа деңгей 1 оқушыға, 5% артты, төменгі деңгейі 3 оқушыға, 15% кеміді.
Беріктіктің жоғары деңгейі 7 оқушыға, 37% артты, орташа деңгей сол қалпы, төменгі деңгейі 7 оқушыға, 37% кеміді.
Шоғырланушылықтың жоғары деңгейі 3 оқушыға, 15% артты, орташа деңгей 2 оқушыға, 10% артты, төменгі деңгейі 5 оқушыға, 26% кеміді.
Ана тілі пәні бойынша бірінші бақылау нәтижелері:
Саналылық көрсеткіші:
Жоғары деңгей 32%/6 оқушы/
Орташа деңгей 32% /6 оқушы/
Төменгі деңгей 37% /7 оқушы/
Беріктік көрсеткіші:
Жоғары деңгей 42%/8 оқушы/
Орташа деңгей 37%/7 оқушы/
Төменгі деңгей 21%/4 оқушы/
Шоғырланушылық көрсеткіші:
Жоғары деңгей 15%/3 оқушы/
Орташа деңгей 37%/7 оқушы/
Төменгі деңгей 48%/9 оқушы/
Екінші бақылау нәтижелері бойынша:
Саналылық көрсеткіші:
Жоғары деңгей 48%/9 оқушы/
Орташа деңгей 42% /8 оқушы/
Төменгі деңгей 10% /2 оқушы/
Беріктік көрсеткіші:
Жоғары деңгей 53%/10 оқушы/
Орташа деңгей 42%/8 оқушы/
Төменгі деңгей 5%/1 оқушы/
Шоғырланушылық көрсеткіші:
Жоғары деңгей 48%/9 оқушы/
Орташа деңгей 42%/8 оқушы/
Төменгі деңгей 10%/2 оқушы/
Жалпы алғанда ана тілінен екі бақылаудың нәтижелеріне сүйенсек, саналылықтың жоғары деңгейі 3 оқушыға, 15% артты, орташа деңгей 2 оқушыға, 10% артты, төменгі деңгейі 5 оқушыға, 26% кеміді.
Беріктіктің жоғары деңгейі 2 оқушыға, 10% артты, орташа деңгей 1 оқушыға, 5% артты, төменгі деңгейі 3 оқушыға, 15% кеміді.
Шоғырланушылықтың жоғары деңгейі 6 оқушыға, 32% артты, орташа деңгей 1 оқушыға, 5% артты, төменгі деңгейі 7 оқушыға, 37% кеміді.
Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларда іскерлік пен дағдының қалыптасу деңгейі төмендегідей болды.
Қазақ тілі пәні бойынша бірінші бақылау нәтижелері:
Дербестілік
Жоғары деңгей 37%/7 оқушы/
Орташа деңгей 21% /4 оқушы/
Төменгі деңгей 42% /8 оқушы/
Нақтылық
Жоғары деңгей 10%/2 оқушы/
Орташа деңгей 48%/9 оқушы/
Төменгі деңгей 42%/8 оқушы/
Жылдамдық
Жоғары деңгей 21%/4 оқушы/
Орташа деңгей 37%/7 оқушы/
Төменгі деңгей 42%/8 оқушы/
Екінші бақылау нәтижелері бойынша:
Дербестілік
Жоғары деңгей 48%/9 оқушы/
Орташа деңгей 48% /9 оқушы/
Төменгі деңгей 5% /1 оқушы/
Нақтылық
Жоғары деңгей 37%/7 оқушы/
Орташа деңгей 42%/8 оқушы/
Төменгі деңгей 21%/4 оқушы/
Жылдамдық
Жоғары деңгей 32%/6 оқушы/
Орташа деңгей 36%/7 оқушы/
Төменгі деңгей 32%/6 оқушы/
Жалпы алғанда қазақ тілінен екі бақылаудың нәтижелеріне сүйенсек, дербестіліктің жоғары деңгейі 2 оқушыға, 10% артты, орташа деңгей 5 оқушыға, 26% артты, төменгі деңгейі 7 оқушыға, 37% кеміді.
Нақтылықтың жоғары деңнгейі 5 оқушыға, 26% артты, орташа деңгей 1 оқушы, 5% артты, төменгі деңгейі 4 оқушыға, 21% кеміді.
Жылдамдықтың жоғары деңгейі 2 оқушыға, 10% артты, орташа деңгей өзгеріссіз, төменгі деңгейі 2 оқушыға, 10% кеміді.
Ана тілі пәні бойынша бірінші бақылау нәтижелері:
Дербестілік
Жоғары деңгей 32%/6 оқушы/
Орташа деңгей 26% /5 оқушы/
Төменгі деңгей 42% /8 оқушы/
Нақтылық
Жоғары деңгей 15%/3 оқушы/
Орташа деңгей 53%/10 оқушы/
Төменгі деңгей 32%/6 оқушы/
Жылдамдық
Жоғары деңгей 15%/3 оқушы/
Орташа деңгей 42%/8 оқушы/
Төменгі деңгей 42%/8 оқушы/
Екінші бақылау нәтижелері бойынша:
Дербестілік
Жоғары деңгей 60%/11 оқушы/
Орташа деңгей 25% /5 оқушы/
Төменгі деңгей 15% /3 оқушы/
Нақтылық
Жоғары деңгей 53%/10 оқушы/
Орташа деңгей 42%/8 оқушы/
Төменгі деңгей 5%/1 оқушы/
Жылдамдық
Жоғары деңгей 48%/9 оқушы/
Орташа деңгей 42%/8 оқушы/
Төменгі деңгей 10%/2 оқушы/
Жалпы алғанда ана тілінен екі бақылаудың нәтижелеріне сүйенсек, дербестіліктің жоғары деңгейі 5 оқушыға, 26% артты, орташа деңгейі өзгеріссіз, төменгі деңгейі 5 оқушыға, 26% кеміді.
Нақтылықтың жоғары деңгейі 4 оқушыға, 21% артты, орташа деңгей 1 оқушыға, 5% артты, төменгі деңгейі 3 оқушыға, 15% кеміді.
Жылдамдықтың жоғары деңгейі 3 оқушыға, 15% артты, орташа деңгей 1 оқушыға, 5% артты, төменгі деңгейі 2 оқушыға, 10% кеміді.
Бастауыш сынып оқушыларының білім, іскерлік пен дағдының қалыптасу деңгейін анықтау үшін бақылау тобымен салыстырылды оның нәтижелерін бірінші кестеден байқауға болады.
Кестеден көріп отырғанымыздай, жүргізілген қалыптастыру жұмыстарының барлығы дерлік оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар әр берілген тапсырманы дербес орындап, өздерінің іске жаңашыл көзқараспен қарайтындықтарын танытты.
Бұл тәсіл оқытудың негізгі бағыттарына, яғни білім, білік, дағдыны, шығармашылық тұрғыда меңгерулеріне жақсы әсер етеді. Мұндай әдіс оқытудың жаңа бағыттарын шешуде, яғни балалардың қабілеті мен шығармашылық ойлауын кеңейтіп, оны одан әрі дамытуға мүмкіндіктер беретінімен маңызды.
Бағдарлама бөлімдері арасында және пәндер арасында өзара мазмұнды қарым-қатынас болмауы оқушының жүйелі ойлауы мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына кері әсер етеді. Нәтижеде баланың дүниеге деген тұтас, жалпы көзқарасын қалыптастыруда қиындықтар туады[50].

4 кесте


Бастауыш сынып оқушыларының білім, іскерлік пен дағдының қалыптасу деңгейін анықтауға анрналған эксперименттік жұмыс нәтижелері



Пәндер

Деңгей
лері

Бақылау тобы

Эксперименттік тобы

Білімді меңгеру деңгейі

Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру деңгейі

Білімді меңгеру деңгейі

Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру деңгейі

Қазақ тілі

Жоғары

9 (47%)

5 (26%)

10 (53%)

6 (32%)

Орташа

6 (32%)

7 (37%)

8 (42%)

9 (48%)

Төмен

4 (21%)

7 (37%)

1 (5%)

4 (20%)

Ана тілі

Жоғары

6 (32%)

8 (43%)

9 (47%)

10 (53%)

Орташа

10 (53%)

7 (52%)

9 (48%)

8 (42%)

Төмен

3 (15%)

4 (21%)

1 (5%)

1 (5%)

Бастауыш мектептің оқыту процесінде жобалау әдісін пайдаланудың тиімділігін айқындаудың келесі бір өлшемі ретінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру өлшемі алынды. Қалыптастыру экспериментінің нәтижелігін жүргізілген бақылау жұмыстары көрсетті (Қосымша 10-12).


Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуы деңгейін анықтау мақсатындағы бірінші бақылау нәтижелері :
Оқушының танымдық қабілетін дамытуға ұмтылысы бойынша:
Жоғары деңгей – 26 % / 5 оқушы
Орташа деңгей – 32 % /6 оқушы
Төменгі деңгей - 42 % / 8 оқушы/.
Шығармашылық сипатта ақпаратты өзгерте алуы бойынша:
Жоғары деңгей – 32% /6 оқушы/.
Орташа деңгей – 36 % /7 оқушы/.
Төменгі деңгей -32 % /6 оқушы/.
Өз бетінше тапсырманы орындауы, мәтіндегі себеп-салдарлық байланысты білуі бойынша:
Жоғары деңгей –32% / 6 оқушы/.
Орташа деңгей –36% / 7 оқушы/.
Төменгі деңгей - 32 % / 6 оқушы/.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуы деңгейін анықтау мақсатындағы екінші бақылау нәтижелері:
Оқушының танымдық қабілетін дамытуға ұмтылысы бойынша:
Жоғары деңгей – 42% / 8 оқушы
Орташа деңгей – 36 % /7 оқушы/.
Төменгі деңгей - 22 % / 4 оқушы/.
Шығармашылық сипатта ақпаратты өзгерте алуы бойынша:
Жоғары деңгей – 47% / 9 оқушы/.
Орташа деңгей – 36% / 7 оқушы/.
Төменгі деңгей - 17 % /3 оқушы/.
Өз бетінше тапсырманы орындауы, мәтіндегі себеп-салдарлық байланысты білуі бойынша:
Жоғары деңгей –42% /8 оқушы/.
Орташа деңгей –36% / 7 оқушы/.
Төменгі деңгей - 17 % / 3 оқушы/.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде эксперимент тобында оқушының танымдық қабілетін дамытуға ұмтылысының жоғары деңгейі – 3 оқушыға, 17% артты, орташа деңгейі –1 оқушыға 5% артты, төменгі деңгейі – 4 оқушыға 22% кеміді.
Шығармашылық сипатта ақпаратты өзгерте алуының жоғары деңгейі – 3 оқушыға – 17 % артты, орташа деңгейі өзгеріссіз, төменгі деңгейі – 3 оқушыға, 17 % кеміді.
Өз бетінше тапсырманы орындауы, мәтіндегі себеп-салдарлық байланысты білуінің жоғары деңгейі– 3 оқушыға 17 % артты, орташа деңгейі өзгеріссіз, төменгі деңгейі – 2 оқушыға, 11 % кеміді.
Бұл оқушылардың оқу дағдысын жетілдіруде жүргізілген эксперименттік жұмыстың нәтижелі болғандығын айғақтайды. Бақылау жұмысының нәтижелері төмендегідегі кестеде көрсетілген

5 кесте


Эксперимент және бақылау тобындағы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасу деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші



Көрсеткіштер

Эксперимент басы

Эксперимент соңы

Эксп топ

Бақылау тобы

Эксп топ

Бақылау тобы

Оқушының танымдық қабілетін дамытуға ұмтылысы



Ж– 5 оқ (26%)

Ж– 6 оқ (45%)

Ж–8 оқ (42%)

Ж– 6 оқ (45%)

О – 6 оқ (32%)

О – 9 оқ (45%)

О –7оқ (36%)

О – 8 оқ (45%)

Т – 8 оқ (42%)

Т– 10 оқ (10%)

Т – 4 оқ (22%)

Т– 11 оқ (10%)

5-кестенің жалғасы

Шығармашылық сипатта ақпаратты өзгерте алуы.



Ж– 6 оқ (32%)

Ж– 7оқ (45%)

Ж–9 оқ (47%)

Ж– 6 оқ (45%)

О –7 оқ (36%)

О – 8 қ (45%)

О –7 оқ (36%)

О – 9 оқ (45%)

Т – 6 оқ (32%)

Т– 10 оқ (10%)

Т – 3 оқ (17%)

Т– 10 оқ (10%)

Өз бетінше тапсырманы орындауы, мәтіндегі себеп-салдарлық байланысты білуі

Ж– 6 оқ (32%)

Ж– 6 оқ (45%)

Ж– 8 оқ (42%)

Ж– 6 оқ (45%)

О – 7 оқ (36%)

О – 8 оқ (45%)

О – 7 оқ (36%)

О – 9 оқ (45%)

Т – 6 оқ (32%)

Т– 11 оқ (10%)

Т – 4 оқ (22%)

Т– 10 оқ (10%)

Эксперимент барысында алған нәтижелерді талдау бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында оқушылардың білім, білік және дағдысын қалыптастыруға, жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған ойын іс-әрекетіне қатыстыру, олардың шығармашылығын қалыптастыру ісінің нәтижелілігін арттырады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.


Бұл нәтижелер эксперимент тобында бақылау тобына қарағанда елеулі өзгерістер болғанын айқындайды. Сонымен зерттеу нәтижелерінен бастауыш мектепте жобалау әдісі пайдаланылған сабақтар жүйесін жүргізу білім, білік пен дағдының, және шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасу деңгейінің артқаны көрінеді. Берілген мәліметтерді талдау эксперимент және бақылау тобындағы оқушылардың оқу және шығармашылық іс-әрекеті деңгейлерінде мәнді айырмашылықтар бар екендігін көрсетеді.
Мұның өзі біздің бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі, ана тілі пәндерінен жобалау әдісін пайдалану бойынша жүргізген тәжірибелік-эксперименттік жұмысымыздың нәтижелі болғанын дәлелдейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезеңде білім сапасын арттыруда оқытудың жаңа әдістерін оқу-тәрбие үдерісіне енгізу жүзеге асырылуда. Солардың бірегейі ретінде жобалау әдісін айтуға болады.
Қоршаған ортадағы, әлеуметтегі өзгерістерге байланысты сабақ беру тәсілі,әдісі методикасы бірге өзгеріп отырады. Тек сонда ғана тәрбие мен сабақ үрдісі өнімді, нәтижелі болары анық.
Жобалауға ұсынылған немесе жобалау іс-әрекетін объектісі, тақырыпты немесе проблеманы іздеу мен талдау басты мәнге ие және шығармашылық жоба жұмыстарының бастауы болып табылады. Мұнда жобалау әдістерінің рөлі жоғары.Жобалау әдісі – бұл практикалық тәжірибе мен формалды білімді араластыру мен ұштастыруға мүмкіндік беретін репродуктивті және продуктивті іс-әрекеттерді ұтымды үйлестірудегі кешенді талдап қорыту үдерісі.
Жобалау іс-әрекеті білімгердің икемді оқу үдерісін ұйымдастыруға негізделеді. Жобалау іс-әрекеті нәтижесінде білімгер жеке тұлғасын дамытуға қойылатын қазіргі заманғы талаптар толығымен қамтамасыз етіледі. Оларда білімгердің жеке тұлғалық қызығушылығы және қабілеті ескеріледі, нақты еңбек әрекеттері орындалады және игеріледі, сонымен қатар, жүйеде әртүрлі конструкторлық-технологиялық және техникалық міндеттер шешімі табылады.
ХХІ ғасырдағы қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер, әлемдік деңгейдегі білім берудің жаңа үрдістері туғызған реформалар негізінен бастауыш мектепке көбірек назар аударуды қажет етіп отыр.
Жобалау әдісін әсіресе бастауыш мектептердегі және сыныптан тыс сабақтарда қолдану нәтижелі болып келеді. Жобалау әдісі жаңа педагогикалық жеке — тұлғаға бағытталған әдіс ретінде гуманисттік бағыттың негізгі принциптерін айқындайды:

  • Оқушының жеке тұлғасына ерекше көңіл бөлінуі;

  • Нақтылық, оқушыларды қиын қыстау ойлау қабілетіне бағыттау;

Жобау әдісі оқушының жеке тұлғасына көзқарасты өзгертеді. Ол оқушыны оқу үдерісін ұстазбен бірге тең дәрежеде жүзеге асырушы ретінде қарастырады, оның жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп отырады. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы психологиясын қайта құру, қайта қарау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірінші кезекте оқушыға субъект ретінде қарау керек. Оқытудың мазмұны мен түрі толыға түседі, яғни әдістемелік жүйе адамгершілік тұрғыдан байи түседі.
Жобалау әдісі - оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту тәсілдері жиынтығы. Жобалау әдісі тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда және презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бұл әдіс қарым-қатынастың жаңа түрін үлгілеуге арналған. Жобалау оқушының өз бетінше ойластырып, жүзеге асыруға арналған жұмысы. Зерттеу барысында оқушының бойында жұмысына қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады:
- өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады.
- алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады.
- өз бетінше алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді.
- мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге және дамытуға жағдай жасайды.
- мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға үйренеді.
- әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады.
- аудиторияның алдында сөйлеуге, ойын дәлелді және логикалық жүйелікпен жеткізуге, аудиторияны өзіне қарата білуге дағдыланады.
- өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдыланады.
- шешімі қиын сұрақтарды өз бетінше шеше біледі.
-өз көзқарасын дәлелдеп, шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысады.
Жобалау арқылы оқушылардың интеллектуалды эмоционалды контексті сөйлесуі іштей басқа әрекеттермен бірлікте жүреді. Басқа әрекеттер деп отырғанымыз, жоспарын жүзеге асыру үшін құжаттар, анкета, кесте бейнеролик т.б. дайындалады. Жобамен жұмыс істеу – шығармашылық процесс. Оқушылар өздері үшін маңызды болып саналатын мәселені анықтау үшін өз беттерінше немесе оқытушының жетекшілігімен ізденуге кіріседі.
Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін-өзі тандауға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Жобалау әдісін қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Бастауыш мектептің оқыту үрдісін жобалау әдісі оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.
Жобалау әдісі мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бастауыш сыныптың білім беру жүйесіне ерекше мән беруіміз керек. Себебі, білім негізі- бастауыштан қаланады. Бастауыш мұғалімі ең алғашқы күннен бастап, өз шәкіртінің психологиясын жан-жақты зерттеп, одан әрі тілі мен ойын дамытуға , еркін сөйлей алуына, өз ортасында жақсы қарым- қатынаста болуына басты қадамдар жасап, оны жалғастырудың , дамытудың жолдарын іздестіруі керек. Осындай жұмыс түрлерін жүйелі ұйымдастырғанда ғана жоғары көрсеткіштерге жетуге болады.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.
Жобалар әдісі соңғы жылдары оқыту процесінде кеңінен орын ала бастады. Бұл әдіске қызығушылықтың себебі оқыту процесі мен оның нәтижесіне жаңашыл көзқараспен қарау. Жобалар әдісі қазіргі білім берудегі талаптарға сай әдіс. Бұны қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс әрекеттерін жоспарлауды ғана қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс тәсілдерді ойлап табады, бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданады, табылған нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды. Жауапкершілікке тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды.
Сонымен, жобалау әдісінің тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет