1. бастауыш мектептің ОҚыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың Ғылыми теориялық негіздері


Бастауыш мектептің оқыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері



бет4/12
Дата07.11.2022
өлшемі430,5 Kb.
#156854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диплом работа

1.2 Бастауыш мектептің оқыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Бастауыш сыныптың білім беру жүйесіне ерекше мән беруіміз керек. Себебі, білім негізі- бастауыштан қаланады. Бастауыш мұғалімі ең алғашқы күннен бастап, өз шәкіртінің психологиясын жан-жақты зерттеп, одан әрі тілі мен ойын дамытуға , еркін сөйлей алуына, өз ортасында жақсы қарым- қатынаста болуына басты қадамдар жасап, оны жалғастырудың , дамытудың жолдарын іздестіруі керек. Осындай жұмыс түрлерін жүйелі ұйымдастырғанда ғана жоғары көрсеткіштерге жетуге болады[23].
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.
Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр, сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйені оқыту үрдісінде іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттігі туындайды.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білімде, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды[24].
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.
Жобалау әдісін меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.
Жобалар әдісі біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды.
Жобалар әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәсленің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы[25]. 
Жобалап оқыту түзу болып табылмайды, және бұл жерде тек нәтиже ғана емес, көп шамада үрдістің өзі құнды.
Жобалармен жұмыс істеу студенттерге дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады.
Жобалар әдісінің мәртебесі (басқа әдістермен және технологиялармен салыстырғанда):
Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар әдістері – тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология.
Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және құрылымдалған компоненті болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Жобалардың түрлері:
Жобаларды түрлерге бөлудің негізі болып келесі белгілер табылады:
- Жобада басты іс-әрекет: зерттеу, іздеу, шығармашылық, рольдік, қолданбалы (тәжірибелік бағытталған), таныстырулық бағытталған және т.б. (зерттеу жобасы, ойын, таныстырулық бағытталған, шығармашылық);
- Жобаның пәндік – мазмұндық ауқымы: моно жоба (білімнің бір саласында); пәнаралық жоба;
- Жобаны үйлестіру сипаты: бір беттілік (бұлжымайтын, иілгіш), жасырын (анық емес, телекоммуникациялық жобаларға тән, жобаға қатысушыны имитациялау);
- жобаға қатысушылардың саны;
- жобаның ұзақтығы.
Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері (сипаттаудың мүмкін нұсқалары):
I нұсқа. Жобалар әдісінде жобамен жұмыс жасаудың келесі кезеңдері анықталады: іздеу, конструкторлық, технологиялық, қорытынды.
Іздеу кезеңі:
- Мәселені іздеу және талдау.
- Жоба тақырыбын таңдау.
- Кезеңдер бойынша жобалау іс-әрекетін жоспарлау.
- Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу.
Конструкторлық кезеңі:
- Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу.
- Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу.
- Дайындау технологиясын таңдау.
- Экономикалық баға беру.
- Экологиялық сараптама жасау.
- Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру.
Технологиялық кезең:
-Жобаны тәжірибеде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажет материалдарды, құралдарды және құрылғыларды таңдау.
- Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау.
- Сапаға ағымдық бақылау жасау.
- Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу.
Қорытынды кезең:
- Жобаның орындалуының сапалық бағасы.
- Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау.
- Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу (көрме, сату, жобалар банкіне қосу, жариялау).
II нұсқа. Оқушылардың барлық іс-әрекеттері келесі кезеңдерге шоғырланған: дайындалу, жоспарлау, зерттеу, нәтижелер немесе тұжырым, нәтижелер мен үрдістерді бағалау. 
Дайындалу:
- мәселені және одан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді анықтау;
- мәселені шешудің болжамдарын беру;
- зерттеу әдістерін талқылау.
Жоспарлау:
- ақпарат көздерін анықтау;
- ақпаратты жинау және талдау тәсілдерін анықтау;
- нәтижелерді көрсету тәсілін анықтау;
- нәтиже мен үрдісті бағалаудың іс жосығы мен критерилерін орнату;
- топ мүшелері арасында міндеттерді бөлу.
Зерттеу:
- ақпараттарды жинау;
- аралық тапсырмаларды шешу.
Нәтижелер және қорытындылар:
- алынған көрсеткіштерді талдау;
- қорытындыны тұжырымдау.
Нәтижелер мен үрдісті бағалау:
- соңғы нәтижелерді рәсімдеу;
- қорытынды жасау, түзету енгізу, соңғы қорытындылар.
Жобалар әдісін қолдану қиыншылықтары мен шекаралары:
Жобалар әдісі оқу үрдісінде шешімі үшін әр түрлі салалардан білімнің шоғырлануын, және де зерттеу әдістерін қолдануды қажет ететін қандай да бір зерттеушілік, шығармашылық тапсырмалар пайда болған жағдайда қолданылады (мысалы, әлемнің әр түрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу; белгілі бір тақырыпты: қоршаған ортаға қышқылдық жаңбырлардың әсері мәселесі, әртүрлі аймақтарда өндірістің әртүрлі салаларының орналасу мәселесі, т.б. ашатын бір мәселеге мемлекеттің әртүрлі аймақтарынан, жер шарының басқа мемлекеттерінен репортаждар сериясын құру). Жобалар әдісінің кең таралуын тежейтін басты мәселе – жобалық тапсырмаларды білім стандарттарының талаптарымен үйлестіру қиындығы болып табылады. Жобалық тапсырмаларды оқушылар орындағанда стандартты білімін, икемін, дағдысын (нақтырақ айтқанда – олардың қажеттілігі туындайтындай) қолданатындай етіп құру тәжірибе жүзінде мүмкін емес.
Соңғы жылдардың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Әрине сабақта әртүрлі жаңа технологиялар және олардың бөлшектері қолданылады. Бірақ оқушыларды білімді игеруде біраз мәселелер туындайды. Солардың ішінде мынадай өзекті мәселелерді атап айтуға болады:
• Оқыту процесінде өздігінен жұмыс орындаулары төменгі деңгейде
• Берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау және оны толық жүйелі түрде орындамау
• Алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы.
Жоғарыда аталған жағдаяттарды ескеріп, жұмысыма жобалар әдісін қолдануды дұрыс көрдім.
Жобалар әдісі соңғы жылдары оқыту процесінде кеңінен орын ала бастады. Бұл әдіске қызығушылықтың себебі оқыту процесі мен оның нәтижесіне жаңашыл көзқараспен қарау. Жобалар әдісі қазіргі білім берудегі талаптарға сай әдіс. Бұны қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс әрекеттерін жоспарлауды ғана қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс тәсілдерді ойлап табады, бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданады, табылған нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды. Жауапкершілікке тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды[26].
Аталған әдіс бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты бала әрекетіндегі жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Бірақ төменгі сынып оқушыларын зерттеу тақырыбымен «қинауға» болмайды. Әрине жоғарыда айтқандай бала туа біткен зерттеуші, бірақ алғашқыда оған арнайы түрде үйретіледі: проблеманы қалай анықтауға болатыны, болжамды қалай құру керек, эксперимент қалай жасалатыны т.с.с.
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық педагогикалық ерекшеліктері абстактілі тәсіл қолдануға мүмкіншілік бермейді. Сондықтан сабақта өзіндік жұмыстардың элементтерін қолдануға тырысамын. Олар бір тақырыпқа негізделген хабарламалар, шағын әңгіме құрастырып, кітапша жасау, сахналық көрініс. Осылардың бәрі жоба өніміне жатады.Өзінің іс-әрекетін жоспарлауды тек қана кейбір оқушылар ғана істей алады. Басқаларға көмек керек. Жоба тақырыптары тікелей пәндік мазмұнымен байланысты. Себебі көрнекілік-образды ойлау, қоршаған әлемге қызығушылық - бұл жастағы балалардың тақырыпты таңдауда нақты пән бойынша алған білімге сүйенеді.
Жобалау әдісін бастауыш сыныпта қолдану тікелей мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жұмысқа ата аналарды да қатыстыруға болады.
Бастауыш сыныпта жобалау әдісін қолдану төммендегідей жүйе бойынша жүзеге асыруға болады:
Жобалар әдісініің кезеңдері
І. Мотивтендіру
Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылық қалыптастырады.
ІІ. Жоспарлау кезеңі
Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы мен мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс-әрекеттің жоспары бекітіледі, топтағы ұжымдық іс-әрекет келісіледі.
ІІІ. Ақпаратты жинау кезеңі
Оқушылар хабар жинайды, әдебиетпен және басқа ақпарат құралдармен жұмыс жүргізеді; алыңған нәтижені мұғалімнің көмегімен сараптайды, ал мұғалім бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы болады.
ІV. Рефлексивтік бағалау кезееңі
Оқушылар жобаларын ұсынады (презентация), атқарылған жұмыс бойынша есеп береді, ұжымдық пікіірталасқа қатысады, өзіне өзі баға береді, мұғалім бағалайды.
V. Қорытынды.
Осымен оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеті жоғарылайды, олардың танымдық белсенділігі арттылады, ұжымдық қарым қатынастар арқасында қоғам дағдылары жетілдіріледі. Шығармашылық қабілеттері арттырылады.
Жобамен жұмыс істеу – шығармашылық процесс. Оқушылар өздері үшін маңызды болып саналатын мәселені анықтау үшін өз беттерінше немесе оқытушының жетекшілігімен ізденуге кіріседі. Бұл оқушылардың өз бетінше білімдерін, дағдыларын және біліктерін жаңа контексте пайдалануға көмектеседі. Жобалау кезінде оқушы өте белсенді болады, ол өзінің шығармашылықпен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Жоба оқытушы мен студенттің функционалдық міндеттерін өзгертеді[27].
Жоба –мұғаліммен ұйымдастырылған және оқушымен өз бетінше проблема шешудегі жүзеге асырылған іс-әрекеттер жүйесі.
Бұл жобалау әдісінің оқудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді. Оны салыстырып көрелік:
1кесте
Оқыту үдерісінде жобалау іс-әрекетіндегі мұғалім мен оқушының іс-әрекеттеріндегі өзгерістері



Мұғалім

Оқушы

Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы

Оқыту субъектісі

Бағыт – бағдар беруші, кеңесші

Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект

Оқушының жетістігін құптаушы

Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы 

Ынталандырушы, мақсат қоюшы

Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі

Мақсаттарға жетелеуші

Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға

Жобалау әдісін қолданудағы негізгі алдыға қояр мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыда ойлау қабілетін арттыру арқылы әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әртүрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әртүрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады.


Жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуд[28].
Жобалау әдісінің негізінде – оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.
Жобалау әдісін қолдану арқылы білім оқушылардың танымдық құзыреттілігін қалыптастырады, оларды зерттеу және жобалау жұмыстарына тартып, белсенділігін арттырды. Нәтижесінде жобалардың сапасы жоғарлайды, білім алушылар өз іс-әрекеті дұрыс ұйымдастыралады, жобалау әдісі білім мен білік қалыптастыруға көмектеседі. Жоба жұмыстарын ұйымдастыру және оны жоспарлау негіздері 2 кестеде көрсетілген.
2 кесте
Жоба жұмыстарын ұйымдастыру және оны жоспарлау



Жоба жұмысы кезеңдері

Жұмыс мазмұны

Мұғалімнің негізгі
іс – әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1

2

3

4

1.Дайындық кезеңі

Жоба тақырыбын анықтау

Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әр оқушының пікірін ескере отырып, жұмысты жоспарлауға үйретеді.

Өз ойын ортаға салады, орындайтын тапсырмаларының мақсатын анықтайды

2.Жоспарлау

Топқа бөлу, ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әр топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтайды

Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинақтауға бағыттайды.Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып,ұжымдық талдау шешімін тыңдайды. Ұсыныс береді.

Топ арасында өз қызметтерін анықтайды. Жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлайды, бірінші нәтижеге қол жеткізу уақытын белгілейді.

3. Зерттеу

Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау. Зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат, анкета, бақылау, ғаламтор, баспа материалдары, энциклопедиялар

Оқушы күнделігін бақылап, әрбір топ жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке сөйлесу, нәтижені салыстыру,арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру

Өз зерттеулерін жүргізеді

2-кестенің жалғасы

4.Нәтижені талдау

Ақпаратты талдау жұмыс

Бақылайды, кеңес береді өнімдерді қарайды

Өнімдерін дайындайды, көрсетеді

5.Тұсау кесер

Дайын өнімдерін қорғау ауызша немесе жазбаша (буклет, альбом, презентация,коллаж) түрде жүзеге асады.

Тыңдайды, проблемалық сұрақтарын қою арқылы оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды

Алған нәтиже туралы есеп береді, бір – бірін тыңдай отырып, толықтыра алады

6.Бағалау




Шығармашылық жұмысты бағалайды, ұсыныстар береді, еңбек иелерін алдағы мақсаттарға жетелейді.

Жұмыстары арқылы бірін-бірі, өзін-өзі бағалайды

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу[29].


Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса- ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.Жобалау технологиясының негізінде –оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр[30].

3 кесте
Бастауыш сыныптар үшін жобамен жұмыс кезеңдері





Мотивациялық

Жоспарлау– дайындық

Ақпаратты– операциялық

Рефлексивті – бағалау

3-кестенің жалғасы

Мұғалім жалпы түпкі ойды мәлімдейді, жағымды мотивациялық күй туғызады.
Оқушы  талқылайды, өз ойларын ұсынады

Жобаның тақырыбы, мақсат- міндеттері, әрекет жоспары анықталады.
Нәтиже, бағалау критерийлері,
әрекет әдістері келісіледі.
Бастапқыда мұғалімнің көмегінің кажеттілігі туындайдыда, соңынан оқушының өзбеттілігі басымдырақ болады. 

Оқушы: материал жинайды, әдебиетпен жұмыстанады, жобаны жасақтайды.
Мұғалім: бақылаушы, басқарушы, ақпарат көзі.

Оқушы:  жобаны ұсынады, ұжымдық талқылауға қатысады, өзін бағалайды.
Мұғалім: қорытындылайды, ұжымдық бағалауға қатысады

Бастауыш сыныптарда жобалық оқытуды қолдану үшін:


► Оқушының коммуникативтік дағдылары қалыптасуы қажет
- сауалдар қою (басқа оқушының пікірін білу, ақпарат жетіспегенде
мұғалімнен сұрау)
-дауысымен басқару;
-өз көзқарасын білдіру (барлығына түсінікті түрде өз ойын ашу,
дәлелдеу)
- келісімге келу;
►Оқушының ой – өрісінің дамуы, «ақыл – ой толықтығы»
- талдау, біріктіру әрекеттерінің дамуы;
- салыстырмалы талдау жасау;
- негізгіні бөліп көрсету;
- жалпы әрекет әдісін табу, оны қолдану мүмкіндігі;
► Өзіндік бағалау әрекеті
- өзінің және басқаны жұмысын шынайы бағалау;
- нәтижені және оқу міндеттерінің шешілу барысын бағалау дағдысы;
- кемшіліктерді көру;мен сипатталады[26].
Жобалау әдісі оқу үрдісінде шешімі үшін әр түрлі салалардан білімнің шоғырлануын, және де зерттеу әдістерін қолдануды қажет ететін қандай да бір зерттеушілік, шығармашылық тапсырмалар пайда болған жағдайда қолданылады (мысалы, әлемнің әр түрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу; белгілі бір тақырыпты: қоршаған ортаға қышқылдық жаңбырлардың әсері мәселесі, әртүрлі аймақтарда өндірістің әртүрлі салаларының орналасу мәселесі, т.б. ашатын бір мәселеге мемлекеттің әртүрлі аймақтарынан, жер шарының басқа мемлекеттерінен репортаждар сериясын құру)[31].
Жобалар әдісінің кең таралуын тежейтін басты мәселе – жобалық тапсырмаларды білім стандарттарының талаптарымен үйлестіру қиындығы болып табылады.
Қазіргі қоғамда экономикалық, әлеуметтік, саяси және адамгершілік проблемаларды шешуде білім сапасының рөлінің зор екені ескеріліп келеді. Ақпараттар легі бірте-бірте ұлғайып келеді, сондықтан қазір мектепте, тіпті жоғары оқу орындарында бүкіл өміріне жететін білім алу мүмкін емес. Қазіргі білім беру жүйесінің өмір сүруі мен дамуының негізгі принципі – оның үздіксіздігінде. Ол үшін білім беру процесінде оқушының рөлін өзгерту керек. Педагогикалық процесті ұйымдастыруға жаңаша қарап, сол жаңаны өмірге енгізу қажеттілігі туындап отыр. Оқу және білім беру қызметін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қазіргі таңда жобалау оқыту технологиясын енгізу арқылы жүзеге асады деп қортуға болады[32].

2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖОБАЛАУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет