№1 белгіленген құрылымды латынша атаңыз


Қызметі. несептің тітіркендіруінен қорғайтын жабысқақ сұйық бөліп шығарады. Буылтық-несеп шығаратын өзек бездерінің қанмен қамтамасыз етілуі



бет2/34
Дата16.09.2022
өлшемі15,35 Mb.
#149698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
АНАТОМИЯ РЗЧ СЕССИЯ ! (копия)
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
Қызметі. несептің тітіркендіруінен қорғайтын жабысқақ сұйық бөліп шығарады.
Буылтық-несеп шығаратын өзек бездерінің қанмен қамтамасыз етілуі: Буылтық-несеп ш ығаратын өзек бездерінің қан айналымы ішкі жыныс артерияларының тармақтары арқылы жүзеге асады. (аа. pudendae internae dextra et sinistra). Веналық қан еркек жыныс мүшесінің буылтық венасына кұяды. Лимфа тамырлары ішкі мықын лимфа түйіндеріне күяды. Буылтык-несеп шығаратын өзек жыныс нервінің (п. pudendus), тармақтары мен қуықасты веналық өрімнен нервтендіріледі.







№1 белгіленген құрылымды латынша атаңыз


Ampulla ductus deferentis- шәует шығаратын түтіктің кеңжері не ампуласы.
Түтіктің ең соңғы бөлігі кеңейіп, ұршық пішінді шәует шығаратын түтіктің кеңжерін (ампуласын), ampulla ductus deferentis түзеді. Ампуланың ұзындығы 3-4 см, көлденеңінің ең үлкен көлемі 1 см-ге жетеді. Ампуланың төменгі бөлігі біртіндеп тарылып, қуықасты бездің жоғарғы деңгейінде, шәует қуықшасының шығарушы түтігімен қосылады.

№2 белгіленген құрылымды латынша атаңыз латынша
Vesicular seminalis- Шәует қуықшасы
Кіші жамбас астауында, шәует шығаратын түтіктің кеңжерінен (ампуласынан) латералді, куықасты безден жоғары және несепқуык түбінен артта және бүйір орналасатын секреторлық жұп мүше.

№3 белгіленген құрылымды латынша атаңыз латынша
Pars membranacae urethrae- Еркек несеп шығаратын өзегінің жарғақты бөлігі. қуықасты без ұшынан жыныс мүшесінің буылтығына дейінгі аралықта орналасады. Бүл бөлігі қысқа (1,5 см) және өте тар. Несеп шы- ғаратын өзектің жарғақты бөлігі несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде несеп шығаратын өзектің қысқыш бүлшықетін, m. sphincter urethrae, құрайтын көлденең-жолақты бұлшықет талшықтарымен қоршалған.

№4 белгіленген құрылымды латынша атаңыз латынша
Glandula bulbourethralis- Буылтық-несеп шығаратын өзек безі. Қос мүше,еркек несеп шығаратын өзек қабырғасының несептің тітіркендіруінен қорғайтын жабысқақ сұйық бөліп шығарады.

№5 белгіленген құрылымды латынша атаңыз латынша
Epididymis - Аталық без қосалқысы.
Аталық бездің артқы жиегінің бойымен орналаскан.



Несеп жыныс аппараты, apparatus urogenitalis, несеп түзетін, несепті шығаратын несеп мүшелерінен және еркек, әйел жыныс мүшелерінен тұрады. Ерлерде жыныс жолдарының түтігі несеп шығаратын өзекке ашылады.
Еркек несеп шығаратын өзегі, uretra masculina
Құрылысы.
-ішкі шырышты қабығында өзек қуысына ашылатын көптеген мөлшерде бездер, gll. urethralis, (Литтре бездері) орналасқан. Не­сеп шығаратын өзектің кеуекті бөлігінде ұсақ, тұйык аякталатын ұңғылдар - шұңкыр- шақтар, lacunae urethrales, орналасқан.
-Шырышасты негізі мен бұлшыкеттік қабығы, бойлык және дөңгелек қабатты бір- ыңғай салалы бұлшықетті жасушалардан кұралған.
Түтік пішінді тақ мүше, диаметрі 0,5-0,7 см және ұзындығы 16-22 см.
Топографиясы. Ол қуықасты безінен, несеп-жыныс көкетінен және еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесінен өтеді. Ол несепқуық қабырғасында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігімен ostium urethrae internum, басталып, жыныс мүшесінің басында орналасқан несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігімен, ostium urethrae externum, аяқталады .Еркек несеп шығаратын өзегін топографиялық орналасуына байланысты үш бөлікке: қуықасты, жарғақты және кеуекті, ал қозғалмалы болуына байланысты-қозғалмалы және қозғалмайтын (фиксацияланған) бөліктерге бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет