1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


-билет. ХХ ғ. бірінші жартысындағы қабылданған реформалардың қазақ халқының демографиясына әсері



бет11/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1
111 Ісіктер, Саясаттану п ні бойынша тест с ра тары. Барлы ында а жауабы д ры-1
12-билет. ХХ ғ. бірінші жартысындағы қабылданған реформалардың қазақ халқының демографиясына әсері1867-1868 жж. реформалар бойынша қазақ даласы үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары. Бүкіл әскери және азаматтық билік генерал-губернатордың қолына шоғырланды. Облыс әкімшілігін әскери губернатор басқарды. Әскери губернатордың жанынан үш бөлімнен жарлықшы, шаруашылық және сот бөлімдерінен тұратын облыстық басқармалар құрылды. Оларды вице-губернаторлар басқарды. Облыстар уездерге бөлінген еді. Мәселен, Ақмола облысына Петропавл, Көкшетау, Ақмола және Омбы, сәл кейінірек Атбасар уездері қарады. 1868 жылғы әкімшілік реформаның енгізілуінің жергілікті халық үшін ең ауыр зардабы – жерінен айрылуы еді. 1868 жылғы 21 қазанда қабылданған «Уақытша Ереженің» 210 бабында «Қазақтардың көшіп-қонып жүрген жерлері мемлекеттік жер болып табылады және ол қазақтардың қоғамдық пайдалануына беріледі», - деп көрсетілді. Жер қойнауы байлығы орман, су, табиғи байлық барлығы дерлік мемлекет меншігіне көшті. Ал, 1891 жылы 25 наурызда тұрақты «Далалық Ереже» бойынша қазақ жері «мемлекеттің меншігі» болып жарияланды. Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Ресейден шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қоныс аударушылардың ең көп қоныстанған жері - Ақмола облысы болды. Ақмола облысының Петропавл және Көкшетау уезіне 1860-1875 жылдар аралығында 30 үй қарашекпен көшіп келсе, одан кейінгі 1878 жылға дейінгі бас аяғы үш жыл ішінде 287 үйлі мұжық келіп орнығады. 1879 -1881 жылдар аралығындағы қоныстанушылардың саны 375-ке жетті. Патша үкіметі 1889 жылдың 13 шілдесінде селолық адамдар мен мещандарды қазыналық жерлерге өз еріктерімен қоныс аудару туралы Ереже бекітті. Ережеде Томск, Тобыл губернияларындағы, сонымен қатар Жетісу, Ақмола, Семей облыстарындағы олардың көшіп баратын жерлері анықталды. Ереже нәтижесінде, қазақ даласына қоныстанған орыс шаруаларының саны жылдан-жылға артты. Егер 1889 жылы Ақмола облысында барлығы 200 қоныстанушы келген болса, 1890 және 1891 жылдары 7 600 адам қоныстанған. 1891 жылдың көктемінен 1893 жылдың наурызына дейін Дала генерал- губернаторының өтінішіне байланысты қоныстану процесі тоқтатылды. Бірақ осы жылдары Ресейдің еуропалық бөлігінде аштықтың болуына байланысты келімсектердің келуі қайтадан кең өріс алды. Ақмола облысында осы жылдары 8 мың келімсек келген. 1891 жылдың 26 наурызда және осы жылдың 23 сәуірде жарық көрген патша жарлығымен өз бетінше келген келімсектер қорғалатын болды және жергілікті әкімшілік оларға жер бөліп беруге міндетті еді. Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысындағы жергілікті халықтан 251 779 десятина жер тартып алынып, 10 940 халқы бар 247 жаңа село пайда болды. 1890 жылдың жаз мезгілінде Ақмола облысының бір өзіне ғана Ресейдің 32 губерниясынан 15 000 мыңға жуық шаруа қоныс аударған. Қоныс аударған 1 000 адамның 25 пайызы үкіметтің рұқсатынсыз қоныс аударушылардан тұрды. 1894-1903 жылдары Ақмола, Торғай, Семей облыстарына барып қоныс аударғандардың 63 пайызы астыртын мигранттар екендігі анықталған. Далалық өлкенің генерал–губернаторы қоныс аударғандарды орналастыру үшін 12 учаске (Петропавлда – 2, Көкшетауда – 9 және Атбасар уезінде – 1учаскені) бөлген. Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қазақтардың жерін тартып алу жаппай сипат алды. Жалпы алғанда, қазақтардың тартып алынған жер көлемі 40 мың десятинаны құрады. Орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы нәтижесінде қазақ өлкесінің демографиялық құрылымы өзгерді. 1897 жылғы жалпы ресейлік санақ бойынша қазақтардың саны 3 392 751, яғни халықтың 81,7% құраған, орыстардың саны 445 402 адам (10,95%), украиндар - 79 573 адамды құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет